§3. Сөйтіп, антикалық (ежелгі грек) философияға мына ерекшеліктер тән
бет 35/92 Дата 20.03.2022 өлшемі 0,89 Mb. #136449
Байланысты:
философия §3. Сөйтіп, антикалы қ (ежелгі грек) философияға мына ерекшеліктер тән:
бұл философияның гүлденуінің материалдық негізі полистердің экономикалық (қалалық, сауда-кәсіптік орталықтар) дамуы болды ;
ежелгі грек философтары материалдық өндіріс процесінен қол үзіп, дербес қауымдыққа айналды; ой еңбегі мен дене еңбегі бөліне бастады;
ғарышкінділік (космоцентризм) идеясы өзекті мәселеге айналды ;
философия дамуының соңғы кезеңінде ғарышкінділік идеясы мен антропокінділік (антропоцентризм) идеясы араласып, біріге бастады;
құдайлардың болуы күмән туғызбады;
ежелгі грек құдайлары табиғаттың бір бөлігі болып саналып , адамға жақын болды;
адам қоршаған дүниеден бөлінбей, табиғат бөлігі болып ұғынылды ;
философиядағы екі бағыт қалыптасы-"Платон бағыты" және "Демокрит бағыты"
Атомистер - материалистік тұрғыдағы философиялық мектеп, дүниенің негізі микроскопиялық бөлінбейтін жай бөлшектер - "атомдар" деп білді.
Атомистердің негізгі өкілдері - Левкипп пен Демокрит (б.з.д. 460ж.)
Демокрит ілімінің негізгі қағидалары:
барлық материалдық дүние атомдардан тұрады;
атом бөлінбейді , мәңгілік, өзгермейді, өзіне-өзі тең , барабар;
атомдар мәңгі қозғалыста болады, атомдар айналымы да бар;
атомдар арасында қуыспен толтырылған кеңістік бар ;
атомдарда сапалық қасиет болмайды, олардың иісі, түсі, дыбысы жоқ , олар бір-біріне өзгермейді;
атомдар ішінде ешқандай да қозғалыс болмайды;
атомдар шар тәрізді , бұрышты, қармақ, зәкір және т.б. формада болады.
Достарыңызбен бөлісу: