Демонстративтік суицид — өлуге деген ниеті жоқ, жай ғана басқалардың назарын өзіне аудару үшін өз-өзіне қол жұмсау әрекеті жатады.
Жасырын суицид — өлуді мәселенің шешімі деп санамайды, одан басқа жол таба алмай қиналатындардың мінез-құлығының бір түрі. Жастар арасында еліктеуіш күш те қарқынды әсер етеді. Олар теледидар, радиохабарлар, интернет арқылы «көшірме» ретінде өз үлгілерін табады да, оларға еліктейді.
Суицидалдық мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері:
эгоцентризм (тұлға тек өзіндік күйзеліске, уайым-қайғыға назар аударады, басқа мәселелерге қызығушылық танытпайды);
аутоагрессия (өзін-өзі орынсыз кінәлау, тұлғаның өзін төмен деңгейде бағалауы және т.б.);
кризистен шығу жолына пессимистік тұлғалық қатынас (депрессия, қорқыныш, суицидалдық әрекетке әзірлік);
паранойялдылық (нерв-психикалық үрдістердің ригидтілігі, дайын ойшыл стереотиптерді ұстану, өте бағалы идеялар табу икемділігі);
Жасөспірім кезенде суицидалдық мінез-құлықтың кейбір өзгешеліктері болады. Жасөспірімдер арасында ересек балаларға қарағанда өзін-өзі өлтіруге әрекет жасау жиі кездеседі. Бірақ олардың аз ғана бөлігі өздерінің қойған мақсатына жетеді. Суициалдық мінез-құлық бұл жаста көп жағдайда демонстративтік сипат, сонымен бірге байбаламдық сипат алады.
Баланың өзіне-өзі қол жұмсау жайлы ойлап жүргенін қалай білуге болады?
Ол депрессиялық жағдай, күні бойы төсектен тұрмайды, жылайды, ешнәрсе жемейді және ешкіммен сөйлескісі келмейді. Бұл жағдайда «не болды?» деген сұраққа жауап алуға тырысудың қажеті жоқ. Балаға егер ол сізбен сөйлескісі келсе, қай кезде де тыңдауға және түсінуге дайын екеніңізді айтыңыз, тіпті ол қорқынышты, ұнамсыз, ұятты туралы болса да. Оны қараусыз қалдырмауға тырысыңыз. Дене түйсігі арқылы жалғасу өте маңызды: оны арқадан қағыңыз, құшақтаңыз, сүйіңіз;
Бала айнаға қарауды қойса, әрі өзін «ұсқынсыз», «семіз», «көріксіз» және т.б. деп атап, айтуға ұялмайтын болса. Оны «Сен сұлусың» деп иландырудың қажеті жоқ, оданда осындай ұзын мұрынмен немесе толық денелермен жетістіктер мен атақтарға қол жеткізген танымал адамдарды мысалға келтіріңіз
Ол бұрын өзін қызықтырған нәрселердің бәріне қызығушылығын жоғалтса;
Бала сізден немесе сіздің жақын туыстарыңыздан өз өмірлерін өзіне-өзі қол жұмсаумен аяқтай алар ма едіңіз деп сұрайды. Бұл жағдайда онымен суицидке деген өзіңіздің пікіріңізбен ашық бөлісіп, баланың мақсаты бойынша алаңдаушылығыңызды айтыңыз.
Ол егер жоғалып кетіп жүрсе, барлығына да онсыз жеңіл болатындығы туралы жиі айтса, оған қарама-қарсыны дәлелдеу қажет, оған деген өзіңіздің сүйіспеншілігіңізді және оларға оның қымбат екені туралы айту керек;
Ол кейбір дәрілерді мөлшерден тыс пайдаланудың салдарымен немесе адам жетінші қабаттан секіріп кетсе не болатындығына қызығушылық танытады. Бұл жағдайда адамды күтіп тұрған азап туралы айтыңыз және міндетті түрде бұл сұраққа жауаптың ол үшін не себепті маңызды екендігін анықтаңыз.
Бала, егер ол қайтыс болса, сіздің қанша уақыт қайғыратыңызды сұрайды. Бұл жағдайда оған, бұның сіздің өміріңізде ең үлкен қорқыныш қауіп екендігін айтыңыз.
туыстарынан алыстау, жеке қалуға ұмтылыстар
көңіл –күйінің бірден төмендеуі, сөздерге адекваттық емес реакция жасау, баяу және мәні жоқ сөздер
үлгерімі төмендейді және меңзеңділік
мектепте мінез–құлқы нашарлайды, серуендеп жүреді, тәртіпті бұзады
тәуекелдігі мен негізсіз қауқарлығы және абайсыз іс-әрекеттері
денсаулығының нашарлауы: тәбетінің төмендеуі, өз-өзін жайсыз сезінуі, ұйқысыздық, жаман түстер көру, шошу
заттар мен ақшаға бей — жай қарау, оларды тарату
барлық жағдайды ретке келтіреді, соңына дейін аяқтайды, болған іс-әрекеттеріне кешірім сұрайды
өз-өзін кінәлау немесе керісінше — басқа тұлғаға жасаған кінәсін мойындау;
өлім туралы философиялық ойда мәні бар тақырыптарды әзілдеп немесе күлкі ретінде айту.
Ондай жағдайда не істеу керек, қалай көмектесу керек деген сұрақ туады?
Егерде сіз баланың бойынан суицидальды мінезді байқасаңыз, сіз баламен ашық, шын көңілмен сөйлесуге тырысыңыз. Сіз, бірақ ешқашанда, суицид туралы балаға сұрақ қоймаңыз, егерде баланың өзі осы тақырыпты айтып, қозғамағанынша.
Сіз барлық мән-жайды түсіндіріп, оны қандай ой мазалап жүргенін анықтап, оның жалғыз емес екеніне, бақытсыз емес екеніне, ешкімнің қармағына түспейтіндігіне, ешкімге керек емес немесе қарыздар емес екеніне көз жеткізіп, баланың достарын және неге қызығатынын анықтап, оған қолдау көрсету керек.
Тығырық жағдайдан шығу жолдарын іздестіру қажет, бірақ көп жағдайда баламен сөйлесу, басындағы жиналған ауыр жүктен айықтыру, сонда баланың өзіне қол жұмсаушылығы төмендейді.
Психолог – маманға барудан қорықпаңыз. Психолог маманына барғанда – ол баланы тіркеуге алмайды және психикалық толық емес, ауытқуы бар дегенді білдірмейді.
Өзінің өміріне қол жұмсайтын адамдардың көбісі – психикалық тұрғыда дені сау адамдар, шығармашылық таланты барлар, олар қиын жағдайда, тығырықтан шыға алмай қалатын адамдар.
Баланы жалғыздықтан сақтап қалатын тек қана мейірім, махаббат!
Өзіне-өзі қол жұмсаудың себептері өзгелерге нені түсіндіреді:
Шарасыздықты
Жағымсыз қарым-қатынас жасағанына өкіндіру үшін
Өзгені қаншалықты сүйетіндігін немесе өзгелер бұған қаншалықты сүйіспеншілікпен қарайтынын анықтау үшін
Қатаң шешімді өзгерткізу үшін
Жан айқайын;
Қорытындылай келе, Құран сүрелері мен Пайғамбар хадистерінде де балаларға қамқорлық жасау барша мұсылман қоғамының парызы екені ескертілген. Ата-ана ұлы борышын орындамағаны үшін ар алдында бір азапталса, заң алдында міндетін атқармағаны үшін ата-аналық құқығынан екі айрылады. Баланы өсіру, саналы тәрбие берудің,оқытып, азамат етіп қалыптастырудың түп төркіні отбасылық тәрбиеде жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |