«Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет10/13
Дата10.11.2019
өлшемі364,26 Kb.
#51493
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
хал ау ад прак 2018

Қобыланды Батыр жыры—қазақ халқының қаһармандық жыры. Негізгі мазмұны—шет ел басқыншыларынан елді қорғау, осы жолда асқан ерлік көрсеткен ер азаматтардың батырлық істерін көрсету. Көркемдік биік қасиеттері жағынан дүниежүзі халықтарының белгілі батырлық эпостарының қатарында тұрған шығарма. «Қобыланды батыр»жырының ең көне түрі бізге жетпеген,өйткені жырды жырлаған ақын,жырау-жыршылар өзі өмір сүрген дәуір тұрғысынан толықтырып,өңдеп отырған. Сондықтан «Қобыланды батыр» жыры көп вариантты жыр болып саналады. «Қобыланды батыр» жырын жинау тек 19 ғасырда ғана қолға алынды. Жырдың бізге 29 түпнұсқасы жеткен.Осы 29 нұсқасының 26-сы Қобыланды батырдың ерлігі жайында,ал 3 нұсқасы Қобыландының балалары Бөкенбай мен Киікбай батырлар туралы жазылған.«Қобыланды батыр» жырының заңды жалғасы болып есептелетін Қарлыға қыздың достығы,махаббаты,ерлік істері жайында тағы бір жыр бар. Бұл нұсқалардың көбісі кейінгі кезде жинақталған. Осы нұсқалардың барлығы да оларды алғаш хатқа түсіріп,оны жырлаған ақын-жыраулардың аттарымен аталған.Бұл нұсқалардың көпшілігі бұрыннан белгілі,халық арасына кең тараған,ғалымдар азды-көпті зерттеген жырлар.Кейінгі кезге дейін белгісіз болған-Дәулетше нұсқасы. Жыр Марабай нұсқасына ұқсас. Бұл жырдың 1884 жылы араб әрпімен жазылған түпнұсқасы Қазан мемлекеттік университетінің кітапханасында сақтаулы.1860 жылы қазақтың белгілі ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің Марабай жыраудан халықтың көптеген ауыз әдебиеті үлгілерімен қатар «Қобыланды батыр» жырын жазып алған.Оның ең көркем,ең қызық бір тарауын Қобыландының Тайбурылмен Қазан ханға қарсы шауып бара жатқан сәтін 1879 жылы басылып шыққан „Қырғыз хрестоматиясына“ енгізді. 1870–1890 жылдарының аралығында «Қобыланды батыр» жырының кейбір үзінділерін В.В. Радлов пен Г.Н. Потанин жариялаған. Осы жырды 1932 жылы С.Сейфуллин, 1939 жылы С.Мұқанов„Батырлар жыры“,„Батырлар“ деген жинақтарғаенгізген. С.Сейфуллин,М.Әуезов,С.Мұқанов,Ә.Марғұлан,М.Ғабдуллин,О.Нұмағанбетова. т,б. ғалымдардың зерттеу еңбектерінде «Қобыланды батыр» жырының мазмұндық,көркемдік қасиеті жан–жақты қарастырылған. Жеті буынды өлшеммен жырланған эпостың тілі айырықша көркем, эпитет, теңеу, салыстыру, әсерлеу молынан кездеседі. Қазіргі кезде бұл жырдың нұсқалары Мәскеу, Алматы, Орынбор, Қазан, Ташкент, Нөкіс қалаларының мұрағаттарында ,Орталық ғылым кітапхана қоры мен Әдебиет және өнер институтының қолжазба және мәтінтану бөлімінде сақтаулы.


3.«Қамбар батыр» жырының көркемдік ерекшелігі, образдар жүйесі

«Қамбар батыр» жыры өзге эпикалық туындылар тәрізді батыр тұлғасын, оның ел үшін еткен еңбегі мен ерлігін дәуір рухына сай көркемдеп жеткізуді мақсат еткені анық. Жырдың 12 варианты бар. Осыған орай кейбір нұсқаларда біршама ауытқушылықтар кездеседі. Алайда барлығына ортақ нәрсе - өз бойына көне сюжеттерді сақтай отырып, ел қауіпсіздігі маңызды болған тарихи кезеңді жырлау болғаны ақиқат. «Қамбар батыр» жыры батырдың есейіп, ел қамқоры болған тұсынан басталады. Күмістен тағып қарғысын, соңына ертіп тазысын, аңшылықпен айналысып жүрген Қамбардың белсенді қимыл-әрекеті кереметтей тартымды. Күш-қуаты кемеліне келген нағыз жігіттік шағынан басталған оқиға сол рухта аяқталады. Өз ауылы, Әзімбай ауылы және жау елі (қалмақ) - жырдағы кеңістік осылар. Батырдың ерекше болмысы екі жағдайда көрінеді. Біріншісі, көне эпос салтына тән жолбарыспен алысқандағы ерлігі болса, екіншісі - ел шетіне жау келгенде қорған бола білген қаһармандық іс-әрекеті. Сондай-ақ әлеуметтік жігі айқындала бастаған екі түрлі өмір сипатталады. Қамбармен алғашқы ерлігіне дейін тұтас бір рудың қамын күйттеп, аш-арығын тойдырып, жетпегенін жеткізу жолында жүрген қарапайым аңшы-мерген бейнесінде танысамыз. 







Түске дейін ілгені
Төбедей болып қалады. 
Көтеріп тастай береді, 
Жарлының шығып көңілінен, 

Қызыққа мейірі қанады, - деген жолдар оның аңшылық қасиет пен осы кәсіпке ерекше мән беретіндігінің дәлелі болса керек. Тіптен аң-құс атаулы мергеннің атының сыбдырын ес­тігеннен-ақ қашып жасырынады екен. Жыр бол­мысын ерекшелендіретін елеулі оқиға - Қам­бардың жолбарыспен жалғыз айқасып жеңуі. 

Қамбар да қайтпай ұмтылып, 
Бар қайратын шақырды. 
Құйрығынан көтеріп, 
Айналдырып басынан, 
Лақтырып кеп жіберді
Қырық қадам жерден асырып, 
Мықтылығын ел көрді. 

Жырдың айтарлықтай тағы бір ерекше­лігі - Назымның күйеу таңдап жар салған сынағына Қамбар қатыспайды. Бұл жағдайды жыршы әртүрлі себептермен түсіндіреді. «Бір жаман келіп малы көп, Алып кетсе айырып, Қайғыменен басылар, Ат басындай жүрегім», - деп сұлудан тартынуына кедейлігін сылтау етеді. Осыған қоса «Кедей демесең, одан артық адам жоқ» дейтін хабаршының сөзі бар. Демек, сол жерде Қамбардың бар кемшілігі - кедейлігі екені айқын айтылады. Қыздың құрған өрмегіне де мән бермей, кідірмей өте шығады. 
Қамбар бейнесінде жеке отбасын құрудан гөрі руының, тобының қамын жеу басым. Назым тарапынан өзіне деген көңілді сезгенімен оған құлай кетпейді. Қайта бойын аулақ ұстаудың түрлі жолдарын табады. Батырдың ойы былайша беріледі: 

Осыған көңілім бөлініп, 
Ұмытып кетсем жұртымды, 
Құдайдың мені ұрғаны. 

Назыммен сөйлесіп тұрғанын көріп қалып, дау-жанжал шығарған қыздың алты ағасының ғайбат сөздерінен Қамбарды кемсіту байқалады. 
Назымға қалмақтың ханы сөз салғанымен, жүрегін жаулай алмайды. Қалың нөкеріне сенген жат жұрттың билеушісі қызды зорлықпен алмақшы болған әрекеттеріне байланысты ел ішінде түрлі жағдайлар орын алады. 
Ноғайлы билері Қамбарға тарту-та­рал­ғыларымен келіп, сырт жаудың басым­дылығынан қорғау жөнінде ұсыныс айтады. Сол кезде Қамбар тоғыз күннен кейін баруға уәде етеді. Өйткені өзіне қараған тоқсан үйлі тобырының қамын жасап, яғни аң-құс атып, азық-түлікпен қамтамасыз етіп кетуді ойлайды. Қамбар Әзімбайдың сәлеміне «Әуелі, Алла, екінші жұрт үшін белді буайын. Әзімбайдың ақымақ алты ұлына өкпелеп, Жаманның ісін қылмайын» деуі батырдың табиғатының зеректігін айғақтайды. Қамбар мен Назымның алты ағасының арасында болған реніштер елдің тәуелсіздігі ұғымының жанында жай кикілжің есепті болып қалыс қалады. 
Қалмақ ханының Назым қызды тартып аламын деп келген тұсынан бастап оқиға күрделіленеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет