«Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет11/13
Дата10.11.2019
өлшемі364,26 Kb.
#51493
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
хал ау ад прак 2018

Әзімбайды жүдетіп, 
Сансыз қолды түнетіп, 
Жерімнің шүйін қашырып, 
Берекесін кетіріп, 
Күйеумін деп Назымға, 
Шынтақтайсың мамықты, 
Аяғыңды көсілтіп, - деп батыр жауына қарсы батыл ұмтылады. Шекесіне құрама болат дулыға қойған, үстіне бадана көзді берік сауыт киген Қамбар жекпе-жекке шыққан шақта Қараманды өлтіреді. 
Қыз Назымға таласып, 
Екі батыр соғысты. 
Бұлт шайнап, мұз бүркіп, 
Үркер мен айдай тоғысты. 
Түртіп өтіп кеткені, 
Тақиядай ұшады. 
Екпініне шыдамай, 

Атының жалын құшады, - деп қайратты ер Қамбардың күші суреттеледі. Туған еліне деген сүйіспеншілік сезімнің құдіреті қасиетті жеріне ат ойнатқысы келген озбыр топқа тосқауыл жасайды. Күл төгіп, ірге бекіткен, кіндік қаны тамған қасиетті топырақты бар жан-тәнімен қорғайды. Сондай-ақ қыз баланы діні, ділі, тілі бөлек жат елге жіберуді 18 жасар Қамбар намыс санайды. 
Үш күн, үш түн бойы шайқасып, ақыры Қамбар жеңіске жетеді. Басына қиын-қыстау іс келгенде ғана батырды керексінетін, байлық пен мансапқа мастанған байлардың келеңсіз әрекетіне тұтас елді жаудан құтқарған Қамбардың ерлігі қарсы қойылады. Барлық ізгі қасиеттер халық өкілі - батырдың бойына жинақталып суреттеледі. Батырлығы асқанымен әлеуметтік жағынан қызына тең көрмегендіктен, Әзімбай қызын Қамбарға бергісі келмейді. Алайда өзі дәрежелес Аршаханның ақыл-кеңесі арқылы ғана Әзімбай батырға қызын қосуға мәжбүр болады. «Күмістен керегесі, уығы алтын, Оңаша сегіз қанат тікті үйді». Осылайша қатарлап қазынаның бәрін жиып, Әзімбай қырық күн той жасайды. 

Жырда батырдың серігі, яғни Қамбардың қарақасқа аты көркем кестеленеді. 
Мойның алтын табақтай, 
Қамыстай екі құлағың. 
Төрт аяғың қазықтай, 
Төңкерген кесе тұяғың, 
Сұлулығың сүмбідей. 

Мінеки, ұшқан құстан озатын ересен жүйріктігі, алыс жолға алқынбай жететін қайраты мен төзімділігі, батырдың тілегін танитын, дұшпанның пиғылын сезетін қасиеті, қысылтаяң тұстарда «тіл бітіп сөйлеп, кеңес беретіндігі» - тек қана батыр тұлпарына тән айшықталған белгілер екені анық. Сондай-ақ батырдың өз басына қатысты «аш бөрідей жалақтап, нар бурадай алысты», «жолбарыстай ширығып», т.б. метафоралы теңеулер қолданылады. «Хан сүйекті Қамбар-ау, қара атыңда жал бар-ау» дейтін Назымның монологының өзі-ақ көп жайды білдірсе керек-ті. 
Батырдың көңіл-күй сәттерін, ішкі буыр­қанған толғаныс иірімдерін білдіретін диалог, монологтар да, ұлғайту (гипербола) мен әсірелеу (гротеск) де мол орын алады. Жауын жеңгендегі ерлігін «Қойға кірді бір бөрі, Бөріктіре қырады, Талай қалмақ сұлады», - деп көтермелей жеткізеді. Жеңілген жаудың сипатын «қызыл қаны ағып жосылды», - деп суреттейді. 

Дәстүрлі құдалық салт рәміздік ұғымдардың түрлері көңіл аударарлық. Мысалы, күйеуді «алтын сұңқарға, қалыңдықты «қазға» балап, сұңқарға қазды ілдіру арқылы құда түсуді тұспалдайды. Қалыңдық - «қызыл түлкі», күйеу - «жүйрік тазы» немесе қалыңдық - «піскен түйнек», күйеу - «өткір кездік» сияқты көркемдік образдар молынан кездеседі. 
Қорыта айтқанда, елді жаудан қорғау идеясы - жырдың алтын арқауы. Бір шүйке басқа алданып, көңіл бөлмей, Қамбар бірінші кезекте өз тобырының жағдайын ойлайды. Кедейлерге көмектесуді парыз санайды. 

Дүниеге келіп кетті не асыл зат, 
Жаманнан дат, жақсыдан қалады хат. 
Бір дұға оқыңыздар аруағына, 

Қамбардың болып жатсын көңілі шат, - деген жолдар бар жырдың соңында. Олай болса, елдік, ерлік рухын асқақтататын Қамбар бейнесі ғасырдан-ғасырға жетіп, әрбір ұрпақтың рухани азығына алдағы уақытта да айналуға тиіс.



Студенттің орындайтын тапсырмалары

  1. «Қобыланды батыр» жырын жеткізуші жыршы-ақындар

  2. Жырдың жиналуы мен зерттелуі

  3. Жырды алғаш рет жинаған ұстаз, ғалым

  4. Марабай ақын айтуындағы жырдың нұсқасы, ерекшелігі

  5. «Қобыланды батыр» жырының дүркін-дүркін баспа бетін көруі

  6. «Қобыланды батыр» жырын толық жырлаған ақын

  7. Н.Байғанин жырлауындағы «Қобыланды батыр» жыры

  8. Жыр жөнінде орыс ғалымдардың пікірлері

  9. Жыр туралы қазақ ғалымдарының пікірілері

  10. Жырдың нұсқалары, саны

  11. Жырдағы образдар

  12. «Қобыланды батыр» жырындағы әйел бейнелері

  13. «Қобыланды батыр» жырындағы жау адамдары

  14. Қобыланды батырдың тұлпары

  15. Жырдың құрылысы, тілі және көріктеу құралдары

  16. «Қамбар батыр» жырының жиналуы, зерттелуі

  17. «Қамбар батыр» жырының нұсқалары және жеткізушілері

  18. Жырдағы Қамбар бейнесі (сипаты, ерекшелігі)

  19. Жырдағы Назым бейнесі

  20. «Қамбар батыр» жырының идеялық-тақырыптық мазмұны

  21. «Қамбар батыр» жырының сюжеттік желісі

  22. Жырдағы Әзімбай, Қараман, Келменбет бейнелері

  23. «Қамбар батыр» жырының құрылысы

  24. «Қамбар батыр» жырының көркемдік ерекшелігі және тілі

  25. «Қамбар батыр» жырын «Қобыланды», «Е Тарғын» жырларымен салыстыру: ұқсас жақтары, ерекшеліктері

