Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен нәтижелері: - Махамбет туындыларындағы коннотаттық семантиканың жүзеге асу жолдары, мақсаты анықталып, олардың көркем мәтін тіліндегі мағынасы ұлттық-танымдық, мәдени-тарихи тұрғыдан қарастырылады;
- Махамбет поэзиясының тілдік деректері негізінде көркем шығарманың астарлы мәтіні (подтекст) мен коннотаттық компонент арақатынасы қарастырылып, оның (коннотацияның) астарлы мәтін қалыптастырудағы маңызды рөлі айқындалады;
- белгілі бір тілдік деректердің коннотаттық мағына мазмұнын айшықтау барысында өзге зерттеушілер тарапынан бұрын сипатталмаған Махамбет сөзқолданыстары мен өлең жолдарының үстеме мағынасы мәнмәтін мен тарихи орта (предметно-событийный фон (К.А.Долинин)) байланысында талданады;
- Махамбет өлеңдерінде көрініс тапқан жыраулар поэзиясының сөз үлгілері (жеке сөз, сөз тіркестері немесе өлең жолдары) таза лингвистикалық себептер мен дәстүрлік сабақтастыққа байланысты танылып, сыртқы формасы, құрылысы жағынан сай келгенімен, өзге тың мазмұнды, ерекше мәнді қамтитын дүниелер екеніне назар аударылады;