Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Күшін жойған


-1-бап. Денсаулық сақтау технологияларын бағалау



бет50/129
Дата06.01.2023
өлшемі216,25 Kb.
#165091
түріКодекс
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   129
Байланысты:
денсаулық туралы кодекс

64-1-бап. Денсаулық сақтау технологияларын бағалау

1. Тегін медициналық көмектік кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өтеу тізбелеріне (тізбелерінен) енгізуге (алып тастауға) ұсынылатын денсаулық сақтау технологиялары денсаулық сақтау технологияларын бағалау объектілері болып табылады.


2. Денсаулық сақтау технологияларын бағалауды жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.


Ескерту. 12-тарау 64-1-баппен толықтырылды - ҚР 28.12.2018 № 211-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

4-БӨЛІМ. Фармацевтикалық қызмет және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы



Ескерту. 4-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2018 № 211-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

13-тарау. ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
65-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының жүйесі

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының бірыңғай жүйесіне:


1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері;


2) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы және оның аумақтық бөлімшелері кіреді.


Ескерту. 65-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2018 № 211-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).



66-бап. Фармацевтикалық қызметтің түрлері

1. Фармацевтикалық қызмет жоғары немесе орта кәсіптік фармацевтикалық білім алған жеке тұлғалардың, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың кәсіптік қызметін қамтиды.


2. Фармацевтикалық қызмет мынадай түрлерді:


1) дәрілік заттарды өндіруді;


2) медициналық бұйымдарды өндіруді;


3) дәрілік препараттарды дайындауды;


4) медициналық бұйымдарды дайындауды;


5) дәрілік заттарды көтерме саудада өткізуді;


6) медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткізуді;


7) дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізуді;


8) медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізуді қамтиды.


Ескерту. 66-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2018 № 211-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет