Х. С. Муханбеткалиев 201 ж



бет9/12
Дата01.04.2017
өлшемі1,86 Mb.
#13003
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Тексеру сұрақтары.





  1. Күнтізбелік – тақырыптық жоспар дегеніміз не?

  2. Күнтізбелік – тақырыптық жоспардың құрылымы мен оның мазмұны, қандай белгілерімен ерекшелінеді?

  3. Күнтізбелік жоспарды құру, қандай құжаттар негізінде орындалады?

  4. Күнтізбелік жоспардың қызметі қандай?

  5. Күнтізбелік жоспардағы оқу материалының көлемі қандай?

  6. Дидактикалық тапсырмалар мен қолданылатын құралдардың мазмұны, қандай мөлшерде көрсетіледі?

  7. Күнтізбелік жоспардың ішіндегі бөлім мен сабақ тақырыптарының жазылу себебі неде?

  8. Күнтізбелік – тақырыптық жоспардан кейін, кезектегі оқу - әдістемелік құжат не болып табылады?

Ұсынылатын әдебиеттер.




  1. Оқулықтар, оқу - әдістемелік кешеннің құрамы мен оқу бағдарламаларын әзірлеуге және сараптауға қойылатын дидактикалық талаптар. -Алматы, 2000ж.

  2. Бастауыш білім беру мемлекеттік жалпы білім беру стандарты. -Алматы, 2003 ж.

  3. Болатбаев К.К. Бейнелеу өнер пәнінің оқу бағдарламасы(3 сынып). -Алматы, 2003 ж.

  4. Алмухамбетов Б. Бейнелеу өнер (3 - класс). Оқулық. -Алматы, 2003 ж..

  5. Ростовцев Н. Н. Рисунок, Живопись, Композиция (Хрестоматия). -М., 1988 ж.

  6. Аубакирова Р. Ж. және т. б. Бейнелеу өнері (дидактикалық материал). -Алматы, 2005 ж.

Лабораториялық жұмыс №3
Тақырыбы: бейнелеу өнер сабағында оқушылардың бейнелеу – техникалық құралдарды қолдануға үйретудің оқыту мазмұны мен оның технологиясы.
Объектісі: бастауыш мектептің оқу процесіндегі 2 – сынып бейнелеу өнер сабағының оқыту мазмұны.
Предметі: бейнелеу өнердің сурет салу бөліміндегі бейнелеу – техникалық құралдар туралы оқушылардың білімін игертудің оқыту мазмұнын құрастыру.
Мақсаты: бейнелеу өнер сабағында сурет салу өнерінің бейнелеу – техникалық құралдармен бейне кескінін орындаудың оқыту мазмұнын жобасын жасау.
Міндеттері:

  • жұмыстың құрылымы және мазмұнымен ұқыпты танысу;

  • белгіленген сыныптағы тақырыптың оқу материалы мазмұнымен танысу;

  • көмекші оқу - әдістемелік құжаттармен оқытудың мазмұнына тиімді оқыту құралдарын негіздей іріктеу;

  • сабақ жоспарының мазмұнын құрастыру;

  • оқытудың дидактикалық материалдарын (құралдарын) жасау;

  • орындалған сабақ жоспар жобасын тәжірибеде тексеру;

  • орындалған жұмыс мазмұны туралы есеп беру.


Жұмыстың құралдары: бастауыш мектеп бейнелеу өнер пәнінің мемлекеттік міндетті білім беру стандарты, 2 сыныпқа арналған бейнелеу өнер пәнінің оқу бағдарламасы, күнтізбелік жоспар, оқу -әдістемелік құралдары, ұсыныстар, сурет салу тәсілдерінің көрнекіліктері, альбом, көркем-техникалық құралдар: қағаз, қаламдар, кетіргіштер, қаламды ұштау аспабы, реквизиттер, акварель, майлы, гуашь бояуы, кисттер, су құятын ыдыстар, палитра және т.б...
Жұмысты орындауға нұсқау.
2 сыныпқа арналған тақырыптық оқу материалының мазмұнын тапсырма № 1 танысып, оқу бағдарламасында анықталған сол тақырыпқа сәйкес білім беру мазмұнын негізгі нормативті құжаттармен салыстыру керек. Тақырыпқа белгіленген уақыт мөлшерін күнтізбелік – тақырып және оқу бағдарламасынан анықталынады. Тақырып мазмұнына сабақтың дидактикалық, дамытушылық және тәрбиелік мақсаттары айқындалынады. Осы мақсаттарды оқушыға қалыптастыру қажетті оқу материалдарын іріктеп, сабақтың тиімді және қолайлы формасын, әдістерін, құралдары негіздей таңдайды. Оқытудың құралдарын пайымдаудан кейін сабақтың құрылымын құрастыруға кіріседі. Тақырыптың мазмұнындағы оқу материалының көлемін, қиындығын, күрделілігін, тереңдігін, аумақтылығы және т. б. ерекшеліктерін іріктеу, даралау, қосу, жүйелеу жұмыстарымен шұғылдана нақты оқушыға білімі қалыптасатын оқу материалының элементтерін анықтап жүйелейді. Оқушының белсенділігі мен танымдық, психикалық және физиологиялық қасиеттерінің дамуына ықпал көрсетіп, теориялық білімін бекітуге арналған қолданбалы дидактикалық тапсырмалар жасап, оқыту құралдарының функцияларына негізделе, оларды алдын – ала айқындайды. Қажет болса оқушының орындайтын практикалық жұмыстың объекті үлгісін жасап, көрнекіліктегі тиімді тәсілдерін белгілейді. Бұл объектіні оқушының сабақта жасап үлгеру уақыт мөлшерін тексеріп алады. Оның қажетті нақты қолайлы материалдары мен аспаптары да анықталуы тиіс.

Келесі кезеңде оқушының білімін бақылау формасы мен әдістерін белгілей қажетті құралдарын дайындайды. Бұл кезең аяқталғаннан кейін сабақ жоспарының құрылымын толық құрастыруға кіріседі. Оның үлгісі қосымшада көрсетілген. Сабақтың барысындағы оқыту мазмұнының әдістемесі көлемі, нақты анық және кең ашылған түрінде орындалады. Сабақ құрылымындағы кезеңдердің уақытысы белгіленеді.

Осы тақырыптық оқыту мазмұнының жобасын белгілеген уақыт мөлшеріне сәйкестігін дәл анықтау міндетті орын алады. Орындалған сабақ жоспарының жобасын ұжымды формада немесе жетекшінің көмегімен талқылай түзете отырып, мұғалімнен рұқсат ала тәжірибеде (мектепте) тиімділігі мен қолайлығын сынай тексереді. Оның мазмұндылығы мен тиімділігі туралы бастауыш мектеп мұғалімдерінен пікір алып, оның қанағаттанарлық бағасы белгіленеді. Жұмыстың соңында студент өзінің жұмысын орындалуы туралы оқытушыға есеп беріп жұмысын тапсырады.
Жұмыстың орындалу шартына ескертулер.


  • жұмысты орындаушы тақырыптың оқу материалын толықтыруға, тереңдетуге, ықшамдауға мүмкіндігі бар;

  • оқыту түрін, формасын, құралын, әдістерін өз еркімен сабақтың мақсатына сәйкес таңдайды;

  • тақырыптық сабақ жоспарының оқыту құралдары, формасы және әдістері, дидактикалық материалдары оқушының танымдық, психикалық және физиологиялық функциялары мен процесс қасиеттерін дамытуға ықпалының болуы;

  • орындалған сабақ жоспарының жобасындағы құралдардың, іс - әрекеттердің дидактикалық принциптер мен критерияларына қайшы келмеуі;

  • жұмысты орындаушы төмендегі материалдарды оқытушыға тапсырады:

а) сабақ жоспарының жобасына теориялық негіздемесі;

б) тақырыптық сабақ жоспарының тәжірибеде тексерілген үлгісі;

в) оқытудың дидактикалық материалдары.
Тапсырма №1.
Тақырып: Бейнелеу өнеріне қажетті құралдар(1 сағат).
Балалар, өздерің білетін бейнелеу өнеріне қажетті құрал-жабдықтарды еске түсіріп, олармен жұмыс істеп жаттығайық.

Сурет сабағына қажетті құралдар: қарындаш, қағаз, өшіргіш, тақтайша, кнопка(бекіткіш), тушь, қаламұш.

Кескіндеме сабағына қажетті құралдар: акварель, қылқалам, қарындаш, қағаз, су құятын сауыт, шүберек, тақтайша. Кескіндеме шығармалары акварель, гуашь бояуларымен салынады.

Мүсін сабағына қажетті құралдар: саз балшық немесе пластилин(ермексаз), стектер, тақтайша, жұмсақ сым.

Сәндік қолөнеріне арналған сабаққа қажет құралдар: түрлі түсті маталар, түрлі түсті қағаздар, қайшы, қарындаш, сызғыш, желім.

Дизайн сабағына қажетті құралдар: қарындаш, қатты қағаз, қайшы, желім, түрлі түсті жұмсақ және қатты қағаз, шүберек, сызғыш, кетіргіш және т.б.


Тексеру сұрақтары.


  1. Сабақ жоспары дегеніміз не?

  2. Сабақ жоспарының қызметі қандай?

  3. Сабақ жоспарының құрылымы мен мазмұны қандай?

  4. Сабақтың мақсаты дегеніміз не?

  5. Оқытудың технологиясы және оқытудың әдістемесі дегеніміз не?

  6. Оқушының оқу материалын меңгертуге, қанша уақыт белгіленеді?

  7. Тақырыптық оқу материалының өзгеру дәрежесі қандай болды?

  8. Қандай сабақтың түрі мен типі қолданылды?

  9. Негізгі сурет салу көркемдік – техникалық құралдарға не жатады?

Ұсынылатын әдебиеттер.




  1. Алмухамбетов Б. Бейнелеу өнер (2 - класс). Оқулық. -Алматы, 2002 ж.

  2. Батталини Т. Акриловые краски. Основные характеристики и применение практич. пособие. -М., 2004 ж.

  3. Бастауыш білім беру мемлекеттік жалпы білім беру стандарты. -Алматы, 2003 ж.

  4. Болатбаев К.К. Бейнелеу өнер пәнінің оқу бағдарламасы. -Алматы, 2003 ж.

  5. Кузин В. С. Изобразительное искусство. І – ІІ классы. -М., 1997 ж.

  6. Мизанбаев Р. Живопись. Оқулық. -Алматы, 2005 ж.

  7. Ростовцев Н. Н. Рисунок, Живопись, Композиция (Хрестоматия). -М., 1988 ж.

Лабораториялық жұмыс №4


Тақырыбы: бейнелеу өнер пәніндегі оқушылардың көркем – мәнерлі құралдар ұғымдарын игертудің оқыту мазмұны және оның технологиясы.
Объектісі: бастауыш мектептің оқу процесіндегі 3 – сынып бейнелеу өнер сабағының оқыту мазмұны.
Предметі: оқушылардың натюрморт жанрында жұмыс орындауында көркем-мәнерлі ұғымдарды сауатты қолдану іскерлігін үйретудің оқыту мазмұнын құрастыру.
Мақсаты: оқушыларды бейнелеу өнер сабағында натюрмортты көркем-мәнерлі кескіндеуге үйретудің оқыту мазмұн жобасын жасау.
Міндеттері:

  • жұмыстың құрылымы және мазмұнымен ұқыпты танысу;

  • белгіленген сыныптағы тақырыптың оқу материалы мазмұнымен танысу;

  • көмекші оқу - әдістемелік құжаттармен оқытудың мазмұнына тиімді құралдарды негіздей іріктеу;

  • сабақ жоспарының мазмұнын құрастыру;

  • оқытудың дидактикалық материалдарын (құралдарын) жасау;

  • орындалған сабақ жоспар жобасын тәжірибеде тексеру;

  • орындалған жұмыс мазмұны туралы есеп беру.


Жұмыстың құралдары: бастауыш мектеп бейнелеу өнер пәнінің мемлекеттік міндетті білім беру стандарты, 3 сыныпқа арналған бейнелеу өнер пәнінің оқу бағдарламасы, күнтізбелік жоспар, 3 сыныптың оқу -әдістемелік құралдары, ұсыныстар, бейне кескінін салу тәсілдерінің көрнекіліктері: альбом, бейне үлгілері; қаламдар, қағаз, кетіргіш, реквизит және т.б...

Жұмысты орындауға нұсқау.
3 сыныпқа арналған тақырыптық оқу материалының мазмұнын тапсырма № 1 танысып, оқу бағдарламасында анықталған сол тақырыпқа сәйкес білім беру мазмұнын негізгі нормативті құжаттармен салыстыру керек. Тақырыпқа белгіленген уақыт мөлшерін күнтізбелік – тақырып және оқу бағдарламасынан анықталынады. Тақырып мазмұнына сабақтың дидактикалық, дамытушылық және тәрбиелік мақсаттары айқындалынады. Осы мақсаттарды оқушыға қалыптастыру қажетті оқу материалдарын іріктеп, сабақтың тиімді және қолайлы формасын, әдістерін, құралдары негіздей таңдайды. Оқытудың құралдарын пайымдаудан кейін сабақтың құрылымын құрастыруға кіріседі. Тақырыптың мазмұнындағы оқу материалының көлемін, қиындығын, күрделілігін, тереңдігін, аумақтылығы және т. б. ерекшеліктерін іріктеу, даралау, қосу, жүйелеу жұмыстарымен шұғылдана нақты оқушыға іскерлік қалыптасатын оқу материалының элементтерін анықтап жүйелейді. Оқушының белсенділігі мен танымдық, психикалық және физиологиялық қасиеттерінің дамуына ықпал көрсетіп, практикалық іскерлігін бекітуге арналған қолданбалы дидактикалық тапсырмалар жасап, оқыту құралдарының функцияларына негізделе, оларды алдын – ала айқындайды. Қажет болса оқушының орындайтын практикалық жұмыстың объекті үлгісін жасап, көрнекіліктегі тиімді тәсілдерін белгілейді. Бұл объектіні оқушының сабақта жасап үлгеру уақыт мөлшерін тексеріп алады. Оның қажетті нақты қолайлы материалдары мен аспаптары да анықталуы тиіс.

Келесі кезеңде оқушының іскерлігін бақылау формасы мен әдістерін белгілей қажетті құралдарын дайындайды. Бұл кезең аяқталғаннан кейін сабақ жоспарының құрылымын толық құрастыруға кіріседі. Оның үлгісі қосымшада көрсетілген. Сабақтың барысындағы оқыту мазмұнының әдістемесі көлемі, нақты анық және кең ашылған түрінде орындалады. Сабақ құрылымындағы кезеңдердің уақытысы белгіленеді.

Осы тақырыптық оқыту мазмұнының жобасын белгілеген уақыт мөлшеріне сәйкестігін дәл анықтау міндетті орын алады. Орындалған сабақ жоспарының жобасын ұжымды формада немесе жетекшінің көмегімен талқылай түзете отырып, мұғалімнен рұқсат ала тәжірибеде (мектепте) тиімдігі мен қолайлығын сынай тексереді. Оның мазмұндылығы мен тиімділігі туралы бастауыш мектеп мұғалімдерінен пікір алып, оның қанағаттанарлық бағасы белгіленеді. Жұмыстың соңында студент өзінің жұмысын орындалуы туралы оқытушыға есеп беріп жұмысын тапсырады.

Жұмыстың орындалу шартына ескертулер.


  • жұмысты орындаушы тақырыптың оқу материалын толықтыруға, тереңдетуге, ықшамдауға мүмкіндігі бар;

  • оқыту түрін, формасын, құралын, әдістерін өз еркімен сабақтың мақсатына сәйкес таңдайды;

  • тақырыптық сабақ жоспарының оқыту құралдары, формасы және әдістері, дидактикалық материалдары оқушының танымдық, психикалық және физиологиялық функциялары мен процесс қасиеттерін дамытуға ықпалының болуы;

  • орындалған сабақ жоспарының жобасындағы құралдардың, іс - әрекеттердің дидактикалық принциптер мен критерияларына қайшы келмеуі;

  • жұмысты орындаушы төмендегі материалдарды оқытушыға тапсырады:

а) сабақ жоспарының жобасына теориялық негіздемесі;

б) тақырыптық сабақ жоспарының тәжірибеде тексерілген үлгісі;

в) оқытудың дидактикалық материалдары.
Тапсырма№1.
Тақырып: Қыш ыдыс пен алманы натюрморт жанрында орындау(1 сағат).
Натюрморт салуға үйрену бейнелеу өнерінде сауатты сурет салуға бейімделудің алғашқы қадамы болып табылады. Натюрморт дегеніміз жансыз заттар мен бұйымдардан бейнелеу үшін үйлестіріп қойылған көрініс. Натюрмортқа қойылған заттар мен бұйымдар кейде белгілі бір тақырыпқа байланысты іріктеледі. Мысалы, жемістерден, тұрмыстық бұйымдардан т.б. Сондықтан натюрморт салғанда басты нәрселердің өзара дұрыс орналасуын белгілеу керек. Акварельмен жұмыс істегенде ең алдымен салатын заттың өңіне ұқсас бояумен бастаған орынды. Бояу үйлесімділігін мұқият здеп табуды естен шығармау керек

Жаттығу: қыш ыдыс пен алманы салу.


Тексеру сұрақтары.


  1. Тақырыптық оқу материалының өзгеру дәрежесі қандай болды?

  2. Қандай сабақтың түрі мен типі қолданылды?

  3. Қандай жаңа ұғымдар алынды?

  4. Жаңа ұғымдардың практикалық жұмыс орындаумен ұштасуы болды ма?

  5. Қандай оқытудың әдістері іріктелді?

Ұсынылатын әдебиеттер.




  1. Аубакирова Р. Ж. и др. Изобразительная деятельность (методическое пособие). -Алматы, 2003 ж.

  2. Алмухамбетов Б. Бейнелеу өнер (3 - сынып). Оқулық. Алматы, 2001 ж.

  3. Батталини Т. Акриловые краски. Основные характеристики и применение практическое пособие. -М., 2004 ж.

  4. Бастауыш білім беру мемлекеттік жалпы білім беру стандарты. -Алматы, 2003 ж.

  5. Болатбаев К.К. Бейнелеу өнер пәнінің оқу бағдарламасы(3 сынып). -Алматы, 2003 ж.

  6. Жеделов К. О. и др. Бейнелеу өнері (Әдістемелік құрал – 12 жылдық). -Алматы, 2003 ж.

  7. Кузин В. С. Изобразительная искусства и методика его преподавания в школе. -М., 1998 ж.

  8. Кузин В. С. Методика преподавания изобразительного искусства в 1 – 3 классах. -М., 1983ж.

  9. Мизанбаев Р. Живопись. Оқулық. -Алматы, 2005 ж.

  10. Ростовцев Н. Н. История методов обучения рисованию. -М., 1982 ж.

  11. Паранюшкин Р. Техника рисунка. -Ростов – на – Дону, 2002 ж.

  12. Паранюшкин Р. Композиция. -Ростов – на – Дону, 2002 ж.

  13. Танирбергенов Ж. Графика. Учебное пособие. -Алматы, 2006 ж.

Лабораториялық жұмыс №5


Тақырыбы: бейнелеу өнер сабағында оқушының қағаздан аумақты бейне кескіндерін көркем құрастырудың оқыту мазмұны және оның технологиясы.
Объектісі: бастауыш мектептің оқу процесіндегі 2 – сыныптың бейнелеу өнер сабағын оқыту мазмұны.
Предметі: бейнелеу өнер сабағында оқушының қағаздан көркем бұйым жасаудың техникасына машықтанудың оқыту мазмұнын құрастыру.
Мақсаты: бейнелеу өнер сабағында оқушының қағазбен ауқымды композицияда жұмыс орындаудың оқыту мазмұн жобасын жасау.
Міндеттері:

  • жұмыстың құрылымы және мазмұнымен ұқыпты танысу;

  • белгіленген сыныптағы тақырыптың оқу материалы мазмұнымен танысу;

  • көмекші оқу - әдістемелік құжаттармен оқытудың мазмұнына тиімді құралдарды негіздей іріктеу;

  • сабақ жоспарының мазмұнын құрастыру;

  • оқытудың дидактикалық материалдарын (құралдарын) жасау;

  • орындалған сабақ жоспар жобасын тәжірибеде тексеру;

  • жұмыс туралы есеп беру және бағалау.


Жұмыстың құралдары: бастауыш мектеп бейнелеу өнер пәнінің мемлекеттік міндетті білім беру стандарты, 2 сыныпқа арналған бейнелеу өнер пәнінің оқу бағдарламасы, күнтізбелік жоспар, 2 сыныптың оқу -әдістемелік құралдары, ұсыныстар; көрнекіліктер:альбом, бейне үлгілері; көркем-техникалық құралдар: түсту қағаз, сызғыш, қалам, кетіргіш, қайшы және т.б...

Жұмысты орындауға нұсқау.
2 сыныпқа арналған тақырыптық оқу материалының мазмұнын тапсырма № 1 танысып, оқу бағдарламасында анықталған сол тақырыпқа сәйкес білім беру мазмұнын негізгі нормативті құжаттармен салыстыру керек. Тақырыпқа белгіленген уақыт мөлшерін күнтізбелік – тақырып және оқу бағдарламасынан анықталынады. Тақырып мазмұнына сабақтың дидактикалық, дамытушылық және тәрбиелік мақсаттары айқындалынады. Осы мақсаттарды оқушыға қалыптастыру қажетті оқу материалдарын іріктеп, сабақтың тиімді және қолайлы формасын, әдістерін, құралдары негіздей таңдайды. Оқытудың құралдарын пайымдаудан кейін сабақтың құрылымын құрастыруға кіріседі. Тақырыптың мазмұнындағы оқу материалының көлемін, қиындығын, күрделілігін, тереңдігін, аумақтылығы және т. б. ерекшеліктерін іріктеу, даралау, қосу, жүйелеу жұмыстарымен шұғылдана нақты оқушыға машықтық қасиет қалыптасатын оқу материалының элементтерін анықтап жүйелейді. Оқушының белсенділігі мен танымдық, психикалық және физиологиялық қасиеттерінің дамуына ықпал көрсетіп, машықтық қасиетін дамытуға арналған қолданбалы дидактикалық тапсырмалар жасап, оқыту құралдарының функцияларына негізделе, оларды алдын – ала айқындайды. Қажет болса оқушының орындайтын практикалық жұмыстың объекті үлгісін жасап, көрнекіліктегі тиімді тәсілдерін белгілейді. Бұл объектіні оқушының сабақта жасап үлгеру уақыт мөлшерін тексеріп алады. Оның қажетті нақты қолайлы материалдары мен аспаптары да анықталуы тиіс.

Келесі кезеңде оқушының машықтық қасиетін бақылау формасы мен әдістерін белгілей қажетті құралдарын дайындайды. Бұл кезең аяқталғаннан кейін сабақ жоспарының құрылымын толық құрастыруға кіріседі. Оның үлгісі қосымшада көрсетілген. Сабақтың барысындағы оқыту мазмұнының әдістемесі көлемі, нақты анық және кең ашылған түрінде орындалады. Сабақ құрылымындағы кезеңдердің уақытысы белгіленеді.

Осы тақырыптық оқыту мазмұнының жобасын белгілеген уақыт мөлшеріне сәйкестігін дәл анықтау міндетті орын алады. Орындалған сабақ жоспарының жобасын ұжымды формада немесе жетекшінің көмегімен талқылай түзете отырып, мұғалімнен рұқсат ала тәжірибеде (мектепте) тиімдігі мен қолайлығын сынай тексереді. Оның мазмұндылығы мен тиімділігі туралы бастауыш мектеп мұғалімдерінен пікір алып, оның қанағаттанарлық бағасы белгіленеді. Жұмыстың соңында студент өзінің жұмысын орындалуы туралы оқытушыға есеп беріп жұмысын тапсырады.

Жұмыстың орындалу шартына ескертулер.


  • жұмысты орындаушы тақырыптың оқу материалын толықтыруға, тереңдетуге, ықшамдауға мүмкіндігі бар;

  • оқыту түрін, формасын, құралын, әдістерін өз еркімен сабақтың мақсатына сәйкес таңдайды;

  • тақырыптық сабақ жоспарының оқыту құралдары, формасы және әдістері, дидактикалық материалдары оқушының танымдық, психикалық және физиологиялық функциялары мен процесс қасиеттерін дамытуға ықпалының болуы;

  • орындалған сабақ жоспарының жобасындағы құралдардың, іс - әрекеттердің дидактикалық принциптер мен критерияларына қайшы келмеуі;

  • жұмысты орындаушы төмендегі материалдарды оқытушыға тапсырады:

а) сабақ жоспарының жобасына теориялық негіздемесі;

б) тақырыптық сабақ жоспарының тәжірибеде тексерілген үлгісі;

в) оқытудың дидактикалық материалдары.
Тапсырма №1.
Тақырып: Дизайн. Қағаз немесе картоннан көлемді бұйым жасау(1 сағат).
Дизайн - әр түрлі материалдардан жасалған бұйымдарды және заттарды құрастыра көркем безендіру болып табылады. Бұл өнер саласын игеру үшін қарапайым бұйымдардың моделін қағаз немесе картоннан жасап көрейік. Ол үшін тұрмыстық бұйымдарды таңдайық. Оқушы үйдегі кез-келген тік төртбұрышты бұйымның(телевизор, стол, орындық, үй-жиһазының бөліктері, диван, сөре және т.б.) бірін таңдайды. Бұл жұмыс түрін оқушы екі-үш бала болып біріге жасауға болады. Алдымен нобай түрінде бұйымның қызметін, жаңа конструкциясындағы пішінін, өлшемін, түсін анықтап картоннан немесе қағаздан бүге отырып жасайды. Жұмысты орындауда қолайлы басқа материалдарды да қолдануға болады. Мысалы, полимер материалынан жасалған жартылай фабрикаттарды қолдану. Олардан бұйым жасауға қосымша арнайы полимер желімдері керек болады.
Тексеру сұрақтары.


  1. Тақырыптық оқу материалының мазмұны өзгерді ма?

  2. Қандай сабақтың түрі мен типі қолданылды?

  3. Практикалық сабақтың мазмұны толық оқу материалымен сәйкес келді ме?

  4. Практикалық сабақта қандай технологиялық процесс қолданылды?

  5. Қағазды бүгу жұмысында, қандай көркемдік тәсілдермен ұштасты?

Ұсынылатын әдебиеттер.




  1. Алмухамбетов Б. Бейнелеу өнер (2 - класс). Оқулық. -Алматы, 2002 ж.

  2. Аубакирова Р. Ж. и др. Изобразительная деятельность (методическое пособие). -Алматы, 2003 ж.

  3. Бастауыш білім беру мемлекеттік жалпы білім беру стандарты. -Алматы, 2003 ж.

  4. Болатбаев К.К. Бейнелеу өнер пәнінің оқу бағдарламасы(2 сынып). -Алматы, 2003 ж.

  5. Жеделов К. О. и др. Бейнелеу өнері (Әдістемелік құрал – 12 жылдық). -Алматы, 2003 ж.

  6. Калмыкова Н. В. и др. Макетирование из бумаги и картона. -М., 2000 ж.

  7. Кузин В. С. Изобразительная искусства и методика его преподавания в школе. -М., 1998 ж.

  8. Кузин В. С. Методика преподавания изобразительного искусства в 1 – 3 классах. -М., 1983ж.

  9. Ростовцев Н. Н. История методов обучения рисованию. -М., 1982 ж.

  10. Смирнова И. М. В мире многогранников. -М., 1995 ж.

  11. Сержантова Т. Оригами для всей семьи. -М., 2001 ж.

Лабораториялық жұмыс №6


Тақырыбы: бейнелеу өнер пәнінің сәндік – қолданбалы өнер сабағындағы оқыту мазмұны және оның технологиясы.
Объектісі: бастауыш мектептің оқу процесіндегі 4 – сынып сәндік – қолданбалы өнер сабағының оқыту мазмұны.
Предметі: сәндік – қолданбалы өнер сабағында оқушылардың ою - өрнек кескінін орындауында, олардың білімі мен іскерлігін қалыптастырудың оқыту мазмұнын құрастыру.
Мақсаты: бейнелеу өнер пәнінде сәндік – қолданбалы өнер оқу материалын оқушыға игертудің оқыту мазмұн жобасын жасау.
Міндеттері:

  • жұмыстың құрылымы және мазмұнымен ұқыпты танысу;

  • белгіленген сыныптағы тақырыптың оқу материалы мазмұнымен танысу;

  • көмекші оқу - әдістемелік құжаттармен оқытудың мазмұнына тиімді оқыту құралдарын негіздей іріктеу;

  • сабақ жоспарының мазмұнын құрастыру;

  • оқытудың дидактикалық материалдарын (құралдарын) жасау;

  • орындалған сабақ жоспар жобасын тәжірибеде тексеру;

  • орындалған жұмыс мазмұны туралы есеп беру.


Жұмыстың құралдары: бастауыш мектеп бейнелеу өнер пәнінің мемлекеттік міндетті білім беру стандарты, 4 сыныпқа арналған бейнелеу өнер пәнінің оқу бағдарламасы, күнтізбелік жоспар, 4 сыныптың оқу -әдістемелік құралдары, ұсыныстар, сәндік – қолданбалы өнер бұйымдарының альбомы, бұйымдардың нақты үлгілері, қағаз, бояу, кисть, кетіргіш, палитра және т.б...

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет