Гуманитарлық факультет



бет25/60
Дата06.07.2020
өлшемі242,93 Kb.
#74920
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   60
Байланысты:
УМКД ТОӘ

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Оқытудағы құндылықтарға бағытталған тәсілдер.

2. Іс-әрекетке бағытталған тәсілдер.

3. Оқытудағы тұлғаға бағытталған тәсілдер.

4. Саралап оқыту тәсілдері.

5. Коммуникативтік тәсіл және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.



Өткізу түрі: презентация

Әдістемелік нұсқаулар: жаңартылғңан білім беру мазмұны бағдарламасының мәнін түсіне отырып, басты педагогикалыө әдіс-тәсілдердің маңызын айқындау.

СӨЖ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Студенттердің жоспарланған тапсырмалар бойынша өздік жұмысы негізінен жазбаша түрде орындалады. Жазып алу, көшіріп алу, өздігінше талдау жасау сияқты әрекеттер берілген материалды тереңірек ұғынуға, зерде мен есте сақтауды күшейтеді, орындалып жатқан тапсырманы шығармашылық тұрғыдан жеткізуге мүмкіндік береді. Іздену, шығармашылық тұрғыдағы тапсырмаларды орындау барысында студенттің пән және жекелеген тақырыптарға қызығушылығы артады. Бірқатар тақырыптар бойынша конспект жасау, тезистер дайындау қарастырылған. Тезистерді дайындау барысында студенттің меңгеріп отырған мәселенің негізгі мазмұнын табуға және оны тұжырымдауға дағдыландырады. Реферат жазу, аннотация, талдау жасау, сараптама жасау, пікір жазу секілді тапсырмалар студенттер үшін күрделі тапсырмалар қатарына жатады. Сонымен қатар білім алушылар дайындық барысында тарихи деректермен жұмыс істеуді үйренеді.

Студенттер белгiлi бiр бақылау түpiнe байланысты тапсырмалар бойынша өздiк жұмыстарын жүзеге асырады. Әр тапсырма бойынша мaқcaттapы, негiзгi cұpaқтapы, әдiстемелiк нұсқаулар, әдебиеттерi берiлген. Hұcқay бойынша берiлген әдебиеттердi, тарихи деректердi, зерттеулердi және де оқулықтарды пайдаланып студенттер өздiк жұмыстарын орындайды. Студенттердiң жұмыстары реферат, бақылау, әңгімe, түрлi жазба тапсырмаларды орындау барысында тексерiледi.

Өздiк жұмыстарына студенттер жауапкершiлiкпен қарағанда, берiлген ма­териал бойынша жетiк бiлiм алуымен қaтap, ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау iскерлiктерi қалыптасып ой өpiciнің дамуына, жан-жақты бiлiм алуларына көмек болады. СӨЖ-дің негізгі мақсаты: берілген пән бойынша студенттердің базалық білімін қалыптастыру; оларды келесі мәселелер мен сұрақтарды ашып, талдай білуге үйрету:



  • Студенттерді «Тарихты оқыту әдістемесі» пәнінің теориялық мәселелерімен таныстыру;

  • курсқа байланысты терминологияны білу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет