Студенттің орындайтын тапсырмалары:
Еңбек кәсібіне байланысты өлең жырлар.
Олардың жанрлық түрлері
Тұрмыс-салт жырларының ұжымдық және синкреттілік сипаты
Наным – сенімдерге байланысты өлеңдер
Сөздің магиялық қасиеті туралы ұғым.
Арбау, жалбарыну өлеңдері
Жарапазан
Наным-сенімдерге байланысты өлеңдердің композициясы мен стильдік өрнегі.
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер:
Садырбаев С. Фольклор және эстетика. – А., 1976
Бабалар сөзі 100 томдығы. – А., 2014
Сейфуллин С. Қазақ әдебиеті. Шығармалар. 6-т – А., 1964
Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – А., 1974
Садырбаев С. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Хрестоматия. - А.,1977
Қосымша әдебиеттер:
Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-т, 1,2-кітаптар. – А., 1960,1964
Қазақ фольклористикасының тарихы. – А., 2009
Қазақ фольклорының тарихылығы. – А., 1993
Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. – А., 1985
Тұрсынов Е. Д. Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері.
9.тақырып: Еңбек-кәсіппен байланысты туған өлең жырлар
Жоспар:
1. Төрт түлік жырлары
2. Көшпелі шаруашылықтың бейнеленуі
3. Төрт түлік мал жайындағы ескі –наным сенімдер
Сабақтың мазмұны
1.Қай халықты алсақ та оның өзіне тән тұрмыс - тіршілігі күн - көрісі, әдет - ғұрпы салты болатындығын білеміз. Қоғамдық өмірдің экономикалық жағдайлардың ішкі дамуына байланысты халықтың тұрмыс - тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, сана-сезімі дүниеге көзқарасы т. б. өзгеріп отырады. Бір заманда туып бертін келе көп уақыт бойына қалыптасқан белгілі жүйеге түскен дағдыға айналған әдет-ғұрып, салт-сана, алғашқы мазмұнын біртіндеп жоғалта да бастайды, бұлардың орнына қоғамдық таптық тілек жағдайларына сәйкес жаңа мазмұн, түр туады. Ауыз әдебиетінде халықтың тұрмыс – салтына байланысты туған шығармалардың бірнеше түрлері бар. Соның ішінде бастылары мыналар :
1.Төрт түлік мал, еңбек кәсіп жайында.
2.Үйлену салтына байланысты.
3.Діни ұғымға байланысты.
4.Көңіл күйін білдіретін шығармалар.
2. Қазақ халқы негізінде көшпелі жағдайда болып мал шаруашылығын кәсіп етті. Халықтың күн көрісі, тұрмыс - тіршілігі төрт түлік малға байланысты еді. Жесе - азық, кисе - киім, мінсе - көлік, көшпелі жағдайда өмір сүрген қазақ халқы үшін төрт түлік мал, тіршілік тірегі болды. Ауыз әдебиетінде төрт түлік мал жайындағы шығармалардың кейбір үлгілері өте ерте заманда туа бастаған. Ш.Уәлиханов «Шамандықтың қазақтардағы қалдығы» деген еңбегінде Мұхтар Әуезовтің «Қазақ ертектері» туралы жазған зерттеуінде төрт түлік мал жайындағы шығармалардың алғашқы үлгілері осындай сенім- нанымдарға байланысты туған. Мұнда әрбір түліктің жаратушы құдайы бар деп білген. Мәселен қазақта «Қазғұрт» жайы деген әңгіме бар. Бұл жырда халық төрт түлік малдың қалай пайда болғанын ескі діни ұғымдарға байланыстыра былай баяндаған. Баяғы бір заманда дүние жүзін топан су басып кетеді, тек қана Қазығұрт тауы аман қалады және осы таудың ығында Нұқ әулиенің кемесі тұрады. Топан қаптаған кезде жан-жануарлар осы кемеге тығылады. Мұның ішінде төрт түлік малдың әр қайсынан тұқым болады. Әр бір түліктен бір-бір тұқым қалады да кейіннен ол өрбіп өседі. Бұл түліктерді топаннан сақтап қалған олардың жаратушысы иелері болады. Жылқының иесі – жылқышы ата кейде қамбар ата деп те атайды, қойдың иесі – шопан ата, түйенің иесі – ойсыл қара, сиырдың иесі – заңгі баба, ешкінің атасы – сексек ата деп әр қайсына жекелей ат қойды. Бұл түліктердің иелері болғандығын солардың арқасында топан судан аман қалғанды Қазығұрт тауы дейтін әңгімені жұрт былай деп айтады.
Қазығұрттың басында кеме қалған,
Ол әулие болмаса неге қалған?
Жетім бота үстінде жатып қалып,
Ойсыл қара жануар содан қалған.
Халықтың төрт түлік мал жайындағы оның қалай өрбіп - өскендігі жайлы алғашқы көзқарасы, ұғым түсінігі осылай болып келген, төрт түліктің өз алдына иелері болуына әрқайсысына жекелей ат қоюына қарағанда біз мысалға алған өлең бертінде шыққан емес. Ол сонау ерте заманда яғни көп құдайға табынған шамандық дәуірде туған деуге болады.
Студенттің орындайтын тапсырмалары
1. Аңшылық жырлары
2. Ежелгі дәуірдегі аңшылық кәсіп пен бергі замандардағы қазақтың аңшылық және саятшылық дәстүрі.
10.тақырып: Аңшылық, маусымдық салт жырлары
Жоспар:
1.Ежелгі дәуірдегі аңшылық кәсіп
2.Бергі замандағы қазақтың аңшылық, саятшылық дәстүрі
3.Маусымдық салт жырлары. Наурыз, тасаттық туралы өлеңдер
Сабақтың мазмұны
Аңшылық өлеңдер — еңбек пен кәсіпке байланысты туған тұрмыс салт жырының бір түрі. Қазақ халқы ерте кезде төрт түлік мал өсірумен қатар аң аулауды кәсіп еткен. Ол үшін қажетті құрал-сайман ұстап, жүйрік ат, құмай тазы, қыран құс баптаған. Сөйтіп, аңшылық күн көріс кәсібіне айналған. Бертін келе саятшылық құру, құс салу ойын-сауықтың, бой жазудың, қызық көрудің бір түріне айналған. Халық аңшы мергендерді құрметтеп, оларды өлең-жырға қосқан, ертегі, аңыз-әңгімелер шығарған. Аңшылық өлеңнің ең көне нұсқасы Орхон-Енисей (5-8 ғ.) жазба ескерткіштерінде, Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғат-ат-түрік» сөздігінде (11ғ.) кездеседі. Аңшылық өлеңінде аңшылармен қатар аңшылық құрал дар, тазы, ат, құс сипатталып, олардың тигізетін пайдасы, атқаратын қызметі жырланады. Аңшылық қазақ ауыз әдебиетіне күрделі тақырып болып енді. Батырлардың бейнесін жасағанда «арыстандай айбатты», «жолбарыстай қайратты», «қырандай алғыр», сұлу қыздарды суреттегенде «аққу мойын», «құралайкөз», «сұңқардай сыланған» деп, әдемі эпитет, метафоралар қолданады. Бұл — қазақ халқының ғасырлар бойы аңшылық, саятшылық өмір тәжірибесінен туған ой-түйіндеулері. Мұндай көркемдеу құралдары кез келген Аңшылық өлеңнен табылады. Мысалы: «Ей, Ардақ, сен ақ қоян секеңдеген, Артында мен ақ тұйғын жетем деген» .
Ақындар айтысында бейнелі салыстыру үшін ақиық бүркіт, қыран құс, тұлпар ат т.б теңеулер жиі қолданылады. Аққудың сұңқылын, әупілдектің әупілін, көкала үйректің гегеуін, қара торғайдың шырылын, ақбоз аттың аяқ алысын, бұлбұлдың сайрауын, жаралы құланның аянышты күйін арқау еткен Аңшылық өлеңдер көп. Бұрынғы аңшылықпен саятшылық аң, құсты қырып-жоюды мақсат етпеген. Айдын көлде балапан ерткен үйрек-қазды, жапан далада құралайы бар киікті, елік пен ақбөкенді атпаған, қонжығын ерткен кірекейге тимеген. Адамгершіліктің серті етіп ұстаған мергендер аңды тығылып тұрып қапияда атуды, сол сияқты тұқым көбейту маусымында зиян жасауды қатігездік, тағылық санаған. Аңнан құр қайтса да мойымай, аңшылық қызығын жырға қосқан. Аңшылық өлеңдер кеңпейілділікке, салқынқандылыққа, сабырлық пен төзімділікке баулып, тәрбиелеуде адамның рухани серігі болған.
Халық өмiрiнде балалар, әсiресе, маусымдық мерекелерге ерте араласатын болған. Жұрт балаларын ертiп жүрiп, бұл мерекелердiң мәнiн ұқтырып қана қоймаған, оларға өзiнше тапсырмалар да жүктеген, олардың да өзiнше атқаратын қызметi, рөлi болған. Сондай мерекенiң бiрi – Наурыз. Наурыз – Азия халықтарының көпшiлiгiнде мерекеленетiн өте көне жаңа жыл мерекесi. Қазақтар бұл мерекенi 22 наурызда күн мен түн теңелген күнi «Ұлыстың ұлы күнi» деп атап өтедi. Бұл күндi халықтың еңбек мерекесi ретiнде ойын-күлкi, жақсы тiлекпен қарсы алып, сол қуаныштарын жыр жолдарымен бiлдiретiндiгi зерттеу еңбектерiнде айтылып жүр. Балалардың бұл мерекеге белсене ат салысатынын:
Ұлыс күнi кәрi-жас,
Құшақтасып көрiскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өрiскен,
деген өлең мәтінінен аңғарсақ, сондай-ақ:
Амансың ба?
ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барса,
жол болсын,
Төрт түлiк ақты болсын,
Ұлыс береке берсiн,
Бәле-жала жерге енсiн, –деген балалар жаттауына лайық тақпақтар мәтінінен де байқаймыз. Балалардың бұл мерекеге қатысуы жөнiнде төңкеріске дейiн жарияланған көктемгi мереке жөнiндегi баспасөз мәлiметтерiнде де деректер келтiрiледi. Бұл мерекедегi балалардың мiндетi үйден-үйге жүгiрiп хабаршы болу, құттықтау өлеңдер айту болған. Өкiнiшке орай, наурызға қатысты балалар өлеңдерi, ондағы балалардың атқаратын мiндеттерi жөнiнде деректер бiзге жетпедi.
Тiптi, жоғарыда келтiрiлген наурызға қатысты бiр-екi ауыз жыр тек Шәкәрiм Құдайбердiұлының ыждаһаттығының арқасында ғана бүгiнге жетiп отыр. Сондай-ақ бiзге жетпей қалған жанрлық түрлер бұл ғана емес. Балалар фольклорының көптеген жанрлары әлi күнге жете ескерiлмей жүр.
Студенттің орындайтын тапсырмалары:
Әдебиеттер тізімі:
11.тақырып: Наным сенімдерге (діни ұғымдар) байланысты өлеңдер
Жоспар:
1.Сөздің магиялық қасиеті туралы
2.Көп құдайға табынуға қатысты салт-ырымдар
3.Қазақ халқының алғыс-қарғыс, бата беру салтына байланысты өлең-жырлар
Сабақтың мазмұны
Қазақ халқының бүкіл тұрмыс-тіршілігін, қуанышы мен қайғысын сөзге сыйғызған әдеби бай мұраларды Ә.Қоңыратбаевтың зерттеуі заңды құбылыс. Өйткені, ғалым саналы ғұмырында ауыз әдебиеті үлгілерін жинауға, зерттеуге ерекше көңіл бөлген.
Ғалымның фольклористика саласында жазған ғылыми еңбектерінің бір саласы — тұрмыс-салт жырларына арналған. Басқа халықтар сияқты, қазақ халқының да көп заманнан бері келе жатқан тұрмыс-тіршілігі, еңбек-кәсібі, әдет-ғұрпы, салты бар. Бұлардың бәрі адамдардың қоғамдық-әлеуметтік өміріне, экономикалық жағдайларына байланысты туып қалыптасқан және сол негізде дамып отырған. Халқымыз көп ғасыр бойына жасаған тұрмысы, еңбек-кәсібі, әдет-ғұрпы, салты жайында неше түрлі шығармалар шығарған. Бұл шығармалар «тұрмыс-салт жырлары» деп аталады.
Ал, діни-әдет ғұрыптарға байланысты туған жырлар жайлы ғалым: «Қазақ фольклорынан көшпелі тайпалардың ежелгі наным-сенімдері басты орын алады. Оның көріністері — бәдік, жарапазан, алғыс-қарғыс, арбау, бақсылық сарындары», — деп айта келіп, әрі қарай Шоқанның «қазақ арасындағы шаманизм нанымдарының қалдықтары» деген еңбегіне кең көлемде талдау жасайды. Атап айтсақ, зерттеуші шамандық ұғымына, оның негізгі белгілеріне ерекше тоқталады. Сөйтіп, одан әрі бәдік айтысы, жарапазан жырлары жайлы сөз етеді». Бәдік айтысы туралы Ә.Қоңыратбаев: «бәдік жырларында магия, тотемизм, мифологиялық сарындар бар. Оны дуализм дейді. Дуализмнің арғы тегі жақсылық пен жамандық тартысы түрінде келеді. Бәдікті бір ғана адам кеселі емес, мал емдеуге-де қолданған», — деп тұжырымдайды.
Ал, М.Ғабдуллин болса, діни ұғымдарға байланысты туған шығармаларды сөз еткенде, біз оларды ертеде қараңғылық жағдайда болған адамдардың ой-өрісі, дүниетану дәрежесі қандай болғанын және ол қазақ ауыз әдебиетінде қай түрде суреттелгенін білу жайын көздейміз, — дей келе, оған бәдік, арбау, жалбарыну өлеңдері, бақсы сарыны, жарапазанды жатқызады. Ә.Қоңыратбаев жарапазанды: «бір кезеңде діни әдет-ғұрыпқа байланысты айтылған өлеңдер», — деп атап, «жарапазан жырларынан ислам дініне байланысты әдет-ғұрып көбірек орын алған. Бақсылық сарынында «тәңірі» сөзі басым болса, жарапазанда «алла», «құдай», «пайғамбар» дейтін сөздер үстем, — дейді. Сондықтан жарапазанды діни әдет-ғұрыпқа байланысты туған жыр деп қабылдайды.
Осылайша Ә.Қоңыратбаев өз тұжырымын нақты мысалдармен дәлелдейді. Ал, дінмен байланысты өлеңдер деп М.Әуезов бақсы сарынын, жарапазанды атаса, С.Сейфуллин бұларды ескілікті дін салтынан туған дей отырып, олардың қатарына, сондай-ақ шақыру, арбау, байлау, күн жайлату, бұлт пен жауын шақыру, бәдік т.с.с. түрлерін жатқызған. Ал, мұндағы фольклордың шақыру, арбау, бәдік түрлері Х.Досмұхамедұлы еңбегінде (Қазақ халық әдебиеті, 1928) ғана кездеседі. С.Сейфуллин еңбегінде фольклордың алғаш рет күн жайлату, бұлт пен жауын шақыру түрлерінің ажыратылуы, сөз жоқ, фольклортану ғылымының жетістігі болып табылады.
Студенттің орындайтын тапсырмалары
Әдебиеттер тізімі:
12. тақырып: Отбасы салтына байланысты өлең түрлері
Жоспар:
1.Үйленуге байланысты салт жырлары
2.Олардың той өткізу ғұрпымен бірже орындалуы
3.Өлген кісіге байланысты айтылатын өлең-жырлар
Сабақтың мазмұны
Қай халықты алсақ та оның өзіне тән тұрмыс – тіршілігі күн – көрісі, әдет – ғұрпы салты болатындығын білеміз. Қоғамдық өмірдің экономикалық жағдайлардың ішкі дамуына байланысты халықтың тұрмыс – тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, сана-сезімі дүниеге көз қарасы т. б. өзгеріп отырады. Бір заманда туып бертін келе көп уақыт бойына қалыптасқан белгілі жүйеге түскен дағдыға айналған әдет-ғұрып, салт-сана, алғашқы мазмұнын біртіндеп жоғалта да бастайды, бұлардың орнына қоғамдық таптық тілек жағдайларына сәйкес жаңа мазмұн, түр туады. Ауыз әдебиетінде халықтың тұрмыс – салтына байланысты туған шығармалардың бірнеше түрлері бар. Соның ішінде бастылар мыналар :
1.Төрт түлік мал., еңбек кәсіп жайында.
2.Үйлену салтына байланысты.
3.Діни ұғымға байланысты.
4.Көңіл күйін білдіретін шығармалар.
Қазақ халқы негізінде көшпелі жағдайда болып мал шаруашылығын кәсіп етті. Халықтың күн көрісі, тұрмыс – тіршілігі төрт түлік малға байланысты еді. Жесе – азық, кисе-киім, мінсе-көлік, көшпелі жағдайда өмір сүрген қазақ халқы үшін төрт түлік мал, тіршілік тірегі болды. Ауыз әдебиетінде төрт түлік мал жайындағы шығармалардың кейбір үлгілері өте ерте заманда туа бастаған. Ш. Уәлиханов «Шамандықтың қазақтардағы қалдығы» деген еңбегінде. Мұхтар Әуезовтің «Қазақ ертектері» туралы жазған зерттеуінде төрт түлік мал жайындағы шығармалардың алғашқы үлгілері осындай сенім нанымдарға байланысты туған. Мұнда әрбір түліктің жаратушы құдайы бар деп білген. Мәселен қазақта «Қазғұрт» жайы деген әңгіме бар. Бұл жырда халық төрт түлік малдың қалай пайда болғанын ескі діни ұғымдарға байланыстыра былай баяндаған. Баяғы бір заманда дүние жүзін топан су басып кетеді, тек қана Қазығұрт тауы аман қалады және осы таудың ығында Нұқ әулиенің кемесі тұрады. Топан қаптаған кезде жан-жануарлар осы кемеге тығылады. Мұның ішінде төрт түлік малдың әр қайсынан тұқым болады. Әр бір түліктен бір-бір тұқым қалады да кейіннен ол өрбіп өседі. Бұл түліктерді топаннан сақтап қалған олардың жаратушысы иелері болады. Жылқының иесі – жылқышы ата кейде қамбар ата деп те атайды, қойдың иесі – шопан ата, түйенің иесі – ойсыл қара, сиырдың иесі – заңгі баба, ешкінің атасы – сексек ата деп. әр қайсына жекелей ат қойды. Бұл түліктердің иелері болғандығын солардың арқасында топан судан аман қалғаныды Қазығұрт тауы дейтін әңгімені жұрт былай деп айтады.
Қазығұрттың басында кеме қалған,
Ол әулие болмаса неге қалған?
Жетім бота үстінде жатып қалып,
Ойсыл қара жануар содан қалған.
Халықтың төрт түлік мал жайындағы оның қалай өрбіп - өскендігі жайлы алғашқы көз қарасы, ұғым түсінігі осылай болып келген, төрт түліктің өз алдана иелері болуына әрқайсысына жекелей ат қоюына қарағанда біз мысалға алған өлең бертінде шыққан емес. Ол сонау ерте заманда яғни көп құдайға табынған шамандық дәуірде туған деуге болады.
Үйлену салтына байланысты туған өлеңдер. Қай халықты алсақ та, оның ертеден келе жатқан әдет-салты, ырым-кәдесі бар. Соның бірі қыз ұзату, келін түсіру, жастарды үйлендіруге байланысты туған. Мұндай салт қазақта да бар және ол әріден келе жатыр. Қазақтың қыз ұзату, келін түсіру, жастарды үйлендіру салтына байланысты туған ауыз әдебиетінің ұсақ түрлерін талдамастан бұрын сол салт туралы аздаған деректер бере кеткен жөн. Қазақтың қыз ұзату, келін түсіру, жастарды үйлендіру салтына байланысты туған және соларды елестететін өлеңдердің бірнеше ұсақ түрлері бар олардың қайсысы болса да әр кездің жағдайына қарай өзгеріп дамып отырған. Той бастар, жар – жар, сыңсу, жұбату, бет ашар.
Діни ұғымға байланысты. Қазақ халқының ертеден келе жатқан діни ұғымдары ескі-наным сенімі болған. Мұндай ұғымдар қазақ арасында өте ертеде Шоқанның айтуынша Шамандық дәуірде көп құдайға сиынған кезде туған. Жаратылыс сыран түсіне алмаған ой - өрісі, дүние – танымы шама шарқы төменгі сатыда тұрған ертедегі адамдар жаратылыста болатын әрбір құбылыстарды ғажайып күш деп ұғынған. Сондықтан сол күштерге мысалы : ай мен күнге, от пен суға табынып, сыйынған. Жаратушы, жарылқаушы деп түсінген, мұнымен бірге М. Горькийдің айтуына қарағанда ертедегі адамдар тұрмыс – тіршілігі, күн-көрісі жолында кездескен қиыншылықтарды жұмыстың ауыртпалығын әр түрлі ырымдар жасап, жеңілдетпек болған. Олар өздері сыйынатын жаратылыстың алуан-құбылыстарына жалбарынып тіл қатқан, тілек тілеген, көмек, жәрдем сұраған. Ертедегі адамдардың әр түрлі жағдайда жасаған әрекеттері олардың ауыз әдебиетінен орын алған. Діни ұғымдарға байланысты туған шығармаларды сөз етенде біз оларды ертеде қараңғылық жағдайда болған адамдардың ой-өрісі, дүние-тану дәрежесі қандай екенін ауыз әдебиетінде қалай суреттелгенін көреміз. Бәдік, арбау, жалбарыну өлеңдері, бақсы сарыны, жарапазан.
Діни ұғымға байланысты. Қазақ халқының ертедегі тұрмыс – салтына байланысты шығарған шығармаларының енді бір түрі –адамның көңіл-күйін, қуанышы мен қайғысын, іштей тартан мұң-шерін, ауыр қазаға душар болғандағы күйініш-күйіктерін білдіруге арналған лирикалық өлең-жырлар. Бұл өлең-жырлары арқылы өткендегі адамдар ауыр қаза күйігін серпіп тастауды, оны жеңілдетуді көздеген.
Адамның тұрмыс-тіршілігінде, өмірінде шаттық, қуаныш, ойын-күлкі қандай елеулі болса, қайғы мұң-шер де сондай елеулі орын алған. Бұл екеуін де халық өзінің әдебиетіне қосып бейнелеген. Бірінші шаттық, қуаныш жырын төксе; екіншісінде қайғы – қасірет, күйініш шерін шерткен. Абайды :
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең, -
дейтіні осы жағдайды көргендіктен айтылған.
Адам баласы қайғы-қасірет, мұң-шер, күйініш-күйік т. б тудыратын жайларға әр түрлі жағдайда душар болған. Біреу баласынан, не жан сүйер жарынан, жар күйер жақынынан мезгілсіз айырылса, болмаса ата мекен қонысынан, кіндігін кесіп, кірін жуған жерінен еріксіз ауса, мұның бәрі адам көңіліне ауыр қайғы түсірген. Бұл аталғандар халықтың ауыз әдебиетінен орын алған, әр түрлі өлең-жырлар тудырған. Қоштасу, естірту, көңіл айту, жоқтау.
Студенттің орындайтын тапсырмалары
.Жар-жар өлеңдерінің мәні, ауыз әдебиетіндегі айтыс түрінің шығуына негіз болуы
Сыңсу, жұбату өлеңдерінің тәрбиелік мәні
Жаңа түскен келіншектің тойында айтылатын жыр
Үйлену салтына байланысты өлең түрлері
Үйленуге байланысты салт жырларының қыз ұзату, келін түсурі, той өткізу ғұрпымен орындалу ерекшелігі
Үйлену салтына байланысты жырларды орындаушылар мен айтылу мезгілі
Үйлену салтына байланысты жырлардың мазмұны мен құрылысы
Өлген кісіге байланысты айтылатын өлең-жырлар
Естірту, көңіл айту, жоқтау жырларының салтпен байланыстылығы
Тойбастар жырының негізгі мақсаты, құрылысы
13. тақырып: Лирикалық өлеңдер
Жоспар:
1. Халық лирикасының жанрлық ерекшеліктері
2.Лирикалық өлеңдердің алуан тақырыпты болуы
3.Лирикалық өлеңдердегі қазақ халқының эстетикалық дүниетанымы
Сабақтың мазмұны
Лирика – шындықты адамның ішкі көңіл-күйіне бөлеп, ойы мен сезімін астастыра суреттейтін терең психологиялық шығарма. Ол әдебиеттің Аристотель заманынан бері келе жатқан дәстүрлі үш тегінің бірі. Көбіне өлеңмен жазылады, сюжетке көп бара бермейді. Оқиғадан гөрі отты сезімге, бас-аяғы тұжырымды философиялық ойға жинақталады. Лирика тілсіз түйсіктерге сөз береді, оларды тар кеуденің қыспағынан көркемдік өмірдің таза самалына алып шығады да, ерекше өмірге бастайды. Лириканың бас қаһарманы – ақынның өзі. Мұның эстетикалық қасиеті де, тәрбиелік күші де айрықша үлкен. Себебі, бұл арада өлеңді жазған адам оқыған адамға айналып, ақын мен оқырманның көңіл-күйлері бір-біріне ұштасып, бірігіп, біте қайнасып кетеді.
Әр халықтын лирикалық өлеңдері оның ауыз әдебиетінен басталған. Мәселен, қазақ лирикасының басы тұрмыс-салт өлеңдерінде - той бастар мен жар-жарда, сыңсу мен беташарда немесе мұң-шер өлеңдерінде, қоштасу мен көңіл айтуда, естірту мен жоқтауда жатыр. Онан бергі қазақ поэзиясында Шалкиіз, Махамбет толғауларында лирикалық толғаныстар арқылы бүкіл қазақ халқының аңсаған арман-мұраттары көрсетілген.
Лириканың жанрлық сипатын сөз еткенде, оның белгілі бір нақты түрін бөліп көрсету мүмкін бола бермейді, дегенмен шартты түрде бөлінген түрлері бар екенін де жоққа шығара алмаймыз. Мәселен, мысал, мұң өлеңі (элегия), мадақ өлең (ода), төрттаған (рубай), нәзира т.с.с. бұрыннан бар, дау тудырмайтын лирика түрлері бар. Ал, жоқтау, арнау, айтысты т.с.с. А.Байтұрсыновтың 1926 жылғы «Әдебиет танытқыш» кітабынан бастап ұлттық өлең түрі, ұлттық үлгі деп қарастырып келгеніміз белгілі. Сонымен бірге, ойлану (медиативті), жұмбақ, хат өлең түрлері де кеңінен жайылған. Қ.П. Жүсіп: «Әрине, лириканың жанрлық сипаты, жанр түрі ретінде дамуы сөз етілгенде, оның шартты түрде болсын ішкі бөлінісін: толғау; публицистикалық, немесе шолу өлең; дидактикалық, немесе үгіт өлеңі; арнау, хат өлеңі; сондай-ақ азаматтық лирика, көңіл-күй, табиғат, махаббат лирикасы болып тарамдалу мүмкіндігін т.б. ескеру керек», - деп жазады. Ал ХХ ғасырда жалпы лириканы тақырыптық тұрғыдан жанрларға жіктеу орнықты. Осы орайда С. Мақпыров: «Лирикалық шығармаларды тақырыптық тұрғыдан саралап, жіктеуге болады. Мәселен, қоғамдық-әлеуметтік, саяси мазмұндағы өлеңдерді әдетте азаматтық лирика, өмір-болмыс сырлары жайлы толғанысқа құрылған пәлсапалық лирика, ғашықтық-сүйіспеншілік немесе жеке бастық сезім күйлерін толғайтын өлеңдерді ғашықтық, әйтпесе интимдік лирика, көңіл-күй лирикасы, сондай-ақ, табиғат лирикасы деп талдау-таразылау әдебиеттану ғылымында бұрыннан бар үрдіс», - деп жанр мен тақырыптың үндестігін атап көрсетеді.
ХХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы қазақ лирикасының жанрлық сипаты дегенде, азаматтық, табиғат, махаббат, философиялық лирика деп жіктеп қарастырамыз. ХХ ғасырдың 20-40 жылдары жемісті еңбек еткен қазақ лириктерінің шығармашылықтарына көз салғанда олардың қай-қайсысының да айналып өтпейтін нысанасы бар екенін көруге болады. Ол – табиғат. Табиғат лирикасының алғашқы белгі, нышандарын халық поэзиясынан байқауға болады. Шындығында да, қазақтың халық поэзиясында табиғат суреті, жаратылыс көріністері үлкен орын алатыны белгілі. Бұлай болуы заңды нәрсе еді. Кең далада көшіп жүрген, күнделікті өмірі жылдың төрт мезгілінде де кең сахарада, ашық аспан астында, өзен-судың жағасында өтетін қазақтың өзін әрдайым табиғаттың аясында, бауырында отырғандай сезінуі таңғаларлық құбылыс емес. Жыраулар поэзиясында табиғат салыстыру, егіздеу тәсілі арқылы суреттелді. Табиғатқа, ондағы түрлі құбылыстарға арқа сүйей отырып, әлеуметтік-философиялық ойларға терең бойлаған жыраулар дәстүрі кейінгі жазба поэзияда да жаңа арнамен байыды. ХІХ ғасыр басында өмір сүрген Д. Бабатайұлы, М.Мөңкеұлы тәрізді ақын-жыраулар толғауларында табиғат қосалқы, жанама нысан ретінде негізгі ойға тірек болып, салмақты көркемдік жүк көтерді. Ал Ы.Алтынсариннің табиғат суретін жырлаған екі өлеңі жазба поэзиядағы табиғаттың реалистік қалпын берген алғашқы туындылар болып саналады. Дәл осы кезеңдегі бұл саладағы үлкен жаңалық ұлы Абайдың өлеңдері еді. «Ыбырай мен Абайдың жаз мезгілін бейнелеген өлеңдерінде табиғаттың сұлу суретін жалаң суреттемей, ел тіршілігімен байланыстыра жырлауын және тақырып ауқымынан шықпауын олардың жетістігі деп білеміз. Ал, тереңге үңілсек Ыбырай Алтынсариннің өлеңі жалпылау да, Абай салған картина нақтылы екенін байқаймыз», - дейді М. Әуезов. Абай пейзажды адам баласының өмір сүретін ортасы, әлеуметтік өмірмен, көшпелі тіршілікпен байланыста ғана суреттемей, адамның жан сезімімен ұластыра бейнеледі. Абай дәстүрі кейінгі ақындарға, оның ішінде С.Сейфуллинге бет түзеп, бағыт алар нысан болды.
Қазақ әдебиетінде, Абай шығармашылығында халықтың әлеуметтік тағдырын бейнелеген, адам сезімдерінің нәзік түйсінулерін көрсететін лирикалық шығармалар өте көп. Абай лирикасы кең көлемді мол қазына; биігі бітпес, тереңі таусылмас сырлы мұра. Абай лирикасы сала-сала. Жалпы лирика деген ұғымға қандай қасиеттер тән болса, Абай өлеңдерінде соның бәрі бар. Абайды бірыңғай қайғының, яки қуаныштың ақыны деуге, не мұңшыл, не күлкішіл ақын деуге тіпті де болмайды. Абай лирикасында осының бәрі түгел, тұтас жатыр. Оның сырлы жырларындағы сәл ғана, ең бір жай сезінудің өзі оқырманның жан жүйесін, көңіл-күйін түгел тебіренте толқытып, барлық пернені түгел басып, барлық шекті түгел сөйлеткендей сайрайды. Бұл – ғажайып құбылыс. Сонымен қатар,С.Сейфуллин, Ш.Құдайбердіұлы,М.Жұмабаев, I.Жансүгіров, М.Дулатов, С.Мұқанов, С.Мәуленов, Ә.Тәжібаев, F.Орманов, Ж.Молдағалиев, М.Мақатаев шығармаларында қазақ лирикасының көркемдік ерекшеліктері айқын көрініс тапқан.
Студенттің орындайтын тапсырмалары
Әдебиеттер тізімі:
14. тақырып: Мақалдар мен мәтелдер
Жоспар:
1.Мақал-мәтелдердің жанрлық белгілері, бір-бірінен айырмашылығы
2.Мақал-мәтелдердің тақырыбы, құрылысы
3.Ақын-жыраулардың мақал-мәтелге айналған нақыл сөздері
Сабақтың мазмұны
Халық мақалдарының тақырыбы өте көп солардың ішінде ең күрделі бір саласы адам баласының еңбек ету жайына арналған.
Еңбек адамды мақсат – мұратқа жеткізіп абырой әперетін іс екендігін халық мақалдары арқылы дәлелдеп көрсетеді. Еңбегі бардың өнбегі бар, Еңбек түбі мереке деп халық адал еңбекті ардақтады. Еңбек етпеген адамды жатып ішер жалқауды халық өзінің мақалы арқылы сынап шенейді. Бұған еңбегі аздың өнбегі аз, еріншектің ертеңі таусылмас деген мақалдар келтіруге болады. Еңбек мақалының тақырыбына арналған қай – қайсысы болса да, ақыл өсиет түрінде айтылады. Бейнетсіз рахат жоқ, Әрекет болмай берекет бол. Түлік төлден өседі дей отырып сол түліктерді өсіру үшін қажырлы еңбек керектігін ескертеді. Жатқанға жан жуымас, жалқауға мал жуымас, Ат шаппайды, бап шабады. Мал жисаң қоныс тап, Бақпасаң мал кетеді деп ақыл айтады. Адал еңбекті сүйген халық мал басын өсіру үшін аянбай жұмыс істе, ерінбей еңбек ет, сонда ғана мал құралады дейді. Ал еңбек етпей, ұрлық немесе барымта жолымен мал жинап баюды көздеуші адамды халық қатты сынға алады, шенейді, Ұрыға мал қатаймас, ұрлық түбі –қорлық, деп сипаттайды. Халық мақалараның қоғамдық мәні бар тақырыптарын 1- ші оқу білім, тазалық тәрбие, мінез құлық, әдет ғұрып жайлары бұлар жөнінде халықтың ой, көз қарасы, шығарар қортындысы, айтар ақылы қандай екені байқалады. Жақсы нәрсені үлгі ету жаманнан жиеркеніш тауып бездіру, аталған тақырыптағы басты мәселесі оқу білім, ғылым жайын сөз қылғанда халық мақалыың, адам баласына тигізетін пайдасы көп екендігінен басталады. Қазақ мақалдарына жоғарыда жасалған қысқаша шолу ауыз әдебиетінің бұл түрі мазмұны жағынан болсын тақырыбы жағынан болсын орасан көп дүние екендігін көрсетеді.
Мақалдардың өзіне тән ерекшеліктері. Қазақ мақалдарынын өзіне тән негізгі бірінші ерекшелігі аз сөзбен көп мағына беретінінде аз сөз алтын- көп сөз көмір - дей отырып халық өзінің мақалдарында мазмұнды әңгіменің тобықтай түйінін береді. Ой пікірін көз қарасын әрі терең әрі ашық айтады. Мақалдың сөз саралауы, олпы-солпы болмайды, етек-жеңі жинала келеді. Ішкі құрылысы жағынан алғанда мақалдар екі түрлі біріншісі айтайын деген ойын ашық етіп, бірден турасынан білдіреді. Жауды алған жаралы қалады, Бірлігі жоқтың тірлігі жоқ, т.б.
Екіншісі негізгі ойды астарлап айтады. Ғибрат білдіретін мақалдар. Қазақ мақалдарының біразы осы соңғы түрге енеді. Бұған мысалы: жығылсаң нардан жығыл, Сырын білмеген аттың артынан жүрме деген мақалдарды жатқызуға болады.
Жығылсаң нардан жығыл дегенде, нардан жығылып құлауды айтып тұрған жоқ, нардан үлкенге ұмтыл, мақсатыңа жете алмасаң, ол айып емес деген ойды білдіреді. Сырын білмегеннен аттың сыртынан жүрме дегенде тура маған болумен қатар, астарлап айтылған жанама мағана бар. Ол сырлас болмаған сырын білмеген адаммен бір ден ашша-жай болудың қолайсыз жағдайға душар еткенін аңғартады.
Мәтел. Мақал мен мәтел құрылысы, түрі, сөз саптасы жағынан бір-біріне жақын және ұқсас келеді. Бірақ бұлардың өзара айырмашылығы бар. Басты айырмашылық бұлардың мазмұнында. Мақалды алсақ оның мазмұнында өмірде болған елеулі оқиға , әңгімелер жатады. Мәтел айтайын деген ойын турасынан білдірмей жанама түрінде , әр түрлі салыстыру, теңеу арқылы жеткізеді. Кейбір сөзді тыңдаушы өзі аңғарып түсінер деген оймен әдейі қалдырып кетеді. Бұл мәтелдің өзіне тән ерекешелігі болып табылады.
Студенттің орындайтын тапсырмалары
Екі жақсы қосылса бірін – бірі сыйлайды,
Екі жаман қосылса кең дүниеге сыймайды бұл мақал ма әлде мәтел ме?
«Ағадағы мал - аспандағы мал» мақал ма әлде мәтел ме? Мақал неше бөлімнен тұрады?
Мәтел неше бөлімнен тұрады?
Қазақ жұмбақтарын жинаушы ғалымдар
Қазақ жұмбақтарының зерттелу тарихы
Жұмбақтардың жасалу жолдары мен тәсілдері
Жұмбақтардың тақырыбы, ондағы қазақ тұрмысының көрінісі
Мақал мен мәтел, жұмбақтарды ел аузынан жазып, хатқа түсірушілер
«Мың бір мақал» деген жинақ қай жылы жарық көрді?
Жұмбақтардың айтылу формасы мен көркемдік тәсілдері
Жаратылыс тақырыбына шығарылған жұмбақтар
Төрт түлік мал жайлы жұмбақтар
«Қазақтың мақалдары мен мәтелдері» деген жинақ қай жылы шықты?
«Қазақтың мақалдары мен мәтелдері» деген жинақты құрастырушы кім?
Абай қай қара сөзінде мақал-мәтелдерді сынаған?
Хайуанаттар жайлы жұмбақтар
Еңбек, кәсіп құралдарына аналған жұмбақтар
Өнер-білім, оқу, қазіргі техникаға арналған жұмбақтар
«Ағадағы мал - аспандағы мал» мақал ма әлде мәтел ме?
Белгілі бір мәселеге байланысты тапқыр ой, көркем тілмен айтылған және халық жиі қолданып, сөйлемдік құрамы қалыптасқан жүйелі, үлгілі сөздер қалай аталады?
22.«Ағасы бардың жағасы бар» дегенді өзгертіп қандай мақал жасауға болады?
23 Мақал мен мәтелді жинау, тақырыпқа бөлу.
Әдебиеттер тізімі:
1.Қазақ фольклористикасы. Әбілқасымова Қ, Тамаев А. Алматы 2007
2.Қазақ халық әдебиеті. Алматы, 1986
3.Қазақ халық әдебиеті. Алматы, 2014
4.Қазақ мақал мәтелдері. Алматы, 2001
5.Қазақтың мақал –мәтелдері. Алматы, 2004
6.Қазақ халқының ауыз әдебиеті. М.Ғабдуллин 2000
7.Қазақ әдебиетінің тарихы. Г.Умарова, С.Шарабасов Астана «Фолиант» 2011
8.Қазақ халық әдебиеті. Алматы «Қазақ университеті» 2013
9. Қазақ әдебиеті бастаулары. Н.Келімбетов Алматы «Ана тілі» 1998
15. тақырып: Жұмбақтар
Жоспар:
1.Қазақ жұмбақтарының жиналу, зерттелу тарихы
2.Жұмбақтардың жасалу жолдары мен тәсілдері
3.Жұмбақтардың тақырыбы, ондағы қазақ тұрмысының көрінісі
Сабақтың мазмұны
Қазақ ауыз әдебиетінен орын алған және ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу үстінде келе жатқан жанрдың бірі - жұмбақтар. Ол барлық елдің ауыз әдебиетін е ортақ жанр. Жұмбақ түрін зерттеген ғылымдардың айтуынша, жұмбақ ертедегі адамдардың бүкіл коллективтің , еңбек-кәсіп ету, тұрмыс тіршілігі құру тәжірбиесінен туған. Жұмбақ заттың өзін айтпай оның түр-түсін , сыртқы белгілерін, жұмбақ болып отырған затқа ұқсас жақтарын сипаттайды, ал заттың өз атын жасырып ұстайды. Ойға алған нәрсенең өзін айтпай, оның сырт көріністерін, сыртқы белгілерін қысқаша сипаттауды, солар арқылы жұмбақ етілген затты табуды жұмбақ дейміз. Жұмбақ айту әр халықтың әріден келе жатқан дәстүрінің бірі. М. Әуезов қазақтың ертедегі әдет-ғұрып салтында жұмбақтың ерекше орын алғандығын айта келіп былай деген: Кейде бүкіл бір ертек жұмбақтан туады. Әңгімелі әсем жыр, дастан атаулының талайының жұмбаққа соғып кете тіні болады. Ертеде ердің даналығын, жүйріктігін жұмбақпен сынау машық болған. Бұл тарихи шындыққа негізделген пікір. Қазақтың көптеген ертегілерінде мазмұн болғанда немесе ондағы көп әңгімелердің түйінін шешетін де жұмбақ болғанын білеміз. Бұған “Қарттың ұлына айтқан өсиеті”, “Қарт пен тапқыр жігіт”. Ерте заманда күйеу таңдаған қыздар : жұмбағымды шешкен жігітке ғана тиемін, - деп жұмбақты өнер салыстыру, жігіттің ақыл – ойын сынау ретінде қолданған. Жұмбақ оқушы балалар мен жастарға білім берерлік тәрбиелік мәні бар құралдардың бірі.
Халық жұмбақтарының тақырыбы өте көп. Жаратылыс дүнеиесі, табиғат жайы, еңбік-кәсіп құралдары, хайуанаттар мен өсімдіктер, адам және оның өмірі, өнер – білім, техника т. б жұмбақтардың басты тақырыбы болуы мен қатар мазмұны да болады. Мысалы: білім техника жайында шығарылған жұмбақтар бергі кезде, XIX ғасырдың ішінде туа бастағанын байқаймыз. “Аяғы жоқ жүреді, аузы жоқ сөйлейді” (хат). “Өзі жаңа, өзі тесік” (елгезер). Қазақ жұмбақтарының күрделі бір тақырыбы төрт түлік мал, жалпы хайуанаттар жайына арналады. Мал өсіріп кәсіп еткен өлеңнің сырын жақсы білген халық төрт түліктің өзіне тән мінезі мен қасиетін, адам баласы үшін жасайтын қызметін келтірер пайдасын айтып жұмбағына қосады. Төрт түлікті жұмбақ еткенде, әрбір малдың аты айтылмайды, тек мүшелері айтылады. Мысалы : “Төсек астында төрт бауырсақ” (сиырдың емшегі). “Екі кісі қарауыл қарады, бір кісі шепшек терді” (түйенің өркеші, ерні).
Ауыз әдебиетінің басқа түрлері секілді жұмбақтардың да өзіне тән ерекшеліктері болады. Ең алдымен жұмбақтар тақырыпқа құрылады. Жұмбақтың өзі де, оның шешуі де асқан тапқырлықпен құрылуға тиіс. Ол сонда жұмбақ болады. Жұмбақта фантазиядан да деректілік, нақтылық басым келеді. Жұмбақ көлеміне енетін нәрселерді, алыстаған бұлдырдан емес, адамның көз алдындағы, күн сайын көріп, біліп отырған нәрселерін жұмбақ етеді. Мысалы : жұмбаққа сиырды енгізгенде оның өзін айтумен бірге, мүйізін де, емшегін де, етін де бөлек жұмбақ етеді. Жұмбақтарда көп кездесетін ерекшеліктердің бірі – заты жақын заттарды пар лап, қосарлап айтуында. Ай мен күн, жер мен көк, қыс пен жаз, күн мен түн, қол мен аяқ т. б жұбымен алысып жұмбаққа қосылады. Қазақтың жұмбақтары өзінің құрылысы, сөз айшығы жағынан мақал мен мәтелге ұқсайды және көбінесе өлең түрінде келеді, ұйқасым, ырғақтарды сақтап отырады. Сонымен бірге, жұмбақтарда дыбыс үндестігі, дыбыс қайталанушылық сонымен айтайын деген ойға тыңдаушының көңілін бөлушілік көп кездеседі. “Жаралғанда жабысқан” (адамның не заттың аты), “Өлсең де өлмейді, өлмесең де өлмейді” (адамның есімі) осы сияқты жұмбақтардан көреміз.
Студенттің орындайтын тапсырмалары
Қазақ жұмбақтарын жинаушы ғалымдар
Қазақ жұмбақтарының зерттелу тарихы
Жұмбақтардың жасалу жолдары мен тәсілдері
Жұмбақтардың тақырыбы, ондағы қазақ тұрмысының көрінісі
Жұмбақтардың айтылу формасы мен көркемдік тәсілдері
Жаратылыс тақырыбына шығарылған жұмбақтар
Төрт түлік мал жайлы жұмбақтар
Хайуанаттар жайлы жұмбақтар
Еңбек, кәсіп құралдарына аналған жұмбақтар
Өнер-білім, оқу, қазіргі техникаға арналған жұмбақтар
Әдебиеттер тізімі:
Қазақ фольклористикасы. Әбілқасымова Қ, Тамаев А. Алматы 2007
Қазақ халық әдебиеті. Алматы, 1986
Қазақ халық әдебиеті. Алматы, 2014
Қазақ мақал мәтелдері. Алматы, 2001
Қазақтың мақал –мәтелдері. Алматы, 2004
Қазақ халқының ауыз әдебиеті. М.Ғабдуллин 2000
Қазақ әдебиетінің тарихы. Г.Умарова, С.Шарабасов Астана «Фолиант» 2011
Қазақ халық әдебиеті. Алматы «Қазақ университеті» 2013
16. тақырып: Шешендік сөздер
Жоспар:
1.Шешендік сөздердің қызметі мен қоғамдық мәні, көркемдік сипаты
2.Олардың жиналу, зерттелу тарихы, жанрлық түрлері
3.Қазақтың айтулы шешендері, олардың шешендік сөздері
Сабақтың мазмұны
Осы уақытта дейін сан ғасырлық тарихы бар ұлттық шешендік өнері, яғни би- шешендер мұрасы көркем сөз ретінде бағаланды да, әлеуметтік – қоғамдық мәні, мемлекет тағдырын шешудегі ересен қызметі елеусіз, ескерусіз қалды. Көне Еллада мен Рим елінде Демосфен, Цицерон сынды даңқты шешендердің тағдыры мемлекет тағдырымен төркіндес болғаны аян. Олар мемлекеттің көркеюіне, мәңгілік тұғырына жарқырап көтерілуіне, жақсылыққа, бақытқа, жарқын заманға ұмтылуына зор үлес қосты.
Римдіктер сөз зергерлерін төрт топқа жүйелеген. Олар:
1) шеншендер ; 2) философтар ; 3) ақындар ; 4) тарихшылар.
Риторика немесе шешендік өнер ғылымы “өнердің падишасы” ретінде саналған. Ол поэтиканың, логиканың, стилистиканың және грамматиканың өркендеуіне үлкен әсер етті.
Риторика ғылымы төрт бөліктен түзіледі : а) ойлап табу, ойдан шығару, шығарымпаздық ; ә) әшекейлеу ; б) орналастыру ; в) орындау не айта білу.
Сон дай-ақ қазақтың шешендік өнері ұлттық прозаның дамуында, әсіресе, Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезовтің өмірнамасында айқын көрініс тапты. Сондықтан да шешендік өнер мен прозаның біртұтастығына да айырықша зейін аударылды.
Ең бастысы, қазақ мемлекетінің нығаюына, шарықтап түлеуіне ерекше еңбек еткен әйгілі би-шешендер, көреген көсемдер, көріпкел-абыздар Асан Қайғы мен Жиренше, Төле би мен Қаз дауысты Қазыбек, Алшын Әйтеке би мен Сырым Датұлы, Бөгенбай батырдың ұрпақтары Бапан мен Саққұлақ, Абылай ханның бас биі Қарауыл данай мен Ақтайлақ шешен, Байдалы мен Бөлтірік, Жанқұтты сынды дүлдүл ділмарлардың өнерпаздық келбеті кеңінен әңгімеленеді.
Ұлы ойшыл – ақын Абайдың билік-кесімдері, 1885 жылы Қарамолада жазылған ережесі, таңғажайып тапқырлыққа толы асқан шешендігі туралы да сөз болады.
Бір айта кететін жәйт, қазақтың би-шешендерінің дауысы, түр-тұлғасы, өң-әлпеті, қимыл-қозғалысы, мінез-құлқы турасында жазылған ешқандай жазба деректер жоқтың қасы. Иә, ұлттық шешендік өнер өте биік дәрежеде дамығанмен, оның ғылымы кенжелеп қалғыны шындық. Солай болса да, Шығыстың ұлы ойшылы, отырарлық Әл-Фараби, Шоқан Уәлиханов, Алексей Левшин, Адольф Янушкевич, Васили Васильович Радлов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Әмина Мәметова, Балтабай Адамбаев сынды көптеген шешендік өнердің жұлдыздары бар.
Ерте заманда шешендік өнер Мысыр, Вавилон, Ассирия, Қытай, Үндістан елдерінде өркендеп дамыған. Алайда, осынау өнердің үзілмес тарихы Көне Грекиядан басталады. Өйткені, шешендік өнер қоғамдық қажеттіліктен туды, құлиеленушілік қоғамда әлеуметтік даму өрістеп, демократияның жандануына жойқын қозғаушы күш ретінде тарих сахнасына шықты. Б. з. д. V ғасырдың екінші жартысында грек-парсы соғысынан кейін, Афинада және оның қоғамдық өмірінде мемлекет істерінде, саясат майданында маңызды факторға айналды.
Бұл қасиетті, киелі өнерді ыждаһатпен үйрену әрбір грек азаматының асыл парызы болған. Мінеки, осы уақытта риторика ғылымы шықты. Шешендік өнерге баулитын тәлімгер стаз (ритор) мамандығы пайда болды. Ал оратор – латынша сөйлеу, ғайыпты болжау деген мағынаны білдіреді.
“Риторика” терминдік атауының әуелгі әрі негізгі мағынасы шешендік өнердің теориясы дегенді білдіреді. Сондай-ақ сыртқы сымбаты сұлу, мағынасы кемшін қызыл тіл дегенді сезіндіретіндігі бар. Филология ғылымында риторика мәнерлі сөйлеудің теориясы деп те табылады.
Көне дәуірде шешендік өнердің көркейіп гүлденуінің екі кезеңі болған. Біріншісі, б. з. д. V – IV ғасырлар, Афина елінде сөзі күннің күркірі мен жалт ерткен найзағайындай Периклден бастап даңқты шешен Демосфенге дейінгі уақыт, ал Румде б. з. д. бір інші ғасыр немесе Цицерон заманы.
Ерте заманда адамзаттың рухани болмысының негізгі арналары – риторика мен философия саналған. Әу баста бұл әдебиеттің ми-тамыр жүйесі болып есептелген. Асылы, шешендік өнер және оның теориясы – ұлттық мәдениеттің бөлінбес бөлшегі.
Шешендік өнер мынадай түрлерге жіктеледі:
Саяси тақырыпта сөйлеу.
Салтанатты маслихатта сөйлеу.
Сотта сөйлеу.
Саяси тақырыптағы шешендік, алдымен, тыңдаушыларды сендіруге ұмтылды. Салтанатты жиындағы шешендік тыңдаушылардың көңілінен шығуға әрекет жасайды. Алдыңғысында тегеурінді күш, соңғысында әсемдік тән.
Шынайы шешен салтанатты жиында жақсылық пен жамандықты, сотта әділеттілік пен әділетсіздікті, халық кеңесінде пайдалы мен пайдасыздықты негізге алады.
Ұлттық шешендік өнер ғылымының тарихы, әлбетте, “Шығыстың Аристотелі” атанған отырарлық оқымысты Әбу Насыр Әл-Фарабиден басталады. Ол “Риторика” атты күрделі трактатында ғылыми – теориялық топшылауларын алдымен кәдімгі тәжірибелік іс – мақсаттан, қолдану аясынан туындатады.
Пікір сайысында, тіршілік таласында, дау-дамай үстінде қоғам, адам, жер-су, мемлекет тағдырын, аса мәнді өмірлік мәселелердің түйінін шешуде, келешегін айқындауда риториканың әдісі мен тәсілдерін, шешендік қарым – қабілеттің қыр – сырларын мінсіз меңгеру қажет. Бұл орайда Әбу Насыр әл – Фараби “Риторика” атты еңбегінде шешеннің сөйлеу барысындағы шеберлігіне назар аударады. Нақтылап айтқанда, көз жеткізу, көкейге ұялату, ұғып тыңдау, дәлелді пікір айту, шыншыл көзқарас, тиянақты білім, сөйлеушінің бет жүзі, қимыл-әрекеті сияқты ұғымдарды жіктеп, бажай лап түсіндіреді.
Студенттің орындайтын тапсырмалары
Шешендік сөздердің қызметі мен қоғамдық мәні
Шешендік сөздердің жиналу, зерттелу тарихы
Шешендік сөздердің көркемдік сипаты
Шешендік сөздердің аңыздармен, мақал - мәтелдермен байланысы
Майқы би, Қазыбек би туралы шешендік сөздер мен аңыздардың тұтастығы
Шешендік сөздердің эстетикалық, тәрбиелік маңызы
Шешендік сөздердің жанрлық түрлері
Көне дәуірдегі шешендік өнер түрлері
Көне Еллада мен Рим елінде Демосфен, Цицерон сынды даңқты
шешендердің тағдыры
11.Римдіктердің сөз зергерлерін жүйелеу принципі
12.Риторика ғылымы дегеніміз не?
13. Қазақ мемлекетінің нығаюына, шарықтап түлеуіне ерекше еңбек еткен
әйгілі би-шешендер
14. “ Риторика” терминдік атауының әуелгі әрі, негізгі мағынасы
15. Ұлттық шешендік өнер ғылымының тарихы
Әдебиеттер тізімі:
17. тақырып: Ертегілер
Жоспар:
1.Халық прозасы туралы түсінік және ертегілер
2.Ертегілердің халықтық сипаты, өзіндік ерекшеліктері: жиналуы мен зерттелуі
3.Қазақ ертегілерінің жанрлық түрлері
Сабақтың мазмұны
Ертегілер көбіне қара сөзбен айтылғандықтан, оны халықтың ерте заманда шығарған көркем әңгімесі деп қарайды. Халық әдебиетінің басқа түрлері секілді, ертегілерде адам баласының еңбек кәсіп ету, тұрмыс-тіршілік құру тәжірбиесіне байланысты туған. Жаратылыс құбылыстарының, табиғат сырын жетік білмеген олардың неліктен болатындығын жетік түсінбеген ертедегі адамдар әр нәрсені қиял еткен : өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын ойлаған. Бұл жөнінде ұғым түсініктерін наным сенімдерін әңгімелеп айтатын болған. Сонымен ертегі, әңгімелердің алғашқы үлгілері туған. Ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ертегілерде ауызша шығарылып, ауызша тарағандықтан әртүрлі өзгерістерге ұшырағын, бір ертегі бірнеше ертегінің әңгімесі қосылып арласқан. Бергі заманда туған ертегілер ерте заманда шыққан кейбір ертегілердің алғашқы үлгілерін, олардың оқиғаларын бойына жинай да жүрген.
Ертегіден халықтың әр кездегі тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, ой арманы, дүние танымы мен көзқарасы т. б көрініп отырады. Сондықтан да Белинский мұны “Халық жанының айнасы” деген болатын. Добролюбов пен Горький халық ертегілерін аса жоғары бағалай келіп, ертегілер халықтың өмірін, тұрмыс-күйін, мінез әрекеттерін, білу үшін аса керекті матеріал екендігін айтады, ертегілерді тудырушы да, сақтаушы да халық екендігін дәлелдейді.
Әрине ел арасында айтылып, сақталып келген ертегілердің барлығын халық тудырған және олардың бәрі халық тілегіне сай туған шығармалар деуге болмайды. Халық мүддесіне қайшы келетін, үстем таптың идеясын білдіретін ертегілерде бар.
Ертегінің оқиғасын тартымды етіп құру, бір әңгімеден екіншісін тудыру ертекшілердің шеберлігіне байланысты болады. Шынында да ертегі айту еріккенің ермегі емес, ол шығармашылық өнерді, асқан шеберлікті керек етеді.
Ертекші шығарманың адамы болғандықтан, ол өзінің репертуарына аса ұқыпты қараған. Орыстың халық еретегілерін жинап, зерттеген А. Н. Афанасьев, Н. Е. Ончуков, М. К. Азадовский, Ю. М. Соколов т.б. “халық арасынан шыққан әрі ертекшілір ертегі айтуды үлкен шығармашылық еңбек деп түсінген және олар ертегі айту үшін көптеген даярлықтар жасаған”, - дейді.
Ертегілердің түрлері: хайуанаттар жайындағы ертегілер, қиыл-ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер, новеллалық ертегілер, сатиралық ертегілер болып бөлінеді.
Студенттің орындайтын тапсырмалары
Ертегілердің өзіндік ерекшеліктері
Ертегілердің жиналуы мен зерттелуі
Ел арасынан ертегілерді жинаған ғалымдар мен зерттеушілер
М.Әуезовтің «Әдебиет тарихы» еңбегіндегі ертегі туралы пікірлері
Ертегілердің халықтық сипаты
Ертегілердің шығу тарихы, жасалу жолдары
Ертегілердің классификациясы
Қазақ ертегілерінің жанрлық түрлері
Ертегі туралы С.Қасқабасовтың пікірлері
Ертегілер мен халық прозасының айырмашылығы мен ұқсастықтары
Әдебиеттер тізімі:
18. тақырып: Хайуанаттар жайындағы ертегілер
Жоспар:
1.Хайуанаттар жайлы ертегілердің шығуы мен дамуы.
2.Сюжеті мен тақырыбына қарай ертегілерді жинау, топтау, талдау
3. Хайуанаттар жайлы ертегілердегі миф пен тотемизмнің көрінісі
Сабақтың мазмұны
Хайуанаттар жайындағы ертегілер – бұл топтағы ертегілердің де алғашқы үлгілері өте ерте заманда туған. Ертедегі адамдар өздерінің күн көрісі үшін төрт аяқты хайуандарды пайдалану, оларды үйрету, асырау жайын қарастырған. Және де әрбір хайуанат туралы, оның қасиеті туралы түрлі мифтік ұғым-түсініктер ойлап шығарған. Хайуанаттар жайындағы ертегілер – “Ақ қасқыр”, “Жігіт пен қасқыр”, “Сиқыршы”, “Сырттандар” т. б ертегілер жатады. хайуанаттар туралы ертегілер — ертегінің көне замандағы мифтер мен әр түрлі тұрмыстық, аңшылық әңгімелердің негізінде пайда болып, кейінгі замандардағы адамдар мінезін, олардың өзара қатынасы мен байланысын аллегориялық түрде жан-жануарлар бейнесі арқылы тұспалдап көрсететін түрі.
Хайуанаттар туралы ертегілер, негізінен, үш топқа бөлінеді: этиологиялық жануарлар туралы ертегілер, классикалық жануарлар туралы ертегілер және мысал ертегілер (аполог). Этиологиялық жануарлар туралы ертегілер — өзінің шығу мерзімі жағынан мұндай ертегілердің ең көнесі. Мұнда хайуанаттардың сыртқы пішіндегі немесе жүріс-тұрысы, мінез-құлқындағы бір ерекшелігі, оның солай болу себебі жайында баяндалады. Бұл топтағы ертегілердің басты ерекшелігі — оқиғаны себеп-салдарлы сипатта баяндауы және байырғы синкреттілікті сақтап қалуы мен этиологиялық мифке жақын болуы. Бұл ертегілердегі хайуанаттардың сипаттамасы басқа елдер ертегілермен сарындас. Мысалы, түлкі — аса айлакер, екіжүзді, алаяқ қу, қасқыр мен жолбарыс — адуынды озбыр, қара күш иесі, аю — икемсіз, қарабайыр, т.б. Шығыс және Еуропа халықтарының жануарлар туралы ертегілерінің көпшілігін классикалық жануарлар туралы ертегілер құрайды. Олардың сюжеті де ұқсас болып келеді. Өйткені, бұл ертегілердің көпшілігі әр халықтың тарихында болған ұқсас жағдайдан туған. Ал біразы арғы тегі бір түркі халықтарының ежелгі дәуірінде пайда болған. Енді бір бөлігі мәдени, сауда, т.б. қарым-қатынастар арқылы ауысқан. Бұлардың моральдік және әлеуметтік мазмұны аса терең. Жыртқыштар қанаушыларды, әлсіз жануарлар кедейлерді еске түсіреді. Олардың іс-әрекетімен қатар мінездері де шебер сомдалады. Классикалық жануарлар туралы ертегілердің құрылымы онша күрделі емес. Олардағы сюжет хайуанаттар арасындағы кездесулер мен қақтығыстарға құрылады. Бір сарынды эпизодтардың өзгермей, үнемі қайталанып келетін түрі көптеген әлем халықтары ертегілерінде бар. Олардың үлгілері — “Қотыр торғай”, ”Кім неден күшті”, т.б. ертегілер. Мысал ертегілерде — баяндау белгілі бір моральдік қағида мен тұжырымды дәлелдеуге бағытталады, сол себепті олар көп жағдайда нақылмен аяқталады. Қазақ халқының мысал ертегілері шығыс фольклорымен тығыз байланысты. Мысалы, Орталық Азияға кең тараған “Қалила мен Димна”, “Тотынама”, т.б. Жануарлар туралы ертегілер адам болмысының ертедегі тотемдік сенімдермен байланысты пайда болған. Жануарлар туралы ертегілердің прозалық баяндаудан өлеңге көшіп отыратын үлгілері де кездеседі.
Студенттің орындайтын тапсырмалары
Достарыңызбен бөлісу: |