  26. «Алпамыс» жырының түркі тектес халықтарға ортақ жыр екендігі

  27. «Алпамыс» жайында шығарылған ертегілер

  28. Жырдың жиналуы мен зерттелуі

  29. «Алпамыстың» бір нұсқасын А.Диваевтың жазып алуы

  30. «Алпамыс» жайында жазылған ғылыми мақалалар, еңбектер

  31. Жырдың негізгі идеясы

  32. Жырдың басты кейіпкері

  33. Жырдың сюжеттік желісі

  34. Гүлбаршын бейнесінің өзіндік ерекшелігі

  35. Жырдағы Ұлтан образы

  36. Қаражан – ел-жұртын сүйген батыр

  37. Жырдағы жау адамдары

  38. Жырдың құрылысы, тілі

  39. «Алпамыс» жырын өзінен кейінгі жырлармен салыстыру

Әдебиеттер тізімі:

1.Әуезов М. Әдебиет тарихы. – А., 1991

2.Садырбаев С. Фольклор және эстетика. – А., 1976

3.Бабалар сөзі 100 томдығы. – А., 2014

4.Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – А., 1974

5.Садырбаев С. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Хрестоматия. - А.,1977

6.Қазақ әдебиетінің тарихы 1-т, 1,2-кітаптар. – А., 1960,1964

7.Қазақ фольклористикасының тарихы. – А., 2009

8.Қазақ фольклорының тарихылығы. – А., 1993

9.Сейітжанұлы З. Қазақ халық әдебиеті. – А., 2013

10.Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. – А., 1985

11.Тұрсынов Е. Д. Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері. – А., 1976


26. тақырып: «Ер Көкше-Ер Қосай», «Ер Тарғын» жырлары

Жоспар:

1.Жырлардың жиналуы, зерттелуі.

2.«Ер Көкше-Ер Қосай» жырының тақырыптық мазмұны, идеясы

3.«ЕрТарғын» жырындағы тарихи шындық және эпостың құрылысы, тілі.

Сабақтың мазмұны

Жыр сюжетіне, көбінесе қиял-ғажайып сипаттар араласып отырғанымен, тарихта болған оқиғаларды қамтиды. Жоңғарлардың қазақ даласына шабуылы 17 ғ-да басталады, яғни жырдағы қалмақтармен соғыс оқиғалары осы кезден кейін қосылған сияқты. Жырдың бірнеше нұсқасы бар: а) В.В.Радлов қазақ тілінде бастырып шығарған «Ер Көкше» жырында, көбінесе қара сөз араласып келеді («Образцы народной литературы тюркских племен, живущих в Южной Сибири и Джунгарской степи», СПб., 1870). Осы еңбектің үшінші томындағы «Ер Көкше» жыры, негізінен, Ер Көкше батырдың баласы Ер Қосай ерліктерін баяндайды; ә) «Ер Көкше және оның баласы Ер Қосай» деп аталатын нұсқаны Г.Н.Потанин орыс тілінде жариялайды («Казах-киргизские и алтайские предания, легенды и сказки», «Живая старина», в. ІІ–ІІІ, 1918). Бұл екі нұсқаның мазмұнының бір-бірінен аздаған өзгешелігі бар және Потанин нұсқасы көлемі жағынан шағындау. Бұлардан басқа Асайын Хангелдин, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы нұсқалары сақталған. Жырдың барлығының мазмұны ұқсас, негізгі тақырыбы – Отан қорғау, идеясы – ел бірлігін сақтау. Ш.Ш.Уәлиханов «Қазақтың халық поэзиясының түрлері» атты мақаласында (1858) Көкшетау округіндегі Қойлы-Атығай болысының қазағы Арыстанбайдың орындауында «Ер Көкше–Ер Қосай» жырын естігенін айта келіп, жазып алмағанына өкініш білдіреді және дастанды жоғары бағалайды (Ч.Ч.Валиханов. Собрание сочинений в пяти томах, т. 1, А., 1961, стр. 196–197). Қырғыздың «Манас» эпосында Көкше есімі кездеседі. Бұл «Ер Қосай» жырының халыққа ертеден белгілі екенін, сондай-ақ көрші елдердің бір-бірімен достық қарым-қатынаста болғанын дәлелдейді. Мұрын жырау жырлаған «Көкше батырдың ұлы Ер Қосай» жырының кейіпкерлерінің есімдері «Ер Қосай» жырына ұқсас болғанмен, баяндалатын оқиға мүлде бөлек. «Ер Қосай» дастанының әр жылдары жиналған 7–8 нұсқасы Алматы қаласындағы Орт. ғыл. кітапхананың Қолжазбалар қорында сақтаулы.

«Ер Көкше

Дастанның бірнеше нұсқасы бар. Ертеректе Ертіс бойынан жазылын алынғандары - В.В. Радлов пен Мәшһүр Жүсіп Көпеев нұсқалары. Жырда Ер Көкше мен Ер Қосайсияқты батырлардың елін сыртқы жаудан қорғауға жанын құрбан еткен ерлігі дәріптеледі. "Ер Көкше" жырының нұсқалары Орт. ғыл. кітапхана қорында сақтаулы. Одан басқа Каспий өңірінде Мұрын жырау, Сырдария, Арал бойында Хангелді Асайын, Бейсен Сарманов айтқан нұсқалары бар. Ақын К.Көшкіншіұлы жырлаган нұсқасыТүркістан маңына кеңінен мәлім. Каспий өңірінен Түркістан аймағына дейін тараған нұсқасында Орманбет хан өліп, он сан ноғай жұрты бөлінген кездегі Көкше батырерлігі суреттеледі. Бұл жырдың Мұрын жырау жырлаған нұсқасы жарық көрген (1990).



«Ер Тарғын» жырлары

«Ер Тарғын» – батырлық жыр. Ноғайлы дәуірінің тарихи оқиғаларын бейнелейтін жырдың негізгі идеясы – ерлік пен батырлықты дәріптеу, ел бірлігін сақтау, кіршіксіз махаббат.



Жырдың негізгі кейіпкерлері – Тарғын мен Ақжүніс.
"Тарғын" – бес қаруды шебер меңгерген батыр, "Ақжүніс"– ару қыз. Тарғын хандармен араз болса да, халықпен бірге. Оның басына іс түскенде ханға деген өкпесін ұмытып, жау елін жайратып жібереді. Ақжүніс сұлу ғана емес, ақылды жан, батырдың жәрдемшісі. Ол әрдайым батырмен бірге жүреді.
«Ер Тарғын» жырының композициясы шымыр әрі шебер құрылған. Жырдың тілі өте көркем. Онда классик эпосқа тән белгілер толық сақталған. «Ер Тарғын» жырыбашқұрт халқына да жақсы таныс. Қазақ – башқұрт нұсқаларының сюжетінде елеулі айырмашылық байқалмайды. Ерекшелік негізгі кейіпкерлер, оларға берілген бағасы тұсында ғана кездеседі. Жыр сюжеті қазаққа етене жақын. Бұл тақырыпқа композитор Е.Г.Брусиловский «Ер Тарғын» (1937) операсын жазған. «Ер Тарғын» жырының нұсқалары көп. Алғаш Н.И.Ильминский (1859), В.В.Радлов (1870), Н.Саркин (1904), Ә.Диваев (1922) жинақтарында жарияланған. Алматы қаласындағы Орт. ғыл.кітапхана мен Әдебиет және өнер ин-тының Қолжазбалар қорында жырдың 8 түрлі нұсқасы сақтаулы. Жинаушылары – Саркин, Диваев, І.Иманов, Ә.Ыспанұлы, Б.Адамбаев, З.Бекарыстанов, М.Құсниұлы, айтушылары – Марабай, О.Қисықов, Н.Нұрғалиұлы, М.Бекетұлы. Ел арасына кең тарағаны – Марабай нұсқасы. Ильминский оны 1862 ж. Қазанда жариялаған
""Диваев жинағындағы нұсқа"" да Марабай нұсқасына негізделген. Бұл нұсқада Тарғын Қаратаудан шыққан батыр болса, Нұрғалиұлы нұсқасында Тарғын Астрахан ханының қарамағындағы батыр, оған Ғайнижамал есімді қыз ғашық болып, тартыс Тарғын мен Шорман арасында өрбиді. Бекарыстанов нұсқасында Тарғынның әкесі – Қосы. Бекетұлы нұсқасында Тарғын Созақтан Қырым ханына кеткен батыр. Жырдағы Сыпыра жырау – Тоқтамыс хан тұсында өмір сүрген (15 ғ.), қыпшақ тайпасынан шыққан тарихи тұлға. «Бұлғыр, бұлғыр, бұлғыр тау, бұлдырап тұрған құрғыр тау» деген жолдар 15–17 ғ-лардағы жыраулық поэзияға тән өрнектер. Шаған – қалмақ жеріндегі су атауы, гидроним. Ол бірде ақ түске қатысты болса, бірде дінбасы атауын білдіреді. «Тарғын» сөзінің мағынасы анықталған жоқ. Жырда Тарғынның тегіне қатысты мынадай мәлімет сақталған: Тарғын – Ардаби – Әжікерей, Айқожа. Мұндағы Айқожа бес қалаға хан болған. Онысы тарихи Бесбалық болуы мүмкін. Батырдың генеалогиясы қазақ шежіресін толықтыратын мәліметтер қатарында арнайы зерттелуге тиіс. Жырдағы этнонимдік атауларды екіге бөлуге болады: бірі – қырғыз, ноғайлы, қара ноғай, екіншісі – он сан оймауыт, тоғыз сан торғауыт. Осы мәліметтер жырдың туған дәуіріне де анықтық енгізеді. Оймауыт, торғауыт, хойт, хошоут, дөрбет – ойраттардың іргелі одағына кірген тайпалардың атауы. Олар Қыпшақ даласына 1452–55 ж. еніп, Сырдарияның бойымен Ташкентке дейін барған. «Ер Тарғын» жырын ноғайлы дәуірінен соң, 17–18 ғ-ларда туған деген пікір дәл емес. Тарғынның ноғайлы дәуірінің батыры екені шындыққа сай келеді. Ноғайлы ұлысы ыдырағаннан кейінгі Қазан, Астрахан, Қырым хандықтары құрылған тарихи-этн. оқиға ізі жырдан анық байқалады. Тарғынның өз елінен Қырым ханына кетуі, Ақшаханның қол астында да тұрақталмай, Еділдегі ноғайлы ханзадасына баруы соның дәлелі. «Ер Тарғын» жырының көркемдік ерекшеліктері, сюжеттік желісі, образдары хақында М.О.Әуезов, М.Ғабдуллин, Қ.Жұмалиев, Ә.Қоңыратбаев, Ә.Х.Марғұлан, С.Мұқанов, т.б. ғалымдар зерттеулер жазды.
«Ер Тарғын» жыры – батырлар жырының ішіндегі таңдаулы шығармалардың бірі. Жырда көтерілген негізгі өзекті мәселелер – елдік пен ерлік, жақсылық пен жамандық, адал махаббат пен намысшылдық. «Ер Тарғын» жырында тарихи оқиғалар элементі де кездеседі. Жыр оқиғасы Тарғын деген батырдың қырғыз ханының бір адамын өлтіріп, Қырық сан Қырым жұртына қашып келуімен басталады. «Ер Тарғын» жырының кейіпкерлері:

Ер Тарғын  жырдың негізгі кейіпкері

Ақжүніс – Ер Тарғынның сүйген жары

Ақшахан – Ақжүністің әкесі, Қырық сан Қырым жұртының қырық ханының үлкені

Ханзада хан – Еділдегі Орманбеттің он сан ноғайының ханы

Қарасай ұлы Көбен, Алшағырұлы Тебен, Өмірұлы Себен – Ер Тарғынның батыр жолдастары

Сыпыра жырау – Ер Тарғынға басу айтқан ақылды қария



Ардаби – Ер Тарғын мен Ақжүністің ұлы

Әжігерей, Айтқожа – Ардабидің ұлдары

Тарлан – Ер Тарғынның тұлпары

Қанатты қара – Ақшаханның тұлпары

Қартқожақ – Ер Тарғын мен Ақжүністі қуып жеткен Ақшаханның қарт батыры

Домбауыл – қалмақтың батыры

Жыр соңында барлық қиындықтарды жеңген Тарғын елдің әрі ханы, әрі батыры болады. Ақжүніс екеуінен туған баласы Ардаби де бек әрі асыл биболады. Оның баласы Айтқожа да бес қалаға хан болып, мұратына жетеді.

  Студенттің орындайтын тапсырмалары



  1. Қазақ эпосының жанрлық құрамы

  2. Көне эпос түрлері

  3. Батырлар жырының жиналу, зерттелу жолдары

  4. Жырдың сюжеттік желісі

  5. Жырдың құрылысы және тілі
    Қырғыздың «Манас» эпосында Көкше есімі кездесуі.

  6. «Ер Қосай» жырының халыққа ертеден белгілі

  7. Жырдың идеялық-тақырыптық мазмұны

  8. Жырдағы басты сарын

  9. В.В.Радлов қазақ тілінде бастырып шығарған «Ер Көкше» жырында, көбінесе қара сөз араласып келії

  10. Ер Тарғын” жыры қандай жыр

  11. Тарғын батырдың тұлпары

  12. Ер Көкше батырдың баласы Ер Қосай ерліктері

  13. «Ер Көкше және оның баласы Ер Қосай» деп аталатын нұсқаны Г.Н.Потанин орыс тілінде жариялауы

  14. «Ер Тарғын» жырының жиналуы және зерттелуі

  15. «Ер Тарғын» жырының нұсқасы (кім айтқан, қашан жазып алған)

  16. «Ер Тарғын» жыры туралы В.Радловтың пікірі

  17. «Ер Тарғын» жыры туралы Ә.Марғұлан, С.Мұқанов, Б.Кенжебаевтың пікірлері

  18. Ақжүніс бейнесінің басқа жыр кейіпкерлерінен ерекшелігі

19.Жырдағы жау адамдары

Әдебиеттер тізімі:

1.Әуезов М. Әдебиет тарихы. – А., 1991

2.Садырбаев С. Фольклор және эстетика. – А., 1976

3.Бабалар сөзі 100 томдығы. – А., 2014

4.Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – А., 1974

5.Садырбаев С. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Хрестоматия. - А.,1977

6.Қазақ әдебиетінің тарихы 1-т, 1,2-кітаптар. – А., 1960,1964

7.Қазақ фольклористикасының тарихы. – А., 2009

8.Қазақ фольклорының тарихылығы. – А., 1993

9.Сейітжанұлы З. Қазақ халық әдебиеті. – А., 2013

10.Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. – А., 1985

11.Тұрсынов Е. Д. Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері. – А., 1976



27. тақырып: „Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жыры

Жоспар:

1.Жырдың идеялық-тақырыптық мазмұны.

2.Әдет-ғұрып, салт-сананың жыр сюжетінен алатын орны

3.Жырдың көркемдік құрылысы.



Сабақтың мазмұны

Лиро-эпос жырларының ішінде тақырыбы, оқиғасы, құрылысы жағынан айырықша орын алатыны және халық арасына көп тарағаны-Қозы Көрпеш пен Баян сұлу жайындағы жыр. Бұл жыр бір-біріне ғашық болған екі жастың өмірін ғана баяндаған дастан емес. Ол, сонымен қатар , қоғамдық мәні бар әңгімелерді қамтыған , халықтың өткендегі тұрмыс – салтын суреттеген жыр.

“Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жыры тек қазақ арасында туып, қазақ еліне ғана тараған жыр емес. Ол ерте кезде бір – бірімен қарым – қатынас жасаған, көшіп – қонып көршілес болған , тұрмыс- салты , тіршілігі ұқсас қазақ, башқұрт, барабан татарлары, ұйғыр, алтай елдерінде айтылып жүрген жыр. Аталған халықтардың қайсысы болса да бұл жырды өзінің төл шығармасы деп таниды.

Соңғы кезде “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жыры жайында біраз еңбектер жазылады. М. Әуезов, Х. Жұмалиев, Ы. Дүйсенбаев сияқты ғалымдар бұл жырды арнайы зерттеп, бұл жырдың қазақта он алты варианты барлығын анықтады. Және де олар жырдың қазақтағы варианттарын башқұрт, ұйғыр, барабан татарлар арасында, алтай елдерінде айтылатын әңгімелерімен салыстыра зерттеді, қандай ұқсастықтары, айырмашылықтары барлығын көрсетеді .

Қазақ арасында айтылып, ауызша тараған “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жырының он алты варианты бар дедік. Оларды зерттеген ғалымдардың мәліменіттеріне қарағанда, бұл жыр ел арасына өткен ғасырдың бас кезінде- ақ жинала бастаған. Бұл ретте игілікті жұмыстар жүргізген орыс ғалымдары болған. Мәселен, шығыс әдебиеті мен араб тілін зерттеуші орыс ғалымы Саблуков жырдың бір варианты 1830 жылы бұрынғы Семей губерниясына қарасты Көкпектілікт бір жыраудың жазып алған.

Өткен ғасырдың өзінде-ақ “Қозы көрпеш – Баян сұлу” жырына талай ғалымдар көңіл аударып, бірсыпыра пікірлер айтқан болатын. Олар жырдың өзін ғана сөз қылып қана қоймай, сонымен қатар Қозы Көрпеш пен Баянның моласы дейтін моланы ескі дүниенің ескерткіш белгісі ретінде зерттеген еді. Мәселен, Г. Н. Потанин бұл жырды аса жоғары бағалап, дүние жүзілік эпостық шығармалардың қатарына қояды. “Бұл жыр-дүние жүзіндегі ең қымбат әдебиет мұраларына жататын шығарма”, - дей отырып, Потанин оны Ромео мен Джульеттаға теңейді. Өз тұсында Шоқан да “Қозы Көрпеш” жырын сүйсіне тыңдап, Жанақтан жазып алғаны мәлім. “Алтын айдар Қозы Көрпеш пен сұлу Баянның сүйіспеншілігі туралы шығарылған ақындық аңыз”-деп бағалайды ол.

Академиек Радлов пен профессор Березин “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” жырының ертеден келе жатқан әдебиеттік мұра екендігін атап көрсетеді. И. Безверхов деген кісі “Қазақтың өлеңшілері мен ақындары” туралы жазған мақаласында “Қозы Көрпеш” жырын жоғары бағалап, қазақ халқының ерте заманда туғызған ақындық шығармасы екендігін айтады да, бұл жырды Арыстан ақынның қалай жырлағанын жазады. Түрік халықтарының ертедегі өлең құрылысын зерттеген ғалым Ф. Корш “Қозы Көрпеш” жырына айырықша тоқтап, оның көркемдігін сөз етеді. Бұл шын мәніндегі халық жыры дейді.

“Қозы Көрпеш-Баян сұлу” жыры жайында пікір айтқан ғалымдардың екінші тобы Қозы мен Баянның моласы дейтін моланы зерттеген. Орыс ғалымдары Н. Абрамов, Н. Пантусов, И. Кастанпье т. б. өткен ғасырдың аяқ кезінде бұл моланы зерттей келіп, оны ерте заманның архитектуралық өнерін көрсететін белгі деп қарайды.

Жанақтың өмірбаяныын, ақындық қызметін баяндайтын деректер өте аз. Шоқанның айтуына қарағанда, Жанақ ірі ақын және асқан қобызшы болған. Оның өлең, жырларын тыңдаған Шоқан: “Жанақ нағыз ақын, жыршы еді”,--дейді. Біржанмен айтысқа түскен Сара да осыны айтады, Жанақтың әрі қобызшы, әрі атақты алғыр ақын екендігін еске түсіреді.

Жанақ ақындар айтысы арқылы ақындық атқа ие болған, ол өз кезінде көптеген ақындармен айтысқа түсіп, талайды сөзбен буған ақын. Оның бір-екі айтысын Сәкен Сейфуллин “Қазақтың ескі әдебиет кұсқалары” (19123 ж.) деген кітабына енгізген. Соның бірі Жанақтың Түбек ақынмен айтысы. Есмағамбет Исмайыловтың мәліметтеріне қарағанда, Түбек “XVIII ғасырдың ақыры мен XIX ғасырдың басында жасаған”.

Жанақ өз кезінде Жетісу, Семей жақтарын көп аралаған, сол маңдағы ақындармен айтысқа түскен және үлкен жырлар айтып жүрген. Бірақ оның “Қозы Көрпеш – Баян сұлудан” басқа да қандай жырлар айтқанын мәлімдеу қиын. Өйткені басқа жырлары сақталмаған секілді.

Жанақтың айтуындағы “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жырын ел арасынан жинап, 1936 жылы бастырған Мұхтар Әуезов болды. Мұхтардың айтуына қарағанда, Жанақ бұл жырын Сыбанның төресі Солтабай дегннің үйінде жатып айтыпты деген сөз бар дейді. Содан оны басқа ақын жыршылар үйреніп алып, елге таратыпты, кейінгі айтушы ақындар Жанақ нұсқасына біраз өзгерістер де енгізді. Қозы мен баянды арман-мүддесіне жеткізіп, өлтірмей тірі қалдырады. Мұнысы Жанақ жырына қосылған жамау сияқты дейті Мұхтар.

Жырдың Жанақ айтты дейтін варианты Жанақтың өз аузынан емес, Бейсенбай деген жыршының айтуынан жазып алынған. Жанақтан Шоқан жазып вариант әлі күнге табылған емес. Сондықтан, жырдың жанақ вариантына бергі ақындар қандай өзгерістер қосқанын анықтау қиын. Бірақ та бұл жөнінде Мұхтар Әуезов аса орынды пікір айтады: Ел арасына тараған Жанақ жырының бір түрінде өлетін Көсемсары емес, Қозы Көрпештің өзі, онда жыр аяғы қайғылы халмен бітетін еді, ал жырдың қуанышпен аяқталуы Бейсенбай ақынның қоспасы, өзгертуі болып табылады,-дейді. Біздіңше, бұл дұрыс пікір. Өйткені жыр оқиғасының дамуына қарасақ, Қозының өлмей тірі қалуы мүмкін емес. Демек, бергі айтушы ақындер Жанақ вариантын өңдеп өзгерткен.

Жанақ жырлаған “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” негізінде халықтық жыр. Сюжет құрылысы, оқиғаны дамытуы жағынан болсын, көркемдік-шеберлігі, образ жасау жағынан болсын, бұл-күрделі шығарма. Мұнда да жырдың басты тақырыбы-ескі әдет-ғұрып, тұрмыс-салттан алынады. Ескі рушылдық, феодалдық қоғамда туып белгілі праволық нормаға, дәстүрге айналған, заң болып қалыптасқан салтты, яғни жастарды үйлендіру салтын, жырдың басты тақырыбы етеді. Жырдың қайсысы болса да бұл салтқа қарсылық білдіріп шенемейді, қайта оны бұзбай сақтау жағына көңіл бөледі. Жанақ жырында да осы мотив басты орын алады. Қарабай мен Сарыбай төс түйісіп құда болысып, тумаған балаларын атастырып қояды. Мұны Жанақ табиғи нәрсе, халықтың салты осы деп түсінеді. Сол түсінігін жырына қосады. Қозы мен баян арасындағы махаббат, сүйіспеншілікті де жыр осы салтқа байланысчтырады. Жастардың қайсысы болса да бұл салтты бұзбай, оны құптауға тиісті екедігін ескертеді және мұны орындаған жастар кіршігі жоқ таза махаббатқа ие болады, ынтымағы жарасады деген түйін шығарады....

Қорыта келгенде, жауыздық пен әділет дүниесінің тартысын суреттеген, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” қазақ халқының ертеден келе жатқан көркем шығармасы болып табылады.

Лиро-эпос жырларының басты тақырыбы  жастардың бас бостандығы, екі жастың арасындағы махаббат, сүйіспеншілік. Кейіпкерлері батырлар емес,қарапайым адамдар.  Ғашықтық жырларында көшпелі қазақ тіршілігі, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар, әдет-ғұрып, салт-сана кең түрде жырланады. Мысалы,«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында қазақ халқының өте ертедегі «еже-қабыл» салты (ата-аналары әлі өмірге келмеген сәбилерді атастырып, белқұда болып қояды), «Қыз Жібек» жырында қазақ халқының көшпелі өмірі мен әмеңгерлік, «Айман-Шолпан» жырында барымта салты көрініс тапқан.

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры – ел арасына ең көп тараған, қазақ лиро-эпостарының арасындағы көне ғашықтық жыр. Жырда тұрмыс-салт жырларының үлгілері – жар-жар, қоштасу, естірту, жоқтау – сияқты түрлері кездеседі.

Мысалы, жырда Сарыбайдың өлімін Тазша өзінің түсі арқылы естіртеді. Жыр кейіпкерлері Ай мен Таңсық әкелері Қарабай көшкенде ел-жұртымен, ағайын-туыспен, атамекенімен жыр арқылы қоштасады. Тазша Сарыбайдың өлімін естірте келіп, жыр соңында Сарыбайдың бәйбішесіне өлеңмен көңіл айтады.«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының оқиғасы екі топтың арасындағы тартысқа – жақсылық пен жамандықтың тартысына құрылған. Соған орай жыр кейіпкерлерін екі топқа бөлуге болады.


Жырдағы жақсылық иелері

Жырдағы жамандық иелері

Баян сұлу, Қозы Көрпеш – жырдың негізгі кейіпкерлері

Сарыбай – Қозы Көрпештің әкесі

Ай, Таңсық – Баян сұлудың апалары

Тайлақ – Сарыбайдың құрдасы

Айбас – Тайлақтың кенже інісі, Қозы мен Баянныңқосылуына дәнекер жан


Қарабай – Баянның әкесі, сараң, қараниетті адам

Қодар – кекшіл, қара күштің иесі, Қарабайдың қолшоқпары

Сасан би – Қарабай көшіп барған елдің биі

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының негізгі тақырыбы – халықтың ғасырлар бойы армандаған мұраты – жастардың бас бостандығы.

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры – Сарыбай мен Қарабайдың аң аулап жүріп, Қарабайдың өтініші бойынша Сарыбай буаз маралды атқанда, ішінен егіз лақтың шығуымен басталады. Бұған шыдай алмаған Сарыбай сол жерде қаза табады. Сарыбай мен Қарабай балалары дүниеге келмей тұрып, «еже-қабыл» – белқұда болып қойған, яғни дүниеге келмеген балаларды атастырып қойған. Қарабай жырда сараң, қараниетті адам болып суреттеледі. «Жетім ұлға қызымды бермеймін» деп елінен ауа көшкен Қарабай қылығы оның бітім-болмысын айқындай түседі. Қарабай, Қодар, Сасан би – жырда тек жамандық иелері болып суреттелсе, Тайлақ, Айбас, Қозылар оларға қарама-қарсы жақсы жақтарымен ерекшеленеді. Жыр осы қараниетті адамдардың Қозыға у беріп өлтіруіменаяқталады.

Студенттің орындайтын тапсырмалары


  1. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының тақырыбы

  2. Жырдың нұсқалары және жеткізушілері

  3. Жыр туалы М.Әуезов, Ы.Дүйсенбаев пікірлері

  4. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының сюжеттік желісі

  5. Жырдың баспа бетін көруі

  6. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының зерттелуі

  7. Жырдағы орталық қаһармандар

  8. Жырдың идеялық-тақырыптық мазмұны

  9. Жырда кездесетін көріктеу құралдары

  10. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының басқа жырлардан ерекшелігі

  11. Жырдағы Қодар бейнесі

  12. Жыр туралы орыс ғалымдарының пікірлері

13.«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының басқа башқұрт, ұйғыр, алтай елдерінде айтылуы
Әдебиеттер тізімі:

1.Әуезов М. Әдебиет тарихы. – А., 1991

2.Садырбаев С. Фольклор және эстетика. – А., 1976

3.Бабалар сөзі 100 томдығы. – А., 2014

4.Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – А., 1974

5.Садырбаев С. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Хрестоматия. - А.,1977

6.Қазақ әдебиетінің тарихы 1-т, 1,2-кітаптар. – А., 1960,1964

7.Қазақ фольклористикасының тарихы. – А., 2009

8.Қазақ фольклорының тарихылығы. – А., 1993

9.Сейітжанұлы З. Қазақ халық әдебиеті. – А., 2013

10.Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. – А., 1985

11.Тұрсынов Е. Д. Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері. – А., 1976



28. тақырып: «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан» жырлары

Жоспар:

1.„Қыз Жібек” жырының идеялық-тақырыптық мазмұны, жырдағы образдар жүйесі.

2.„Айман-Шолпан” жырындағы уақыт, эпикалық кеңістік, жырдың сюжеті мен тақырыбы

3.Жырдың көркемдік ерекшелігі, тілі



Сабақтың мазмұны

1.Қыз Жібекжыры

Лиро – эпос жырларынан ел арасына ауызша да, баспа арқылы да ертерек тарағаны – “Қыз Жібек”.

М. Әуезовтің айтуына қарағанда, “Қыз жібек” жырының бір варианты өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарында Қазанда басылған. Бірақ ол күні бүгінге дейін қолға түскен емес. Ы. Дүйсенбаевтың зерттеуінде былай делінеді: XIX ғасырдың екінші жартысында Зайсан жағында Валиолла Тухватуллин деген мұғалім болыпты. Ол ел арасынан “Қыз Жібек” жырын жинайды да, 1894 жылы Қазанда бастырады. Кейіннен бұл вариант 1896, 1897, 1905, 1909, 1911 жылдары қайта шығарылады. Жырдың осы варианты 1925, 1933, 1939 жылдары да басылады, 1958 жылы “Қазақ эпосы” деп аталатын жинаққа енеді.

“Қыз Жібек” жыры қазақ еліне көптен таныс және оны бірнеше ақындар жырлаған. Мәселен, орыс ғалымы В. Карлсон осы ғасырдың бас кезінде жазған бір мақаласында “Қыз Жібек” жырын Қазақбай және Көшілек деген ақындардың айтып бергенін хабарлайды. Қазақтың халық ақындары Нұрпейіс, Мұрын жырау, Айса да жас шағында бұл жырды айтып жүрген. Бірақ олардың қай көлемде және қандай мазмұнда жырлағанын айту қиын. Өйткені олардың айтуындағы “Қыз Жібек” жазып алынбағын. Мұны халық ақыны Омар Шепин де жырлаған. Бұл жөнінде Ы. Дүйсенбаев жоғарыда аталған еңбегінде мынадай бір дерек келтіреді. “Қыз Жібекті”,-дейді ол,-жас кезінде Омар Шепин ұзақ жыр етіп айтқан екен. Кейіннен ақын ол жырын ұмытқан көрінеді. Тек болғаны:

Жақсыға бір сөз айтсаң, шам алмайды,

Сөз бабын жаман адам таба алмайды.

Жайықтың екі жағын бірдей жайлап,

Өтіпті он мың үйлі Жағалбайлы.

Әр қойды жетім қозы емеген-ді,

Екі айғыр қасаң байтал тебеген-ді.

Жамағат, құлақ салып тыңдасаңыз,

Айтайын өлең қылып Төлегенді,-

деген шумақтары есінде қалыпты.

Бұл деректерге қарағанда, “Қыз Жібек” жыры ел арасына бірнеше вариантта тараған. Солардың баспа жүзіне шыққаны (1894 жылы) Валиолла жинаған варианты.

“Қыз Жібек” жырының Валиолла варинаты орыс тіліне де аударылып басылған болатын (“Песни степей”, 1940) және жазушы Ғ. Мүсіреповтың либретттосы бойынша, композитор Е. Г. Брусиловский “Қыз Жібек” атты опера жазып, сахнаға шығарды.

Сәкен Сейфуллин: “Қыз Жібек” жыры ноғайлы рулары ыдырап, бөлініп кеткен заманды суреттейді,-дейді. Мұхтар мен Сәбиттің айтуына қарағанда, бұл жыр он жетінші ғасырдың шамасында туған секілді. Өйткені жырда аталатын рулар сол кезде Жайық, Қара теңіз (онысы Каспий теңізі яғни Атырау теңізі болса керек) бойларын мекендеп, сол маңда көшіп жүрген.

Әдебиетшілер мен тарихшылардың екінші бір көтерген мәселесі “Қыз Жібек” жырының халықтық немесе халыққы жат шығарма екендігін анықтау айналасында болады. Сәкеннің айтуынша, “Қыз Жібек” байлардың ұлдары мен қыздарын ардақтаған, соларды мадақтап суреттеген жыр болып табылады. Бұл пікірді Мұсатай да қостайды. “Жырдың жұртқа таныс вариантында,-дейді М. Ақынжанов,-халықтық элементтер өте аз. Жырдың идеялық мазмұны және көркемдік түрі халықтық емес. Поэманың мақсаты-көшпелі тұрмысты, жерді жеке меншік етіп пайдалануға және адамды адам қанауға негізделген патриархалдық-феодалдық қарым-қатынастарды мадақтау; ескі өмірді, қыздарды қалың малға сату, сатып алуды және әмеңгерлікті уағыздау, Сөз жоқ, бұл идея феодалдардың мүддесін көрсетеді. Поэмада озық ой-пікір жоқ, еңбекші бұқараның езушілерге қарсы күресі суреттелмейді, поэма ілгері ұмтылуға шақырмайды”,-дейді.

“Қыз Жібек” жайында пікір айтқан (жоғарыда аталған) әдебиетші, ғалымдардың екінші тобы бұл жырдың халықтық негізде шыққандығын дәлелдейді. Мұхтар, Сәбит, Хажым, Ғабит т. б. жырдың халықтық сипаты барлығын, халық тілегіне үйлесетіндігін айта келіп, жырға көптеген өзгерістер енгендігін, жырды үстем тап өз мақсатына пайдаланбақ болып өңдегенін, халықтық әңгімелерді феодалдардың мүддесіне қарай бұрмалағандығын айтады.

“Қыз Жібек” – ақындық тіл жағынан да әдемі жырдың бірі. Неше түрі әсірелеу, көріктеу, кейіптеулер, әдемі теңеулер, сұлу сөз саптастары жиі ұшырайды. Жыршы ақын халықтың тіл байлығын пайдалана отырып, аз сөзге көп мағына сыйғыза біледі. Жібектің сұлулығын, тұлпарлардың шабысын немесе кейіпкерлердің көңіл-күйін суреттегенде ақын тілінің әдемілігі де, байлығы да көрінеді.

Қорыты келгенде, “Қыз Жібек” жыры қазақ ауыз әдебиетінің көрнекті бір үлгісі болып табылады. Жырдың жоғарыда көрсетілген қайшылықтарымен қатар, халықтық жақтары да бар екендігі сөзсіз. Сондықтан оны сын көзімен қарай отырып, пайдалануға тиістіміз.



«Қыз Жібек» жыры – лиро-эпос жырларының ішіндегі үздік жыр. Жырдың негізгі өзегі – Төлеген мен Қыз Жібек арасындағы адал махаббат пеншынайы сезім. Өз елінен лайықты қыз таппаған Төлеген саудагер шалдың айтуымен 80 жігіт қосшы, 15 жігіт басшы, 25 жорға алып, анасының қарсы болғанына қарамастан, Ақ Жайыққа жол тартады. Жол бойы қанша қызды көрсе де, ешқайсысы Төлегенге ұнамайды. Төлегеннің қыз таңдап жүргенін естігенҚыз Жібектің әкесі Сырлыбай ханның ақылшысы әрі ақын Қаршыға оны өзіндей сұлу әрі ақылды жігітті армандаған, бірде-бір жігітке мойын бұрмай жүргенханның қызы Жібекке жолықтырмақ болады. Сырлыбай ханның көшіне киліккен Төлеген он бір көштен өтіп барып Қыз Жібектің күймесіне жетеді. Қыз Жібекті бір көріп ғашық болған Төлеген қыз әкесіне келіп, өз мақсатын айтады. Адам тани білетін хан келісімін берген соң, Төлеген Қыз Жібекпен үш айқалыңдық ойнап, көктем шыға қайта оралмақ болып, өз еліне аттанып кетеді. Айтқан уақытында келе жатқан Төлеген орта жолда қараниетті қарақшы Бекежан қолынан қаза табады. Төлегеннен айырылып, бақытсыздыққа ұшыраған Қыз Жібекті қалмақтың ханы Хорен зорлықпен алмақшы болады. Көркіне ақылы сай Жібек Хоренді алдап өзі құрған торға түсіріп, Сансызбай мен Шегеге қосылып, Жағалбайлы еліне аттанып кетеді. Сөйтіп, Қыз Жібек арманынажетеді. Жыр кейіпкерлері:

Қыз Жібек пен Төлеген – жырдың негізгі кейіпкерлері

Сырлыбай – хан, Қыз Жібектің әкесі

Базарбай – Төлегеннің әкесі

Сансызбай – Төлегеннің інісі, қазақтың әмеңгерлік салтымен Қыз Жібекке үйленеді

Қаршыға – Сырлыбай ханның ақылшысы, әрі ақын, әрі шешен

Шеге –Жібекті Сансызбайға қосатын Төлегеннің досы, ақын

Бекежан – Төлегенді атып өлтірген қараниет қарақшы


2. Айман – Шолпан жыры.

Қазақ халқының тұрмыс-салтына байланысты туған жырдың бірі – “Айман – Шолпан”. Жырдың ел арасынан жазып алынған нұсқасы, 1896 жылы Қазан қаласында басылып шықты. Бірақ оны жырлағанның ақынның аты-жөні күні бүгінге дейін мәлім емес. Жырдың қысқаша мазмұны 1901 жылы “Торғай газетінде” (№ 17) басылды. Ал 1902 жылы “Торғай облыстық ведомосы” (№ 62) жырды қазақ тілінде жариялады. Бұлардың бәрі 1896 жылғы басылғанын қайталайды. Бұл жыр 1939 жылы Хажым Жұмалиев құрастырған “Халық поэмалары” деген жинаққа енді. Жазушы М. Әуезов жырда айтылатын әңгімелерді негізгі ала отырып, “Айман, Шолпан” атты пьеса (1934 ж) жазды, ол алғашқы кезде қазақтың Абай атындағы опера театрында қойылды, кейіннен облыстық театрлардың репертуарынан орын алды.

“Айман, Шолпан” жырының оқиғасы реалистік өмірден алынған. Жырдың басты кейіпкерлері – Көтібар мен Арыстан – тарихта болған адамдар. Тарихи деректердің айтуынша, Көтібар Берсеннен, Арыстан Тінәліден туған. Берсен мен Тінәлі бір кісінің баласы. Бұлардың руы – Шекті, оның ішінде Тілеуқабақ, мекені-қазіргі Ақтөбе облысының Шалқар ауданы. Көтібар мен Арыстан өткен ғасырдың ортасын дейін өмір сүрген. Т. Шойғарин: “Көтібар Ақтөбе облысы, Шалқар ауданының он бірінші аулында туған, ұрпақтары осы күнде де бар”,-десе, Тыным Бірманов: “Ақтөбе облысының Ключевой ауданында Көтібардың моласы бар. Көтібарды бай-сұлтандар, хан тұқымдары Жанқасқа дегенге ақша беріп өлтіртеді. Оның сүйегін Арыстан мен Есет сауын айтып, әзер тауып алады”,-деп жазады. Ал жырдағы Айман, Шолпан, Әлібектер жайында тарихи мәліметтер жоқ.

Х. Жұмалиев “Айман, Шолпан” жырының оқиғасы Исатай мен Махамбет бастаған халық көтерілісінен кейін туған,-дейді. Ал филология ғылымдарының кандидаты Ә. Қоңыратбаев “Қазақ әдебиетінің тарихына” (I том, 1948 ж.., 207-бет) жазған еңбегінде бұл жырдың XIX ғасырдың орта шенінде туғандығын айтады. М. Ақынжановтың айтуына қарағанда, бұл жыр өткен ғасырдың екінші жартысының бас шенінде. Яғни Қазақстанның Россияға қосылуы аяқталған кезде, туған. Бұлардың қайсысы болса да жырдың нақтылы шыққан мезгілін дәлдеп айтпағанымен де, оқиғасы шындық өмірден алынғандығын анықтайды.

“Айман, Шолпан” жырына талдау берместен бұрын, оның мазмұнымен қысқаша таныса кетелік. Онда былай делінеді: Кіші жүз ішініде шөмекейдің өлген бір кісісіне үлкен ас беріледі. Оған таманың бай адамы Маман келеді, ол сән-салтанатымен, өңшең нарға артқан тоғыз саба қымызымен келеді. Шөмекейліктер Маман байды құрметпен қарсы алып, алтындаған ақ үйге кіргізеді. Бұл асқа қант-шай алып және тоғыз нарға тоқаш артып шектінің батыры Көтібар да келеді. Оның жадағай үйге көңілі толмайды да, Маман бай отырған үйді бер шіренеді. Шөмекейліктер сасады да, Көтібарға жауапты өзің бер деп Маман байға барады. Маман бай Көтібардың кедейлігін және өзінің байлығын айтады. Осыдан кейін бай мен батыр ерегіседі, Көтібар күш көрсетеді: “Еліңді шауып аламын”,-дейді. Көтібар өзінің інісі Арыстанның: “Арындама”,-деген ақылына құлақ аспайды.

Аста ат шабысы болады. Бәйгеден Көтібардың күрең аты озып келеді. Бұған масаттанған Көтібар, Маманға алғашқы айтқан сөзін қайталайды да: “Еліңді шауып алам”,-деп аттанып кетеді. Айтқанындай-ақ, Көтібар жеті жүз жігіт алып Үрпекбас деген жерде отырған Маманды шауып алады. Маманның Айман, Шолпан атты екі қызын жайдақ нарға мінгізіп әкетеді. Жолшыбай Айман өзіне Көтібардан бір жорға сұрап алады да, оны Шолпанға береді. Екінші тұлпарды Арыстаннан алады. Айман Көтібардың жігіттерінен: “Шолпан екеуміздің бірімізді елге қайырыңыздар”, деп өтінеді. Бұған Көтібар үндемейді, Арыстан келісім береді, Шолпанды еліне қайырады.Оны Арыстан бастаған жігіттер еліне шығарып салады. Және де Айман еліне қайтып бара жатқан Шолпан иарқылы өзінің атастырған күйеуі Әлібекке сәлем жолдайды. “Алпыс күннен қалмай, келіп жетсін”,-дейді.

Көтібар еліне келеді. Оның Теңге деген тоқалы бар екен. Оны жігіттер әзіл араластырып ашуландырып: “Сені Айманның көрімдігіне береміз”,-дейді. Бұған намыстанған Теңге Айманмен қақтығысады және Айманның алдынан ешбір адамды шығармаймын деп үйіне қайтады. Айтқандай–ақ Айманда қарсы алған адам болмайды, сонан соң ол Арыстанның аулына барып түседі. Айман Көтібардың ұлы Есетпен танысып, оны бауырына тартады, балаға жақсы киім-кешек тігіп береді. Ол Есетке ақыл үйретеді: “Әкеңе бар, киімдеріңе байғазы сұра, Алпыс күнге дейін Айманға үйленбе, берер байғазың осы болсын де”,-дейді. Есеттің тілегін Көтібар орындамайды, сонда бұған Арыстан араласып, баланың тілегін қабылдаттырады. Айман Есеттен Көтібардың күші күрең тұлпарында екенін біледі және айламен тұлпарды қолына түсіреді.

Осы кезде мың төрт жүз жігіт алып Әлібек келеді. Оның алдынан күрең тұлпарымен Айман шығады. Әлібек Айманды танымай қалып найза салады, Айман өзін танытады. Әлібек шекті елін шабуылдайды. Бірақ арашашы Айман болады, ол екі жақты татуластырады. Көтібар өкіл ата болып, Айманды Әлібекпен аттандырады. Шолпанды Айман Арыстанға қосады. Екі жақтың шабуылға түскен малы қайтарылады, ел арасында татулық орнайды. Жыр осымен аяқталады.

Қорыта келгенде, “Айман – Шолпан”- реформа дәуірінен кейінгі кезде қазақ қоғамына енген жаңалық, өзгерістерді шындық тұрғыдан бейнелеген халықтық жыр. Бұл жыр жаңа жағдайға байланысты қоғам өмірінен орын алған талас-тартысты, ескінің жеңіліп, жаңаның жеңетіндігін бейнелейді, әлеумет сахнасынан ығыстырылып бара жатқан және ескілікті қолдаушы адамдарға жаңа заманның жаңа адамдарын, жастарды қарсы қоя отырып, соңғыларын ардақтай жырлайды, үлгі етеді.

«Айман-Шолпан» – басқа лиро-эпостық жырларға қарағанда жаңа сюжетке құрылған жыр. Оның дәлелі – халықтың тұрмысы базармен, қаламен, сауда-саттықпен байланыса болуы. «Батыр» Маман байдың елін шауып, екі қызды жайдақ нарға мінгізіп алып кеткенде, Айманның сүйген жігіті Орынборға мал айдап кетеді. Жыр кейіпкерлері:

Айман, Шолпан – жырдың негізгі кейіпкерлері

Маман – Айман мен Шолпанның әкесі, бай

Әлібек – Айманның сүйген жігіті

Арыстан – Көтібардың інісі, Шолпанның сүйген жігіті

Көтібар – қара күштің иесі, батыр

Теңге – «Батырдың» ерке де долы тоқалы

Есет – «Батыр» мен Арыстанның жалғыз бауыры

Жырда Көтібар, Есет, Арыстан сияқты тарихи тұлғалардың есімдерінің аталуы – жырдың тарихилық сипатын арттыра түседі.

«Көңілі кең, ақылы дана» Айман сіңілісі Шолпан екеуінің басына іс түскенде, аспай-саспай барлық қиыншылықты ақылмен, сабырмен жеңеді. Өзі сүйген жары Әлібекке қосылады, Шолпан мен Арыстанның тіл табысуына өзі дәнекер болып, Көтібарды ақыл мен айланың торына шырмап тастайды. Жырдағы күні өтіп бара жатқан ескі мен жаңаның арасындағы тартыс жаңашыл топтардың жеңісімен аяқталады.

  Студенттің орындайтын тапсырмалары


  1. «Қыз Жібек» жырының жиналуы, зерттелуі, баспа бетін көруі

  2. Жырдың нұсқалары

  3. «Қыз Жібек» жырын жырлаған ақындар

  4. Жыр туралы М.Әуезовтің, Ы.Дүйсенбаевтың пікірлері

  5. «Қыз Жібек» жыры және «Қыз Жібек» фильмі: ұқсастықтары, айырмашылығы

  6. «Қыз Жібек» жырының шыққан кезеңі

  7. «Қыз Жібек» жырының идеялық-тақырыптық мазмұны

  8. Жырдағы ғашықтық мәселесінің берілу жолдары

  9. Жырдағы әсірелеу, кейіптеу, көріктеу, әдемі теңеулер

  10. «Қыз Жібек» жырының басқа жырлардан өзіндік ерекшелігі
    «Айман-Шолпан» - қазақ халқының тұрмыс-салтына байланысты туған жыр

  11. Жырдың ел аузынан жазып алынған нұсқалары

  12. «Айман-Шолпан» жырының тарихи негізі

  13. Жырдың шығуы туралы Қ.Жұмалиев пікірі

  14. «Айман-Шолпан» жырының оқиғасы реалистік өмірден алынуы

  15. Жырдың басты кейіпкерлері

  16. Жырдың идеялық-тақырыптық мазмұны

  17. Жырдың сюжеттік желісі

  18. Жырдағы көркемдегіш, бейнелегіш сөздер

  19. «Қыз Жібек» операсының жазылуы

  20. «Қыз Жібек» фильмінің сценаристі

  21. «Қыз Жібек» жыры туралы зерттеу еңбектер

Студенттің орындайтын тапсырмалары

  1. «Қыз Жібек» жырының жиналуы, зерттелуі, баспа бетін көруі

  2. Жырдың нұсқалары

  3. «Қыз Жібек» жырын жырлаған ақындар

  4. Жыр туралы М.Әуезовтің, Ы.Дүйсенбаевтың пікірлері

  5. «Қыз Жібек» жыры және «Қыз Жібек» фильмі: ұқсастықтары, айырмашылығы

  6. «Қыз Жібек» операсының жазылуы

  7. «Қыз Жібек» фильмінің сценаристі

  8. «Қыз Жібек» жыры туралы зерттеу еңбектер

  9. «Қыз Жібек» жырының шыққан кезеңі

  10. «Қыз Жібек» жырының идеялық-тақырыптық мазмұны

  11. Жырдағы ғашықтық мәселесінің берілу жолдары

  12. Жырдағы әсірелеу, кейіптеу, көріктеу, әдемі теңеулер

  1. «Қыз Жібек» жырының басқа жырлардан өзіндік ерекшелігі
    «Айман-Шолпан» - қазақ халқының тұрмыс-салтына байланысты туған жыр

  2. Жырдың ел аузынан жазып алынған нұсқалары

  3. «Айман-Шолпан» жырының оқиғасы реалистік өмірден алынуы

  4. Жырдың басты кейіпкерлері

  5. «Айман-Шолпан» жырының тарихи негізі

  6. Жырдың шығуы туралы Қ.Жұмалиев пікірі

  7. Жырдың идеялық-тақырыптық мазмұны

  8. Жырдың сюжеттік желісі

  9. Жырдағы көркемдегіш, бейнелегіш сөздер

10. Жырдың құрылысы, тілі

Әдебиеттер тізімі:

1.Әуезов М. Әдебиет тарихы. – А., 1991

2.Садырбаев С. Фольклор және эстетика. – А., 1976

3.Бабалар сөзі 100 томдығы. – А., 2014

4.Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – А., 1974

5.Садырбаев С. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Хрестоматия. - А.,1977

6.Қазақ әдебиетінің тарихы 1-т, 1,2-кітаптар. – А., 1960,1964

7.Қазақ фольклористикасының тарихы. – А., 2009

8.Қазақ фольклорының тарихылығы. – А., 1993

9.Сейітжанұлы З. Қазақ халық әдебиеті. – А., 2013

10.Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. – А., 1985

11.Тұрсынов Е. Д. Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері. – А., 1976



29. тақырып: Қазақ дастандары немесе романдық эпостар

Жоспар:

1.Шығыс елдерінің өмірінен алынған қазақ дастандары

2.«Бозжігіт», «Мұңлық-Зарлық», т.б. дастандардың сюжет тік желісі

3.Романдық эпостағы ертегілік, мифтік сарындар



Сабақтың мазмұны


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет