Студенттерге ұсынатын әдебиеттер тізімі
Беда Г.В. Основы изобразительной грамоты. М., 1981
Маскевич О. Три цвета радуги. А., 1981
Герчук Ю.Я. Основы художественной грамоты. М.,1998
Ростовцев Н.Н., Алпатов М.В. Искусство, Живопись, Архитектура, Графика. М.,1989
Мадир К. Сурет салудың негізгі заңдылықтары мен ережелері. Орал, 2006
Ростовцев Н.Н. Рисунок,живопись, композиция. М., 1989
Паранюшкин Р.В. Техника рисунка. Р.н.Д., 2002
Батталини Г. Техника живописи. М., 2003
Белютин Э.М. Основы изобразительной грамоты. М., 1957
Смирнов Г.Б. Рисование с натуры. М., 1960
Шешко И.Б. Построение и перспектива рисунка. М., 1981
Шорохов Е.В. М., 1979
Танирбергенов М.Ш. Графика. А.,2006
Ростовцев Н.Н. Учебный рисунок. М., 1985
Танирбергенов М.Ш. Гравирлеу: көркем сурет, графика. А., 2006
Костерин Н.П. Учебный рисунок. М., 1980
Джанибеков У.Д. Культура казахского ремесла. А., 1982
Адамқұлов Н. Ұлттық қолданбалы қолөнері. А.,2006
Маргулан А.Х. Казахское народное прикладное искусство. А., 1986-1988
Әдіғаппарова Ұ. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері. А.,1999
Байділдайұлы Ш. Қазақтың ою-өрнектері. А.2006
Герчук Ю.А. Что такое орнамент. М., 1998
Кажгинулы Алибек. Органон орнамента. А., 2003
Касиманов С. Қазақ халқының қолөнері. А., 1995
Өмірбекова М.Ш. Энциклопедия.Қазақтың ою-өрнектері. А.,2003
Фокина Л.В. Орнамент. Р.н.Д.,2000,2005
Федотов г.Я. Послушная глина. М., 1997
Дерябин А.С. Художественные шрифты. М., 1983
Птахова И. Простая красота буквы. Спб., 1997
Диденко Н.И. Художественное оформление наглядных средств агитации и пропоганды. М.,1978
Соловьев С.А. Декоративное оформление. М., 1987
Смирнов С.И. Шрифт и шрифтовой плакат. М.,1988
Макарова М.Н. Перспектива. М.,1988,2002
Нестеренко О.И. Краткая энциклопедия дизайна. М.,1994
Курушин В.Д. Графический дизайн. М., 2001
Галимжанова А.С. История искусств Казахстана. А.,2006
Корн И. Шедевры мирового искусства. Спб., 200
Ильина Т.В. История искусств Западноевропейского искусства№. М., 2005
Ильина Т.В. Истороия искусств отечественного искусства. М., 2005
Байпаков К.М. Раннесредневековая архитектура Семиречья и Южного Казахстана. А., 2001
Кузин В.С. Методика преподавания изобразительного искусства в 1-3 классах. М.,1982
Кузин В.С. Методика преподавания изобразительного искусства в начальной школе. М.,1993
Кузин В.С. Изобразительное искусство и методика его преподавания в школе. М., 1998
Ростовцев Н.Н. История методов обучения рисованию. М., 1982
ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. А.,2003
Бағдарламалар. Бейнелеу өнер.1-4 сынып. А., 2003
Бейнелеу өнер, оқулық..1-4 сынып. А.,2000-2004
Караев Ж.А. Оқу-әдістемелік құралдарға дидактикалық талаптар. А., 2000
Байдалиев К.А. Лабораторный практикум по теории и технологии обучения изобразительного искусства в начальной школе.
5. Лекция кешені.
Лекция. Кіріспе. Сурет теориясының негіздері.
Мақсаты: студенттерді курстың мақсаты мен міндеттерін таныстыру және сурет салудың бейнелеу құралдары мен процессері туралы білімін қалыптастыру.
Лекция мазмұны.
Бейнелеу өнерін оқыту теориясы мен технологиясы курсы бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының бакалавр дайындығына керекті белгілі –бір теориялық білім көлемін, практикалық іскерлік пен дағдыларын қалыптастырады.
Курстың пәні – БОПӘ мамандығында бейнелеу өнеріне оқыту теориясы мен технологиясы пәнінде, білім алушыларда білім, іскерлік және дағдыны қалыптастыру Қ.Р. мемлекеттік стандарты мен жоғары кәсіби білім беруде жоғары талапқа сай болу керек
Курстың объектісі – белгіленген мамандық бойынша Қ.Р. кәсіби білім беру компонентіндегі бейнелеу өнерін оқытудың теорисы мен технологиясы курсының мазмұны.
Курстың мақсаты – болашақ бакалаврда бастауыш оқыту әдістемесі бойынша кәсіби және эстетикалық дайындық жасау.
Бұл курс төмендегі міндеттерді тұтады:
Бастауыш сынып сабақтарында, меткептен тыс және сабақтан тыс жұмыстарда бейнелеу өнеріне оқушыларды үйретудің ғылыми-теориялық негіздерін ашу;
Бейнелеу өнері сабағында студенттерге бейнелеу өнер негіздері шығарма жұмыстарды эстетикалық қабылдауға үйрету;
Бейнелеу өнер, оның түрлері мен жанрларымен таныстыру;
Сурет, кескіндеме, копозиция жұмытарына бейнелі-мәнерлі құралдарды қолдану іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру;
Бейнелеу өнер сабақтарына қажетті оқу-әдістемелік құжаттарды құру мен оларды жасау іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру.
«Графика» сөзі – гректің «графо» сөзінен аударғанда сызамын, саламын, жазамын деген мағана береді. Ежелгі грек суретшілері басы ұшталған таяқша, қыл қалам қолданған. Сазды ыдыстың сыртқы бетін сызу арқылы, фигураның контурын шығарған.
Сызық, штрих және өң графиканың негізгі бейнелі және мәнерлі құралдары болып табылады. Бұл құралдар арқылы материалды дененің көлемділігін, кеңістіктігін және зат екенідін ғана көрсетпейді, сонымен бірге, оның ішкі қасиеттері мен күйін кескіндеуге мүмкіндік береді. Графика - өмірдің бейнесі және танымның құралы. Сондай – ақ, жас ұрпақты өнерге тартуға, өнер туындыларын жасауға ықпал ететін өнер саласының бір түрі. Бұд техниканың балаға қолайлығы, қажетті құралдарының қолайлығы, оның өнер саласының арасында кеңінен тараған түрі.
Графика өзінің дамуы барысында бірнеше түрі мен оның жанры пайда болды. Графиканың түрлері: станокты, кітапты, плакатты, өндірістік, газет-жұрналды, оқу-безендіру жұмыстары. Графиканың жанрына портрет, тұрмыстық, тарихи, пейзаж, анималисті, натюрморт болып бөлінеді.
Кітапты графика әдеби шығармаларда қолданады. Шығармалардың көріністі бөліктерін, жеке бейнелермен түсіндіру, толықтыру, сонымен бірге, әр түрлі шрифтармен безендіру сияқты жұмыстарда қолданады. Плакат – ақпаратты құралдардың көркемдік элементі. Халықты идеялық тәрбиеге насихат және үгіт жұмыстарының мазмұнын бейнелі көріністермен, шрифтармен мәтіндер жасау болып келеді. Өндірістік графика - өнімнің сыртқы қорабын әшекейлеуге және безендіріп, оның мазұнын , қызметін, тағайындалуын айқындауға белгіленген. Оқу – безендіру графикасы мектептің немесе оқу орнының оқу-тәрбие үрдісіне қызмет етеді. Оқу проецесінде көрнекті құралдар жасауға бағытталған.
Бейнелеу өнердің барлық түрінің негізі болып табылатын – сурет. Сурет 18 ғасырда славян елдерінде пайда болған. Славян сөзінен аударғанда, сызық, штрих арқылы бейнені кескінде деген мағына берген. Ол бейненің сыртқы және ішкі бейнесі қасиеттерінің бәрі бейне кескінінде сипатталады.
Сурет сызба жұмыстарына қарағанда өзгеше ерекшеліктері бар. Біріншіден, сурет қолмен орындалады. Екіншіден, бейнені кескіндеуде суретті көзбен өлшей отырып орындайды. Үшіншіден, сурет көрнекті. Төртіншіден, сурет предметтің сыртқы көрінісін ғана кескіндемей, сонымен бірге, ішкі мазмұнында сипаттауға мүмкіндік жасайды.
Суреттің шартты түрде басқа бейнелеу түрлерінен ажырату үшін ол төмендегі түрлері бойынша бөлінеді: бейнелілігі, материалды-техникалық құралдары, қызметі жағынан. Бейнелі құралдарды қолдану жағынан сызықты және өңді түрге бөлінеді. Сызықты сурет ашық, жеңіл, жалпылама болады. Өңді сурет түрі заттың толық сипатын, оның көлемділігін, кеңістіктегі орналасуын, материалдылығын бере алады.
Суреттің орындалу техникасы жағынан: нұсқалы (оригинальный) және баспалы (печатный) болып бөлінеді. Баспалы бейне кескіндерін құйма тәсілімен алынған клишелермен кескіндейді. Оны эстамп деп атайды. Эстамптың бірнеше түрі бар. Ол бейне түсетін материалдарға байланысты. Ағаш бетіне түскен техника түрін – ксилография десе, металл бетіндегіні – офорт, тастағыны – литография, линолеумдегіні – линография деп атайды. Сурет қызметі жағынан, академиялық және шығармашылық болып та бөлінеді. Академиялық сурет – суретке үйрету процесінің мазмұнын айтады. Яғни, болашақ суретшілерді үйретудегі бейне кескіндерін орындау процессі. Шығармашылық сурет – бейнелеу өнер шығармаларын жасау.
Суретті жасау процессі – сурет салу тәсілі, сурет салу жақтары, сурет салу принциптері және оқу міндеттерін шешу болып табылады. Осы процесстердің әр бірін жеке-жеке сипаттайық.
Сурет салу тәсілі. Шынайлылық. Табиғат шынайлылығын адам санасы қабылап, оның ұғынуында бейне пайда болады. Табиғаттағы реальды өмірді бейнелі қабылдап, оның бейнесі адамның есінде сақталады. Нақты затты бейнелеп орындауды натурадан сурет салу дейді. Натура – табиғаттың кез-келген формасы мен мазмұны бар зат болып табылады. Оригиналдан немесе нұсқаны орындау нұсқадан сурет салу дейді. Біздің жағдайымызда туынды шығарма жұмыстарына қарап та сурет салуға да болады.
Сурет салудың негізгі жақтары – натураны қабылдау (бақылау) және оны бейнелеу. Бақылау, алдын - ала жоспарлы, мақсатқа бағытталған қабылдау. Көріп қабылдау дұрыс көру іскерлігін қарастырады. Қарапайым көріп қабылдау, предметті тануға ғана шектейді. Сурет салушыға бұл жеткіліксіз. Суретші жұмыс орындағанда ұқыптылықпен, ерекше көңіл аударумен сурет салуды талап етеді. Сурет салушы заттың кез-келген бөліктерін қарап отырып, оларды жинақтап, салыстырып, айқындап орындайды. Осы алғы шарттарды қабылдай отырып, бейнелі-материалды құралдармен бейне кескінін қағаз бетіне түсіруге көшеді. Бейнелеу сатысы төртке бөлінеді. Бірінші, заттың бейне кескінін сызықтар арқылы контурын кескіндейді. Екінші сатыда сол контурдың ішіндегі бейненің белгілерін көрсетеді. Осы сатыда заттың бейнесі, оның жалпы сипатын беру керек. Үшінші сатыда сол заттың өзіне тән белгілері кескінделеді. Соңғы сатыда жалпылама салынған кескіннің бөліктері тексеріле, байланыстарын жүйеге келтіру жұмысы болып табылады.
Сурет салудың принциптері. Сурет салу процессі екі принципке негізделген. Бірінші принцип – жалпыдан жекеге. Екінші – жекеден жалпыға. Заттың бейнесін кескіндеуде жеке бөліктерімен бастап емес, оның жалпы массасынан бастау орынды. Ол формасы, оның кеңістіктегі орынын, өлшемін, қозғалысын анықтайды. Өйткені , жекеден бастап сурет салуда суретші заттың тұтас дене екенін ұмытып, жекенің жалпы дененің формасына бағыныштық күйін бұзып жібереді. Соның нәтижесінде дененің өзіндік бір тұтас предмет, өзіндік, дербестік қасиеттерін жойып жіберуі, бұзылуы мүмкін.
Сурет салудың оқу міндеттері. Сурет салу пароцессі мынандай міндеттерден құралады: сурет техникасы, суреттің композициясы, суреттің бірізді орындалуы, предметті бейнелеу, кеңістікті бейнелеу. Осы міндеттер орындалса, үйренушінің сурет салу нәтижесі табысты болуға кепіл бола алады.
Сурет техникасы дегеніміз жазық қағаз бетінде құралдар арқылы көрген бейненің кескінін түсіру жүйесін айтамыз. Оның негізгі жақтарына жұмыс орнын ұйымдастыру, өзін-өзі ұйымдастыру, материалды-бейнелі және мәнерлі құралдардың түрлерін дұрыс таңдау болып табылады.
Жұмыс орнын ұйымдастыру. Оқу процессінде суретшінің столы және оқу тақтасы болу керек. Столдың биіктігі сурет салушының бойына сәйкес, еркін және қолайлы отыруға, салынатын объектіні жақсы көруге ықпал жасау керек. Столдың беті көлбеу орналасқан, көру сәулесіне перпендикуляр болады. Тез және дәл бейне кескінін орындау үшін оқу тәртібі мен құралдардың барлығы жұмысшы күйінде болуы тиіс. Суретшінің алдында қағаз, жоғарғы бөлігінде қаламдар, бояумен жұмыстанғанда, су құятын ыдыс пен палитра қағаздың оң жағында, сол жағында тряпка және кыл қаламдар жатуы тиіс.
Материалды-техникалық құралдарға: қағаз, қаламдар,кетіргіш, көмір қалам, бор, пастель, акварель, гуашь, қыл қаламдар, преья, палитра, этюдник және басқа да қосымша материалдар жатады. Сонымен бірге, тағы да қосымша аспаптар мен құралдарда бейнелі кескін жұмысын орындауда қажет болады.
Бейнелі құралдарға нүкте, штрих, сызық, өң және түс жатады.
Қалам, қыл қалам және бор арқылы олардың ұштарымен бейнелі беттің үстіне нүкте бейнесін алуға болады. Штрих – сызықша, қысқа сызық. Бейне кескінін орындауда сызықшамен жұмыс нүктеге қарағанда көбірек қолданады. Сызықшамен өлшемді, заттың контурын, форманың көлемділігін, бетінің жарықтығын кескіндейді. Қылқаламның жағуы – бейнелеу өнерінің қыл қалам техника құралы болып табылады. Жағу формасы, қылқалам ұшының формасына, қалыңдығына, жағу тәсіліне байланысты. Дөңгелек формасының ұшымен нүкте, сызықша, сызықтар жүргізуге болады. Сызық - бейне жұмысында кең таралған тәсілдің бірі. Сызық сипаты жағынан түзу және қисық болып бөлінеді. Өлшемі жағынан ұзын және қысқа, бағыты жағынан вертикальды және горизонтальды. Горизонтальды және вертикалды бағыты жоқ сызықты көлбеу сызық дейді. Сурет салуда, сондай-ақ, тұтас және үздік, күрделі және қарапайым сызықтарда кездеседі. Күрделі сызықтарға сынық, ирек, аралас сызықтар жатады. Күрделі сызықтар өздерінің орналасуына және құрамды бөліктеріне байланысты симметриялы және асимметриялы бөлып та бөлінеді.
Өң. Кез – келген зат өзіне тән өңдермен немесе жарықтығымен ажыратылады. Жарықты – бұл түсту өңді штриховкалау, тушевкалау және бояу арқылы кескіндейді.
Штриховка – бұйым бетін өң беріп кескіндеуде штрих сызықтарын өте жақын, бірін-бірін қосарлай, ирек түрінде түсіре орындау тәсілі. Штрихтардың бағыты заттың бетіндегі контур бағыты қозғалысына, құрылымына, формасына, өлшеміне байланысты анықталады. Тушевка – екі сызықтың қосарланып, бірігіп түсетін тәсіл. Оны кейде сурет салушылар қаламның жан бетімен орындайды. Сурет салу кезінде тушевкадан кейін бейненің бетін графитпен жағуға (растирать) болмайды. Өйткені, графит бояу сияқты жағылғанда жұмыс салақ, дақтар пайда болып жұмыстың сапасын жояды.Суретті бояу арқылы салу – бейнені заливка, отмывка және «сухой кистью» сияқты тәсілмен орындауды айтады. Бейне бетін біркелкі бір бояу өңімен немесе бірнеше өңмен жағу болып табылса, отмывка – заттың бетіндегі жарық түстеріне байланысты түстерін келтіруге қолданатын тәсіл. Яғни, беттің жарық түстерін келтіруге қолданады. Үшінші тәсіл заттың бетін кескіндеуде, оның жарық түстері әр түрлі, беті кедір-бұдыр және түкті болғанда құрғақ қыл қаламмен қою бояу жағуды айтады.
Түс. Ньютон дәлелдей, күн сәулесі әр түрлі түстерден тұрады деген. Ол күн сәулесін шыны призмадан өткізе түстерді жеке-жеке бөліп алған. Түс жолақтарын алып , оларды жіктеген. Түстерді бейнелі дөңгелек етіп құрастырса, онда хроматикалық түстер пайда болады. Олар негізгі үш қасиетке ие болады: түс өңі, қанықтығы, ашықтығы. Түс өңі – қызыл, қызғылт-сары, сары және тағы басқа түс сипаттайтын өң. Қанықтылық – түс өңінің мәнерлі дәрежесі. Ашықтық – түстің ашық және қараңғыллау мәнерін сипаттайды. Түс дөңгелегінде ашық түс болып табылатын түс – сары түс болса, түс мәнері төмен түс – күлгін. Хроматикалық түстерден басқа түс дөңгелегінде ахроматикалық түстер де бар: қара, ақ, күңгірт (серый). Олар бір ғана қасиетке ие – ашықтығымен. Басқа түстерді алу үшін оларды араластырады. Араластырып алуға төмендегі тәсілдер қолданады: лессировка және алла прима. Лессировка - мөлдір түстерді бірінің – үстіне бірін жағу арқылы алынатын әр түрлі өңді түстер. Бұл жағдайда бірінші жағылған түстің үстіне екінші түсті кепкеннен кейін ғана жағу тиіс. Алла прима – палитраның бетінде механикалық түрде бір түсті екінші бір түспен араластыра отырып алынатын түс. Егер бір түстің үстіне екінші түсті кептірмей жағатын болса, бұл тәсілді «работа по - сырому» деп атайды.
Негізгі түске – қызыл, көк, сары түс жатады. Бұл түстерді өз ара араластыра отырып басқа түстерді алуға болады. Мысалы, қызыл мен сарыны араластыра қызғылт- сары, қызыл мен көкті араластыра күлгін, сары мен көкті араластыра жасыл түстер алуға болады. Түстердің басқа түрлерін араластыра отырып алатын түстерді туынды немесе күрделі түстер деп атайды.
Бақылау сұрақтары:
Графика дегеніміз не?
Бейнелеу құралдарының түрлері;
Сурет салу процесстері.
Әдебиет:
Костерин Н.П. Учебный рисунок. М., 1980
Беда Г.В. Основы изобразительной грамоты. М., 1981
Маскевич О. Три цвета радуги. А., 1981
Герчук Ю.Я. Основы художественной грамоты. М.,1998
Лекция. Суреттің композициясының теория негіздері.
Мақсаты: бейнелі кескінді тұрғызу туралы білімін қалыптастыру.
Лекция мазмұны.
Картиналық жазықтықты дайындау. Әрқашанда бейне мен картиналық жазықтық тығыз байланыста болады немесе олар бір-бірімен үйлесімді байланысқа ие және өмірлік кеңістік алады, болмаса өз ара үйлесімділік қатынасы бұзылады. Әсіресе, картина бетіндегі бейне кішкентай немесе үлкен, бір жаққа қарай көп жылжып орындалуы, көп өрістің(фон бос қалуы) қалуы сияқты. Мұндай үйлесімділксіздіктің жойылуына нақты тәртіп орнату қажет. Ол үшін композицияның заңдылықтарын сақтау, жазықтық бетті дұрыс ұйымдастыру, картина бетпен бейне кескінін келісімділік қатынаста жасау. Бірінші, қағаздың өлшемін анықтау, бейне кескінінің орнын белгілеп, оның өлшемін анықтау. Сурет салушы жұмысты бастау кезінде сурет пен қағаз беттің шамалы байланысын сақтау қажет. Егер сурет үлкен болса, қағаздың өлшеміне тән кішірейту, қағаз үлкен болса, бейнеленетін кескіннің шамасын кішірейту сияқты байланысты еске сақтау орынды. Мысалы, биік бейне кескінін салуда қағазды вертикалды орналастырса, көлемді заттарды салуда қағаз горизонталь орналасуы тиіс.
Салунатын бейненің композициясын орындау барысында , заттың ішкі мазмұнын, негізгісін және эстетикалық қасиеттерін айқындау оларды бейнелеуде мына категориялар ықпал етеді: ырғақ, симметрия, асиметрия, тепе-теңдік, контраст, нюанс. Ырғақ – фигураның қайталануы және кезектесуі. Ырғақ бір формадағы элементтің өзар қайталанып пайда болуы – акцент эәне аралық. Акцент – қайталанатын фигура, түсті дақ немесе пластикалық форма. Аралық – ырғақты фигуралардың арасын бөліп тұратын кеңістік аралық. Акцент пен аралық кезектесіп қайталанып тұрады. Олар сөйтіп қатар құрайды. Симметрия - грек тілінен аударғанда үйлесімділік деген мағана береді. Симметрия табиғатта статикалық күй сақтай отырып, құрамды бөліктердің бәрін өзіне бағындырады. Сөйтіп оларды тұйықтайды. Сондай – ақ, денеге динамиқалық күште береді. Асимметрия , егер денеде симметрия жоқ болса, ол денені асиметрия дейді. Бүл категория дененің пластикалық формасына динамика және қозғалысты сипаттайды. Тепе – теңдік. Адам баласы кез-келген затты қабылдауда, оның массасын, кеңістіктегі орналасу жағдайын, басқа денелермен өзара байланыс күйін көреді. Осы жағдайда адамның көру массасы пайда болады. Яғни, ауыр немесе жеңіл массасы. Контраст. Әр бір зат өзіне тән ғана қасиеттерге ие. Басқа заттармен үйлемімділік жоқ, кейбір белгілері мен қасиеттермен сәйкестік жоқ. Сондықтан, оны бейнелеу өнерінде контраст дейді. Контраст заттардың айырмашылық белгілерін күшейтеді. Олар тұтас бұйымдарда ғана емес, бөліктерінде де болады. Нюанс. Контрасты белгілер бұйымның ұқсастықсыздығын бірден көрсетсе, нюанста бейненің кейбір белгілерін мәнерсіз етіп көрсетілуінде байқалады. Бұйымның бірыңғайлығын, тұтастығын, үйлесімділігін сипаттауда, оның формасмында келісімділік, өлшемдері арасында бірізділік белгіленуі тиіс. Осында нюанс категориясы пайда болады.
Предмет және оның белгілері.
Бейнелеу заты кез-келген табиғаттағы материалды құбылыстар болуы мүмкін. Әр бір зат басқа заттардан көптеген белгілерімен және қасиеттерімен ажыратылса да, олар өзара тығыз байланыс жасай тұтас жүйе құрады. Сурет салушы табиғат ортасынан анықтаған затты бөліп алып, оның сыртқы белгілерін ұқыпты қарай отырып, қайтадан ол заттың бейнесі пайда болады. Мұндай заттың сыртқы белгілері: форма, орналасу жағдайы, конструкция, шама, қозғалыс, түс, ашықтығы, жарықтығы, көлеңкілігі, фактурасы болады.
Форма. әрбір зат кеңістікте орналасқан оның өзі кеңістіктің бір бөлігі. Оның материалды массасы ортадан сыртқы белгілерімен бөлектенеді. Форманың ерекшелігі дененің бетімен, қырларымен төбесімен ерекшеленеді. Беті жағынан форма жазық және ауқымды болады. Заттың жиек жақтарын суретте контур дейді.
Заттың орналасу орны. Әрбір предметті тану және түсіну, оның кеңістіктегі орнына байланысты, яғни, қаншалықты қашықта және бұрылып кеңістікте орналасқан. Қашықтықта орналасу деген суретші мен бейне кескінін салатын заттың ара қашықтығы. Бұрылыс деген – заттың қозғалуында белгілі бір осьпен айналуы болып табылады. Мұндай жағдайда бейнені орындау күрделі. Сондықтан, сурет салушы белгілі қолайлы жағдайды тауып, соны ұстай отырып салуды бастайды.
Конструкция. Конструкция деген сөз құрылу деген мағана береді. Зат белгілі бір бөліктер мен элементтерден құралады. Конструкцияны қарастыруда сол дененің бөліктерін ұқыпты қарастырып, олардың өзара байланысын белгілеп көру. Олардың ішіндегі ең негізгі және өзекті бөліктерін анықтайды. Бейне кескінін орындауда қалған мәнсіз бөліктері мен элементтерін кейін кескіндеуге қалдырады.
Шама. Кез –келген предмет өзінің шамасымен, ұзақтығымен және өлшемінен тұрады. Жазық дене екі өлшемінен тұрады: ұзындық және биіктік. Аумақты дене: ұзындық, биіктік және ен. Екі өлшемді салыстыру арқылы оның тепе-теңдігі қандай екенін білуге болады. Яғни, бір шамасы екінші шамасынан қанша өлшемде үлкен немесе кіші екенін біледі. Мұндай қатынасты пропорция деп атайды.
Бейне кескінін орындауда алғаш предметтің ұзындығын, оның биіктігіне байланысты салыстырады. Осылай дененің төрт жағын нүкте арқылы белгілеп алады.
Қозғалыс. Ортаны біз қозғалыс түрінде қабылдаймыз. Қозғалыс тірі заттарға тән құбылыс, сонымен қатар өлі заттарда қозғалысқа ие де бола алады. Ол қозғалыстарды кескіндеу сызықтар арқылы орындалады. Қозғалыстың динамикасын, энергиясын, өзгерісін әр түрлі қисық сызықтармен кескіндейміз. Ол үшін бірінші, дененің барлық массасын белгілеп, содан кейін қандай бағытта қозғалыс өзгергенін сызықтармен көрсете бағыт береміз. Алғаш сызықтармен қозғалыстың бағытын жалпылама түрінде береміз.
Жарықтық.. Әр түрлі жарық көздерімен кескінделетін затқа түсіріп, оның бетіндегі жарықтықты анықтаймыз. Тіке түскен жарық затты ортадан ерекеше бөледі, оның жиек бөліктерін дәл, нақты көрсетеді. Жарық сәулелері кейде заттың бетіне түсіп, оның басқа бөліктеріне сәуле ағылып ерігендей болады. Соңында заттың бетінде сәуле шашылып жарық береді. Жарық заттың бетіне бес жағдайда түседі: алдынан, жанынан, төбесінен, төменгі жағынан, артқы жағынан. Заттың жарықтығын штрих, тушевка және бояп кескіндейді. Өңді қаламмен беру кезінде жарығы төмен жақтан жарық жаққа қарай бейнелесе, бояуда керісінеше.
Ашық түстік (светлота). Ашық түстік – ол заттың бетіне түскен жарық кейін шашырай отырып, заттың беті ашық түске ие болуы. Осындай күйдегі бетті ашық түстік деп атайды. Беттің ашық түстілігі материалға, жарыққа, беттің түсіне байланысты. Жарық көлеңкесі, ол бес элементімен байқалады: жарық, жартылайкөлеңке, көлеңке (меншікті және өзінің жазық бетке түскен көлеңке), рефлекс, блик. Жарық деген беттің сәулеге бағытталған бөлігін айтады. Сол беттер жарықтың көп сәулесі түскен жер. Көлеңке деген заттың бөлігіне түспеген бөлікті айтады. Рефлекс деген жарық затқа немесе оның қасындағы денеге түсіп одан шағылып қайтадан бейнеленетін заттың бетіне түскен бөлік болып табылады. Заттың жылтыр бетіне түскен сәуленің толықтай да болса, шағылған бетті бөлікте пайда болған аппақ түсті дақты бетті айтады. Фактура – зат бетінің құрылымы. Материалдар әртүрлі шағылысатын күйде болады. Егер жарық сәулесін толық шағылыстыра алатын болса, онда бет ашық, ал сәуле тәртіпсіз шашылатын болса, дене бетті бұлыңғыр деп атайды. Бұлыңғыр бетті материал тығыз, ұсақ түйіршекті болып келеді. Сонымен бірге басқа қасиеттегі беттер де болады: түкті, мамық, бұдырлы және т.б...
Бақылау сұрақтары:
композиция дегеніміз не?
Композицияның заңдылықтары;
Предметті тұрғызудың композициясы
Әдебиет:
Костерин Н.П. Учебный рисунок. М., 1980
Беда Г.В. Основы изобразительной грамоты. М., 1981
Маскевич О. Три цвета радуги. А., 1981
Герчук Ю.Я. Основы художественной грамоты. М.,1998
3 – Лекция. Жазық және аумақты форманың суретін орындау технологиясы.
Мақсаты: көлемді дененің кескінін тұрғызу білімін қалыпастыру.
Жазық бетті денелер тік сызықты бетке ғана ие, ол екі өлшеммен анықталады: ұзындық және биіктік немесе ұзындық және ен. Жазық денелер әр алуан. Оларды үш түрге бөлуге болады: тік бұрыштылар - квадрат, тік төртбұрышты, үш бұрышты; қисық сызықтылар – дөңгелек, эллиптикалық, және басқа да күрделі қисық сызықтылар; аралас бетті – қарапайым және күрделі формалы тік бұрышты мен қисық сызықты беттердің аралас келуі.
Квадратты және тік төртбұрышты формалы денелерді екі белгімен тұрғызады. Алғаш пропорциясын белгілейде, кейін вертикалды және горизонтальды сызықтармен, олардың жақтарын салады. Үшбұрышты формаларды әр түрлі жағдайда тұрғызуға болады: тең үш бұрышты, тең жақты, төртбұрыштап және дұрыс емес үш бұрыштап. Алдымен пропорциясын анықтайды. Оның табанын кескіндейді. Бағытын анықтап төбесін салады. Соңында үшінші төбесін белгілейді. Бұл үшін алдымен төбесінен табанына перпендикуляр сызық түсіреді. Көпбұрышты форманы векторлы тәсілмен анықтайды. Алдымен ұзындықты және биіктікті белгілейді. Бір төбесін тапқаннан кейін белгілі өлшеммен басқа төбелеріне қарай сызықтар жүргізеді. Дөңгелек формаларды салу үшін координат әдісін қолданады. Фигураның пропорциясын белгілеп, ұзындық пен биіктікті тең жартыға бөледі. Орталық сызықты жүргізіп кейін өзара қосады.
Ағаш жапырағын салу. Алдымен жапырақтың ұзындығын және енін анықтап пропорцияда салғаннан кейін, оның негізгі тармағына жан-жағындағы тармақтарын сызамыз. Ол тармақтарды векторлы сызықтар түрінде жүргіземіз. Жапырақтың төбесінің орналасуын табамыз. Әрбір тармақытң жиек жақтарын бір бірімен сызық арқылы қосамыз. Схематикалық түрде жүргізген сызықтарды шынайы бейне сызығына аударамыз. Кейін жапырақ бетке өң беруді бастаймыз. Өңді түс ашық бөліктен қараңғы бөлікке қарай боялады.
Ауқымды деп –форманың үш өлшемі бар денені айтады. Оларға призма, куб, пирамида, конус, шар сияқты денелер жатады.
Сызықты перспектива. Заттың формасы мен шамасы суретші белгілі бір қашықтықта қарағанда өзгереді. Бірақ, затты қандай жағдайда адам көріп тұр, сондай күйін кескіндеу ол суреттің негізгі ережелерінің бірі болып сақталады. Осыған байланысты ерекшеліктерді айқындайтын, оны негіздейтін ғылым саласы перспектиива болып табылады. Предметті қандай күйде көрсе, суретші оны сондай күйде бейнелеп кескіндеу перспектива дейді. Сол бейне кескінін сызықты түрде орындау сызықты перспектива болып табылады. Заттың түсін, ашықтығын, фактурасын өңмен беруді ауа перспективасы қарастырады. Соның заңдарына негізделеді.
Цилиндр бетті денені кескіндеу тәсілі. Цилиндрді вертикалды қоямыз. Оның пропорциясын белгілейміз. Оның қалыңдығын тең бөліп анықтаймыз, оның орталық вертикал сызығын жүргіземіз. Сонымен бірге, жасаушыларында көрсетеміз. Кейін орталық вертикал сызықпен жоғарғы табанын штрихпен белгілеп, кейін төменгі жағына өтеміз. Төменгі және жоғарғы штрих сызықтардан кіші ості сызықтар жүргіземіз. Кіші және үлкен тіректі сызықтардың төрт нүктесін қосамыз. Жоғарғы төбесінде және төменгі табанында. Қосу доғал сызықтарымен жүргізіледі. Соңында контурларын қалың сызықпен басып, көрінбейтін доғал сызықтарды кетіріп өңді түстерді штрих сызықтармен бояймыз.
Бақылау сұрақтары:
тікбұрышты денені тұрғызу тәсілдері;
жазық бетті денені кескіндеу тәсілдері;
перспектива дегеніміз не?
Әдебиет:
Костерин Н.П. Учебный рисунок. М., 1980
Беда Г.В. Основы изобразительной грамоты. М., 1981
Маскевич О. Три цвета радуги. А., 1981
Герчук Ю.Я. Основы художественной грамоты. М.,1998
- Лекция. Кескіндеменің теориясы мен технологиясының негіздері.
Мақсаты: студентті кескіндеменің теориясы туралы білімін қалыптастыру.
Лекция мазмұны.
«Живопись» сөзі «живо» «писать» деген сөздерден құралған. Сурет салушыға предметтің нақты көрінісін кескіндеуде, оның мәнді белгілерін бейнелеуді білдіреді. Дененің пішіні мен оның басқа белгілерін дұрыс кескіндеу мынандай құралдармен, яғни тәсілдермен орындалады – сызықтар мен өңдер арқылы. Бұл құралдармен заттың бейнесін толық бейнелеу, яғни түсті өңдерін шынайы көрсету, оның нақты өмірі мен қозғалысын белгілеу шектеулі болып келеді. Материалды дүниенің келбетін түс өңдерімен көрсеті – кескіндеме арқылы бейнелеу орынды.
Түс – кескіндемеде негізгі бейнелеу және мәнерлеу құралы – ол түс өңіне, қанықтылығына және ашық түстілігіне ие. Кескіндеменің міндеттері – заттың тек сыртқы мазмұнын ғана бейнелеу емес, сонымен бірге оның ішкі дүниесінің мәнін, соған тән сипатын әр түрлі күдегі жағдайын кескіндеу болып табылады. Сондықтан, кескіндеме материалды өмірдің реалді келбетін салуға ықпал етеді.
Кескіндеме монументальды, сәндік, тератралды-сәндік, миниатюрлі, станокты кескіндемелер болып бөлінеді. Кескіндеудің маериалдарына байланысты майлы, темперлі, фрескті, воскті, мозаикалы, витражды, акварелді, гуашты, пастельді болып та бөлінеді.
Әрбір предмет өзінің меншікті түсімен ерекшелінеді. Оның түсі жарықтың сәулелері түсі жағдайында өзгеріп отырады. Предметтің түсі жарық түскенде өзіне түскен жарық, оның фонына түскен жарық және көрші предметке түскен жарықтардың шағылуында да дененің бетінеде шынайы түстердің мәнді өзгеруіне алып соғады. Сондықтан осы жағдайдағы түстерді кескіндеу пропорционалды жағдайда орындалуы тиіс. Олар түстің өңімен, қанықтылығымен және жарықтылығымен ажыратылады.
Бояу арқылы денені кескіндеуде алғаш жіңішке тұтас сызықтармен оның контурін белгілеп аламыз. Осы сызықтармен дененің блик, көлеңке бөліктерінде белгілейміз. Бірінші сатыда дене беттерін бір өңде ашық түс жүргіземіз. Яғни, блик көлеңке бөліктерден басқа жерлерін. Бояу өте сұйық, аз қаныққан болуы тиіс. Екінші сатыда дене формасын айқындауғ жарық түстерін келтіруге өтеміз. Жарықтың көлеңкесі түскен жарықтан пайда болған күйін кескіндейміз, сонымен бірге көрші денелердің үстіне түскен көлеңке беттерді де бояймыз. Үшінші сатыда дене формасының аумақтылығын, оның кеңістікте орналасу жағдайын нәзік өң түстерімен келтіреміз. әр түрлі өң түстерді қолдануда дененің моделденуіне алып келеді. Яғни, дененің бетіндегі шынайы түстерге ұқсас келбет береді. Соңғы сатыда түстерді жалпылаймыз, егер керек болса, кейбір бөліктердегі түстерді қанықтырамыз. Қаныққан түстер болса олардың түсін мәнсіз, мәнерсіз, жеңіл түстерге аударамыз.
Бақылау сұрақтары:
кескіндеме дегеніміз не?
Түс дегеніміз не?
Түстің түрлері;
Хроматикалық және ахроматикалық түстер.
Әдебиет:
Костерин Н.П. Учебный рисунок. М., 1980
Беда Г.В. Основы изобразительной грамоты. М., 1981
Маскевич О. Три цвета радуги. А., 1981
Герчук Ю.Я. Основы художественной грамоты. М.,1998
5-Лекция. Сәндік-қолданбалы өнер теориясы мен технологиясының негіздері.
Мақсаты: студенттерді декоративті сурет орындауға үйрету.
Лекция мазмұны.
СҚӨ - өзінің тегінде – халық өнері болып табылады. Халық қарапайым материалдардан бұйымдар жасауда шынайы заттың формасына ұқсас форма және мәнер беріп, оның мазұнында әсемділік келбетін әсемдігін сақтай дамта келіп болашақ ұрпаққа таратып келеді. Бұл өнер туындыларды халықтың өмір салтын, мәдениетін, даму дәрежесін бейнелейді. СҚӨ танымдық мәні үлкен. Бұйымның сапалы орындалуы, оның конструкциясы, формасы, материалы, пропорциясы, және бақа да қасиетттері белгілі бір практикалық функция атқаруға бейімделген.
Сәндік өнердегі бейнелер: көріністі бейне, символдық бейне және ою-өрнекті бейнеде болып бөлінеді. Көріністі бейне – бұйым бетінде белгілі бір оқиғаның, өмірдің, тұрмыстың құбылысын кескіндейді. Символдық бейнеде – белегілі бір идея немесе құбылыстардың шартты бейнесі болып табылады. Символдық бейнелерге эмблема, герб, таңбалар ақшаның бейнесі, медаль, орден сияқты заттардың бейнесі. Өю – элементтерден құралып қайталанатын өрнектерді айтады. Оюда заттардың бейнесі нақты кескінделуі мүмкін, кейде абстаракты бейнелерді де белгілі бір фигуралармен орындайды – дөңгелек, тіктөрт бұрыш, ромб және т.б. формаларда.
Ою бір немесе бірнеше декоративті және фигуралардан құралады. Декоративті элементтер қоршаған ортаның материалды дүниесінің элементтері болып табылса, сол элементердің адам өміріндегі мәнінде сипатауға ықпалын кескіндейді. Әрбір аймақта өмір сүретін халықтың өзіне тән ою түрлері жергілікті жерде жиі кездесетін материалды өмірді элементтерінен ою болып бұйымдарында кескіндейді. Мысалы, ресейдің солтүстік өңірінде балықты, шыршаны, бұғыны, түстер, жеңіл, нәзік, көгілдір, жасыл, алтын түсті өңдер қолданады. Орталық ресейлерде қызыл, жасыл, сары, қара түстермен бұйымдарды бояйды. Қазақ оюында қызыл мен көк түстер жиі қолданады. Сол сияқты жылы аймақтарда сары және қызыл түс жиі қолданса, батыс бөліктерде көк, жасыл, қоңыр түстер кездеседі. СҚӨ өнер салаларының бұйымдарындағы бейнелер халықтың арман, идеяларыда мәнерленген. Оларды ерекше символдардан байқауға болады. Египет оюында лотос гулі, ассиро-вавилондықта ананас жемісі, гректерде акант жапырағы, римдерде емен және жүзім, иранда гвоздика, раушан, ирис, нарцисс гулдерімен, сонымен бірге, жануарлар бейнелері де кездеседі, мысалы, жолбарыс, арыстан, піл, құстар сияқты.
Оюлар мазмұны жағынан геометриялық, өсімдік тектес, жануар тектес, космагониялық болып бөлінеді. Әрбір ою заттың қолдану қызметіне сәйкес бейнеленеді. Безендірілетін бұйымдар өзінің флормалары да әр түрлі болып келеді. Осыған байланысты оюларды жіктеуге болады: тұйық, жолақты, торлы. Тұйық ою - өрнектер топтастырылып тұйық қозғалыстар кескінделеген түрі. Тұйық ою симметрия осіне байланысты әралуан болып бірнеше жазықтық бетінде қайталанып келуі де мүмкін. Жолақты ою өрнектердің қайталанып жазық жолақ беттерде екі жақты қайталанып отыратын өрнектер. Яғни, бұйым бетінде жолақ бойынша бір жаққа немесе екі бағытта өрнектеліну. Торлы ою бұйым бетте өрнектердің барлық бағытында орналасқан декоративті элементер. Беттің кеңістігінде бұл өю тұйықталынады. Мысалы, кілемнің бетіндегі ою композициясы үлгі бола алады. Торла оюда параллелограм жүйесімен декоративті элементтер орналасады. Ол жүйенің бес түрі бар: квадратты, тік төрт бұрышты, көлбеу параллелограмды, ромбы тектес, үш бұрышты.
Оюды тұрғызу процессі. Бұйымның формасы, материалдары, аспаптары декоративті әрлеу кезінде, оның шынайы бейнесін беру мүмкін бола бермейді. Осыған байланысты кейде оюды өзгерту қажет етіді. Мұндай декоративті элементтер формасының өзгеру түрін стилизация дейді. Яғни, оюдың артық элементтерінен арылу үшін ықшамдаулар орындалады.
Оюды бейнелеуде декоративті элементтердің келісімділігіне көңіл аудару керек. Ою композициясында негізі болып табылатын шамалар: өлшем, түстер, орталық бөліктер болып табылады. Оюды орындау барысында бір ізділікте жүруін сақтау қажет. Сондай –ақ, қандай аспаптармен орындалады.
Қазақ оюы бұйымды әшекейледе негізгі мотив болып табылады. Бұйымның бетіндегі оюларды қарастырғанда, қазақ шеберлері шеберлікпен декоративті мотивтерді бұйым бетіне дұрыс орналастырғанын, барлық копмозициялық заңдылықтарды нақты, соларды сақтай отырып жасағаны байқалады. Көне дәуірден бері сақталған бұйым бетіндегі декоративті мотивтер реалды өмірдің бейнесін кескіндеуге ұмтылған. Кілем сияқты бұйымдар бетіндегі көріністі бейнелер түріндегі орындалған техника қазіргі кездегі палас бұйымдарында орындалып жатқаны белгілі. Қазақ оюларында таңбалар, символдар, өрнек мотивтері, өмірдің , табиғаттың реалды құбылыстарын сипаттауға бағытталған. Қазақ оюларында нақты төрт түрі жиі кездесетіні байқалады: геометриялық, өсімдік тектес, жануар тектес, космогониялық. Жануар тектес оюларда қойдың мүйізі, екі мүйізі, қисық мүйізі, сынық мүйізі, және жануарлар мен құстардың жеке бөліктері де стилизацияланып бейнеленген. Бұл оюлар бұйымның бетінде жеке түрінде немесе бір-бірімен ұштасып орындалған. Ағаш, тас, металлдан жасалған бұйымдарда доғалданып орыдалған сызықты бейнелер, олардың қайталанып отыруы өсімдік тектес оюларды сипаттайды. Спираль тәрізді ою бітпес, қозғалыс өмірді сипаттайтын символ болса, қалған декоративті элементтердің де өздеріне тән мәндері бар. Гілді өсімдіктердің өзара араласып кескінделуі мәңгі өмір мен бірлікті көрсетеді. өсімдік тектес мотивтерде жапырақ, гүлдер кездеседі. Олар кілем, палас бұйымдарында әр түрлі стилде бейнеленген. Халық шеберлерінің айтуы бойынша аспан мен күнді дөңгелек формада, дүниенің төрт жағын төрт құлақпен, күн сәулесін – шұғыла тәріздес бейнемен. Геометриялық фигуралар ромб, зигзаг, көпжақты бұрышты, меанда және торлы сызықтар да бар. Барлық декоративті мотивтер қазақ оюында өзара үйлесімді ұштаса береді. Қазақ оюының мазмұнын анықтауға, оларды бірінен бір түрге өзгертуге қолайлы. Қазақ оюындағы түстерге келетін болсақ, олардың да мәндері белгілі. Қара түс – ұлылықты, қызыл – күнді, жасыл – жастықты, қоңыр түс жерді, көк аспанды, ақ түс бақыт және байлықты білдіреді. Қазақ оюының ерекшелігі тұйықтылығы, дөрекілігі, үлкен өлшемде, түстер контрасты жағдайда орындалуымен айқындалады.
Бақылау сұрақтары:
ою-өрнек дегеніміз не?
Олардың түрлері;
Оюдың мәні;
Оюларды тұрғызу тәсілдері.
Литература:
Костерин Н.П. Учебный рисунок. М., 1980
Беда Г.В. Основы изобразительной грамоты. М., 1981
Маскевич О. Три цвета радуги. А., 1981
Герчук Ю.Я. Основы художественной грамоты. М.,1998
Адамқұлов Н. Ұлттық қолданбалы қолөнері. А.,2006
Маргулан А.Х. Казахское народное прикладное искусство. А., 1986-1988
Әдіғаппарова Ұ. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері. А.,1999
Байділдайұлы Ш. Қазақтың ою-өрнектері. А.2006
Герчук Ю.А. Что такое орнамент. М., 1998
Кажгинулы Алибек. Органон орнамента. А., 2003
Касиманов С. Қазақ халқының қолөнері. А., 1995
Өмірбекова М.Ш. Энциклопедия.Қазақтың ою-өрнектері. А.,2003
Фокина Л.В. Орнамент. Р.н.Д.,2000,2005
6-Лекция. Сәулеттің теориясы мен технологиясы негіздері.
Мақсаты: картон және қағаздан сәулет моделдерін тұрғызуға үйрету.
Лекция мазмұны.
Сәулет өнері кескіндеме мен графикада сияқты кеңістік дүниесін жазық бетке салмайды. Ол сол кеңістік дүниедегі үш өлшеммен тұрғызылатын ғимараттарды тұйықталған формада геометриылық формада тұрғызады. Кез –келген ғимарат өзінің үш жағымен ескеріледі: функциональды, конструктивті және көркемдік. Осы жақтары негізінде сәулеттің бірнеше түрлері мен стилдері бөлінеді. Сәулет ғимараттарын салу үшін ең алдымен адамның қажеттілігін ескереді. Осыған бпайланысты сәулетті тұрмыстық, қоғамдық-азаматтық, өндірістік, сәндік және т.б. түрлерге бөледі.
Сәулеттің даму тарихында негізгі конструктивті түрлері пайда болды: тіректі-балкалы және аркалы-күмбезді. Кез –келген ғимаратты салуда, оның сыртқы формасы, конструкциясы қолайлы ғана емес, сонымен бірге, көркемдік жағынан әсем болуы да тиіс. Конструктивті формасы белгілі бір идеяда беруі тиіс. Көркемдік мәнері оның орналасу жері, шамасы, жобалануы, сыртқы формасы сияқты белгілерімен айқындалады. Антикалық құрылыс кезінде ғимараттың өлшемдері адамның денесіндегі пропорцияларға негізделеген.
Сәулетті ғимараттарды бейнелеу. Шартты түрде ғимараттарды бейнелеу, алдымен фасад жағынан бастап, оның негізгі фундаментінен бастайды. Оның формалары геометриялық фигуралармен беріледі: тұктөрт бұрышпен ғимараттың терезесі, есігі, қабырғасы белгіленсе, үшбұрышпен ғимараттың шатыры. Осы принциппен көп қабатты ғимараттар да салынады. Олардың бірізді орындалуы конструктивті ерекшеліктерге байланысты да болып келеді. Алғаш ғимараттың фундаментін, фасад қабырғасын, кейін шатырын, терезесін, есігін және басқа бөліктерін салады. Ғимараттың негізгі өлшемін штрих сызығымен белгілейді. , жердің бетінде оналасатын ғимараттың шекарасын тік төрт бұрышты етіп сызықпен белгілеп, оның кеңістік формасын анықтайды. Осыдан барып, сол сызықтың үстіне жіңішке қалыңдықта сызықпен фундаментті бейнелейді. Содан барып, фасад қабырғасын белгілі өлшемге дейін биіктігін тұрғызады, сол қабырғаға тесік және есік бейнесін кескіндейді. Ол бетке қанша қабатқа бөлінетінін де белгіілейді. Ол бөліктердегі тесіктерді сызықтармен белгілеп орындайды. Осылай басқа қабырғаларындағы терезелерді жасайды. Кейін қажет емес сызықтарды кетіріп, ғимараттың шатырын, декоративті элементтерін салуға көшеді.
Бөлменің интерьерін екі түрде салды: фронтальды және бұрышты. Фронтальды интерьер салу үшін тік төрт бұрышты қабырға салады. Кейін көлбеу сызықтармен бөлменің қабырғаларын сызықтармен салады. Бұл кезде өзімен өзі бөлменің төрт қабырғасы төбесі және едені пайда болады. Бөлменің перспективасын салып болғаннан кейін бөлмедегі заттарды орнасалстырып, олардың бейнесін кескіндейді. Ол үшін горизонт сызығы бойынша негізгі нүктелер орналастырады. Ол нүктелер бұйымды перспективада тұрғызуға тоғысу нүктесі деп атайды. Бұйымдардың контурлы сызықтары сол нүктелерге барып түйіндесуі қажет. Қарапайым бұйым болуы да орында. Яғни, төрт бұрышты фигура сияқты. Бұрышты интерьерді кескіндеу үшін горизант сызығындағы негізгі нүктені сыртқы алдыңғы қабырғада бір жағына көбірек ығыстырып соның аймағында шамалы өлшемде төрт бұрышты формадағы сызықтарды қосып, солардың бұрыштарымен картина беттің немесе сыртқы контур сызықтармен қосатын болсақ, онда бұрышты бөлменің бейнесін алуға болады. Бұл жағдайда да заттарды орналастыру жоғарыдағы тәсіл қайталанады. Екі тоғысу нүктесін белгілейміз. Сол нүкетелрге бұйымдардың контур бұрыштарынын сызықтар жүргіземіз.
Бақылау сұрақтары:
сәулет дегеніміз не?
Сәулет өнерінің түрлері;
Ғимараттың моделін жасау тәсілдері;
Картон және қағаздан ғимарат моделін жасау құралдары.
Әдебиет:
Костерин Н.П. Учебный рисунок. М., 1980
Беда Г.В. Основы изобразительной грамоты. М., 1981
Маскевич О. Три цвета радуги. А., 1981
Герчук Ю.Я. Основы художественной грамоты. М.,1998
7 - Лекция- . Мүсіндеудің теориясы мен технологиясы.
Мақсаты: студентті мүсін жұмысын орындауға үйрету.
Лекция мазмұны.
Мүсіндеу бейнелеу өнер түрінің бірі. өзінің атауын латын сөзі «скульпо» деген сөзден құралған, оның мағанасы кесу, аршу деген мән береді. Оыған сәйкес пластикалық материалдардан бұйым жасауда,оның сыртқы бетіндегі артық материалдарды алып тастаумен құрылады. Мүсіндеу реалды кеңістікте ауқымды бұйым болып жасалады.
Ғимараттың жазық бетіндегі әшекей декоративті элементтер жалпайып бедерленеді. Жалпайып жасалынатын бедерлі әшекей элементтер үлкен және кіші болып орындалады. Осыған байланысты бедер екі түрге бөлінеді. Горельеф(биік) және барельеф(төмен) болып. Бейне кескінін горельеф түрінде орындауда, бейненің көлемінің биіктігі материал қалыңдығынан екі еседей жоғары немесе тереңдей орындалуды айтады. Барельеф тәсілімен жазық бетте кескіндеуде, керісінші, бейненің жазық материалды беттің жартысынан төмен қалыңдықта жасалуын айтады. Мұндай тәсілмен орындалған декоративті элементтер сәулетті ғимараттарда жиі қолданады.
Мүсіндеудің мазмұны әралуан: оның жанрларына – монументальды, тарихи, анималисті және басқа түрлері жатады. Монументальды мүсіндеу – тарихи оқиға мен танымал тұлғалардың бейнелерін ескерткіш формасында орындау. Сәндік мүсіндеу – сәндік сипатта қолданып, бау, парк, көпір және т.б. объектілерді декоративті безендіруге қолданады. Сол кеңістік орындарында ол бұйымдар да монументальды сипат та алады. Станокты мүсіндеу – бұл мүсіндеу түрі шынайы құбылыстарды сипаттап, әр алуандылығымен өзіндік ерекшелік алады. Ол түрдің бейнелері кез-келген кеңістік орындарында қолайлы қолдана береді. Мысалы, көрме залында, қоғамдық орындарды, тұрмыстық бөлмелерде сияқты. Оның тағы бірі кіші өлшемде жасалған мүсінше бұйымдар.
Жапсыру – бейне кескінін пластикалық материалдардан жасауда, оның негізгі бөлігіне қосымша пластикалық материалдарды жапсыра отырып ауқымды денені алу болып табылады. Жапсыру материалына – саз және пластилин жатады. Саз – тау жынысынан алынған тұнба. Ол сумен араласа отырып жұмсақ, нәзік, тұтқыр, әртүрлі форма алынатын және кебе отырып бастапқы формасын сақтап қалуға мүмкіндігі бар. Жапсыру жұмысына сазды дайындау төмендегідей болады: кепкен сазды ұсақтап ыдысқа салады. Әрбір ұсақ түйіршегін ыдысқа салуда жеке-жеке бөліктеріне су құйып тұрады. Біртұтас саз қамырын алғанша қолмен араластырады. Егер саз қолға жабыспаса, онда саз дайын болғаны. Дайын сазды ылғал шүберекке орап салқын жерге қойып қояды. Дайын саздан бұйымдар жасап, оларды ауа температурасындай бөлмеге кептіріп кейін муфельді пешке (900 градус) күйдіреді. Пластилин – балауыз, сала және саз құрамынан жасалған материал. Ол жұмсақ және қозғалмалы, өзінің жұмсақтық қасиеті ұзақ уақытқа дейін сақталады. Орындалған бұйым деформацияланбайды, жарылмайды. Бірақ, температураның артуына байланысты пластилин жұмсарып деформацияланады, кейде еріпте кетеді. Пластилин материалымен оқу процессіне қолдану сазға қарағанда әлде қайда қолайсыз болып келеді. Сондықтан оқу процессінде саз ең ұтымды және қолайлы материал болып табылады.
Жапсыру жұмыстарының барлығы адамның саусақтарымен орындалады. Үйлесімді саусақпен және алақан мүсіндеудің шығармашылық туындыларын жасауға болады. Балдардың жұмыстарында көбінесе стектер қолданады. Оның ұзындығы 10-12 см. Стектің ұш үшкірбіз және күрекше формада болып келеді. Стек арқылы артық пластмассалы материалды алып тастауға қоладанды. Сонымен бірге саусақ жетпейтін бөліктерін реттеуге де қолданады. Жапсыру жұмысына тағы тақтайша қажет етеді. Оның өлшемі 20-30 болу керек..оның беті грунтталған және жылтыр болғаны орынды. Күрделі жұмыстар орындалғанда шүберек және ыдыста су құйылып дайындалуы қажет. әралуан формадағы бұйымдар жасағанда төмендегі деформациялау процесстері қажет болады: илеу, жалпақтау, иіру, шымшылау, созу, тегістеу, басу және т.б..
Домалақтап илеу - формасыз пластилин материалға жылтыр бетті шар тәріздес форма беру. Илеу – цилиндар сияқты және жұмыртқа тәріздес форма беру. Жапсыру – шарик формалы пластилинді сыға отырып жазық формалы дене беру. Шымшылау процессінде беттің үстіне саусақтың ұшымен сыға отырып ұсақ жазық бет беру. Аздап сыға отырып созу – созу болады. Бетін тегістеу саусақпен немесе стекпен орындалады.
Помидор бейнесін жпасыру технологиясы. Шарик тәріздес пластилинді аздап сыға отырып сыртқы беттерін ішке қарай қолмен тарту керек. Жоғарғы жағынан баса отырып терең бет беріледі. Сол бетке қуыстарды стекпен жүргізіп бөледі. Пайда болған беттерді саусақпен немесе стекпен тегістейді. Кейін помидор формасының моделімен салыстыра, кеткен қателіктерін түзете отырып жұмысты аяқтайды.
Бақылау сұрақтары:
-мүсін дегеніміз не?
- мүсіннің түрлері;
- мүсінді орындау тәсілдері;
- мүсін орындаудың құралдары.
Әдебиет:
Костерин Н.П. Учебный рисунок. М., 1980
Беда Г.В. Основы изобразительной грамоты. М., 1981
Маскевич О. Три цвета радуги. А., 1981
Герчук Ю.Я. Основы художественной грамоты. М.,1998
8- Лекция. Оқу процессіне безендіру жұмысының технологиясы.
Мақсаты: студенттерді сынгып бөлмелерін безендіру тәсілдеріне үйрету№
Лекция мазмұны.
Шрифт. Педагогикалық практика кезінде оқу-тәрбие жұмыстарының міндеттерін шешуде көптеген көрнекті құралдар, албомдар, қабырға газеттері және дидактикалық материалдар жасау қажет болады. Ол жұмыстар өзінің қызметіне сәйкес болу үшін арнайы дайындық жұмыстары, оны орындау процесстері болуы тиіс. Безендіру жұмыстары көбінесе сызба құралдарымен орындалады. Графикалық безендіруде практикантқа және мұғалімге шрифт жазу іскерлігі жоғары болуы тиіс. Шрифт дегеніміз әріптің сызықты формасы. Алфавиттің барлық әріптерінің өзіне тән конструкциясы және контурлары бар. Шрифтінің формасы оның конструкциясымен байланысты. Әрбір әріп құрылымды элементтерден тұрады – штрихтардан. Оның үш түрі бар: негізгі, қосқыш, засечки, яғни, штрих. Негізгі деп штрихтар әріптің формасын анықтайды. Ол түзу және қисық, вертикалды және көлбеу, жіңішке және қалың болып бөлінеді. Қосқыш штрихтар негізгі штрихтарды біріктіреді, сонымен әріптің конструктивті формасын алады. Біріккен штрихтар әріптің контрастылығын сипаттайды. Засечки немесе штрих қосымша штрих болып табылады. Ол негізгі мен қосқыш штрихтарды толық аяқтап әріптің толық формасын беруге ықпал етеді.
Енді шрифтардың стилдік ерекшеліктеріне тоқталайық.. Гротеск(кесілген) – ең қарапайым және кең таралған шрифтке жатады. Гротеск шрифтінің негізгі және қосқыш штрихтары бірдей қалыңдықта болады. Засечкасы жоқ. әріп суретінде тік штрихтар жиі кездеседі. Бұл стилдегі әріптер қыл қалам және перомен жеңіл орындалады. Египет шрифтасы тік бұрышты засечкамен, және басқа элементтермен тез қосылған. Барлық сызықтарының қалыңдыңғы да бірдей. Ленталы антиква – антиква шрифтасының бір түрі. Оның негізгі және қосқыш түрлері қалың және жіңішке штрихтармен орындалады. Шрифтіні орындау қиын. Итальян шрифтасы – египет шрифтасына ұқсас. Оның негізгі және қосқыш элменттерінің қалыңдығы бірдей бола тұрсада оларды горизонталь засечкамен әшекелейді. Сәндік шрифт. Жарнама қабырғаларда қолданады. Стандартты шрифт, ол өте қолайлы және қарапайым. Ол бір жағынан сызба шрифтасы деп те атайды. Оның элемент қалыңдықтары бірдей. Трафаретті шрифт. Оның түрлері көп. әріптің трафаретін қалың қағаздан кесіп формасын келтіріп жасайды. Бір конструкциядағы кесіліп дайындалған әріппен бірнеше қағаз бетіне копиялар алуға мүмкіндік бар. Сәндік шрифттар әр түрлі әшекей жұмыстар мен безендіру жұмыстарына жиі қолданады.
Әріпті қағаз бетіне салу үшін, оның пропорциясын ені мен биіктігі арқылы анықтайды. әріптің ені, оның биіктігіне қарағанда әлде қайда аздап алады. Мысалы, мынандай қатыфнастарда, 1:1,5; 3:5;3:4 сияқты.
Қажетті әріпті кескіндеу үшін пропорциясын анықтап сол өлшеммен тік төртбұрышты контурмен шекарасын салып, оның негізгі элементінің қалыңдығын береді. Ол элементпен қалған бөліктерін белгілейді. Сол бөлінген жерлерімен торлы сызықтар жүргізеді. Сол сызықтардың бойымен конструктивті формасының қосқыш және қосымша сызықтарды басып жүргізеді. Пайда болған әріптің формасын тушпен немесе бояумен басады. Бұл жұмыстың түрін жылдам орындау үшін перьялар қолданады. Яғни, алдыңғы дайындық жұмыстармен әріпті салу жұмысты болдырмау үшін.
Безендіру жұмысының түрлері. Мұғалім безендіру жұмысын орындау үшін материалдарды алдын – ала дайындағаны орынды. Безендіретін құралды жасау үшін, оның форматын, өлшемін, мазмұнын, санын белгілейтін нобайын жасау қажет. Жазба бөліктерінің орнын анықтау да қажет. Яғни, композициясын құру. Көп композициялы фигураларды кескіндеуге ең қолайлы өлшемді формат 60-80 см. Болғаны ұтымды. Қағаздың беті тегіс, бұдырлығы мәнерсіз, тығыздау болғаны жақсы. Дайын болған құралдардың жиек жақтарын жақсылап бекітіп, оны ілетін тесіктерінде өңдеген орынды. Жазық бетті құралдар таблица, диаграмма, карталар, кестелер, сызбалар, схемалар және т.б.. болып табылады. Цитата жазу үшін жолақ қағазды алып, әріптің өлшемін анықтай, оларды қағаз бетіне қаламның ұшымен түсіре сызып алады. Соның контуралымен перо мен немесе қыл қаламның жолақ түрімен бояйды. Цитатаны әрқашан тік шфритамен, стандарты түрімен жазуы орынды. Иллюстративті плакаттарды орындау үшін, алдымен композициядағы элементтерді анықтап, оларды үйлесімді қағаз бетіне орналастырады. Оның элементтеріне, атауы, бейнелер, жазулар, мазмұны көрсетіледі. Бейцненің атауы қағаздың жоғары бөлігіне жазылса, бейне қағаздың негізгі фонына орналастыра, түсіндірме сөздерді бейненің астынғы бөлігіне орналастыра жазылуы тиіс. Кез – келген жазылған сөздер өте қысқа мазмұнда, нақты және дәл мазмұнда болуы дұрыс. Түсіндірме жазулар ұсақ шрифтармен орындалады. Схема – плакаттың бір түрі. Бейнелі схемалар жалпақтау сызылады. Олардың түстері контрасты болғаны орынды. Схема геометриялық формалармен пребметті жалпылама көрсетеді. Лозунг шрифтары үлкен, қарапайым, тез оқылатын болып жазылуы тиіс.. лозунг қағаз бетіне, картонға, фанерге, акварель, гашь, тушь, майлы бояу, бояу ды преьялармен, қылқаламмен және трафаретпен жазуға болады.
Бақылау сұрақтары:
объектілерді безендіру мәні;
шрифт және оның түрлері;
шрифтіні кескіндеу тәсілдері;
қабырғаларды безендіру жолдары.
Әдебиет:
Костерин Н.П. Учебный рисунок. М., 1980
Беда Г.В. Основы изобразительной грамоты. М., 1981
Маскевич О. Три цвета радуги. А., 1981
Герчук Ю.Я. Основы художественной грамоты. М.,1998
Дерябин А.С. Художественные шрифты. М., 1983
Птахова И. Простая красота буквы. Спб., 1997
Диденко Н.И. Художественное оформление наглядных средств агитации и пропоганды. М.,1978
Соловьев С.А. Декоративное оформление. М., 1987
Смирнов С.И. Шрифт и шрифтовой плакат. М.,1988
9- Лекция. Бастауыш мектепте бейнелеу өнерін оқушыға оқытудың әдістемесіндегі мақсат пен міндеттері. Бейнелеу өнерін оқытудың әдістемесі педагогикалық ғылым ретінде.
Мақсаты: студентті бастауыш меткептегі бейнелеу өнерін оқытудың мақсаты мен міндеттерімен таныстыру және олардың ғылыми-әдістемелік біліктілігін қалыптастыру.
Лекция мазмұны.
Бейнелеу өнер сабағы – оқушының тұлғалық қасиетерін дамытуға мәнді құралдың бірі болып табылады. Бейнелеу өнер оқушының қызығушылық қасиетін дамытуға, эстетикалық қажеттілікке тәрбиелеуге , ойлау және шығармашылық қабілетін, эстетикалық сезімін дамытуға мүмкіндік жасайды. Тұлғаның күрделі құрылымындағы танымдық-шығармашылық белсенділігін айқындайды.
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің міндеттері:
Оқушының эстетикалық сезімін дамыту, әсемдікті түсінуге және өнерді сүюге, қызуғышылық қасиетін дамытуға ықпал беру;
Оқушының алғашқы іскерлігі мен дағдысын бейнелі өнер түрлерін орындауға, әр түрлі жанрдағы бейне кескіндерін жасауға үйрету;
Сурет салуға шығармашылық қатынастарын, көркемдік талғамын, қабілеттерін дамыту;
Оқушыларды шығарма туындыларының түрлерімен, оны жазған танымал суретшілердмен таныстыру, сондай – ақ, бейнелеу өнердің даму тарихымен таныстыру.
Бейнелеу өнерін оқушыға үйрету әдістемесінің мақсаты – оқушының көркемдік-шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, сезімін дамыту, дүниені бейнелі қабылдауға және жеке қабілеттерін дамыту.
Іс - әрекеттің әдісі – қойылған мақсатқа жетуге бағытталған тәсіл. Дұрыс әдістерді қолдана отырып белгілеген нәтижеге жетеміз. Ғылым көптеген іс-әрекеттің әдістерін анықтаған. Бірақ, үздіксіз дамып отырған қоғамда мінеттердің күрт өзгеріп отыруы, сол әдістерді де жаңартып отыру қажеттіліктен туады. әрбір оқу пәндеріне арнайы әдістер мен оның әдістемлелері орын алады. Оның қоры да өте жиі өзгеріп те келеді. Ол әр түрлі құралдарды қолдану себеп болып отыр.
Оқытудың әдісі – оқытушы мен оқушының біріккен іс-әрекеті.. ол оқытудың міндеттерін шешуге бағытталған. әдістеме мұғалімнің оқушымен жұмыстануын қарастрады. Мұнда оқытудың тәсілдері, оқу материалын дұрыс бөлу, оқытудың мақсаты, міндеттері, принциптері, жалпы оқу процессін қарастарды. Бұлар дидактиканың мәселелері болып табылады. әдістеме дегеніміз оқытудың тиңмді тәсілдер және приемдарының жиынтығы. Оқытудың әдісі дегеніміз оқытушының оқушымен біріккен жұмысындағы тәсілдер арқылы білім алушының оқу материалын жемісті игере, оның оқу үлгерімі артуы болып табылады. Оқытудың приемы дегеніміз оқыту әдісінің жеке элементі, сол элементер оқытудың әдісін құрайды. Олардың жиынтығы белгілі бір жүйе құрайды. Ол жүйе әрбір мұғалімде еркін жасалуы мүмкін. Ол жеке жүйелер оқытудың мақсатына, міндеттеріне, принциптеріне сәйкес тұрғызылуы тиіс.
Әдістеме пеадагогикалық ғылым ретінде оқытудың және тәрбиенің әдістерін жасауға бағыттала, оқу процессінің ережелері мен заңдарын анықтауға, оларды психологиялық, педагогикалық зерттеулердің әдістерімен жасап жаңа оқытудың мазмұнын көрсетеді.
Әдістемедегі ғылыми зерттеудің объектісі – бейнелеу өнерін оқыту процессі болады. Зерттеу предметі ретінде оқытудың мазмұны кіреді. Мақсаты бейнелеу өнерін оқытудың ерекшеліктері мен заңдылықтарын айқындау болып табылады. Оның міндетері төмендегідей:
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемелерінің заңдылықтарын ашу;
Озат тәжірибе мен ғылым жетістіктерін қарастыра, олардың бейімді және ұтымды түрлерін қорытындылау;
Оқытудың жаңа мазмұндарын жасау;
Бейнелеу өнер сабағына оқытудың жаңа технологияларын енгізу;
Мектептегі бейнелеу өнерінің болашағын жорамалдау.
Бейнелеу өнерін оқытудың әдістемесі педагогикалық ғылым ретінде практикалық тәжірибелерді қоытындылай келіп, мектептегі бейнелеу өнер сабағына ұтымды әдістерді ұсынады. Ол әдістер сабақтың жағымды нәтижесін беруге ықпал етеді. Оқытудың әдістемесі мұғалімнен эмоциональды, шығармашылық жолдарды талап етеді.
Оқытудың жаңа технологияларын жасауға зерттеу жұмыстарымен жүзеге асады. Ол зерттеу жұмысының әдіснамасына негізделеді. Зерттеудің әдіснамасы зерттеу жұмыстарының әдістер жиынтығынан құралады. Зерттеудің әдістері сол жұмытсрдың логикалық құралымын ұйымдастырады. Сондықтан олар әдіснаманың үлкен бір бөлімі болып отыр. Зерттеу әдістері эмпирикалық және теориялық болып бөлінеді. Бірінші әдістерге: бақылау, сауалнама, тестілеу, мониторинг, эксперимент, тәжірибені қорытындылау, жатса, екінші әдістерге талдау, жинақтау, салыстыру, нақтылау, пайымдау, ұқсастық, индукция, дедукция, моделдеу және т.б. әдістер жатады.
Бақылау сұрақтары:
курстың мақсаты мен міндеттері;
оқытудың әдісі дегеніміз не?
Оқытудың әдісі педагогика ғылымы ретінде.
Әдебиет:
Кузин В.С. Методика преподавания изобразительного искусства в 1-3 классах. М.,1982
Кузин В.С. Методика преподавания изобразительного искусства в начальной школе. М.,1993
Кузин В.С. Изобразительное искусство и методика его преподавания в школе. М., 1998
Ростовцев Н.Н. История методов обучения рисованию. М., 1982
10-Лекция. Бейнелеу өнерін оқытудың дидактикалық принциптері.
Мақсаты: оқытудың дидактикалық принциптері туралы студенттің білімін қалыптасмтыру.
Лекция мазмұны.
Бейнелеу өнерді оқытудың әдістемесінің ережелері педагогикалық ғылымның мәліметтеріне негізделеді.
Біріқ, ғылым практикалық тәжірибесіз оқытудың шеберлігін меңгертіге мүмкіндік бере алмайды. Мектептегі мұғалім оқыту барысында жеткілікті дәрежеде қазіргі дидактиканы біле отырып, оны шығармашылық жағдайда жүзеге асыра алуы тиіс.
Мәнді дидактикалық принциптерге оқытудың тәрбиелілігі жатады. Оқытудың тәрбиелілігінде оқушыларға йдеялық-эстетикалық тәрбиелеу міндеттері орындалады, егер оқушылардың шығармашылық жұмыстары дұрыс ұйымдастырыла, олоар өздерінің сезімдерін, ойларын жеткізе алатын, өздерінің эстетикалық қатынастарын қоршаған ортаға көзқарастары болса.
Ортаны тануға оқушыларға көмектесу, олардың байқағыштығын дамту, өмірдің әсемдігін көре білуге үйрету. Осыған сәйкес мектептің оқу-тәрбие процессі бірнеше міндеттерді шешуі тиіс: оқушының ойлау қабілетін дамтыу, олардың қоршаған ортаға материалистік көзқарасын тереңдетуге және оны қортындылауға бағыттау. Сондықтан оқыту процесінде оқушыға қалыптастыратын білім жүйесі реалды өмірдің шынайы мазмұнын көрсете алуға бейімдеу.
Ғылымилылық принцип – оқытудың теориясында ең мәнді принциптер қатарына жатады. Мектеп оқушыға білімді негізделген және дәлелденген тұрғыда білім берілу тиіс. Суретке үйрететін мұғалімнің міндеті – жазық бетіне кескінделетін бейнені орындау бейнелеу заңдарына негізделуі тиіс. Бейнелеу өнеріне үйретуде оқушыға өнердің реалды принциптері мен әдістері арқылы ойлай алатын дәрежеге жеткізу.
Суретке үйрету барысында оқушыға қоршаған ортаның предметтерін кескіндеудің форма, конструкция, құрылым, орналасуы сияқты мәнді категорияның сипаттарын жақсы бекіту орынды. Суреттің ғылыми негізі перспектива, оптика, анатомия, жарық көлеңкесі сияқты ғылым салаларына негізделеді.
Көрнекілік принцип. Оқушы қоршаған ортаның предметтерін кескідеуде дәлелденген білімді , сол предметердің натуралы формасын қарастыра отырып алады. Натурадан сурет салу дегеннің өзі көрнекілік принципін орындалуы болып та табылады. Бұл мазмұндағы тапсырмада оқушы жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыра, талдау процессін үйренуге, бақылау жасаудың тәсілдеріне, ойлау қабілеттін дамытуға және оны сапалы кескіндеуге ықпал етеді.
Көрнекілік құралдарға гипсті моделдер, басқа материалдардан жасаған моделдер, демонстрациялау құралдары, схема, бейне иллюстарациялары.
Қолайлылық принципі. Қолайлылық принципі мұғалімнен оқу материалын бөлу барысында өте ұқыпты, оның тереңдігі мен күрделілігін ескеруі тиіс. Ол әрине, оқушының білім дәредесі және жас ерекшелігіне байланысты. Біллім мен іскерліктер оқушының қандай жасына және ерекшелігіне сәкес қанша уақытта игере алатын мүмкіндігі бар.
Саналалық және белсенділік принципі. Бұл принцип практикалық жұмыс орындағанда ерекше орын алады. Сондықтан бейнелеу сабағында аталған принциптің мәні зор. Оқушы салып отырған натураны талдап алып, оның ең негізгі бөліктерін анықтайды. Мұғалім сұрақтар қоя отырып оқушыны жұмысқа белсенділігін артыруға мүмкіндіктер жасайды. Осылай сурет орындаудың жаңа тәсілдерімен орынауға оқушы бағыт алады. әсіресе, суреттің композициясын жасауда. Мектеп және пән сабақтары оқушының оқу процессіне саналы көзқарас қалыптасыруға ықпал жасайды.
Жүйелелік және бірізділік принцип. Педагогика ғылымы оқу материалын қатал жүйелілік пен және бірізділікпен орындауды талап етеді. Әрбір игерілетін жаңа білім мен іскерлік оқушының алдында игерген тәжірибесі мен біліміне негізделе үйретіледі. Қиындық және күрделіліктер бірте – бірте артып отыруы тиіс. Осыған байланысты оқу материалдары алдын ала жоспарлы белгіленуі тиіс. Мұндай дұрыс жоспарлану оқушының белсенділігі мен білімінің берік игерілуіне ықпал етеді.
Беріктік принципі. Бұл принцип басқа принциптермен тікелей байланыста. Беріктік принцип оқу материалын оқушы саналы игеруіне, қолайлы оқытудың жасалуы, оқушының белсенділігіне де байланысты. Оқу материалын табысты игеру үшін және беріктік дәрежесі оқужыда артуы үшін түсіндіру кезінде игерген білімге негізделіп отырады. Сондай – ақ, мұғалім сабақтың әдістемесінде әр алуан етіп өзгертіп отыруы да тиіс.
Оқушының жеке ерекшелігін ескеру принципі. Педагог оқушының көркемдік ерекшелігін және қызығушылығын, бейімділігін оқу процессінде жақсы білуі орынды. Сабақ барысында оқушыларды белсенділігіне, жауабына, орындаған жұмысын мадақтау формаларында қолданып отырады. Жақсы оқитын және білімі төмен оқушыларға жеке тапсырмалар бере отырып олардың танымдық біліктілігін арттыруға жолдарын қарастырып отырады.
Тәжірибе мен теорияның өзара байланыс принципі. Суретті натурадан салу және бейнелеу өнерінің басқа түрлері мен көрнектіліктері қоршаған ортаның нақты құралдары болып табылады. Яғни, олар өмірдің тәжірибелік құралдары. Осыған байланысты орындалатын жұмыс түрлері нақты өмір мазмұны. Сонымен бірге, оқушылар экскурсия кезінде табиғаттың бейнесін, құрылыс, өріс және тағы басқа объектілерді өз көзімен көре отырып нақты объектілерді кескіндеуге ұмтылады.
Бақылау сұрақтары:
дидактикалық принцип дегеніміз не?
Дидактикалық принциптерінің түрлері;
Дидактикалық принциптерге сипаттама.
Әдебиет:
Кузин В.С. Методика преподавания изобразительного искусства в 1-3 классах. М.,1982
Кузин В.С. Методика преподавания изобразительного искусства в начальной школе. М.,1993
Кузин В.С. Изобразительное искусство и методика его преподавания в школе. М., 1998
Ростовцев Н.Н. История методов обучения рисованию. М., 1982
11- Лекция. Бастауыш мектепте бейнелеу өнерін оқытудың мазмұны.
Мақсаты: бейнелеу өнерін оқытудың мазмұны туралы студенттің білімін қалыптастыру.
Лекция мазмұны.
Бейнелеу өнер бойынша оқу материалы бейнелеу өнер пәнінде көрсетілген. Оқу пәнінің мазмұны мемлекеттік міндетті білім беру стандарты және типті бағдаврламаға сәйкес орындалған. Мемлекеттік білім беру стандарты 2002 жылы Қазақстанда қабылданған. Оның типті бағдарламасы 2003 жылы білім және ғылым минситрлігі бекітіп баспадан шығарған.
Бейнелеу өнері бойынша базалық білім беру: суретшілердің шығармасы мен өмірі туралы танысу,қаланың сәулет ғимараттарымен танысу, қазақ қолөнерінің мазмұнымен, орыс халықтық кәсіпкерлінің жұмыстарымен, шығармаларымен танысу, ұғымдарды үйрену. Балаға бейнелеу өнері бойынша білімі мен іскерлігін қалыптасрыу.
Бейнелеу өнеер пәнінің негізгі мақсаты – оқушының жеке қабілеттерін, дүниені және шығарма жұмыстарды қабылдауға, көркемдік-шығармашылық қабілеттерін, эмоциональды сезімдерін дамыту.
Мінеттері:
Бейнелеу өнер жұмыстарын және бейнелерін қабылай және орынадй отырып, олардың өзбетімен көркемдік жұмыстармен шұғылдану арқылы тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру;
Бейнелеу өнер түрлерімен сауаттылығын ашу;
Бейнелеу өнер шығармаларымен және суретшілердің өмірімен таныстыру;
Халық өнерінің көркеммдік тілін үйренуге тарту;
Оқушының өнерге меншікті көзқарасын, қызығушылығын дамтыу, әсемділікті бағалау қасиеттерін қалыптастыру;
Бейнелеу өнер түрлері мен жанрларының мазмұнындағы ұғымдарды игеру.
Пәнді қарастыруда объект екі өз раа байланысқан бөлімдерге бөлінеді:
Шет ел және отандық шеберлердің бейнелеу өнері, әр түрлі техникада бейнелеу өнерін орындау; өз бетіндік көркемдік – шығармашылық жұмыс.
Оқу материалдры сабақта мынандай түрлерге бөлінген:
бейнелеу өнер түрі
бейнелеу өнер жанрлары
мәнерлі құралдар
жұмысты орындаудың техникалық тәсілдері.
Пән бойынша оқу бағдарламасы мынандай бөлімнен құралған: сурет, кескіндеме, мүсін, СҚӨ, сәулет, дизайн.
Оқушы бейнелеу өнерін үйренгеннен кейін төмендегі білімдерді меңгеруі тиіс:
адам өміріндегі бейнелеу өнері.
мемлекеттік симолика, тарихи ескерткіштер.
суретшілердің шығарма жұмыстары.
бейнелеу өнер түрлері мен жанрлары.
Оқышы мынандай іскерлікке ие болуы тиіс:
сызықтардың түрін орындай алуы.
материалды-техникалық құралдарды қолдана алуы.
шығарманың тақырыбын, мазмұнын анықтау.
бейнелеу өнер ұғымдарын түсіндіру.
тақырып бойынша нобай жасау.
суреттің композициясын анықтау.
шығармалардың техникалық тәсілдерін түсіндіру.
бұйымдарды қазіргі техникада жасай алу.
оюларды орындау алу.
көрмеге орындалатын жұмытсрды таңдай алу.
Төменде бейнелеу өнер бойынша қолданатын оқытудың құралдары нақты түрде берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |