«Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Хайуанаттар жайындағы ертегілердің шығуы мен дамуы



бет7/13
Дата10.11.2019
өлшемі364,26 Kb.
#51493
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
хал ау ад прак 2018
хал ау ад прак 2018 , хал ау ад прак 2018 , хал ау ад прак 2018 , Хал-2017 Сил

1. Хайуанаттар жайындағы ертегілердің шығуы мен дамуы.


2. Хайуанаттар жайындағы ертегілердің пайда болу жолдары.

3. Хайуанаттар жайындағы ертегілерде миф пен тотемізм көрінісі

4. Хайуанаттар жайындағы ертегілердің жанрлық түрлері

5. Хайуанаттар ертегілерінің этиологиялық түрлері

6. Хайуанаттар жайындағы мысал ертегілер

7. “Ақ қасқыр” ертегісінің сюжеттік желісі.

8. Төрт түлік мал, үй хайуандары және қазақ ертегілері.

9. “Алтын сақа” ертегісі.

10. «Хайуандар жыл басына таласуы» ертегісінің құрылымы, композициясы,

сюжеттік желісі



Әдебиеттер тізімі:


19. тақырып: Қиял-ғажайып ертегілер

Жоспар:

1. Хайуанаттар жайлы ертегілердің пайда болу жолдары, жанрлық ерекшеліктері.

2.Сюжеті мен тақырыбына қарай ертегілерді жинау, топтау, талдау

3. Хайуанаттар жайлы ертегілердегі образдар жүйесі



Сабақтың мазмұны

Хайуанаттар туралы ертегілер


Жануарлар туралы ертегілер , хайуанаттар туралы ертегілер — ертегінің көне замандағы мифтер мен әр түрлі тұрмыстық, аңшылық әңгімелердің негізінде пайда болып, кейінгі замандардағы адамдар мінезін, олардың өзара қатынасы мен байланысын аллегориялық түрде жан-жануарлар бейнесі арқылы тұспалдап көрсететін түрі. Жануарлар туралы ертегілер, негізінен, үш топқа бөлінеді: этиологиялық жануарлар туралы ертегілер, классикалық жануарлар туралы ертегілер және мысал ертегілер (аполог). Этиологиялық жануарлар туралы ертегілер — өзінің шығу мерзімі жағынан мұндай ертегілердің ең көнесі. Мұнда хайуанаттардың сыртқы пішіндегі немесе жүріс-тұрысы, мінез-құлқындағы бір ерекшелігі, оның солай болу себебі жайында баяндалады. Бұл топтағы ертегілердің басты ерекшелігі — оқиғаны себеп-салдарлы сипатта баяндауы және байырғы синкреттілікті сақтап қалуы мен этиологиялық мифке жақын болуы. Бұл ертегілердегі хайуанаттардың сипаттамасы басқа елдер ертегілермен сарындас. Мысалы, түлкі — аса айлакер, екіжүзді, алаяқ қу, қасқыр мен жолбарыс — адуынды озбыр, қара күш иесі, аю — икемсіз, қарабайыр, т.б. Шығыс және Еуропа халықтарының жануарлар туралы ертегілерінің көпшілігін классикалық жануарлар туралы ертегілер құрайды. Олардың сюжеті де ұқсас болып келеді. Өйткені, бұл ертегілердің көпшілігі әр халықтың тарихында болған ұқсас жағдайдан туған. Ал біразы арғы тегі бір түркі халықтарының ежелгі дәуірінде пайда болған. Енді бір бөлігі мәдени, сауда, т.б. қарым-қатынастар арқылы ауысқан. Бұлардың моральдік және әлеуметтік мазмұны аса терең. Жыртқыштар қанаушыларды, әлсіз жануарлар кедейлерді еске түсіреді. Олардың іс-әрекетімен қатар мінездері де шебер сомдалады. Классикалық жануарлар туралы ертегілердің құрылымы онша күрделі емес. Олардағы сюжет хайуанаттар арасындағы кездесулер мен қақтығыстарға құрылады Бір сарынды эпизодтардың өзгермей, үнемі қайталанып келетін түрі көптеген әлем халықтары ертегілерінде бар. Олардың үлгілері — “Қотыр торғай”, ”Кім неден күшті”, т.б. ертегілер. Мысал ертегілерде — баяндау белгілі бір моральдік қағида мен тұжырымды дәлелдеуге бағытталады, сол себепті олар көп жағдайда нақылмен аяқталады. Қазақ халқының мысал ертегілері шығыс фольклорымен тығыз байланысты. Мысалы, Орталық Азияға кең тараған “Қалила мен Димна”, “Тотынама”, т.б. Жануарлар туралы ертегілер адам болмысының ертедегі тотемдік сенімдермен байланысты пайда болған. Жануарлар туралы ертегілердің прозалық баяндаудан өлеңге көшіп отыратын үлгілері де кездеседі.



Қиял-ғажайып ертегілер ертедегі адамдар табиғат және оның құбылыстары туралы, адамның еңбегі, тіршілік кәсібі, күресі жайында, дүние – жаратылыс, қас пен дос, неше түрлі керемет күштер туралы қиял – ғажайып етрегі - әңгімелер туған. Қиял – ғажайып ертегілерінің жағымды кейіпкерлері қарапайым адамдар болып отырады. Қиял ғажайып ертегілеріне “Ер Төстік”, “Керқұлла атты Кендебай”, “Күн астындағы Күнекей қыз” ертегілері жатады. Қиял - Ғажайып ертегілер - халық арманын қиял-ғажайып бейнедегі кейіпкерлер арқылы тілге тиек етеді. Қиял - Ғажайып ертегілер алғашқы қауымдық қоғамда туа бастаған деген болжам бар.



Оны ертегілерде кездесетін өте ертедегі қоғамдык өмірдің қалдыктарынан байқауға болады. Мысалы, матриархат заманына тән аналық  румен көптеген әдет- ғұрыптардың көріністері (жұптық ұйым,  аналық мекен, аналық неке,  кувада,  авункулат, т.б.), ерте замандағы  анимизм,  тотемизм,  магия сияқты діни нанымдар мен сенімдер, т.б. Бірақ көне дәуірдің бұл көріністерін кейінгі заманда халық тек қиял деп түсінген. Сол себепті ертекшілер әңгімесін ерте уақытта болған деп ескертеді. Қазақтың Қиял - Ғажайып ертегілері жанрлық жағынан біркелкі емес. Оның құрамында алғашқы қауымға тән қарапайым миф, хикая, әңгімелермен бірге батырлық ертегілер кездеседі, сондай-ақ, тұрмыс-салтқа байланысты шығармалар ұшырасады. Демек, біздің Қиял-ғажайып ертегілерміз жанр жағынан синкретті, яғни дараланбаған. Қазақ Қиял-ғажайып ертегілердің тағы бір ерекшелігі - үнемі трансформациялық процесте болуы, яғни бір жанрдың екіншіге ауысып отыруы. Осы себепті Қиял-ғажайып ертегілерінің біразы жанрлық өзгеріске ұшыраған, олар қиял-ғажайып пен тұрмыс-салт ертегілерінің аралық жанры сияқты. Кей жағдайда Қиял-ғажайып ертегілері бүтіндей тұрмыс-салт оқиғаларын баяндап келеді. Қиял-ғажайып ертегілердің сюжетіне, поэтикасы мен құрылысына батырлық жыр үлкен ықпал еткен. Көптеген Қиял-ғажайып ертегілердің сюжеттік желісінде батырлық жырларындағыдай тұрақты кіріспелер мен қорытындылар бар. Әдетте, сюжеттің кіріспесінде ертегі қаһарманның кәрі ата-анасы мен оның дүниеге келуі туралы баяндалады: қартайғанша перзент көрмей, қу бас аталған құдайдан бала сұрап, әулие-әмбиелердің басына түнеп, жалбарынады. Кемпір-шалдың тілегі қабыл болып, бала сүйеді. Ол - ертегінің бас кейіпкері, батыр, ержүрек жауынгер. Ал қаһарман туралы әңгіме біткен соң негізгі сюжетке жалғасатын қорытындыда кейіпкер мен оның жанындағылардың бұдан кейінгі тағдыры сөз етіледі. Қорытындыдағы бас кейіпкер көп жағдайда, негізгі сюжеттегі қаһарманның баласы немесе інісі болады. Ол ендігі жерде ағасы не әкесі бастап, үлгере алмай кеткен істі тындыруы тиіс.

Қазақ Қиял-ғажайып ертегілерінің сюжеттік құрамы біркелкі емес. Әлденеше халық, ұлтқа ортақ халықар. Сюжеттер де, көрші халықтар ертегілерінің нұсқалары да, қазақтың өзіне тән оқиғалар да ертегілерге негіз бола береді. Бұл кездейсоқ емес. Қазақ халқы өмір бойы басқа халықтармен қоян-қолтық аралас, тығыз қарым-қатынаста болды. Ерте заманда туып, көне дәуірдің көріністерін сақтап келсе де, Қиял-ғажайып ертегілер қазақ халқының тұрмысын, салтын бейнелейді, күнделікті өмірін көрсетеді. Қиял-ғажайып ертегілердің бас қаһарманы, эстетикалық мұраты - халық арманы. Қазақ ертегілерінің бас қаһармандары, аңшы-мерген, жауынгер-батыр, кенже бала, тазша және басқа да әлеум. Теңсіздіктен жәбір көрген, әділдік іздеген бұқара өкілдері ("Қаңбақ шал"). Бұлардың бәрі халық арманынан туған кейіпкерлер, яғни қияли-тарихи құбылыс. Кейінгі дәуірде, адамзат рулық қоғамға көшкен кезде халықтың арманы өз руын бөтен елден, шапқыншы жаудан қорғайтын жауынгер-батыр болды. Бұл бейне қазақ ертегілерінің біразында кездеседі. Рулық қоғам ыдырай бастаған кезде - арман басқа. Енді ол - ыдырап бара жатқан қоғамның дәстүрін қолдаушы, ата жолын қуушы. Қиял-ғажайып ертегілер өмірге тікелей жақындап, бұқара арманын дәріптейді, халық эстетикалық мұратқа айналдырады.

Студенттің орындайтын тапсырмалары

  1. Қиял – ғажайып ертегілердің жанрлық ерекшеліктері

  2. Қиял – ғажайып ертегілердің шығуы мен дамуы

  3. Қиял – ғажайып ертегілерінің халықтық сипаты

  4. Қиял – ғажайып ертегілерінің сюжетіндегі қиял мен мифтің сабақтастығы

  5. Қиял-ғажайып ертегілеріндегі образдар жүйесі.

  6. Қиял-ғажайып ертегілердегі фантастикалық және мифтік кейіпкерлер

  7. Қиял-ғажайып ертегілердің тақырыбы

  8. «Ұр тоқпақ», «Ұшқыш кілем» ертегілеріндегі халықтың арман тілегі

  9. «Жалмауыз кемпір», «Алтын сақа » ертегілерінде жауыздық пен қас күштерге қарсы күрестің суреттелуі

  10. «Қаңбақ шал», «Тоғыз тоңқылдақ, бір шіңкілдек» ертегілеріндегі тапқырлықтың көрінісі

Әдебиеттер тізімі:

1.Қазақ фольклористикасы. Әбілқасымова Қ, Тамаев А. Алматы 2007

2.Қазақ халық әдебиеті. Алматы, 1986

3.Қазақ халық әдебиеті. Алматы, 2014

4.Қазақ мақал мәтелдері. Алматы, 2001

5.Қазақтың мақал –мәтелдері. Алматы, 2004

6.Қазақ халқының ауыз әдебиеті. М.Ғабдуллин 2000

7.Қазақ әдебиетінің тарихы. Г.Умарова, С.Шарабасов Астана «Фолиант» 2011

8.Қазақ халық әдебиеті. Алматы «Қазақ университеті» 2013

9. Қазақ әдебиеті бастаулары. Н.Келімбетов Алматы «Ана тілі» 1998



20. тақырып: Батырлық ертегілер

Жоспар:

1.Бұл ертегілердің шығу тарихы, жасалу жолы

2.Батырлық ертегілердің сюжеті мен композициясы («Ер төстік», «Керқұла атты Кендебай»)»

3. Батырлық ертегілердің негізгі мотивтері



Сабақтың мазмұны

Ертегілердің ең бір телегей-теңіз де тағылымды тармағы саналатын тұрмыс-салт ертегілердің ішіндегі батырлық, күлдіргі және сықақ түрлері кеңестік дәуірдің (1919-1991) бас кезінде анықталып, жүйеленген болса, ал новеллалық ертегілер тобы соңғы 30-40 жылдықтың ішінде ғана ашылып, зерттеле бастады. Бұл жағынан келгенде, новеллалық ертегілерді зерттеліп  толықтырылатын, анықталып айшықталатын тұстары әлі де жеткілікті әрі көне, әрі жаңа –  жаңғырған түр деп айтуға негіз баршылық.

Новеллалық ертегілер басқа да жанрлық үлгілер сияқты халық әдебиетінде тәлімдік-тәрбиелік және танымдық қызмет атқарады.Қазақтың новеллалық ертегілері өз алдына жеке жанрлық түр ретінде анықталғанша,  ол тұрмыс-салт, ал кейбірі қиял-ғажайып ертегі үлгілері арасында аралас жиналып, жарияланды және сол тұста оларға алғашқы зерттеулер де жазылды. Сондықтан новеллалық ертегілер сол ұзақ уақыт қалыптасқан атаулары бойынша, қазірге дейін аралас, кейде тұрмыс-салт, кейде қиял-ғажайып ертегі деп аталып келеді. Кезінде тұрмыс-салт немесе қиял-ғажайып ертегілер деп аталып келген новеллалық ертегілер тобы өзінің ұзақ жиналу, жариялану және зерттелу жолынан өтті. ХХ ғасырдың 20-жылдарына дейін ертегілердің арнаулы жеке жинағы, оларға арналған жеке зерттеу еңбектері болған жоқ, тек  ішінара ғана жалпы халық әдебиетіне арналған еңбектердің ішінде, жинақтарға, хрестоматияларға жазылған алғысөздерде, жалпы шолу материалдарда ертегілер туралы пікірлер айтылды.

100 томдық «Бабалар сөзі» жинағының 76,77 томдарында новеллалық ертегілердің үлгілері топтастырылды. Жалпы новеллалық ертегілер бұған дейінгі шыққан ертегілер жинақтарында «Тұрмыс-салт» ертегілердің қатарында қарастырылып келген. Ал бұл ертегілер өзінің сипатты белгілері бойынша таза «тұрмыс-салт ертегі» емес. Біріншіден, онда тұрмыс-салт ертегідей емес қиял-ғажайыптық элементтер көп, оқиғалар өте таңғажайыпты, шытырман болып келеді; екіншіден, мұнда ертегі сюжеті өте күрделі, ол бір-бірінен асқан қым-қиғаш оқиғалар тізбегінен тұрады. Үшіншіден, кейіпкерлер тұрмыс-салт ертегідегі қаһармандардан басқа, олар өз мұратына қулықпен емес, ақылмен жетеді, дұшпандарын да ақылмен жеңеді. Әрине, бұл ертегілердің тұрмыс-салт ертегілерден айырмашылығы осымен ғана шектелмейді...

Новеллалық ертегілерге жеке арналған бұл томда барлығы 64 мәтін қамтылған. Бұл мұралардың барлығы қолжазба қорындағы түпнұсқамен және сирек кездесетін басылымдардағы алғашқы мәтінмен салыстырылып, текстологиялық саралау­дан өткізілген.  Біршама ертегілер осы жинақта алғаш рет жарық көріп отыр. 

«Бабалар сөзі» қазақ ертегілерін жанрлық-стадиялық ерекшелігіне қарай хайуа­наттар, қиял-ғажайып, батырлық, новеллалық деп, жеке-жеке том дайындап шығарды. 77-том «Сатиралық ертегілерге» арналып отыр.  Ғылымда сатиралық ертегілерді жіктеудің бір қалыпқа салынған үлгісі жоқ. Тіпті, славян ертегілерінің жанрішілік түрлері әр басылымда әрқалай. Ал шығыс пен батыс халықтарының тарихи ерекшеліктерімен болатын фольклорлық жанрлық ерекшеліктер өз алдына. Сондықтан қазақ фольклортану ғылымындағы қалыптасқан ғылыми үрдіс ескерілген. Cатиралық ертегілер ішкі мазмұнына сай сыншыл ертегілер және күлдіргі ертегілер деп аталатын үлкен екі сала бойынша берілген. 

Сыншыл ертегілерге Алдар көсенің, тазшаның т.б. фольклорлық кейіпкерлердің үстем тап өкілдерін тапқырлықпен жеңуі, надан молдаларды, ұрыларды, шын мәніндегі ақымақтарды сынайтын, сатиралық мақсаттағы шығармалар топ­тастырылған. Ал күлкілі ертегілерге өтіріктер, қулар туралы шығармалар енгізілген. Бұл-олардың негізгі ерекшелігі.

Ұсынылып отырған «Сатиралық ертегілердің» тағы бір құндылығы-осы кезге дейін айтылмай, жарияланбай жүрген қулар туралы шығармалардың енуі.   Бұл жинақтың ғылыми маңызы - фольклорлық мәтіндердің дереккөзі-қолжазбаның ғылыми құндылығы ескеріліп жасалғандығында. Көп мәтін тұңғыш жарық көруімен бағалы. Томға берілген 124 мәтіннің 62-сі тұңғыш рет ғылыми айналымға қосылып, оқырманға ұсынылып отыр.  



Студенттің орындайтын тапсырмалары

1. Батырлық ертегілер, ол туралы В. Жирмунскийдің, М.Әуезовтің, С.Қасқабасовтың пікірлері

2.

Әдебиеттер тізімі:

21. тақырып: Новеллалық ертегілер

Жоспар:

1.Новеллалақ ертегілердің шытырман оқиғалылығы, тақырыбы

2. «Аяз би», «Үш өсиет», т.б. ертегілердің сюжеті мен композициясы

3. Новеллалақ ертегілердің тәрбиелік мәні мен тапқырлығы



Сабақтың мазмұны

Қазақ фольклорында өзінің сюжеттік құрамы мен мазмұны, композициялық құрылымы мен стилі жағынан оқшауланып тұратын бірталай ертегі бар. Алайда, ұлттық фольклортану ғылымымызда олар жеке зерттелмей, «тұрмыс-салт ертегілердің» тобында қарастырылып жүр. Ал, бұл ертегілер өзінің сипатты белгілері бойынша таза «тұрмыс-салт» ертегі емес. Біріншіден, онда тұрмыс-салт ертегіге тән емес қиял-ғажайыптық элементтер көп, оқиғалар өте таңғажайыпты, шытырман болып келеді; екіншіден, мұнда сюжет өте күрделі, ол бірі-бірінен асқан қым-қиғаш оқиғалар тізбегінен тұрады. Үшіншіден, кейіпкерлер өз мұратына қулықпен емес, ақылмен жетеді, дұшпандарын да ақылмен жеңеді.

Әрине, бұл ертегілердің ерекшелігі осымен ғана шектелмейді. Қолдағы материалды саралап, зерттеп қарағанда, бұл топтағы мәтіндер – қиял-ғажайып пен тұрмыс-салт ертегілердің аралығында тұрған шығармалар екені байқалады. Біздіңше, оларды «новеллалық ертегі» деп атаған жөн сияқты. Өйткені, мұнда новеллаға тән хикаялық, яғни шытырман оқиғалық сипат басым. Рас, бұл ертегілер көлемі жағынан новелла сияқты шағын емес, бірақ бұл жерде біз әдеби емес, фольклорлық жанрды атап отырмыз және бұл атауымыз шартты түрде алынып отыр. Қоғамның дамыған кезінде, сауда-саттықтың, қолөнер мен өндірістің өскен шағында қиял-ғажайып ертегі тыңдаушысын баурап әкететін өзінің бұрынғы қасиетінен айырыла бастайды. Енді оның негізінде әрі онымен таласа, күресе отырып, басқа ертегілік жанрлар пайда болып, қалыптаса бастайды. Сөйтіп, бұл дәуірде новеллалық, ал, кейінірек сатиралық ертегілер өмірге келеді. Әрине, бұл бір ғана дәуірде пайда болған жоқ. Профессор Мәлік Ғабдуллин дұрыс айтады:

«Халықтың тұрмыс – тіршілігіне, салтына байланысты туған ертегілері бір ғасырдың ғана жемісі емес. Ол талай ғасырдың жемісі. Бұл ертегілердің ішінде көне заманда, феодалдық қарым-қатынастар кезінде және соңғы дәуірде туғандары да бар. Олардың бәрі ауызша айтылып, ауызша тарағандықтан көптеген тарихи кезеңдер, талай таптық, қоғамдық орта тудырған әртүрлі көзқарастарды, сан алуан ұғым түсініктерді бойына жинастыра келгендері де белгілі. Бірақ солай бола тұрса да, халықтық ортада туған ертегілер өзінің халықтық сипатын жойған жоқ. Қайта, оны әрбір жаңа дәуір, жаңа кезең жағдайларына қарай өзгертіп, шыңдап, жетілдіріп отырғанын, өткірлеп мәнерлегенін де байқаймыз»[907].

Сырттай қарағанда новеллалық ертегілерде әдеттегіден тыс құбылыстар, яғни ертегіге тән ғажайыптық белгілер жоқ сияқты. Бірақ шындығында олай емес: мұнда айырықша өмір ағымы, шындық өмірде болмайтын жағдайлар бар. Новеллалық ертегілердегі нәрсенің көбі тосын, ерекше, мұнда фантастика да (ғажайып) бар, бірақ оның сапасы қиял-ғажайып ертегіден басқаша. Мұндағы қиял (вымысел) өте көркемделіп кеткендіктен көне мифтік ұғымдармен, діни нанымдармен тектік байланысын үзген. Сол себепті бұл ертегілердегі сиқырлық, құбылушылық сияқты нәрселер кейіпкерлердің тек өз басының ғана қасиеттері деп саналады.

Мұндағы баяндаудың барысы үнемі әділдік пен ақылдың жеңісіне бағытталып отырады, ал, күнделікті тұрмыста кездесетін қарапайым шындық моральдық уағыз арқылы емес, уақиғаның табиғи дамытылуы арқылы дәлелденеді. Рас, кейде, ертекші баяндауды афоризммен түйеді. Бірақ ертегіде айтылып отырған шындық былай да көрініп тұратындықтан үнемі мұндай әдіс қолданыла бермейді.

Новеллалық ертегіде өте қызғылықты, қорқынышты сапарлар, шым-шытырық жағдаяттар, адамның қым-қиғаш тағдыры, отбасы өмірі, ерлі-зайыптылардың басынан кешкен оқиғалары, тағы да басқа небір керемет те сұмдық уақиғалар туралы баяндалады. Тақырыбы жағынан бұл жанрдағы шығармалар әралуан. Бір топ ертегі, мысалы, қарапайым қыздың өзінің тапқырлығы арқасында ханға, яғни хан баласына тұрмысқа шыққаны жайында әңгімелейді. Ал, енді бірқанша ертегіде ерлі-зайыптылардың тағдыр тәлкегіне түсіп, өмірдің небір тауқыметін тартқаны, әйелдің ақылдылығы мен сабырлылығы арқасында ері таққа отырып, бақытқа кенелгені туралы айтылады. Көптеген ертегілерде ақымақ еркекті ақылды әйелдің адам қылғаны жайлы баяндалады.

Көлемі жағынан ұзын-сонар, мазмұны шытырман оқиғалы көптеген новеллалық ертегілерді «фольклорлық» немесе «халықтық роман» десе де болады. Олардың сюжеттері тек қазақта ғана емес, сондай-ақ бүкіл шығыс елдерінде кең тараған ондаған мотивтерді қамтиды. Мәселен, мұндай шығармаларға сотты билеп-төстеген және бидің берген жұмбақтарын лезде «қағып тастайтын» ақылды ағайындылардың хикаясы, патшаны ғажайып дәу улы жыланнан құтқарған уәзір туралы әңгіме, өлім жазасына кесілсе де, сабырлылық сақтаған уәзірдің тарихы, патшаның қолындағы уға толы тостағанды тарпып түсірген бүркіт туралы және тағы басқа көптеген ертегілер жатады.



Новеллалық ертегілердің ішінде жеке топ құрайтындары – отбасы туралылары, ерлі-зайыптылардың бір-біріне адалдығы, я болмаса бірін-бірі алдайтындығы жайында баяндайтын ертегілер. Осылардың ішінде әйелдің күйеуінің көзіне шөп салып, оны ақымақ қылатынын әңгімелейтін ертегілер де бар. Сонымен бірге басқа әйелге көңілі ауып, неше түрлі қолайсыз жағдайға түсіп, әлек болатын еркектер жайлы да ертектер бар. Ертегі адам бойындағы қызғаныш пен күдік сияқты сезімдерді әшкерелеп, болашақтан күдіктенушілік пен қорқушылықтың негізсіз екенін де көрсетеді. Мысалы, әйелдердің көзге шөп салушылығы туралы әңгімені естіген хан өзінің жаңа ғана үйленген жас жұбайын сынамақ мақсатында үйінен аттанып, өзі келгенше әйеліне ұл тауып қоюды бұйырады. Әйелі еркекше киініп, ханның соңынан барады да, біресе ханның жақын жолдасы, біресе оның қарындасы болып, екі жеп, биге шығады. Сөйтіп, ханның тапсырмасы орындалып, шынайы махаббат пен тазалық күдік пен сенімсіздікті жеңіп шығады («Уәзірдің қызы»).

«БАБАЛАР СӨЗІ» СЕРИЯСЫНАН

НОВЕЛЛАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕР

1. Аяз би

Ертеде Мадан деген хан болыпты. Хан болған соң оның қырық уәзірі болады ғой. Бір күні хан уәзірлерімен мәжілістес болып отырып:

– Уәзірлерім! Сендер қырқың да асып туған ақылды, данышпан едіңдер. Мен сендерді бір жұмысқа жұмсаймын, сендер маған дүниедегі адамның жаманын және шөптің жаманын, құстың жаманын тауып келіңдер. Он бір ай уақыт беремін. Сол он бір айдың ішінде тауып келмесеңдер, жазалы боласыңдар! – дейді.

Хан бұйырған соң, амал жоқ! Уәзірлері өзара ақылдасып, іздеуге кіріседі. Көп іздеп, азап шегіп, шеңгел деген шөпті тауып: «Өзі - тікен, арасынан жүрсе, киім жыртады, мал жемейді екен, шөптің жаманы осы ғой», – деп, шеңгелді алады. Қырғауыл деген құсты тауып: «Үстінде жүні жоқ, ұсқыны келіссіз, құстың жаманы осы екен», – деп, қырғауылды атып алады. Енді адамның жаманын таба алмай, қырық уәзір келе жатса, таудың етегінде, үстінде жыртық тоны, басында тері тымағы бар, бір адам бес-он қойды бағып жүр. «Адамның жаманы, сірә, осы болар-ау», – деп тұрғанда, әлгі адам:

– Уа, мырзалар, жол болсын! – деді.

Уәзірлер ханның сондай бір жұмысқа жұмсағанын, шөптің, құстың жаманын тауып, ал адамның жаманын таба алмай жүргендерін айтады. Жаман түрып:

– Түсінікті! Адамның жаманы керек болса, мен боламын, – дейді.

– Олай болса, жарайды, – деп, Жаманды атына мінгестіріп алып ханға жөнеледі.

Ханға келе жатып, Жаман:

– Адамның жаманын тауып алдыңыздар, бірақ шөптің жаманы мен құстың жаманын таба алмаған екенсіндер. Шөптің жаманы – қарақоға, құстың жаманы – сауысқан еді, – деп, уәзірлерге қырғауыл мен шеңгелді тастатып, олардың орнына қарақоға мен сауысқанды алдырған.

Уәзірлер мәнісін сұрайын деп еді:

– Хан алдында айтамын, – деп Жаман сөйлемеді. Уәзірлер келген соң, хан әкелген адамға қарап:

– Әкелген адамдарың жарайды. Қазірге аспазшыға апарып беріңдер, көже мен нан берсін, сыйласын. Ертең ортаға алып, тамаша етеміз, – деп, Жаманды ас үйге жібертеді.

– Бірақ, – дейді хан, құстың жаманы мен шөптің жаманын таба ал-маған екенсіндер. Құстың жаманы – қырғауыл, шөптің жаманы – шеңгел еді. Осыны көре, бұларды әкелулеріңнің не жөні бар еді? – деп, хан уәзірлерге қатулана бастайды.

Сонда уәзірлер:

– Тақсыр! Айтқаныңыз дұрыс! Біз шөп жаманы деп – шеңгелді, құс жаманы деп – қырғауылды алып едік. Бірақ жолшыбай әлгі жаман: «Шөптің жаманы – қарақоға, құстың жаманы – сауысқан», – деп, бізге оларды тастатып, қарақоға мен сауысқанды алдырды, – деп, жауап береді.

– Е, Жаманның не білгені бар екен? Шөптің жаманы – қарақоға, құстың жаманы – сауысқан екенін қайдан біледі? Алып келіңіздер! Сұралық, – деп, бұйрық етеді. Жаманды ханға алып келеді. Хан Жаманның бетіне қарап:

– Мен құстың жаманы – қырғауыл, шөптің жаманы – шеңгел деп ойлаушы едім, сен оларды уәзірлерге тастатыпсың. Сен шөптің жаманы – қарақоға, құстың жаманы – сауысқан екенін кайдан білдің? – дейді.

– Тақсыр хан! Елу жасқа келіп жаман болған жоқпын, жасымнан-ақ жаман едім. Өмірім отын, су тасумен кісі есігінде құлшылықта өтті. Сол уақытуа шеңгелді әкеліп отқа жақсам, кешке жаққан отым ертеңіне дейін, сексеуілдің шоғындай жайнап жататын еді. Сол уақытта: «Киім жыртып, мал жемейтін шеңгел отын болып, пайдаға асады екен-ау», – деп, ойлаған едім. Ал енді қарақоғаны алып, отқа жақсам, жанбайтын еді, үрсем, жалыны мен шоғы бірге сөніп, күлі бұрқырап үйдің ішін алып кететін еді. Отқа жанбаған сон, апарып малға салсам, барлық мал мұрнын жиырып, жемейтін. Сонан соң: «Қарақоға тіпті пайдаға аспайтын шөп қой», – деп ойлаушы едім. Қарақоғаның жамандығын содан білдім, – дейді Жаман.

– Сауысқанның жаман екенін қайдан білдің? – дейді хан.

– Қырғауылдың қанаты бар да, жүні жоқ болса да, адамның пайдасына жарайтын құс еді. Біреудің сиықсыз болуы оның жаратылысынан. Қырғауылдың айыбы – тек сиықсыздығы. Ал сауысқанның жүні ала болғаны сияқты, өзі де ала, бірлігі жоқ. Екеуі бірігіп ұшпаған, екеуі бірігіп қонбаған, адам пайдасына аспайтын құс еді. Сондықтан құс жаманы – сауысқан деймін. Сауысқан мен қарақоғаның жамандығын білдің. Енді өзіңнің жамандығынды кайдан білдің? – дейді хан.

– Уа, тақсыр! Менің жасым елуге келді. Мен қатарлылар әйел алып, бала көрді; келін жүмсап, қызық көріп отыр. Мен қайда болса сонда, әлі күнге дейін әркімнің артына мінгесіп, басқа біреудің құлшылығында жүрмін. Енді мен жаман емей, жақсымын ба? – деп, Жаман ханға қарайды. Хан басын шайқап:

– Апыр-ай, осы жаман болса жарар еді. Құстың, шөптің, өзінің жамандығыңа да дәлел айттың. Жарайды. Енді менің бір тұлпарым бар, соны сынап бересің бе? – дейді.

– Жақсы, сынап берейін, – деп, тұлпарды алып келген соң, Жаман тұлпардың алды-артына қарап:

– Тұлпарыңыздың сипатынан мін таба ал-мадым. Енді мініп қарар едім, – деп, ханнан рұқсат сұрап алып, тұлпарға мініп, есік алдындағы өзеннен әрі-бері өтті де, қайтып келіп:

– Тақсыр! Тұлпарыңнан басқа мін таба алмадым. Тұлпарыңыз тек сиырға шатыс екен, – дейді.

– Апыр-ай, оны қайдан білдің? Айтқаның рас. Менің Ақша хан деген құдам бар еді. Соның тұлпар табатын бір биесін қалап алдырғанмын. Бие күні жетіп, кұлынды таба алмай, өлер болған соң: «Бие өлсе өлсін, құлын қалсын», – деп, ішін жарып, құлынды алғанмын. Сол құлын осы еді, әбден отығып кеткенше, сиырдың сүтімен асырап едім. Ал енді сен мұның сиырға шатыс екенін кайдан білдің? – дейді хан танданып.

Тұлпардың бөтен мінін таба алмадым. Бірақ тұлпарыңыз судан әрі-бері өткенде, аузын суға малып, артқы аяғын сілкіп өтті. Сиыр күніне қырық суарсаң да судан айдағанда, аузын суға малмай, артқы аяғын сілікпей өтпеуші еді. Тұлпардың сиырға шатыс екенін сонан білдім, – дейді. Жұрт таң қалып, бір-біріне қарасады. Хан біраз ойланып отырып:

– Енді менің бір гауһар тасым бар. Ол тастың Сүлейменнің жүзігіндей, Мұсаның асасындай, Дәуіттің қоржынындай қасиеті бар. Сол тасымның қандай қасиеті бар екенін тап, – деп, қазынасындағы тасты алдырып берді.

Жаман тасты алып, салмақтап, байқап қарап отырды да:

– Сіздің тасыңыз, рас, қасиетті тас екен. Бірақ екі жылдан соң қасиеті бітеді. Тастың ішінде екі ақ қарабас құрт бар. Тасыңыздың пышақ сырты қалындығы қалыпты. Сол құрт екі жылдан соң тесіп шығады; тесіп шыққан соң тасыңыз пайдаға аспайды, – дейді.

– Жұрт не дерін білмей, бірсыпырасы: «Бәрібір екі жылдан соң пайдаға аспайтын болса, тасты жаралық», – депті. Бірсыпырасы: «Жаманның сөзіне бола, тастан айрылмайық», – депті. Ақырында тасты жармақшы болады. Тасты жарып қараса, ішін екі ақ қарабас құрт кеулеп, тесуге жақындап қалған екен.

– Тастың ішінде құрт бар екенін қайдан білдің? – дейді хан.

– Тастың қасиетіндей салмағы да болу керек. Тас жеңілденген екен. Құрт бар екенін содан білдім, – деп жауап береді.

– Апырмай, сен жаман болмадың ғой! Қайта, сен бір данышпан болып жүрме! Ал сен менің өзімді сынашы. Мен неше атамнан бері хан екенмін? – дейді хан.

Жаман:


– Жақсы! – деп, тақта отырған ханның алды-артына шығып, алдына келіп, ханның бетіне тіке қарап тұрып:

– Тақсыр ханым! Ақыл-ойың ешкімнен кем емес, бірақ хандық қара басында, қарадан туып хан болғансыз, атанда хандық жоқ, – дейді.

Жаман сөзін бітірмей, хан сөзін бөліп:

– Жоқ, қате айтасың! Мен жеті атамнан бері ханмын. Өзімді қойғанда да алты атамды қайда жібересің? – деп зекіреді.

Жаман саспайды.

– Жоқ, тақсыр! Сіздің қара басыңыздан басқа жеріңізде хандық жоқ. Сіз нағыз наубайдың баласысыз, – дейді.

Хан не дерін білмей, халыққа қарап:

– Апырым-ау, мына Жаман не дейді! Халқым, мен хан баласымын деп жүр едім, шақырындар анамды! – дейді. Ол о дүниеге біреудің қанын жүктеп барып, тәңірі алдында кара бет болмасын, не де болса шынын айтсын. Әйтпесе ашумен мына Жаманның басын кесемін! – дейді.

Шешесі келген соң, хан шешесіне Жаманның сөзін айтады. Шешесі терең күрсініп, сөзге кірісті:

– Е, шырағым! Жасым сексенге келгенде біреудің қанын жүктеп не кылайын. Бір сыр бар еді, оны тәңірінің өзі білетін еді, мен білетін едім. Мынау Жаманың біліпті, енді айтайын. Атаң сенің Зәрлі хан еді. Менен бұрын он тоғыз әйел алып, кілең қыз тапқаны үшін бәрінің де ішін жарып өлтірген екен. Соның үшін де. «Зәрлі хан» деп халық ат қойып еді. Жиырмасыншы әйел етіп мені алды. Мен де екі қабат болған соң, жалғыз жанымнан қорқып, тәуіптерге қаратып едім: «Сенің ішіндегі де қыз», – деді. «Қыз тапсам мені де өлтіреді ғой!» – деп, қайғы жедім. Сол күндерде аспаз наубайдың әйелі де екі қабат екен. Оның да тамырын ұстатып қарап едім: «Оның ішіндегі ұл», – деді. Жалғыз жаным үшін сол жерде маған ой келді. Ол әйелді оңаша шақырып алып, барлық мұңымды айтып, қазынадан табақтап алтын беріп: «Ақиреттік дос болайық, ұл тапсаң, ұлынды маған бер, менің қызымды ал. Бірақ бұл сырды ешкім білмесін!», – деп жалындым. Әйел табақтап алтын алып, бір жағынан мені аяп, сол жерде уәдесін берді. Туар кезімізде Зәрлі хан аңда еді, екеуміздің толғағымыз бір күнде келіп, бір сағатта босанып, сырды ешкім білмесін деп, басқа біреуді де жолатпай, біріміздің баламыздың кіндігін біріміз кесіп, сол қолыммен қызымды беріп, оң қолыммен алған шырағым сен едің! Енді бұл күнде мына Жаманың оны біліпті. Сыр ашылуға тәңірі жазса, не шарам бар?! – деп, сөзін аяқтай алмай, шешесі жылап жібереді.

Хан:

– Сөз тапқанға қолқа жоқ! Олай болса, мен таққа лайық емес екенмін, осы оқиғаны оймен білген сіз лайықты екенсіз, – деп хан тағынан түсіп, тақты Жаманға береді.



Жаман:

– Жоқ, тақсыр! Кешегі күні: «Жаман кісі керек», – дегенде, ат артына мініп келген жаман едім, бүгін таққа отырмаймын. Сіздің көлеңкеңізде жүрсем де жарар. Тағыңызға мініңіз, – деп болмайды.

Хан таққа отырып:

– Апырмай, менің наубайдың баласы екенімді қайдан білдіңіз? – дейді.

Сонда Жаман:

– Мен жаман-жақсы болсам да үйіңізге келген қонақ едім. Хандардың ішер асы – жал мен жая аузыңызға түспей, нан, көже түсіп, мені келісімен аспазға жібердіңіз. Салтыңызға тарттыңыз. Сіздің шонжарлы, атаулы хан емес екеніңізді содан байқадым, – дейді.

Жиналған жұрт таң қалады. Сол күйінше хан тағы да хандық қылды. Жаман оған жақсы уәзір болды. Жаман ханға ақылымен, тапқырлығымен жақты. Қырық уәзір шетте қалды. Күндердің күнінде, бір күні Жаман сыртқа шығып тұрса, қаланың ортасында алты қанат ақ боз үй тұр; төңірегінде қаптаған кісі, үйге кіруге кезек күтеді. Жаман қайтадан үйге кіріп, ханнан:

– Бұл не жиын? – деп сұрайды.

Хан сонда:

– Қалада қара болса да, байлығы менімен қатар, Уәлібай дейтін бай бар. Сол байдың Меңді дейтін қызы он бес жастан күйеу таңдап: «Өзімнен ақылы артық кісіге тием», – деп, жиырма жылдай отырды, қазір отыз бесте. Бұған дейін ешкім ақылы артып, оған күйеу бола алған жоқ. Бәрі де барып, қызға жауап қайтара алмай, қайтіп кетеді. Ол жиын қызды жеңіп аламыз деп жүрген бай мырзалардың жиыны, – дейді.

Жаман: «Мен де барып көрсем қайтеді?» – деп ойлап, кешке жұрт орынға отырған соң, жайлап қыздың үйіне барады. Есікті қағып еді, бір әсем келіншек шығып:

– Не жұмысыңыз бар? – деп сұрайды.

– Менің жұмысым сенде емес, қызда. Бар, қызға айт! – дейді. Келіншек күліп, қызға барып:

– Бикеш-ау, күйеу таңдаймын деп, сен де жұртты басындырып болдың-ау! Адам көргісіз бір жаман кісі сенде жұмысым бар, – дейді. Сенен ол да дәме етіп келген білем! – деп, қалжыңдайды.

Қыз жымиып күліп:

– Ол түрге жаман болғанмен қандай кісі екенін қайдан білесің? Мынаны алып барып бер, – деп жеңгесіне гауһар, пышақ, тәрелке және қайрақ тас беріп жібереді.

Жеңгесі ол заттарды апарып берген соң, Жаман қолына алып қарап тұрады да:

– Бар, мүның құралын әкел, – дейді.

– Ойбай! Әлгі жаманың: «Мұның құралын әкел» дейді, – деп, жеңгесі қызға қайтып барады.

Қыз:


– Жарайды, – деп, жеңгесіне балға мен төс береді.

Жаман балға мен төсті алған соң қайрақты төске қойып, балғамен ортасынан бөледі, тәрелкені уатады, пышақты жетесінен сындырады, гауһар тасты қақ жарады.

– Мә, бикешке алып бар! – деп, келіншектің қолына береді. Сынған заттарды көрген соң қыз ұшып тұра келіп:

– Сол адам шайтан болмай, адам болса, менің тап баратын кісім. Шақыр мұнда! – дейді.

Жеңгесі не дерін білмей, Жаманды шақырып келеді. Қыз оны құрметтеп қарсы алады. Бұрын да талай бай балалары, хан балалары келеді екен. Бәріне қыз манағы заттарды береді екен. Бәрі де: «Менің үйімде пышағым жоқ па, болмаса қазынамда гауһар тасым жоқ па, әлде қайрақ таба алмай жүрмін бе?» – деп, ашуланып қайтып кетеді екен. Тап сол күні қыздың ағалары ақылдасып: «Бүл қалай болды? Осы қыз отыз беске келді. Күйеу тандап, әлі біреуге тиген жоқ. Сірә, оның басқа бір сүйгені бар шығар? Ондай адамы болса, ұстап алайық», – деп, қарауыл қойыпты. Таң атқан соң Жаман қыздың үйінен шығып бара жатса, қарауылшылар оны ұстап, байдың балаларының қолына апарып береді. Бай балалары Жаманды дірдектетіп ханға апарып:

– Мына уәзірді ұстап алдық. Бізді келмей жатып басынды! – дейді. Хан Жаманды оңаша алып, сұрайды.

– Қыздың үйіне бардың ба?

– Жоқ!


– Мыналар ұстап алдық дейді ғой?

– Олар өтірік айтып, бәле жауып жүр, мені даладан ұстап алды.

– Мен сенің ақылыңды сыйлап, астымдағы тағымды да беріп едім. Тақты өзің алмаған соң, ең жақын уәзірім қылып едім. Уәлі маған олардан қымбат емес. Шыныңды айт. Қызды алып берем, – деп еді хан, Жаман тіпті шынын айтар болмады.

Хан ашуланып, жендеттерге Жаманды дарға асуға әмір қылды. Жендеттер хан бұйырған соң, Жаманды дарға апарып, мойнына дұзақ салып, дардың жібін тартып, жоғары көтерді. Жаман иманын айтып, қырылдап, енді демі бітуге айналғанда, көпті жарып, ақбоз атты, ақ киімді, бетіне перде жапқан бір кісі келіп, дардың жібін кесіп жібереді де, сұлап жатқан Жаманның көкірегіне қылышын көлденең тастап, жайына кетеді. Жаман біраз қырылдап жатып, есін жиған соң, жендеттер тағы да дарға тартайын деп ыңғайланғанда: «Мені енді ханға апарындар», – деп өтінеді.

Жендеттер қайтып алып келген соң, хан:

– Бұл кезге дейін неге өлтірмедіңдер? Менің бұйрығымды екі етесіңдер ме?! – деп ақырады.

Жендеттер тұрып, уақиғаны айтып беріп, ас десе, әлде де дарға асуға әзір екенін білдіреді. Енді хан Жаманға:

– Маған барам деп неге айттың? Әлде манағы айтпаған шыныңды айтайын деп келдің бе? – дейді.

– Е, тақсыр, шынымды айтайын деп келдім.

– Онда Уәлібайдың қызының үйіне барғаның рас па еді?

– Рас еді.

– Алам деп, уәде беріп пе едің?

– Беріп едім.

– Ендеше, мана неге айтпадың?

– Тақсыр! Мана айтпаған себебім мынау еді. Мен барып, Уәлібайдың қызына сырттан хабарласқанда, ол маған бір тәрелке, бір қайрақ, бір пышақ, бір гауһар тас беріп жіберді. Ол оның: «Қайрақтай болып езілгенше, тәрелкедей болып уатылғанша, пышақтай болып, басы кесілгенше сыр айтпайтын кісі, мына гауһар тастай жарып мені алады», – дегені еді. Сол сырды: «Пышақтай болып басым кесілгенше айтпаспын!» деп, пышақты жетесінен сындырып, «қайрақтай езілгенше!» деп, қайрақты уатып, «тәрелкедей уатылғанша» деп, тәрелкені қиратып, «гауһар тастай жарып, сені алам!» деп, гауһар тасты қақ бөліп, уәде беріп едім. Сол себептен мана шынымды айтпап едім. Қыздың өзі мені аяп, ақ боз атқа мініп, бетіне перде жауып келіп, дардың жібін қиып, көкірегіме көлденең қылыш тастап кеткені: «Мен үшін кінәсіз өлме, ерлігіңді көрдім. Қылыш үстінде серт жүрмейді деуші еді, антыңды қайтып ал», – дегені еді. Өзі рұқсат берген соң, шынымды айтып отырмын, – деп, Жаман сөзін аяқтады.

Хан Жаманның сөзінің шындығына көзі жетіп, ел жинап, отыз күн ойын, қырық күн тойын қылып, қызды Жаманға алып береді. Жаман тапқырлығымен ханға жағып екеуі дос болыпты.

Бір күні қырық уәзір кеңесіп отырып: «Бұл Жаман біздің жаман кісі іздегенде, ат артына мінгестіріп алып келген жаманымыз еді. Бұл күндерде хан оны өзіне жақсы дос қылды; қыз әперді, бізді есепке алмай тастады. Қой, бүйтіп болмас! Біз бұл екеуін араздастырайық. Жаманның әйелін мақтайық, үйіне қонаққа апарып көрсетелік. Сөйтіп, екеуінің арасына от жағалық», – деседі. Уәделері бойынша Жаманның әйелін ханға мақтайды.

– Тақсыр, шынында, ол әйел сізге лайық әйел! – деп, ханды азғырады.

Хан Жаманның үйіне барып, өз көзімен әйелді, оның тәрбиесін көрген соң: «Шынында, маған лайық әйел екен», – деп ойлап, үйге қайтып келіп, қырық уәзірмен кеңеседі.

– Ойда жоқта ойға салған сендер едіңдер. Енді әйелді алуға маған қандай айла тауып бересіндер? – дейді.

Уәзірлер кеңесіп:

– Жақсы, тақсыр! Жаманды шақыр! Біз оны Барса-келмеске жұмсайық. Сонда ол өлер, ол өлген соң жесір әйелді сіз алмай, кім алар дейсіз! – дейді.

Жаманды шақыруға хан бір жігіт жібереді. Жіберген жігіті барып, үйден сығалап қараса, төрде төсек үстінде Жаман жатыр. Әйелі төрдегі шар айнаға қарап, өз көркіне өзі таңғалып, Жаманға сөйлейді:

– Мен осы тәңірінің ісіне таңмын. Әркімді өзінің қатарына қосса еді. Арасы жер мен көктей адамдарды біріне-бірін қосып қойған тәңірінің құдіреті күшті-ау деймін. Өзіме қарасам, он төртінде туған ай сияқтымын, саған қарасам, суы біткен көлдей, қара майы біткен шелектейсің.

Жаман басын көтеріп алып:

– Жоқ, олай емес! Атамыз адам бейіштен қуылып, шығып бара жатқанда, тәңірі: «Е, Адам, бейіш сенің үшін жаратылып еді, шайтанның азғыруымен шығып барасың, енді бейіштен қалағанынды алып кет», – деген еді. Сонда Адам: «Тәңірі! Сенің қандай затыңның қадірлі екенін қайдан білейін?» – деген соң: «Адамзатқа пайдалы үш затым бар, біреуі – қыдыр, біреуі – бақыт, біреуі – ақыл, осының бірін ал», – деген екен тәңірі. Сонда Адам ақылды алыпты. «Ақыл тұрмаған жерде біз де тұра алмаймыз», – деп, қыдыр да, бақыт та ақылға табынған екен. Сол сияқты сен қазынадағы қызыл алтын едің, мен ақыл едім. Менің қаралығыма, иә қарттығыма қызығып тиген жоқсың, ақылыма тидің, – деп, қарқ-қарқ күледі.

Әйелі Жаманның сөзіне күліп, артына қарағанда, пердесі ашулы екен, есіктен кіріп келе жатқан жігіт, оның жүзін көріп, есінен танып құлап қалыпты. Сол жерде бетіне су бүркіп, жігітті тұрғызып алып, жұмысын сұрайды. Жігіт келген жұмысын айтып келген соң, хан:

– Сен кеткелі көп уақыт болды, сен мұнда жүртты иіріп отырғызып кеттің, – дейді.

Жігіт басынан өткен уақиғаны айтқан соң, әуелде әйелге ғашық хан, онан сайын ынтық болады. Жігіт кеткен соң Жаман:

Ханға барайын ба? – деп, әйелімен ақылдасады. Әйелі:

– Бар, сені Барса-келмеске жұмсарын көптен-ақ сезгенмін. Риза бол, бірақ жолға жұлқынған жүйрік, жылжыған жорға мінбе, жылқыдағы ең семізді мін. Қырық уәзір сені үш күншілік жерге шығарып салар. Олардың қарасы үзілген соң, сен де қайт. Орман ішіне апарып, атыңды сой да, етін алып кел, соны қорек қылып жата береміз, – дейді.

Жаман ханға келген соң, хан сөз бастайды:

– Мен сені бір ұзақ сапарға жұмсаймын, жұмсағанда, сенің ерлігіңнен үміт етпеймін, ақылыңнан үміт етемін. Барсаң, айтамын, – дейді.

– Жақсы, барайын, – деп, Жаман ризалығын көрсетеді.

– «Барса-келмес» дейтін жерде «інжілі қой» дейтін қой бар, – деп айтады. Бір түгі – алтын, бір түгі – күміс, сойса, терісі бір адамға тон дейді. Соның терісін үстіме кигім келеді. «Інжілі үйрек» деген үйрек бар, қанаты – күміс, басқа жері – алтын дейді. Соны тәж қылып кигім келеді. «Дәудің інжілі қара арғымағы бар, бір шапқанда жүз шақырым шабады» дейді. Соны мінгім келеді. Міне, осы жұмыстарға барасың, – деп, Жаманды хан кілең өтірікке жұмсайды.

Жаман ханның жылқысынан бір семіз атты таңдап мініп, жолға шығады. Қырық уәзір үш күншілік жерге шығарып салып қайтады. Уәзірлердің артынша Жаман да кейін қайтып, Қаратоғай деген орманға апарып, атын сойып, үйінен көлік әкеліп, етті тасып, тұздап алады. Төсегінің астынан адам бойы жер қазып, күндіз сонда, түнде әйелінің қасында жата береді. Ай өтеді, жыл өтеді. Бір күні Жаманның үйіне, жеңгесіне көңіл айтуға хан келеді. Қонақ асы жеп болған соң, хан сөз бастап:

– Адамның, шөптің, құстың жаманын әкел дегенде, уәзірлерімнің алып келген Жаманы еді. Жаман болса да, ақылына риза болып, тағымды да беріп едім. Ақылының арқасында, сені де алып еді. Сол ақылынан үміт етіп, бір жұмысқа жұмсай қойып едім, келер уақыты өтіп кетті. Құдайдың әмірі болды ма, деймін... Сені қор қылып, жалғыз тастамаспын, «Аға өлсе, жеңге – мұра» деген, қолыма алып бағармын, – деп үгіт айтады.

Әйел отырып:

– Е, құдайдың әмірі болса не шара? Ол келгенше сенің қолында бір қадірлі тас бар еді, соның тілімен сен оны жарып едің, жарылған соң ол тас пайдаға аспады ғой. Сол секілді әр заттың пайдалы уақыты бар еді. Кешегі қыз күнімде болса, бірсәрі, енді мен сол жарылған тас сияқтымын. Саған қызмет етіп жаға алмаспын, әуре болма, – дейді.

Хан әйелден жеңіліп, үйіне қайтады. Хан шығып кеткен соң, қатын байын шақырып алып:

– Бар, енді ханның жауабын өзің бер, – деп қоя береді.

Хан да барып тағына отырады, Жаман да сәлем беріп кіріп барады. Хан сасып қалып:

– Уа, қашан келіп қалдың? Ал енді әңгімеңді айта бер! – дейді. Жаман тұрып:

– Әңгіме ұзақ емес. Уәзірлер шығарып салған соң, бір аш арыстан соңымнан қалмады. Мен: «Барса келмеске» барып жауды мұқатқанша, мына жауды мұқатайын!» – деп, қылышымды суырып алып, қуып кеттім. Өз аулыма апарып, қамап едім, онан шығып кетті. Осы сіздің ордаға кірді ме деп отырмын, – дейді.

Хан не дерін білмейді, бір қызарады, бір бозарады, жерге кіріп кеткендей болады, ақырында:

Мен айыптымын, менде бір қате болды, шайтанның азғырғанына ердім, оған себеп мына уәзірлер. Бұлар енді иә саған, иә маған енді бір қатер қылар, енді сен іргенді көтер, бөтен елге көш, – дейді.

Жаман риза болып, көшетін болады. Хан бірнеше түйеге жасау, асыл зат арттырып, Жаманды Ақша ханның еліне көшіріп салады. Жаман Ақша ханның елінде бір қадірлі адам болып түра береді. Күндердің күнінде хан Жаманның сөзі көкейінен кетпей, шалқасынан шаңыраққа қарап, ойланып жатыр еді, қырық уәзір кіріп келеді. Хан басын көтеріп алып:

– Жау шапты, ел бүлінді, апат соқты. Осыны ойлап табындар! Болмаса, жазалаймын, – дейді.

Уәзірлер ақылдасып, өздері таба алмайтын болған соң, Жаманды іздеп барып, оған ханның айтқанын айтады. Жаман қырық уәзірді құрмет етіп болған соң:

– Жақсы, мен жауабын берейін. Хан мені ойлап, қапаланып жатқан шығар, қай-қайдағы есіне түскен шығар, сендерге де өкпесі болса керек. Сөйтіп жатқанда, ханның ордасының күлдіреуішінің бір басы шыққан болар. «Жаман болса, осыған бір нәрсе айтар еді, сынайын», – деп, сендерге айтқан ғой. Барып күлдіреуішінің басын салып берсеңдер, ханның қызметі тамам болады, – деп кеңес береді. Уәзірлер ханға келіп:

– Тақсыр! Мына бір күлдіреуішіңіздің бас жағы шығып кеткен екен, соны салып берейік, – деп, рұқсат сұрайды.

Хан рұқсат берген соң, күлдіреуішінің басын салып береді. Хан күліп:

– Мұны кім үйретті сендерге? – деп сұрайды. Уәзірлер шынын айтады, хан уәзірлеріне:

– Ол Жаман болса да, қысылғанда айла табатын ақылды, данышпан еді. Әркімнің пайдасына жарайтын еді. Сендер күндеп, ақырында екеумізді айырдыңдар. Егерде ол сендерге ақыл таппаса, сендер өлетін едіңдер. «Біреуге ор қазба, өзің түсерсің» деген мақал бар, – дейді.

Қырық уәзір ханға жағамыз деп, ханның көңілін аулап, күнде ойын-той жасап жатса да, ханның көңілі көншімейді. Жаманды сағынады. Бәрі де Жамандай бола алмайды. Бір күні хан ерігіп, уәзірлерімен аңға шығады. Аң іздеп келе жатып, таудың етегінде қой жайып жүрген бір шалға ұшырап, сәлем беріп:

– Уа, ата, мына таудың басын қырау шалғалы неше жыл болды? – деп сұрайды.

– Бір жиырма жыл болған шығар, –дейді шал.

– Бұл таудың етегін қырау шалғалы неше жыл болды?

– Он бес жыл болды.

– Бұл таудың басынан бұлақ аққалы неше жыл болды?

– Оған да бір он жыл болған шығар. Хан ойланып тұрып, тағы да:

– Ата, өзіңіз нешеусіз? – дейді.

– Ой, шырагым-ай, жатқанда екеумін, тұрғанда төртеумін.

– Баба, менің қырық асыранды қазым бар, соны білдірмей жүнін жұлып, күйдірмей пісіріп, қан шығармай сойып беретін кісі бар ма? – деп сұрайды хан.

Сонда шал:

– Адамына тап болсаң, айтқаныңнан да артық етер, – дейді. Хан шалдың сөзіне қанағат етіп, атының басын бұрып, үйіне қайтады. Хан үйіне келген соң, уәзірлеріне:

– Мен не дедім, шал не деді? Соны айырыңдар, оны айыруға бір ай уақыт берем. Айыра алмасаңдар, қырқың да өлесіңдер, – дейді.

Уәзірлер сасып, өздері таба алмайтын болған соң, бәрі де баяғы Жаманға барып, ханның айтқанын айтады. Сонда Жаман:

– Бұл оңай жұмыс емес. Бастарың өлімге байланған екен. Жақсы, енді болмас, тағы да бір амал табайын. Сендер бір ат қалдырып, басқа аттарыңды сойыңдар, киімдеріңді өртеп, сонымен бір аттың етін пісіріңдер, мен мына қалған атқа мініп сендерді ханға жалаңаш айдап барам. Егерде сендер, арланып, қастық етпейтін болсаңдар, мен сендерді хан алдында құтқарып алам, – дейді.

Уәзірлер бір ауыздан:

– Ойбай, тақсыр, арланбаймыз! Жанымыз қалса болады, ханымыз бізге мықтап өкпелеп жүр, – деп, риза болып, сол жерде отыз тоғыз атты сойып, бір атты қалдырып, сойған аттардың біреуінің етін өздерінің киімін жағып пісіріп, етін жеп алады. Етті жеп болған соң, соймай қалдырған ала шолақ атқа Жаман мінеді, қолына құрық алып, жалаң аяқ, жалаң бас уәзірлерді ханға айдап жөнеледі.

Жаман келе жатыр дегенді естіп, хан кырық жігіт ертіп, жібек кілем, жібек шатыр алып, түстік жерден алдынан шығып, Жаманды жер бастырмай құрметтеп, жібек кілемге түсіріп алады. Хан уәзірлерді ұмытып кетеді. Отыз күн ойын, қырық күн тойын жасап жата береді. Бір күні уәзірлердің арасында: «Бұл хан өз қызығы өзінде жата берді. Түнеугі сөзін үмытып кетті білем», – деген күңкіл шығады. Жаман оны естіп, уәзірлерді шақыртып алып, жиылған халық алдында:

– Ол шал жұрттан асқан дана еді. Хан оның даналығын сезіп, «Қырық уәзірімді жөнге салып, ақыл айтпас па екен?» – деп, сәлем беріп, тілдесіп еді. Ханның: «Бұл таудың басын қырау шалғалы неше жыл болды?» дегені: «Сенің шашыңа ақ кіргелі неше жыл болды?» дегені еді. Шал: «Шашыма ақ кіргелі жиырма жыл болды», – деді. Ханның: «Бұл таудың етегін қырау шалғалы неше жыл болды?» дегені: «Сақалыңа ақ кіргелі неше жыл болды?» дегені еді. Шал: «Оған да он бес жыл дегені: «Көзіңнен жас аққалы неше жыл болды?», – дегені еді. Шал: «Оған да бір он жыл болды», – деді. Ханның: «Ата, өзің нешеусің?» дегені: «Үйінде неше жаның бар?» дегені еді. Шалдың: «Жатқанда екеуміз, тұрғанда төртеуміз» дегені: «Менің бұрынғы әйелім өліп қалған еді, қазіргі әйелімнің байы өлген; түнде жатқанда екеу болғанмен, күндіз қойда жүргенде мен өлген әйелімді сағынам, қазір әйелім үйде отыр, өзінің өлген ерін ойлайды», – дегені еді. «Жатқанда екеу, тұрғанда төртеуміз» дегені – сол еді. Ханның «Қырық асыранды қазым бар, соны қан шығармай сойып, білдірмей жұлып, күйдірмей пісіріп беретін кісі бар ма?» дегені: «Менің ақылсыз қырық уәзірім бар, соларды ұрмай-соқпай жөнге салып беретін кісі бар ма?» дегені еді. Шалдың: «Адамына тап болсаң, айтқаныңнан асырар» дегені, оның шешуін маған жолдағаны еді. Сендер мені іздеп барған соң, үстеріндегі киімдеріңді алып отқа жаққаным, білдірмей жұлғаным, күйдірмей пісіргенім; сендерді алдыма салып, жалаңаш жаяу айдап ханға әкелгенім, қан шығармай сойғаным еді. Ал енді осымен ханның жұмысы біткен шығар? – деп, Жаман сөзін аяқтады. Хан:

– Уәзірлерімнің күнәсін кешірдім. Неше рет екеуміздің арамызға от салып, қоныс аударып, көшіп кетуіңе себеп болып еді. Сонысына ызаланып: «Өздері әбден жеңілсін, кінәларын мойнына алсын» деп едім. Менің тілегім орындалды. Ал, халық, мен де біраз хан болып, қызық көрдім. Ендігі хандығымды мына досыма берем. Сіз де, енді тартынбаңыз, таққа сіз мінуге уақыт жетті, қалған өмірде сізге қызмет етіп, сіздің хан болған қызығыңызды көрейін, – деп, Жаманды қолтықтап әкеліп, хан тағына отырғызды.

Елі отыз күн ойын, қырық күн тойын қылып, Жаманды ақ киізге салып, хан көтерді. Жаман ақша ханның еліндегі үйін көшіріп алады. «Жаман таққа мінген соң, ешбір соғыссыз, бес хандықтың қонысын біріктіріп, ел арасында достық орнатыпты», – дейді. Әр ханның адамдары өз елінен әділдік таппаса, бұған келіп, қосыла беріпті. Сол уақыттан бастап әділдігі үшін бес ханның елі Жаманға: «Аяз би деп ат қойып, сол аты өле-өлгенше қалды», – дейді. Аяз би әділ болды. Тұра билік етті. Нашарларға қарасты.

Баяғы өзінің жыртық тоны мен жаман тымағын ордасының мандайшасына шегелеп қойды. Кейде хандықпен көңілі ауытқып, тура жолдан таяйын десе, шегелеулі тоны мен тымағына қарап: «Ай, Аяз, баймын деп аспа, ханмын деп таспа! Аяз әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл!» – деп, көңілін басушы еді дейді




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет