Ахмет Тоқтабай: Сіз бен тағы бір күн сөйлесуге болады екен ғой?
Сабыр Хамзаұлы:Ойбай қарағым деңсаулық жоқ, өзі бір күн ауыру бір күн сау.
Ақсақалдардан естідік. Ақсақал біздің тұқымдардың шалдары, менім әкемде би болған адам. Ал енді жазылғаннан мына құлақтан істіген дұрыс, мына бұл кісі ұмытпай айтып отырған себебі ертеден қалып қалған. Анау шалдар әңгіме айтқан біздің үйдің жанында әкемнің немере інісі болды. Мырзагелді деген ол кісі ол уақытта агроном болмайды, әлгі старсты дейді, колхозда агро старасты болды. Агроном деймейді, ол уақытта әлгі старсты үй арасы жоқ, көрші тұрдық. Бір нарсе сұрап барам балам күнімен, сонда осындай бір әңгіме бастайды әлгі кісі, әлгіні аяғынан дейін тындаймын. Мен өмірі жазғамын жоқ әңгімені, сол әңгімені қолыма-қол ұғып алам. Сосын Алпысбай деген ағай болды, тоже үлкен кісі ол кісі жанағы Алпысбай деген ағай, жаңағы Баубек кім деген Кенесарының туын ұстады дедім ғой ту бегі деген ат қойды, соның ұрпақтары Алпысбай деген.Ол кісі де әңгімешіл. Солардың жанында отырып әлгі ол уақытта соғымға тойға шақырады шалдар жиналып алып үлкен әңгімені айтады, сонда отыра қалғанда тыңдаймыз. Сонда сол шалдар айтады түбінде осы осыда қалады әңгіме деп мені көрсетіп айтатын. Бірақ керек қылмадық қой әңгімені кешегі Совет Үкіметінде әңгіме керек қылдық па?
Ахмет Тоқтабай: Онда аға әңгімеңізге көп рахмет, тағы да бір кездесемін сізбен.
Сабыр Хамзаұлы:Енді оны құдай біледі.
Ахмет Тоқтабай: Жоқ, осы
Сабыр Хамзаұлы:3-4 күнде жақсы өте тамаша әңгіме айттыңыз.
Арлан, Шамай анау қарақайлап шабады екен, бұл бөлек әскер ұстаған Арлан, Шамай Қарауылдардың балаларынан. Сонда мына жауға шапқанда, қарақайлап шабады екен. Соған екеуі сиыспай, сен «Абылайлап» шаппадың деп Кенесары қыр көрсеткен ғой. Бұл да әжептәуір әңгіме. Содан ақырында бөлініп, мына Құмдыкөлге барып, Құмдыкөлдеқайтты ағайынды екеуі.
КүләшРахымжанова:Енді Абылайханның өзін ақ киізге отырғызған осы орта жүздің жігіттері ғой.
Сабыр Хамзаұлы:Иә.
КүләшРахымжанова:Шынын айтқанда.
Бұлар қырғызға барған жоқ кешегі Арлан, Шамай. Қырғызға бармай бөлініп қалып қойды осы жерде. Оны білмейтін біреулер айтады: Арлан,и Шамайда барған дейді. Барған жоқ ол мына Құмдыкөлде қалып қойды.
КүләшРахымжанова:Енді мына бір ашық тұрған әңгіме бар. Мынау Айдабол батыр дейді ғой.
Сабыр Хамзаұлы:Иә, мына Айдабол Павлодардың аталары.
КүләшРахымжанова:Ол, Павлодардың аталары, мен оны да кішкене оқып, зерттеп көргем. Бірақ, Павлодардың аталары болғанымен, Айдабол деген мынадай қалың кітап шығып тұр, ұрпақтарының шығарған. Бірақ, сол Айдабол батырды мына сіз шектеп айтып отырғандай шектеп ешкім шығармаған. Өздерінің ұрпақтары жіктей алмаған екен. Кітапта нақталап, солай-солай жазылмаған. Сондықтан бір уақытта Айдабол батырдың шеті келіп бізге тіреліп тұр. Біздің жерге. Ол да тарихпен нақты ашылмаған. Бірақ мен ана Павлодардың керемет ғұламалары, керемет нелері бүйтіп шешпегеннен кейін, тағы да мен ойлаймын, бізге жерге келіп тірелуі несі екен? Мүмкін бір причинасы бар ма деп.
Сабыр Хамзаұлы:Павлодардан Жұмашәмен маған келді, біз ол кезде Красновкада тұрамыз.
КүләшРахымжанова:Иә, иә.
Сабыр Хамзаұлы:Жаңағы айтқан кітаптың біреуін маған әкеліп берді. Шежіре.
КүләшРахымжанова:Иә, иә. Өзінен бала-шағасына дейін.
Сабыр Хамзаұлы:Сосын өзі профессор адам екен. Ішіне жазып әкеліп берді маған. Сосын оған біреу айтқан ғой, білсе сол кісі біледі. Айдабол деп неге қойылған? Сосын мен айттым, анау кісіге, өзі үш машинамен келді. Біздің мынау Шоқан Уалихановтың институтінде бір қарындастары бар екен. Ол да келді. Сосын мен айттым, ерте уақытта Айдабол батыр Керекудікі дейді естуімізше. Біз ол уақытта баламыз ғой. Үлкендер әңгіме қылып айтып отыратын. Сол бір жорықтардан келе жатқанда, болмаса біреу қонаққа шақырған ба, анау Айдаболдың тұрған жеріне келіп, манағы Айдаболды қарсы алып, біздің аталарымыз, әлгі отыз күн ойын, қырық күн тойын дейді ғой, сондай қарсы алып, той жасап, осы Айдаболдың тұрған жерінде. Сол артынан би болыпты әлгі кісі қартайған кезде Айдабол. Соның атына қойылған деп үлкендер сөйтіп айтып отыратын. Ал нақты мен өзім білмеймін. Бірақ айтылуы осылай дедім. Мынау нақты дұрыс сөз деді. Сосын манағы кітапты машинасынан алып келді де, шетіне жазып, маған тапсырып кетті.
КүләшРахымжанова:Көрдіңіз бе, менің сандырағым тура келіп тұр, олардың өзі жіктей алмай тұр, сондықтан манағы несі дұрыс па, қате ме біле алмай отыр. Өйткені ана кітапты мен қарасам, ішінде іліп алардай ештеңе жоқ.
Иә.
КүләшРахымжанова:Анау ненің Павлодардың керемет жазушыларын, ғұламаларын, бертінгі 53-60 жылғы азаматтар жазып-жазып келеді де бүгінгі бала-шағаға дейін тіркейді.
Иә, оның ішінде только шежіре
КүләшРахымжанова:Айдабол батырдың ұрпағымыз деп келтіреді де, Айдаболдың өзі қай жылы туған, қай жерде жерленген, соның барлығы жоқ кітапта.
Олар жоқ. Только Айдаболдан кім тарайды, сол шежіре ғана.
КүләшРахымжанова:Вот, вот, вот...мен содан кейін ойлаймын. Ааа...бұларда онда ең күшті немен жүр ғой деп ойлап отырмын.
Ахмет Тоқтабай: Сәкеннің «Көкшетау» деген поэмасында Қажымұқанды айтады. Бірақ қос бармақ дегенді мен естігенмін, бірақ, оқыған жоқпын. Сәкеннің «Көкшетау» поэмасында Қос бармақ деген жоқ.
КүләшРахымжанова:Ол бар ғой тарам-тарам, әрбір тарауы бар оның, ол поэма өзі 18-19 ауызбен ғана тоқталады ғой. Ол бөлініп неше түрлі Оқжетпес, Жеке батыр, анау-мынау, сондай...
Қажымұқан деген бар.
КүләшРахымжанова:Толып жатыр оның ішінде. Өзі жеті кітабы бар Сәкеннің. Жеті кітаптың сол, әлде алтыншысы ма, бесіншісі ме, біреуі осы нақты осы жерге арналған.
Ахмет Тоқатабай:Жаңағы оқиға айтыла ма?
КүләшРахымжанова:Айтылады. Сосын анау «Тар жол тайғақ кешуін» оқыдыңыз ба?
Ахмет Тоқтабай: Оқыдым.
КүләшРахымжанова:Соның ішінде де көп бір әңгімеленген, естіген әңгімелерін жазған жерлері бар. Осы Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасы жалғыз-ақ кітабы емес қой. Көп оның кітабы.
Сабыр Хамзаұлы:Алдынғы жылы Шамайдың зиратына бардым. Анау Сандықтаудың Құмдыкөлге қарай баратын жерінде лесхоз бар, Маралдинский деген.
КүләшРахымжанова:Иә, Маралды лесхозы.
Сабыр Хамзаұлы:Сол Маралды лесхозынан алыс емес ағаш ши үй қойған екен Шамайда. Алдыңғы жылы мынау сол Самайдың ұрпақтарын шақырып, мына Балқаштың мешітіне, соған бардым. Сосын мен айттым, Самайдың зиратын білесіңдер ме? Білеміз дейді. Ендеше сол басына барайық, аят оқимын басына. Содан алып барды. Мына ар жағында Маралды лесхозында бір жиренше біледі екен жатқан жерін, адам табатын жер емес, бір ағаштың бір қуысы, ағаш тығып кеткен, оның үстінен бір қалың шөп шыққан. Ешқандай белгі жоқ. Сосын әлгі Шамайдың ұрпағы, мен айттым, сендер мешіт саламын деп, мені сол мешіт салуға ішінде бол деп шақырыпты, мен айттым айналайын дедім, сен мешіт салма, мынау атаңның басына бір мұнара орнат. Белгі орнат. Ертең сенің ұрпағын анау жаңағы қойған жердің Шамайдың ешкім де таба алмайды. Сенің көзің кеткен соң, ол қалады атаусыз.
КүләшРахымжанова:Дұрыс айтасыз.
Сабыр Хамзаұлы:Ал сен белгі қоятын болсаң ол ұрпағыңа ертең ол өмірлік белгі болады. Сег мешіттен бұрын ана атаңның басына мұнара тұрғыз дедім мен. Сондан бір ана кім Айдос Әбуталып барған екен менен бұрын. Бір жыл бұрын. Солар аят оқып бір тұрба(труба) шаншып кетіпті. Темір тұрба. Сосын айттым, аят оқып болғаннан кейін, ал қарағым енді мешіт саласың ба, не саласың өзің біл енді...
КүләшРахымжанова:Айту парыз..
Сабыр Хамзаұлы:Сол енді не мешіт жоқ, не атасына не орнатқан жоқ басына
КүләшРахымжанова:айтылды қалды.
ХАМЗИН САНСЫЗБАЙ
Ауылда Зекет ауданында ауылдың ішінде Ақылбайың, Мәдениетің, Қарабұлағың, Жаңатілегің, терең қазақ ауылдары Абылайхан, Мәдениет, Қарабұлақ, Жаңатілек 4 ауылдарымыз таза қазақ ауылдары
Қарабұлақ мына Зерендімен шектесетінбе?
Иә иә иә
Бізде ана Зерендіде Исаковкада болғанда сонда айтты Қарабұлақ қазақ ауылы деп
Дұрыс айтасыз Исаковкіден арман қарай сол анау Ақылбаймен Баянбай ауыл аралас басқа ұлттар бар украинце мартфа деген ұлт бар орыс, неміс басқа ұлттар онда енді орыс мектептері мында қазақ мектебі мәдениет үйдерімен дәстүрімен сондай сондай дәрежеге жеткен ауылдар сондай совет үкіметі уақытынан ал енді бізде қоғамымызда 450 кісі жұмыс жасайды, ауыл шаруашылық кешені бар, сиыр сауылатын фермасы бар сүт өндіретін зауоты бар сүт өндіретін несі зауоты Шучинск қаласында тұрады 18-20 не дәмдер шығарды сүт тағамдарын құрты бар ірімшігі бар сүті қаймақ майыбүкіл сол. Енді бірінші сол тазалық экологиялық сүт өнімдернің шығарып дайаршы шөп Бурабай ауданы санотриялары барғой санаториялар емге келетін кісілер сол санотория таза қоғамдарының табиғат недерін шығарып содарын бір, екінші басқа қалған недерді дүкендерге апарып тапсырамыз супермаркеттірге шамалап Астанаға шығамыз біз. Астана қаласына аптасына 3-рет апарып тұрамыз.Сонда сол ол бір, екіншіден 1200 бас сауылатын фермасытта шет елден келген сиырлар. Венгрия Республикадан келген. 2008 жылы сол ферма ашылды. Проект бойынша 18600000 тг бөлінді оның ішінде 16350000 тг ақша қаражаты кредит бойынша мынау КазАгроФинанстан алынды, қалған қаражат өзіміздің компаниямызыдың ресурсынан шықты вот сол. 2009 жылы сол ферма ашылды елбасы Нұрсылтан Абишич Назарбаев келіп ашты болды бұл фермамызда ол кісі енді біздің қоғамызда уже 2 рет болып кетті биыл тамыз айында үкімет үйінің төрағасын қарсы алдық Масимовті.Сол үлкен бір совещания өтті бізде сол енді айта берейік арман қарай не айтайық енді компания бір үлкен болғасын Бурабай бойынша бізде аудан бойынша ең үлкен компания біз енді вот сондай вот 60 мың гектар өсімдік егін қарамай мал шаруашылығың кешегіне не табиғаты недерді жасаймыз сол сондай егін жасаймыз испортный техникалар бар бізде комбайндар импортный джундер класстар Америкадан келген Германия мемлекетінен келген техникалармен жұмыс жасаймыз. Сол техникада өзіміздің қаракөздеріміз жұмыс жасайды жалақамызды ай сайын беріп тұрамыз орта былай қарағанда 96 мың тг. шығып тұр бізде ал енді арман қарай айта берсек енді сондай дәрежеге жетіп отырмыз бірақ енді бүгін саясатты біз түсінеміз жер мәселесі туралы айты атырған беру керек па бермеу керекпа шет ел компанияларға.Әрине біз енді оны саясатты Елбасы шығарып жатқан үкімет шығарып жатқан ауылшаруашылық кешенде жұмыс жасап жатқан азаматтар оны қолдайды.Себебі беру керекпа бермеу керек па оны әрине айтып атырғой халық шешу керек үкімет шешу керек.Бірақта енді халықта сыртта қалып жатқан жоқ енді ойдарын айтып атыр алғасын енді дұрыстап ұстау керек ол жерді уақытымен егін егіп оған удобрения арам шөппен жұмыс жасау керек уақытымен жақсы жақсы тұқымдармен егіп бұндай жақсы жақсы биік биік.
Енді жерді сату ол біздің халықта өмірі болған жоқ сол аренда
Аренді иә жолғау беруге болады оны тек қана заңды тіркеп нету керек жалға берсеңіз оған енді дұрыстап қарау керек дұрыстап қарамаса шет елден келіп жатқан инвесторларға заң бойынша тіркеп қайтадан алып басқа жұмыс жасайтын кісілерге беру керек деп солай санаймын.Ондай ойларымыз бар біздің ал енді біз енді әрине тек қана жер мен ғана байланыспаймыз айналыспаймыз мектеп болған соң ауыл болған соң жол мәселесі свет мәселесі көмек қолдарымызды жасаймыз.Біз былай айтқанда жылына компания бойынша 2-3 миллион қаражатты бөлеміз сондай көмекке анау жанағы Исаков деген ауылды біліп жатырсыз. Қарабұлақтан Исаковқа 18 шақырым жер бар сол 18 шақырым жердің жолын ремонттаттық біз өз күшімізбен асфальт салған жоқпыз но ремонт жасадық жуырда осы ауылдың тұрғыны Нұрлан деген Астанада тұрады көшіп кепті бір он жыл болған бірақ сіздер өздеріңіз көрдіңіз. Бурабайдан осы жаққа кележатқанда жолдың қандай екенін төмендеу төмендеу сол келіп отыр маған рұқсат сұрап мен келіп қарсы алдым сол кісіні айтады осы ауылдағы ауылдастарымыз осылай енді әр адам семьямен балалары оқып бітіріп кетіп қалды сол балалардың артына барып жатыр Астана болсын Көкшетау болсын Шучинск болсын.Ол жігіттер айтады осы ауылға келеміз айта ораза айы ішінде зираттың басына барамыз осылай жол совсем нашарланып кетті.Сол жігіттер қосылып келісіп әркімнің қолы жағдай қаншаға жетеді қаражатпен ба, техникамен ба көмектесіп сол ремонт жол жасаймыз деп.Сондай ой мен келіп атыр вот әрине жігіттер бар намыстары ойлайтын ауылдың жағдайын сондай немен айналысамыз көмектесеміз ауылға қариялар күндерінде мектепке барып жатқан оқушылар. Ал енді дәстүр туралы тарих жинап жатсыздар сіздер жақсы ол жеткізу керек халыққа көбі білмейді мен өзі негізі туған елім ауылым Ресей Омбы облысы Есілкөй ауданы Қасқад аулы дүниеге келгем.Мен Каскад деген ауыл бар естісеңіз Алматыда Мадиевтер деген үлкен ағаларымыз сол жақта Ромин Мадиев ол Омбының өзінен ал Мадиевтер деген Қайыржан, Ғалымжан деген Қайыржан ағамыз ол кісі Жезказған облысынан ғылым жағынан образования жағынан басқарды облысты кезінде сондай сондай кісілер бар бізде ауылымыздан шыққан .
Омбы облысында болғам мен бір қазақ мектебі бар Қызыл тумен шектесетін
Одеский ауданында шығар сіз Қызыл ту ауданымен шекарада
Жамен деген ауыл старый жамен дейді уже Кеменгеровтер болдығой қазақтың алғашқы Алашорда соның тұқымдары тұрады екен сонда болғам.
Менікі біздікі ауылымыз Қасқатауымыз Шекарада Солтүстік Қазақстан Мағжан Жұмабаев атындағы аудан барғой, бұрын Булаев ауданы болған.Сол шекарада сол Қасқатауылымыз Есилгол ауданы 120 үй бар қазақ ауылы. Совет Үкіметі уақыты кезінде қазақ мектебі болып тұрған мәдениет үйі болған совет үкіметі уақытында мен өзім сол мектепке қазақ мектебіне бардым. Қазақ мектебінде оқып 2 класс 74 жылы әке шешеміз Солтүстік Қазақстанға көшіп келді.Мына Мағжан Жұмабаев атында аудан қазір ол кезед Вазышин ауданы сонда Қазақстанға келіп орыс мектебіне бардымғой.Мен Ресейде тұрып қазақ мектебіне оқып, Қазақстанымызға келіп орыс мектебіне бардым сондай сондай бір жағдайлар болған.Ал енді бүгінгі уақыта әлі сол қазақ мектебі бар. Ресей шекарасы бойынша сол біздің қазақ мектебіміз Қасқатау мектебіміз Мадиев атында мектебі.1993 жылы Ресей Федерациясында бірінші орын алған Америка примеиясы деген Сорос деген сол премияны алған. Көрдіңізба қалай мықты-мықты қазақ мектебі.Мықты-мықты мұғалімдері бар қазақтың дәстүрін нағыз сол ауылымызда бар онда сіздерге сол жаққа бару керек Таке Қасқатаумызға барып
Омбы жақта болдым
Ағайындар бар қарсы алады звандаймыз сол жақа барыңыз сол жақтың дәстүрін жазып кетіңізші енді тарихқа еңгіздіріп Алматы бойынша
Келешекте барамыз
Қашан барасыздар?
Ендігі жылы
Ендігі жылы келіңіз телефонымызбен хабарласып, қарсы аламыз аржақ жігіттер бар ағайындарымыз бар сол жақтың тарихын жазыңыздар ол жақтада мықты мықты қазақтардың азаматтары шыққан.
Аты жөніңіз кім?
Аты жөнім менің фамилиям Хамзин есімім Сансызбай Бөтібайұлы 1993 жылы әкемізге уақыт болды 58 жасында сонда әкеміз марқұм елімізге апарады
Сонда көшіп бардыңыздарма?
Жоқ 93 жылы әкемізге уақыт болған қайтыс болғанда сонда апарып қойдық елге ауылға Қасқатауына. Қасқатау деген Қасқатау деген ауыл бар үлкен
Мектептің аты қалай аталады?
Мадиев деген.
Мадиев атындағы орта мектебі
Мадиев атындағы орта мектебі дұрыс айтасыз Замзагүл.
Андағы телефоныңызды жазып алайқ.
87756688323
Келесі жылы онда жоспарға қояйық
Жоспарға қойыңыз
Жазып қояйық Омбы қаласы
Омбы қаласы Есилкол ауданы Қасқат деген ауыл.Бұрын Лесной деген совхоз болған соның отделениясы ғой ол жақтыңда саясаты бир кишкене өзгеріп жатыр енді Ресей Федерациясында ауылда бұрын мал шаруашылық кешені болған жер мады бүкілін орыс содеревдерге жіберді жұмыстардың орындарын қысқарттығой ал енді жерлерде мықты мықты орыстар барғой арендаға алып арендыға алса сол Қасқатауымыңның жерлерін беріп жатыр көрдіңізғой жұмыстарды қысқартып қысқартып кәзір енді жастар қалып жатқан жоқ көбі кетіп жатыр шынын айту керек Қазақстанға келіп Қазақстанда білім алып Астана қаласында көп жастар істеп жатыр Петропавл қаласында бұрыңғы совет уақыты кезінде біздің оқушыларымыз 8 классты Қасқат мектебінде бітіріп 9-10 сыны нені Петропавлда жалғыз бір Солтүстік Қазақстан бойынша бір мектеп болды интернат сол интернатқа сол Қасқат ауылынан балалар барып 9-10 сыныды бітіріп сонан үлкен сонан үлкен білімге кететін Алматыға баратын көбнесе осы Алматыға кетеді. Наурыз айы болсын Қазақтың дәстүрі мейрамдар болады ол мейрамдарға біз енді қаражат бөлініп дастархан жайып біздің қазақтың несін дәстүрін көрсетіп орыстарға көрсетеміз енді қазір енді басқашағой енді қазір орыстарда біледі ол дәстүрерді анау былтыр 14 жылы наурыз айында 22 наурызға Ақылбай ауылында совет үкметі уақытынан қалған ескі столовый бар еді соны жақсы ішіне евро ремонт жасап кафе жасадық халық үшін деп соны 22 наурызда аштыққой бүкіл елден келіп жақсы енді тойда болып жатыр думанда болып жатыр сол кафеде заведуші кафе орыс келіншегі Галина Ивановна ана жолы барсам сақылдап тұр анау орыс әйелі о бізде Сансызбай Бөтібайевич қалжа өтті, құрмалдық өтті, той өтті прям сақылдап қазақша құрмалдық одар білмейтін құрмалдық не қалжы деп қазір сақылдап айтып тұр прям солай өтті беп Аманжол ... Көрдіңба өзім қуандым кішкене
Жылқы ұстайсыздарма?
Ұстаймыз шамалы жылқы бізде 30 бас қана бізде мынау қазақ малы барғо ақбас сиырын ұстаймыз гдето 500 бастай бар қой бар шамалы бір 600 бас
Келешекте енді мына қазақтың төре түлігі дейміз түйені естеріңізден шығармаңыз неге десен мен қытайда жие болам қытайда қазақтар түйені қаты өсіріп жатыр түйенің шұбаты сосын түйеге аса көп не ғой не прихатливый анау шөптің басын болсада жей береді ол түйенің пайдасы көп осы Бурабайда түйе өсірген байлар болған атам заманда соны мысал үшін түйе өсірсеңіздер мысалы Моңғолия қазақстарында болғам мен ол жақта әзірше біздің қазақтар үйренегнше -3-4 семьяны алып келсеңіз түйе өсіретін түйе не білмеймін қытайдан алып келуге болады моңғолия жеңілғой сонда мысла осы жақа түйе өсіріп жіберсеңіз ол енді өзіңізге де пайда болады халыққа да керемет нәрсеғой жалпы мына жердегі санаторияларғада шұбат беріп тұрасыз түйенің өзі қазақ қасиеті жануар дейді бұл Тәуке хан тұсында мынандай заң шығарған екен басқа мал мысалы сізге жерге түсіп кеттіғой сіздің жеріңізге менің малым түсіп кетсе айыппұл төлейсіз ал төтртүліктің ішінде осы түйе айыпұл төленбейді екен мұның өзі сондай заң болған неге десең түйе ол аса мына табиғаты бүлдірмейді жаса жаңа бұтасын жейді жылқы сияқты емес жылқы түссе мына шөптің түбірі ғана қаладығой ұстарамен кескендей жеп қояды жанжақты болу үшін бұл кісі атам заман осы түйеніде ескеріңіздер келешекте.
Мен презиленттің басқармасында қызмет жасап жүрдім сол кезде 2008 жылы міне өазір жолда келе жатқанда Қымызнай деген ауылды өтесіз ол Қымызнай аулында ол не президенттің басқармасына жататын ол бір не ауыл шаруашылық кешені Астана өнім деген бар бір үлкен кәсіп орын Астанадан 70 шақырым жер Целиноград ауданында Краснояр ауылында сол солы жылы 2008 жылы ашылғанда біз атырау облысынан Ақтөбе облысынан сол жақтан түйелерді әкелдік қазір сол кешенде 90 бас түйе бар шұбат жасайды сол мен жаңа айтып ватырмын президенттің несіне резиденциясына ұкмет үйіне сосын мына санаторияларға сол шұбаттарды апарып сатады қымыз жасайды ода да 250 бастай жылқы ұстайды олар. Сауынды бие где то 1 тоннаға ддейін қыыз жасайды олар санаторияға апарады Бурабай ауданы бойынша жігіттер бар Жылқыбай деген жігіт бар санаторияға қымыз апарады түйенің несін бағасын білеміз пайдасын себебі мен сіз жаңағы сіздің сөзіңіз таң ертең 24 кз ті таң атпай тұріп соны қараймын қарап отсам Астанада жуырда Атырау облысы келіп недерін өнімдерін әкеліп базарға стаып жатыр сонда айтып жатыр түйенің еті мың теңге екен базарда соның пайдасын еттің несін айтып кальций бар холестерин өте төмен екен өте пайдалы адамның несіне денсаулығына сондай айтып жатыр сіздің сөзіңізді айтып жатыр Суыққада ыстыққада шыдамды бір мал ғой ол енді сол сондай жағдай.
Енді Алтай жақтың түйелері бұлар жүнді сондай болып келеді қос өркешті
ШАЙМЕРДЕНҰЛЫ БАЙМЫРЗА
Аты-жөніңізді жазып алайын
Баймырза Шаймерденұлы. Менің негізім, мынау, мына жерде жиырма шақырым, Жанаталап деген жерде туып өскен жерім. 61-ші жылы осы совхозға келдік, содан бері осы совхозда тұрып жатырмыз.
84 жастасыз ғой, ия?
86-да де
А, 86 жастасыз.
31-ші жылғы.
Өзіңіз шопан болып істедіңіз. Ия?
Көп жыл, 28 жыл осы совхозда қойда істедім. 14 жыл колхозда істедім. Колхозда жай істедік қой.
Еліңіз,руыңыз?
Руым қарауыл, атығайдың баласымын. Орта жүз арғынға жатамыз біз.
Енді, бірінші сұрақ мына осы жақтың елінің-жерінің бұрынғы Николай патша заманында қалай болды осы жер, содан кейін осы елден шыққан атақты адамдар би, батыр, әулие- әмбие, молда, қожа солар туралы айтсаңыз.
Енді, Николай патшаның тұсында, жай аңыз,біз енді көргеніміз жоқпыз ғой оны. Николай патшаның тұсында байлар болған дейді, кедейлер байларда жұмыс істеген дейді. Одан кейін, мынау совет үкіметі орнына, енді оны өздерін жақсы білесіз ғой. Совет үкіметі орнында байлардың малын алып, өздерін жер аударып, неше түрлі аласапыран уақыттар болыпты ғой. Одан мынау 31-ші, 32-ші жылдары ашаршылық уақыты болыпты ғой.
Сол ашаршылықта болған әңгімелер жайында білесіз бе, қанша, қалай қырылды халық, қалай жасап жатқан?
Мынау, мына жерде төрт шақырым жерде Ынталы деген совхоз болды, 28-ші жылы құрылыпты. Мына, алдымызда жиырма бес шақырым жер Аңғал батырдың атын беріп, Аңғал деп 25-ші жылы колхоз болыпты. Сонда колхоз болып, мынау Құнанбаев Жангел деген кісі басқарма болып, сол кісі халықты көп қырды дейді ғой. Содан бері жоғарғы жерде арыз беріп сол кісіні бір түнде алып кетіпті дейді.
Ие, сол халықты қырғанда, қалай, не істеген екен сол кісі?
Халықты қырғанда, мынау, әлгі, Голощекиннің уақыты ғой. Сол халықта жүз бие сауатын дейді, районадан келген кісіге ғана беріп, өздері ішіп, халықты қырған дейді.
Аты- жөні кім дедіңіз?
Құнанбаев Жангел деген кісі. Мынау, Шанжанова Розаны білесің бе Алматыдағы?
Иә, иә. Білемін, білемін.
Әлгі Қытайдың елшісі болған. Вот сол Шанжан қызы болған.
Ал енді, сол Шанжанды көргенмін сол кісіні. Бұл кісі өте ақылды, өте білімді адам болған екен, Роза Шанжанова.
Ә, Қытайдың елшісі болған ғой?
Иә, иә.
Одан кейін уқыттарда, мынау, енді бір аңыз, мына әкем айтатын, колхозға кетті, қалаға кетті деп, Ынталыда жалғыз қалдым депті. Жалғыз үй қалып, атым бар еді, алдынғы аяғына, артқы аяғына түсеу салып жанында отырамын. Бір күні тауда отыр едім, бір парад келе жатыр екен маған қарай дейді. Әкем орысша білмейді екен, әлгі екі орыс келіп здрасти деді. Мен басымды игердім. Сосын, жанындағысы қазақша біледі екен. Сосын, әлгі қазақша білетін орыс айтты: «мына жерде, Жаңаталаптың сыртынан төрт шақырымдай жерде Сбестковый завод ашамыз, сол заводқа бізге елу шақты адам керек» деп айтты. Бұрын, 31-ші жылы ашаршылық, халық жығылып жатыр дейді. Бірін- бірі өлтірген, бірін- бірі ұрлайды. Сондай қырғын уақыт болды дейді. Сол, таңертең, ертіңді атымды жеккізді арбаменен Степнякқа барып, екі атқа мал дегенін, күріш дегенін, тары деген продуктыны екі атқа артып, сол заводқа, магазинге әкеп үйдік. Сол, таңертен ангарға барып, Аңғалдың жерінен елу шақты үй көшіріп әкелдім дейді. Елу шақты үй көшіріп әкелдім, солар ешқандай ашаршылық көрмей, ақша, продукті алып, әлгілер 32-ші, 33-ші жылға дейін ажалдан аман қалды дейді. Менің арқамда деп әкем айтатын. Мынау, Аңғал, Аңғал деп отырмыз, Аңғал батыр болған адам. Аңғалдың әкесі Сақболат деген кісі, мынау, кеше, әлгі, қалмақтар қазақтармен көп соғысқан ғой, сонда қалмақтың бір қызы, батыр қызы қолға түсіп, Сақболат деген кісіге әкеліп береді. Содан Сақболат деген кісіден қалмақтың қызы Шерин деген аяғы ауыр болып, Аңғал батыр туады. Сол советтің әлгі колхоздың атың Аңғал қойған.
Осы Аңғал батыр жайында қандай аңыз бар айтыңызшы.
Аңғал енді, соғысқа барып ешкіммен соғыспаған ғой. Бірақ, жай әңгімелері мынау Аңғал батырдың бір ай бұрын ұйқысы жоқ болып, сонда мынау «Мәдениет» деген жерде Қайназар Жаримбет дейтін, сол жерде Елубай деген батыр болыпты. Сол Елубай батырдың үйіне менің бір ай бұрын жылқым жоқ деп, барып әңгімелесіп, ет жеп, кымыз ішіп, екеуі мынау Мәдениеттің Жаңаталап деген жерде ... тау бар.
Қандай тау?
Бүлдірі деген тау бар. Сол таудың үстіңе екеуі атты шидерлеп, жарайды деп отырғанда, анау Елубай батыр атына жүгіріп, аттың шидерің алып, атқа мініп алып, Аңғал, Аңғал аю кележатыр деп. Ертеде бұл жерде аю болыпты ғой. Сонда Аңғал айтыпты, ей, Елубай- ау, елде жүргенде батыр дейсің, екеуіміз бір иттен қорқып үйге қалай шауып барамыз? Әкел анау аттың шылбырын, аттың шылбырын беліне буып, аюға қарсы жүріпті. Сонда аю Аңғалға жақындап келіп, екі аяғын көтеріп, тұра қалыпты батырға.Батыр болған ғой.
Иә, иә, сезеді ғой.
Иә. Сонда Аңғал, кел бүкірім, кел деп, бүкір аюдың жаны дейді ғой. Сонда аю құйрығын үш қабат көтеріп, кейін қайтып кетіпті. Ал енді, мынау, Жаңауылда Аңғалды қырық шақты қалмақтар болды.
Иә.
Сол Аңғал батырды паналап қалған қалмақтар ғой. Сонда Аңғал батыр айтады дейді. Мен қалмақтармен соғыспаймын, қалмақ менің нағашым деп айтады дейді. А бұрын о кісі соғысты, бұл нүбірлі, ерте болған уақытқой деймін.
Сонда енді, ана қалмақтың қызынан туып тұрғой, сосын айтқан ғой, иә?
Иә,иә.
Әлгі, Черин деген.
«Черин» деген қалмақтың қызынан туды. Сол Черинді әлгі Сақболат бір үйге қамап қойып, барып тұрған ғой енді.
Неге қамап қойған оны?
Кетіп қояды ғой. Сонды мынау, Аңғал болған уақытында, әлгі Черин қалып қалыпты.
Қалып?
Кетіп қалғанда баланы өлтіріп тастайды деп, баланы алып кеткен ғой. Баланы алып кеткен уақытында, әлгі Черин есін жинап, жан-жағына қараса бала жоқ. Сонда анау, Сақболатқа айтыпты, баланы алып кел, мен көрейін, егер де бала оңды болса мен саған тұрамын. Егер де бала жаман болса, мен кетемін. Содан Аңғал батырды алып келгенде бес жастағы баладай үлкен болған ғой. Сонда анау Черин баланың бетіңе түкіріп жеріпті. Ит-қазақ, бағың бар екен, енді тоқтадым депті ғой. Тілің қарашы, ит-қазақ, енді саған тоқтадым депті. Сақболат бай, он екі мың жылқы бітіпті. О кісінің мына Жанаталаппен осы Шорстың екі арасында тау бар. Сол таудың басына зиратты салып, зират енді әлгі, жаңбырдан ағып кеткен, қолдан соққан кірпіштер ғой. Сол зираты бар ол кісінің.
Қай жерде дедіңіз?
Мына, Жанаталаппенен осы Шорстың екі арасында тау бар.
Екі арасында, таудың үстінде, иә?
Иә, иә, таудың үстінде. Он екі мың жылқымды көріп жатамын деп қойғызған ғой сол жерге.
Сонда анау, Аңғалды Сақболаттан туып отыр ғой иә?
Сақболаттан туып отыр.
Иә, сонда анау әйелі, Баябек жаудан тудым деп соны кек қылып отыр ғой, иә?
Иә, иә. Көрдің бе айтқан сөзін, ит- қазақ, бағың бар екен ғой депті.
Оның зираты ана кірпіштен қаланғанда сонда не...?
Саман кірпіш қой.
Оған анау жылқының жал-құйрығын салады дейді, оны естідіңіз бе?
Қырық сұрақ, жылқының жал-құйрығын кесіп салған. Сол анау, кірпіш езілген, жал- құйрық шірімейді екен ғой. Әлгі күнге шейін бар.
Енді осындай аңыз әңгімелер болса, өткеннен қалған, тағы да есіңізге түсіріп айтып отырыңыз.
Қандай әңгіме керек мен қайдан білемін.
Енді, осындай батырлар, билер жайында, сосын әулиелер болған, сосын көріпкелдер болған қазақта, алдын-ала болжайтын, сондайлар есіңізге түссе.
Енді, әлгі, әулиелер ендімынау Асан Қайғы деген әулиелер болыпты, ерте уақытында. Оны енді өздерің біледі шығарсыңдар? Асан Қайғы, үш жүз жыл бұрын айтқан әңгімесі, мынау Абылай хан болған уақытында, сонда жердің жүзің аралап келіп, Асан Қайғы айтыпты ғой. Бұл жерді орыс алады, қазақтар көшіндер Қытайға. Қытайда соғыс болмайды, өмір бақи Қытайға көшіңдер деп айтыпты. Көп қазақ Қытайға көшіпкеткен ғой. Сонда, Абылайға келіп айтыпты дейді:
«Әй, Абылай, Абылай,
Құбылып кетеді заман ай,
Енді айтайын тындасан,
Маған қағар қылмасан,
Сол түстіктен келеді,
Өзі сары, көзі көк,
Бастығынын аты көп,
Құдайды білмес, діңі жоқ,
Еріңді алар қолыңнан,
Әскер алар жолыңнан,
Басына сол күн туғанда,
Дәнеге келмес қолындан» – дейді. Мынау, Асан Қайғы айтыпты.
Енді мына, қандай адамнын алдын ала болжайтын осындай бәленбай оқиға болады деп, сол осы ауылда әулиелер болды ма, бақсы, балгерлер болды ма?
Ол уақыттарды біз білмейміз ғой. Кеше колхозда жұмыс істедік, одан бізде соғыс күйіп кетіпті. Соғыс уақытында он бір, он екідей бала болып, жұмыс істедік. Соғыс уақытында ашаршылық болды. Киім жоқ, тамақ жоқ, халық мәңгіріп қалды ғой. Ал енді ертеде ол аңыздардың бәрін, ертедегі шалдар бәрі өліп қалды ғой. Қазір енді, әр жерде, әр жерде бірен-саран қалған, оларда кетті ғой деймін.
Азайып қалды, азайып қалды, сіз сияқты адамдар аз қазір. Мына, осы жақта, ит жүгіртіп, құс салған аңшылар атақты, ат бигілер, құстың тілің білетін, иттің тілің білетін сондай адамдар жайында есте қалғандарыңыз бар ма?
Менің өз әкем қасқыр соқты, ит ұстады.
Қандай ит ұстады ол?
Қасқыр алатын ит, түлкі алатын иттер болды бізде.
Тазы ма, төбет пе?
Ау?
Қандай ит, тазы ұстады ма, төбет ұстады ма?
Тазы да ұстады, қазақы ит, төбет. Қасқыр алатын иттерді ұстады. Қаршыға ұстады, бүркіт те ұстады. Менің бала кезімде киіз үй тігіп, сол киіз үй ішінде, мынадай үш аяқ, тоғыз дейді, соған қаршығаны отырғызып, қаршығана ет береді, үйретеді. Содан, қаршығаны алып шығып түлкіге салады, түлкі ұстайды қаршығамен. Өз әкем ұстады.
Қаршығаны балапан кезінен алды ма, жоқ ...
Балапан кезінен алады. Сол балапан кезінен үйретеді екен.
Балапан кезінен қалай алады оны ұясынан?
Мынау, байтеректің басына ұя салады екен ғой ол, қаршыға. Үшеу или екеу, содан артық бала шығармайды екен ғой. Сонда, анау нағыз балапандайтын кезінде, балапан әне өседі, міне шығады деген кезде барып алады екен. Оны мен көрдім.
Аха, сол көргеніңізді айтсаңызшы.
Тауда, ағаштың ішінде, сол ұзын теректің, қайели қайыңның басына ұя салып, сол жерден алады екен.
Сосын қалай үйретеді оны?
Мынау, екі аяғына қайыздан не салады екен, тұсау. Сосын анау, қолына әлгі, қайыздан ұстап, қолына қондырады. Мына қолына қондырып отырып, соны анау әлгі, тауық соған жібереді. Көрдің бе, сол анау тауыққа бас салғанда, өлтіртпей тағы да алады да, анау кетіп баражатқан қарғаларға, сауысқандарға, соларға салады екен. Сөйтіп барып, әлгі қаршыға үйренеді екен. Анау, түлкіге салған уақытында, не деген анау қаршыға ақылды. Түлкіні өлтіреді, әкетпей, анау иесінің қолына қайтадан қонады екен. Ол только еттен басқа жемейді екен.
Ие, мына, тазы ит ұстадыңыз ба, тазы ит?
Тазы итті, бізде мынау, Ағадырдан әкеліп, Ағадырда Қасенов Сатыбай деген кісі, мынау поездің начальнигі болды. Сол Ағадырда тұрды. Сол отпускке келгенде , әлгі менің әкеме екі күшік әкеліп берді. Сол тазы ит, бір жылда елу түлкі алған дейді. Қасқырды тірідей әкеліп жүрді менің әкем. Күшіктерің алып, әкеліп жүрді. Ол уақытта, районға здавайтетеді, район барып ақша береді, қой береді.
Сонда ана, қасқырды қалай тірідей ұстап отыр?
Тірідей ұстағанда, қуып жетіп, енді, талдырады ғой, сосын, аузын бәрін шылбырын мен ... аттынң артына бүктіріп әкеледі. Әлгі үйге келген соң, түрегеліп кетеді анау қасқыр.
Ана, тазы қуғаннан шаршайды ғой анау қасқыр, иә?
Иә, иә, атпен қуады ғой. Атпен қуып, анау ит бұрын жетіп, барып ұстайды ғой.
Ал, қоян, қарсақты ұстайды ғой, оны ұстаған ғой?
Қоян дегенін, мынау 31-ші жылдары, ашаршылықта қоян көп болыпты ғой дейді. Қаптап жүреді дейді. Сол, әлгі он бір, он екі қоян әкелемін дейді. Арам өлгендерін орысқа беремін, адал өлгендерін қазақтарға беремін дейді.
Арам өлгені, бауыздалмағаны ғой, иә?
Иә,иә. Орыстар... жейбереді ғой.
Болды ғой
Иә иә
Былай енді оқу, білім аса көп тараған жоқ қой, ана Абай өмір бойы зарлап кеткені сол ғой, халқым қаранғы болды
Енді ол уақытта оқу деген жоқ, но орыс халқы туа оқыған
Иә иә
Қазір енді қазақ оқу жағынан ешкімнен кем түспейді
Артық болды де
Бүкіл дүние жүзінің университеттерінде оқып жатыр қазір қазақтар
Қазір халық түзелуге айналды ғой.
Осы целина құрылғанда қалай басталды, соны айтсаңыз?
Целина құрылғанда 54 жылы құрылды ғой бұл
Мхм
Сол мынау Невский совхозы, осы Шорс совхозы екі совхоз болды ғой, Донской үш совхоз. Біз осында 1953 жылы осы жерлердің бәрін, анау целинниктер келмей тұрғанда біз ектік. Басында бригада бригада болып содан 54 жылы осында целина келіп әр жерден әр жерден үй салып, мынау «центральный садбы» дейді, сол жерде әлгі палатка тігіп 19 целинник 9 май күні ішіп ішіп күйіп өліп қалды сонда.
Нешінші жылы?
Бұл 1954-55 жылдары
Қай айда? аа 9 майда иә?
Иә 9 майда
Сондай оқиғалар болды
Олар жанағы арақты ішкеннен кейін ана отқа қарамаған ғой иә?
Әлгі жылы палатка ғой, қыстың аяқ кезі ғой енді, сол жылы палаткада печь жағып қойған ғой, анау өздері арақты ішкен, мас, палатка күйген, палатка түгел күйіп кеткен
Ммм
Бұрын үш совхоздың ішінде осы Шорс совхозы крупный совхоз болды, мында кирпичный завод болды, контор, строй участкі, столовый, общежитие деген бәрі болды. Ақырында әлгі Совет Үкіметінен айырлып өз алдына Қазақстан боламыз дегенде мынау Лениннің бір айтқан сөзі болды ғой: «Менің халқым жаман емес басқарушы жаман депті ғой»
Дурыс айтасыз
Сол шаш ал десе бас ал деп осы совхоздың директорлері көп осы совхозды қиратып кетті ғой, ол уақытында халық ештеңеге де түсінбеген, малды бөліп бер дегенде өздері басып басып малдың бәрін алып халыққа бызау, жабағы, тай соны беріп жылқыны бәрін өздері басып қалды ғой нәшәлніктер. Бәлен жыл жұмыс істеген біз аузымызды ашып бос қалдық
Өзіңізге қанша мал, қанша техника, қанша жер тиді сізге?
Бізге техника
Өзініздің семьяңызға
Техника бізге жеке берген жоқ, пайды бердік сол пайды мынау әлгі бригада де бұрын бізге ұн беретін малымызға жем беретін пайымызға. Қазір енді уже 4 жыл болды ма Күлкәш? – Күлкәш апа:Иә иә.
Қазір пай деген дәнеңе жоқ. Түкте бермейді.
Күлкәш апа: Бұрынғы деректір қайтты содан кейін жоқ.
Жерді әшейін жай пайдаланып жатыр.
Жердің қағазы сізде, документі барлығы түгел ғой?
Бар, бар. Солардың қолында
Күлкәш апа: Солардың қолында бізде жоқ.
Біз түкте алмаймыз.
Ол жеріңізді пайдаланып артынан бермей қалып жүрмесін жерден айырылып қалмаңыз дегенім ғой. Жерден енді қайдан білейік пай соның қолында. Жердің қағазы солардың қолында.
Қанша мал берді совхоз сізге? Мен ол кезде пенсияға шығып кеттім ғой.
Жазып алып кетіп Алматыға беріп көп ақша алыпты. Мұнда басқарма болған, зав. ферма болып істеді бұл кісі колына күрек алып, айыр алып жұмыс істеген кісі емес, 79 жасында қайтты, бір тісі түскен жоқ, осы қалпында қайтты. Өзі арақ, шылым деген, насыбай дегенді атпаған адам.
Мына жанағы құдашаңыз Өзбекістанның қай жерінде тұрды?
Құдаша емес, бұл менің апам
Жоқ, ана Шолпанды айтам
Ааа, айтып отырмын ғой Аққорғанский район, Солдатовский колхозда, анау колхоздың күйеуі главный инженер болған, ұлы жүздің жаңбыршымыз дейді. Біз әлгі как раз Ташкент әлгі землятресение болды ғой, сол кезде бардық қой, жаңа Ташентті салып жатқан кезде бардық, аэропортта сол жаңа Ташкентте түстік, ар жағына машина жалдап екі машинамен тоғыз адам барғанбыз. Жолда өзбектін шопыры ана гаи ақ таяқты битті, сонда анау әлгі шопыр өзбек айтады басын терезеге шығарып: Әй жаның шығып бара жатыр ма? Қазір қайтып келем мен дейді. Сосын үй сен оған неге олай дейсін дедім ғой. Сонда айтады ой жаның шыққыр ақша керек оларға, ақша керек дейді.
Ташкент жаққа жиі барамын да, мүмкін Аққорған жаққа жолым түссе соға кетейн дегенім ғой
Аааа
Балаларының атын білмейсіз ба кім екенін? Шолпанның?
Сен білсен айт жазып алсын, ертеде болған оқиға мен жоқпын ол кезде
Шолпан бар ма енді?
Жоқ. Абысыны у беріп өлтірген.
Ана жеті магазиннің бастығы болған ол жақта анау
Ақшалары бос жатыр дейді
Шолпанды өлтірген ба сонда?
У беріп деп отыр
Мен күйеуі екен деп отырсам
Бірінші күйеуі өлген иә бірінші?
Иә иә
Күйеуіне де ұ берген ба?
Ауырған шығар
Содан оларды абысыны қастық қылып ұланып өліпті.
Бай кісі болды ғой өзі сонда, ақшасы бәрі чемодан- чемоданмен тұратын.
Енді ана Қасиет деген өзбек ,,, сол ана мына сарттар ақша үлгерсе былай жақсы болып жүреді бұлар иә? Мына дүние бірдеме болса бұлар бәрін ұмытады.
Өзбектер нашар халық қой
Олар ақша десе өледі ғой
Құбылып тұрады ғой, ана Абайдың айтқан сөзі бар ғой: «Сарт жан неге құбылдың?» деп бір өлеңі бар
Иә иә
Түрік сарт екен ғой
Жоқ түрік сарт емес аға, түрік, түрікпен біз туыспыз түрік қазаққа жақын.
ЫБЫРАЙ ЖАНСЕРІК
Енді бізде мына мәңгілік ел аясында, қазақтың тарихы бұрыннан ауызша тарих болды ғой (иә) дәстүрлі бізден жазбаша тарих кейін келді. Мынау, совет өкіметінен кейін, одан кейін Ресейдің нелері бар, бірақ ара арасында тарихшыларымыз болды, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайри, одан кейін жанағы Әбілғазы деген, осы Шоқан Уәлиханов. Бірақ бізде мынау дәстүрлі атам заманнан атадан балаға кеп келе жатқан дәстүрлі ауызша тарих, оны айтатын өзіңіз сияқты көне көз қариялар сол жағынан біз жұмыс істеп жатырмыз, неге десең мына, біздің ауызша тарих жиналмай жатыр. Осы жағынан сондай бір, осы үлкен программа бар үш жылдан асып кетті, сондай жұмыспен келіп отырмын. Енді, бірінші аты-жөніңізді айтсаңыз?
Аты-жөнім Жансерік Ыбырайбаласы
Неше жастасыз?
87 - демін
Жастайыңыздан қандай қызмет істедіңіз?
Қызмет істегенім жоқ, колхоздың жұмысы анау-мынау сол, оқығанымыз жоқ, біздің сыни соғыс басталды да жағдай болмады. Колхозшы...
Енді мына руыңыз кім болады?
Руымыз енді Орта жүз, Орта жүздің ішінде Арғын дейді, Арғынның ішінде Атығай, Атығайдың ішінде Қарауыл дейді
Қарауылдың ішінде кім боласыз?
Ноғай Қарауыл дейді бізді.
Енді мына бірінші сұрақ, осы мына бұрынғы өткен мынау осы жердегі қазақтың атақты адамдары, билері, батырлары, иә шешендері, иә содан кейін ақындары, осы мына шеберлері, зергері, құсбегісі, атбегісі осындай атақты адамдардан өмірінен есте қалғандары болса, айтсаңыз, Ақан сері бар, Үкілі Ыбырай бар, или осы жерде біз білмейтін адамдар..
Енді Ақан сері, Үкілі Ыбырайлерді жазып жүр ғой оны, біздің енді аса қарағанда ол бұрынғы билер болған, Қылышпай деген би болған, Бекболат деген би болған, оның жәй бертін естуіміз есте қалдыма?! Міне, Бекболатым жырлап отырғой, біледі шығар ол тәсілді, а?! Қазір әкеме барам осыдан кейін, Бекболат жөнінде... Қылышбай деген би болған..
Енді осы мына Қылышбай биді мысалы, мен талай билерді өзімде білем, зерттедім, бірақ бірінші рет естіп отырмын Қылышбай биді
Қылышбай енді бұл жерде Жыланды болысы болды, сол болыста би болды. Тіріжан деген болыс болды
Енді осы бидің, солардың бір сөздері есіңізде қалды ма?
Ондай білмеймін, жоқ (Бекболатты әкем көп айтатын)
Өзіңіз білетін қандай да бір есте қалған, сондай әңгімелер, сондай бір нелер болса, сондай...
Әңгімелер ол уақытта қандай әңгіме?
Тарихи оқиғалар...?
Енді ол қандай әңгіме, сол 17-18 жасында аты шыққан дейді
Ол қандай нәрседен аты шықты?
Төрекелді деген бай болыпты. Мың жылқы біткен. Сол кісінің бір айғыры жылқысы жоғалып кетіп,
Айта беріңіз
Ерден деген аға сұлтан болған, естуіңіз бар шағар,
Білем, Сандубайдың Ердені
Соның Ерденнің ұрылары алып кету керек жылқысын, соны іздеп барам, - дейді. Төрекелді ағайындарын жинап «мен соның соңынан барамын, мал жоқтаусыз кеткен ырымға жаман» - деп, оған ағайындары «Ерден саған мал бермейді, не іздеп барасың оған, барма» – дейді. Ішінен бір кісі, өзің біл дейді. Кету керек, барам деп, сосын, ... Төрекелді айтады, шаруаңды қосып ала бер,... сол бұлтартпай екі бауырын оқытып алады екен, қарсы барған кезде... ақ ордаға жиналады Ерденнің, жиналып отырған уақытта жерде, Төрекелдіден сұрайды енді, «Төрекелді жәй жүрсіз ба? Айта отырыңыз...». Төрекелді былай отырып айтады «бір айғырдың үйірі осылай қарай желдетіп кеткен екен, соны соңынан іздеп келіп едім». Сонда, Ерден отырып айтады «әй, Төрекелді, ана күтуші жүрген балуан жігіт екен (сол қымыз таратып жүрген), мына жігітті жық дағы, анау тұрған кербеде тұрған ақ боз атты алып қайт, жығылды жайғайды» - дейді. Сонда Ерден кім, Төрекелді кәрі адам анау Қылышбай жас босағада отырған, «мен күресем», - деп тұра келеді. Сонда енді Төрекелді ұнатпай «қой» деп, ала көзбен қарайды ғой, соның ішінде Аруан Шамай кәдімгі кешегі кеңес одағының батыры болған Шамай отыр екен, Шамай енді біз Қылдыға жатады ғой, (иә,иә) сосын, күрестен жібер дейді, екеуі манағы үйдің ішінде күресе кетіп, әлгі, Ерденнің балуанын алып ұрып, сол кезде басынан аттап, мына ес ұрған қайтеді деп, қылыштың керегенің басында тұрған қылышқа жармасады. Қылышқа жармасқан уақытта, Шамай отырып, Шамайдың мына бір қолы, қолтығында отырады екен, дейді. Кездігі ұстап, сондай Ерден қайт деп айтқан серттен ана кезікті суырып алады. Енді оның Шамайдың шапшаңдығы шауып келе жатқан аттың үстінен найзаменен жылқының қу тезегін іліп алады, - дейді. Сондай шапшаң болған адам дейді. Батыр болған. Сосын Ерден сылқ етіп орнына отыра кетеді, сосын жұрттың бәрі отырып қалады, Шамайға айтады, отыр Ақ боз аттың үстінен ерді жұлып алып таста да, Ерденнің ақ боз аты жүз жылқы тұратын, сол жетектеп ал да қайтыңдар, мұнда мен бармын қорықпа дейді. Сонымен сол маңда сол ақ боз атты алып келіп, сол үйге келгеннен кейін, манағы Қылышбайдың атын шығарған екен, Төрекелді бай. Бұған енді бетін қақпаңдар, содан барып билік құрған Қылышбай би болған.
Сонда жәнегі немен Ерденнің палуанымен күрескен, Ерденнің әлгі қымыз құйып жүрген палуанымен күрескен ғой енді.
Иә
Енді кісі өлтіруші болып жүрген ғой, палуан деген, бұл тиеп алған ылғи да айдап жүрген, сонымен күресіп соны жығып кеткен ғой.
Сонда Қылышбай жыққан. Сонда, бұл өзі палуан да болып тұр ғой. Өзі шешен болып тұр
Палуан болғанда қандай, зор, ірі адам болыпты. Ал енді ол Бекболатты да, Бекболаттың атқосшысы болыпты. Шаршуға барған. Шынға сылтау... . Атқосшы ... түрі мен шашы болат деп ... отырады. Сосын, Қылышбай мен алам деп шығып тұра келеді. Сосын біреулер отырып айтады, әй мынаны бір түлен түртті дейді, бұның басын кессе, басын алып тастайды екен ол адамның
Еее...
Сондай, сосын біреулер айтады шашын жібітпейді қарсы алып ішеді дейді. Ол бәрін Қылышбай естиді, қалтасынан бәкісін алып, теріс шалбар киеді. Теріс шалбарға жұғынып жағып, шын біреу тұрады. Соның шашын алып төбеге үйіп үйіп анау ақ орамалды түсіріп алдына жайып отырып, бір тал шашы күрең түспеу керек жерге, сон әбден төбеге үйген болып, қалып орамалға түсіреді. Сонда отырып, сенің атың кім дейді? Қылышбай дейді, әкең мен шешеңе болайын атыңды тауып қойған екен, өзіңде шабатын қылыштай екенсің қылыш болып тұр екенсің деп айтты дейді.
Сөйткен Қылышбай
Керемет адам екен иә...
Ммм... . Басқа не айтамыз
Енді мына, қандай атбегілер болды осы жақта
Ондай есімде жоқ атбегі
Құсбегілер
Құсбегілерді білмеймін
Мына ер тұрман жасаушы адамдарды ершілер дейді ғой
Ондай ондай білмеймін. Бізде ондай болған жоқ. Естігем жоқ болсада
Қандай жылқылы байлар болды осы жақта?
Жылқылы Төрекелді бай болды, мың жылқы өткен
Бұл кісінің сүйегі кім? Төрекелді байдың сүйегі, елі кім?
Елі Қарсақ сол
Қарсақ иә
Біздің енді еліміз Қарсақ емес атамыздың аты Аманкелді
Қарсақ болып атанып кеткен.
Иә. Халықтың қойған аты ғой
Халықтың қойғанда бір мықты болу керек Аманкелді бір жиында күресіп, сол жығады, сосын көпшілікте білмей, кім жықты кім жықты сұраған уақытта, ішісінде басында Қарсақ тымағы бар екен анау Қарсақ киген жықты сонымен Қарсақ атанып кеткен.
Ал енді осы қазақта мына жанама ат қою бар
Иә
Енді, мысалы, Абайдың аты ИбраҺим, Шоқанның аты Мұхаммаед Қанапия, Төле бидің аты Қарлығыш, халықтың қойған, сонда осы ауыл арасында, кейде, мысалы біздің ауылда бес Серік болды. Енді сосын, Ғаппастар төртеу болды, Қале Ғаппас, жырық Ғаппас, төре Ғаппас деп сонда, өстіп халық не үшін қояды, бірінен-бірін айыру үшін қояды. Ғаппас дегеннен кейін бәрі. Сонда осындай әңгімелер бар ма осы? Сіздерде аттарды өстіп қоюы жайында. Осы ауылыңыздың арасында осындай
Ауылдың арасында ондай жоқ, айтып отырмын ғой, Аманкелдінің аты Қарсақ болып кеткен.
Басқа қандай тарихи адамдар бар? Бөлек атпен аталатын?
Білмеймін ондай.
Мысалы кейбір орыстарға да қояды? Мысалы, ана неде Ақжелке деген мына Алматы облысындағы орыстың атақты бір адамын Ақжелке деп атайды екен. Осы Моңғолия жақта Шиван болыпты, Қойлан, Бағилан деп бір бірінен айырады екен. Осындай әңгімелерді білмейсіз бе?
(Шолақ деген болыпты ғой. Шолақ енді Балуан Шолақты айтады. Жо жоқ біздің аталарымыздың арасында шолақ деген болыпты дейді. Бірақ шолақ нақты Шолақ емес Шолақ деп атап кеткен)
Оны білмедім енді. Естімеген соң қалай айтасың? Естігенмен есте жоқ қой.
Енді осы жақта сіздерде мына ертеде қазақтар егіншілікпен шұғылданды ғой
Жоқ
Тары екті ме?
Жоқ
Бидай, шарпы еккен жоқ па
Жоқ ондай естігем жоқ. Бізде малмен айналысқан сол
Тоған қазған, арық қазғандар болған жоқпа ондай?
Жоқ. Арық, ол кезде жер суарған жоқ қой ол уақытта
Суарған жоқ иә... . Осы қазақтың балық аулау жайында әңгіме білесіз бе, осы жақта, балықшылар болды ма, бір ауылды балықпен асырап, аштықтан алып қалған адамдар болған дейді осындай
Ертеректе болған шығар мүмкін. Бізде ондай, біздің отырған жерде тап ондай көл болып, болған жоқ
Қой баққан, қой бағыпты ғой, Болайлар, аталары, қоймен ұстапты деген бар ғой, қой бағып.
Қой енді. Колхоз кезінде. Колхоз кезінде бақты олар
Осы жалшы болды дейді ғой. Қазақ байына жалшы болды. Қазақ байының төлемақысы қандай еді, малын баққанда, орыс байына әлгі неше түрлі жұмысын істеді ғой. Кейде анау қазақтар жалданып, осындай олар қалай ақы төлеуші еді. Осы есіңізде бар ма?
Жоқ. Ондай жоқ. Білмеймін
Мысалы кейбір жерде айтады, ана орыс байының ақысы қазақ байынан жоғары болды дейді, сол жәнәгі моншаға түсіретін еді, көйлек көншегін береді, бөлке нанын беруші еді. Қазақ мысалы үшін бір айға бір серкешін, или болмаса екі айға, тоқты сондай ғана беретін деп отыр осындай
Кім білсін ондайын білмедім
Ал, ел ішінде көріпкелдер болды ма, аға? Осы жайында не білесіз?
Жоқ, ондай көріпкел естігенім жоқ
Бақсылар болды ма?
Жоқ бақсылар болған жоқ етін
Бір кісі болыпты ғой біздің өзеннің ағысын кейін ағызыпты. Осы менің әжем айтып отыратын да, марқұм, болған дейді
Мүмкін оқымысты болған шығар. Елдер айтады
Бақсы бақсы болыпты дейді, Қарсақта...
Мен тап Қарсақтың өзінде бақсы болыпты дегенді естігенім жоқ.
Мына Бөгенбай, әз Бөгенбай жайында не білесіз?
Ол енді ештеңе білмеймін
Әз Бөгенбайдың зираты қай жақта осы?
Бөгенбайдың зираты мынау неде, Красиловка деген жер, қазір Бөгенбай ауылы дейді.
Красиловка, ол неден Зерендіге ... Бөгенбай ауылы деп, сол жерде...
Құды, осы жиырмасыншы жылы колхоздастыру басталды ғой, осы жайында әңгімелесеңіз, осы қалай басталды?
Бұда ештеңе білмеймін жиырма тоғызыншы жылдары қоныстаныпты ғой Қарсақ, мынау Құттықазан дейді
Содан кейін мына, кәмпеске қалай басталды. Осы жайында естігендеріңіз бар ма?
Естігенім жоқ, кәмпескені
Байларды қалай тәркіледі?
Байларды енді сол, жер аударды деп естиміз, әлгі айтып отырған Қылышбайдың баласы, Жүсіп деген ол да шешен болған, оны жер аударды, сол кеткеннен кетті ғой жоқ
Қылышбайдың баласы жүсіп, иә?
Жүсіп
Бұл кісі де бай болған ба, сонда?
Жоқ орта шаруа болған ғой, ол уақытта сол орта шаруаны да байлардың қатарына қосты ғой.
Ммм (жасыңыз нешеде?)
Иә, Ашаршылық жылдарынан есіңізде қалғандар бар ма, әңгімелер ашаршылық жылдарында?
Ашаршылық жылдары халық енді көп қырылды ғой
Естігендеріңіз бар ма?
Естігенім жоқ, ашаршылықтан қайта біз аман қалдық, біздің бір жездеміз мұғалім болып, соның соңынан әйтеуір, ана жер мына жерге шейін бірге жүріп, отыз алтыншы жылға дейін бірге жүрдік
Ол кісі сонда мұғалім болғаннан кейін, ана оған ақша төленді ме не?
Ақша төледі ғой,
Сол алып қалды ғой иә, сіздерді?
Ол уақыттарда мұғалімдерге паек беріп, ақша төлеп, соның арқасында біз аман қалдық
Ол мұғалім туысыңыздың аты кім еді?
Сәрсенбаев Исмағұл деген
Ал, сол Сәрсенбаев Исмағұл қай жерде оқыды, оқыды ма, ол қалай мұғалім болды?
Ол оқыған жоқ, ол молда болған адам. Молда болған, кедей болған сол үкімет келген уақытта ол Имантауда Әбдірашидов деген ноғай болыпты, сол үкіметті құрып жүрген адам, сонымен таныс болған, соған барып айтады, мен енді күн көріс үшін бала оқыттым, молда болдым, енді не істеймін үкімет келді, сонда әлгі кісі ноғай айтады, сенің қабілетің жетеді. Мына латында бірінші жиырма сегіз әріп болды ғой, мен соны жазып берейін, сосын ертең кел кел да сен осылай деп айт, мен күн көріс үшін бала оқыттым, молда болдым, енді мына үкіметтің баласын тәрбиелегім келеді деп, саған арыз жаз дейді сонда арыз жазып бер таң атқанша, сол жиырма сегіз әріпті үйренгенше, зеректігі ғой
Зерек адам екен иә
Таң атқанша жиырма сегіз әріпті үйреніп алып, таңертең келіп сол, мен молда болам деп, молда болдым мінекей, бала тәрбиелеймін үкіметтің, арыз жазып беріп, содан барып әрі бала оқытып, әрі өзі оқып, мұғалім болған. Бұл өте шешен сондай
Сол кісінің арқасында, сіздер ашаршылықтан қалдыңыздар
Ашаршылықтан аман қалдық біз
Көрдіңізбе енді, бір адамның...
Отыз бірінші жылы ашаршылық басталарда, біз Қарсақтамыз, мен кішкентай, бір түнде келіп, сол кісі бізді алып кеткен. Содан барып аман қалдық. Ашаршылық жылы біздің үйде бір ала сиыр болды. Сол ала сиырды сауады. Төрт үй бөліп алады сүтін. Сол сиыр үшін түнде ұрлап әкеткен бізді. Сол сиырмен. Сонда отыз алтыншы жылға дейін соғыспен бірге жүріп, келіп, ол кісі енді, ерте қайтты тоқсан бес жасқа келіп
Еее, жақсы жасаған екен
Жақсы әңгімешіл, өзі сондай ақын сондай адам болды. Кешегі Сәбит Мұқанов екі рет барып келді ол кісіге,
Еее, әңгіме біледі екен ғой, сұмдық екен ғой
Міне, өзіңіз сияқты, келіп отырсыз ғой сол сияқты. Соғыстың шежіресін алып кетіп, Сәбит Мұқанов ақыры білмейміз неғып шығарғанын, сіздің атыңыздан шығарамыз деп алып кетеді, ол атынан шығарған жоқ, қалай қолданғанын, енді оның, ... бермен қарай жазған шежіресі бар еді. Мен әлі есімде, бала күнімде білем, үлкен қағаз еді, материал сияқты. Соғыспен жазылған, ... шеті бар еді. сол Сәбит Мұқановтікі құдай білсін қаяқта екенін.
Енді мына, осы халыққа жұмыс істегенге алынған ақы төлеу, қанша мал ұстадыңыз, иә оған қандай налог салынды осыны айтсаңыз?
Енді ол колхоз болғанда бізде, ақша төлеген жоқ, еңбек күн дейді, еңбек күн жазады. Сол жылдың аяғында сол, бір еңбекке мысалы жүз грамм бере ме, жүз грамм бидай бере ме, сол басқа ешқандай ақыға ақша дегенді көргеніміз жоқ.
Колхозда қанша малыңыз болды, өзіңіздің қолыңызда?
Ол уақытта менің енді әкем болды, шешем болды, бір бие, екі сиыр болды біздің үйде. Ол біздің үй мысалы, әжептеуір кішкене, әлді үй деп есептейді ол уақытта, бір биесі бар адамды. Қарсақта мысалы, үш-төрт ақ үйде бие болды. Қалғанында мал, жылқы малы болған жоқ. Бір бес-алты қой-ешкі болады сол
Бес-алты қой ешкі болды, иә?
Кешегі соғыс уақытында, қаңтарасы еріп бұзауларды күзде береді, сосын тағы да ...
Сонда ана сүтке, майға, жүнге қандай налогтар еді?
Бір үйге сегіз килограмм қорытқан май, жылма береді, өткізу керек. Сол военный налог артығымен болды. Ұмытып қалдым қанша екенін
Ал ана соғыс кезінде ана, жауынгерлерге деп, қолғап, носки тоқыды ма? Қанша пар тоқуымыз керек сонда?
Әркім әр түрлі енді. Шамасы келгендер екі пар, үш пардан тоқып берді, носки, биалай
Бұл налогқа жатпайды, бұл өзі айтады
Налогқа жатпайды, ол көмек
Сосын соғыс кезінде мынадай жағдай болды ғой, мына,әйелдердің әшекейлері, білезігі, сырғасын соғысқа көмек деп соларды жинады ғой, соны көрдіңіз бе?
Өткізгендер болды, барлары, ол жұрттың бәрінде ондай бола берген жоқ қой.
Иә, енді өзі ашаршылықтан нетіп шыққан халықтың бәрінде болған жоқ қой ондай?
Бірлі жарымды болғандары бергендерді естиміз, құлағымыз естиді.
Енді мынау соғыстан кейінгі жағдайлар осы мына, осы елден қанша азамат кетіп еді, қаншасы майданда қаза болды, сондай білмейсіз бе? Енді көп болды ғой халық
Көп болды, кеткендердің жартысы келген жоқ, сол жақта қалды. Қазір енді соғысқа қатысқандардан бірде-бір адам қалған жоқ біздің ауданда. Бәрі де о дүниелік болды.
Сосын осы қара қағаз келгенде, қалай нетуші едіңіздер, естіртуші едіңіздер?
Енді ауылдың ақсақалдары жиналып, барып, естіртеді. Әуелі қарағым, біздің үй пошта тасыды
Темболее білесіздер ғой
Соны енді қара қағаз келген уақытта, оны сразу үйіне апарып бермейсің, сол ауылда ақсақал барма, үлкен кісі, соған апарып беріп, содан екі-үш адам жиналып барып естіртеді, кейде қара қағаз келеді, кейде жолдастары жазып жібереді,
Әлде біздің Ыбырай дейді. Төреші Ыбырай. Қазір енді бәйбішесі бар Рақима деген, соның күйеуі соғыста қайтыс болыпты деп хат жазыпты. Кәріс шешесі бар еді, қарындасы бар, соның соғыста қайтыс болыпты деп жолдасы жазған. Ол кісінің өзі енді, хат танымайтын адам, өз бетімен хат жазбайтын, содан поштаға бардым, бала күнім, біздің үйде енді әкем тасиды, шешем тасиды, сол кейде мен барам, Тройцкіден аламыз. Тройцк деген пошта тоғыз шақырым жерде. Қыстың күні атпенен, шанамен бардым, сосын енді алған соң хаттың бәрін қарайсың, кімнен хат келді, сол төреші Ыбырай деген, үшбұрышты хат болады ол уақытта. Сосын төреші Ыбырай деген әлгіде шанамда екі әйел отырған. Саратай деген, сосын біреуі кім Гүлсім (сен білесің ғой енді). Сон ана Төлеш деген тағы біреуі, суық хабар бірдеңе ма деп, жеңіме тығып жатқанымда, Саратай деген көріп болып, андағыны неге тығып жатсың, жеңіңе, деді. Мен айттым, ойладым тағы өлгені туралы бірдеңе жазылған болса, қалар ма сөйтіп барып бізге ағайын болады өзі бөтен емес. Сосын әлгі екі әйел қояр да қоймай, аш андағыны оқиық, оқысақ аман, хатта жазған, госпиталге түскен, соған ана жолдасы өліп қалды деп жаз деді. Енді мынау қуанышты хабар, ал айда атты, шауып келе жатырмыз көшенің басында жұрттың бәрі сұрайды ол не, ол не деп енді шауып келе жатқан соң қуанышты хабар екенін, сонда ана екі әйел шанада отырып, ақылдасып келе жатыр. Біреуіміз ұстайық бұны дейді, баланы (мен жас баламын ғой), екіншісі барып, сүйінші сұрайық деп. Мен ойлап келе жатырмын, сұратамын мен сендерге деп (күліп), сонда шауып келе жатқан бетте қоржынды аттың үстіне лақтырып жіберіп, секіріп түстім де қалдым, екі әйел кетті шанада. Сосын келіп Әліш деген шешесі болып, кәрі кемпір жақын өзі үй арасы екі үйден кейін тұратын. Сосын, сүйінші, сүйінші балаңыз тірі. Күллі әлгі үйдің іші толып кетті, жұрттың бәрі жиырылып. Сондай жағдайлар болды. Ал қара қағаз болса, әлгіндей үлкенге апарып бересің.
Сүйіншісін алдыңыз ғой? (күліп)
Сүйіншіге бірдеңе берді ау деймін, екі әйел айтады, сен бізден озып кеттің деп...
Семей облысында Арқарбай деген көріпкел болған дейді. Содан біреудің үйіне қара қағаз келеді. Сосын қара қағаз келгеннен кейін әлгіндер жылап сықтап, енді қиын ғой, ұлы қайтыс болған, сонда әлгі әулие келе жатады. Сосын әлгі кісіні үйге шақырады. Үйге шақырғаннан кейін, әлгі келіп, «ол балаң тірі» - деп айтты дейді. Мынау өтірік қара қағаз деп айтты дейді. Содан әлгі, неден, соғыс бітеді ғой, енді Арқарбай көріпкел болған, үлкен кісісі, бірдеңе, нетіп жүр екен. Басқа хабар келген жоқ, неткен жоқ. Соғыс біткеннен кейін, баласы келіпті. Келсе, Племде болған. Племде түскен. Ана жақта өлді дегенбе, сонда анау сондай адам екен, керемет қасиетті. Қазір енді бүкіл Аягоз жері соны қасиетті дейді. Соны айтып берген.
Енді мына соғыстан кейінгі жылдары қалай болды, ағасы? Соғыстан кейінгі жылдар?
Қиыншылық болды ғой енді, егіншілік шықпай. Бір егін шыққан жылы отыз сегізінші жылы шықты. Содан кейін елу алтыншы жылы ғой егіннің жақсы шығып, халықтың кішкене көтерілгені. Соғыстан кейін қиыншылық болды ғой.
Ал осы мына, тың игеру қалай басталды, тың игеруге келген адамдар қалай?
Енді ол ... Қырым Оразаев, себебі ауылда болған жоқ қой. Жыртылмаған жерінде болды. ... Бізде сельхозда болған жоқ қой.
Сізде бұндай болған жоқ иә, сізде мал шашылуға... Ал осы түйе асырадыңыздар иә, сол түйе қашан құрыды осы жақта?
Түйе бізде болған жоқ, біздің ауылда.
Жоқ жалпы енді анау, патшаның тұсында болды ғой енді, түйе
Түйе болды, Қошқарбай деген молдада болды. Түйе бертін болды. Соғыс уақытында болды, түйе, Қошқарбайда. Түйеменен біздің ауылға келіп, отынға келген уақытта күллі аттар, жылқының бәрі үркетұғын
Е анау не ғой бұрын көріп, нетпеген. Енді бұрын қазақ түйемен көшіп қонды ғой. Мына Қытайдағы қазақтар да түйені көп өсіріп жатыр екен. Түйе пайдалы деп, сосын, шұбат әсіресе. Сосын жүні, сосын түйені өсіргенде, мына, аса көп еңбек, шөп не дайындамайды екен ғой, жібере салады.
Түйенің енді көпшілігі қыс болмайтын жақта өседі ғой, бізде...
Шөпті... қай кезде...
Ол шөпті... Артығын бәрін милициямен жүріп алды ғой, бәрін ауылдан. Дүкеннен бір кісіге төрт жүз граммнан нан береді, ол нанның өзі кәдімгі бидайдан пісірген емес, көрімтал сияқты бірдеңеден пісірген.
Сосын ана бір кісілерге астықпен бірнеше дорба апарушы еді ғой, сондай болды ма сіздерде? Обойный ұн, ақ ұн, қара ұн деп сөйтіп, елдің бәрі дорба арқалап жүретін
Жоқ ондай болған жоқ, ол енді диірменге барғанда беретін. Бізге ұн бергенін көргем жоқ. Нан берді нормаменен.
Бір қазақ деген... аз ғой, әйтпесе сіз үнемі магазиннен алып отырған жоқсыз ғой. Сонда оның бірнеше қабы болған, есімде бар. Соны ел қара ұн, обойный ұн, сосын ақ ұн, сосын бірінші сорт дейді. Бөліп бөліп әлгіні
Ол енді диірменде болды бірінші сорт, екінші сорт деп. Сосын жайқасын болды ұн. Ондай ұндарды ешкім таратқан жоқ. Мысалы, еңбекке бидай береді. Шамалы соны апарып тартқызып алады. Соны сақтап сол келесі уағына дейін жеткізетін едік.
Өзіңіздің үйде мына, іс машинасы, іс тігетін сол қай кезде пайда болды?
Іс машинаны мен елу төртінші жылдары алдым.
Сол іс машинасын алғанда, менің енді есімде бар, сол біздің үйге елу сегізінші жылы пайда болды. Сонда бір ай тығулы тұрды. Әкем тығып қойған, сельпоның бастығы тығып қой депты ананы. Содан кейін жаңағы, ел келіп, жүктің артында тұрғанда, әйелдер келіп, шашу шашып соны, іс машинені сонда бірінші рет көрдік. Сонда маңайдағы әйелдер келіп, сельпоның бастығына, әкем аңға апарып, бұғы атып алған. Анау өзі атып алған. Сол аңға апарып көрсеткен ғой. Соның өзі жасырып беріп бір ай үйде тығулы тұрған.
Елу төрт, елу бесінші жылы алдым мен. Ол машиненің өзің закуп бидай өткізу керек. Ол менің алғаным бізде, Зеренді ауданы болып тұрған уақытта, ертеде, Барисовский Иван Михаилович деген райкомның бірінші хатшысы болды. Сол артына жауапқа еріп, сол мына неде Лабану деген жер бар, Балық ауданы болды ол уақытта. Сонда школь механизация завхозы болып істеді. Райкомнан түсіп, сотталып, сол сол кісі келді. Кардонда ...шник болып істедім таудың етегінде. Сонда сол Сарыағашқа келіп, соның іс машине жоқ қолмен тігіп отырғанымды көріп, неге машине жоқ. Мен айтам жоқ машине жоқ ала алмаймыз машинені. Сосын кел мен алып берейін деп. Сонда барып, Лабаннан машинені сол кісі арқылы алдым. Оны да дүкенде, не бидай өткізу керек, соның қағазын апарып беру керек, ол маған қағаз жазып берді. Дүкеншіге апарып бер, сосын аласын деп, апарып қағазды бердім, не жазғанында оқыған жоқ, машинені берді, ақшасын төлеп, жұрт шуылдады неге сен бидай өткізген жоқ, неге бересін деп. Жоқ өткізгем квитанциясын әкеліп бердім міне, деп дүкенші әлгі кісі арқылы, сөйтіп сол машинені алдым.
Ең бірінші мынау үйде техника, мотоцикл, машина қай кезде алдыңыз?
Мотоциклді мен елу алты, алпыс алты, алпыс жетінші жылдары алдым. Дөлкенің мотоцикілін. Урал мотоциклі. Ол да дефицит. Оны да өшіреді. Машинені жетпіс жетінші жылы алдым.
Қандай мәшине алдыңыз?
Жигули
Ол да сіз передолипт болдыңыз ба, сондайға алдыңыз ба, передолипт бірдеңе
Ол, передолипт болғанда, біздің лесхоздың үшінші замы, мынау Бурабайда, лесхозяйства болды. Соның қарамағына келді. Николой Терекович деген директоры болды. Соның қарамағына бізді алды, как раз Қонаевтың басшы болды, Зерендінің көлдің қасында. Сол дашаларды алды. Сол дашалардың бәрін листопад хозяйства қарады ғой. Артынан үйге келді, бір жыл өткесін ба, мен сендермен танысайын деп келдім үйлеріңе, сосын үйге келіп маған, халдерің қалай, халіміз осылай, сосын семьяңды мешает етпейсің ба, арақ ішпейсің ба, сұрап, сосын мен айттым мен как раз отыз жеті жасымда арақты қойып, сол алпыс алтыншы жылы арақты қойып, алпыс жетінші жылы мотоцикл алдым. Арақ ішіп жүргенде қорықтым енді, алмай, сосын енді он жылдан кейін әлгі ыңғайы келіп қалды да, сол кісі келген уақытта, сұрадым енді, не қажет деп, мен айттым, жасымыз ұлғайып келе жатыр, мотцикліміз бар, бір машине керек еді дедім. Ол уақытта машине алу үшін очередте тұру керек, бес алты жыл күту керек, передолипт болу керек, сол кісі арқылы очередсіз алдым машинені. Ол Бурабай листопад хозяйстваға жылына төрт машине береді екен. Төрт ай сайын бір машинеден. Сосын айтты осылай осылай, квартал сайын бір машине келеді. Арызын жазып бер, берейін деп. Сол арыз жазып бердім, артынан кешіктірген жоқ, үш төрт айдың ішінде маған машине берді.
Осы ана халық қай кезден бастап жақсы тұра бастады, осы?
Елу алтыншы жылдан кейін
Елу алтыдан кейін, иә...
Ол жөнінде шындығын айтсам, қылмыс болады.
Жоқ шындығын айтыңыз енді, қазір ешқандай не жоқ қой, бізде шектеу жоқ
Бізде Сталиннің тұсында тәрбиелендік қой. Сталиннің тәртібін үйрендік. Ал енді сол тәртіп, бізге осы күнге шейін, сол тәртіп. Жұмысқа кешікпеу, өтірік айтпау, ұрлық қылмау, енді сол уақытта, өзі солай жасаса, ал енді қазір, жұрттың бәрі бірдей емес. Ол уақытта еңбек еткен адам, еңбегіне қарай алды. Қазір біреу бай, біреу кедей, оның бәрі қалай болды. Үкіметке мысалы мына, біреуді байыту керек болды, колхоз, совхоздарды таратты. Таратқан уақытта, қол жеткендер байып, халық қалып қойды. Ел ішіндегі... жұмыс жоқ. Тігінменен жылда ақшасы уағында келеді. Бәрібір берекесі жоқ. Малды бұрынғыдай базарға апарып сата алмайды. Мынау әлгі, посредниктер бар, солар арзан апарып сатады. Сондықтан халыққа, біз пенсиямызды аламыз, азды көпті. Пенсияны бала шағасы бар адамға әрі жұмыс жоқ, әрі табыс жоқ, шыны қиындау. Ал енді елде мал асырайды, не бағатын жазды күні жері болмайды. Не қысты күні шөбі болмайды. Оны шабатын жері жоқ. Мысалы осында христианское хозяйства дейді, біреу бар. Ол малдың бәрі соныкі, жер соныкі, мына жерге бақпа малынды, мына жерге жіберме, сондай жағдай.
Ал осы Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Назарбаев сөйледі ғой, тоқсан бірінші жылы. Сол кезде сіздер естідіңіздер, қандай көңіл күйде болдыңыз?
Енді ол күндері көңіл күй көтеріңкі болды. Келешегіміз оңды болады деп
Енді мына құттықтап, бір-біріңізге барып, нетіп, арақ ішіп, сондай тойладыңыздар ма?
Жоқ ондай тойлағанымыз жоқ. Қазір енді оны енді күннен-күнге оны өздеріңіз көріп отырсыздар ғой. Күннен-күнге қымбаттайды қымбаттайды, арзандау жоқ, мынау свет төрт тиын болды бұрын (иә, иә, совет өкіметінің кезінде), қазір он үш он төрт теңге киловаты. И плюс реформ болды, пятьсот го одному, сонда есептеңіз қанша қымбаттағанын.
Енді мысалы мынадай жиһаз, мынадай кілем, бұл осы егемендіктің арқасында келді ғой. Бұндайды бұрын,
Оны енді қолым жетпеді ала алмадым. Ақшам болса да ала алмадым. Неге десеңіз дефицит болды. Оны ана тамыр таныс арқылы аласын. Қазір енді не алсаңда толып тұр. Только ақша керек. Мына бұрын бензин бес он тиын сегіз тиын болды. Бертін он тиын болды. Ал енді қазір, жүз отыз теңге литрі.
Марапаттарыңыз бар ма?Қандай наградаларыңыз бар мемлекеттен алған.
Награда, на ударника коммуниста тыла деген бар. Медал берген. Басқа награда жоқ.
Қанша балаңыз бар?
Менің сегіз балам болған. Үш ұл, бес қыз. Соның үлкен ұлым қайтты, қалғаны (иманды болсын) бар. ...
...осы күнгідей той жасау болған жоқ. Елу тоғызыншы жылы. Шындығы сол. Ал енді екі үш баласы бар, адам болса, соны мектепке апарып жіберу керек. Киіндіру керек. Қазір міне осы жерде сегіз жылдық мектеп бар еді. Қазір жауып тастапты. Бастауыш мектеп қалды.
Ана кісілер көшіп кетті ғой енді. (фотограф болып кетесің әлі өзіміз сияқты)
Енді өзіңіздің есіңізге түсетін әңгімелер болса, өзіңіз айтқыңыз келіп сондайды айтсаңыз, осындай өзіңіздің көңіліңізде, осы әңгімені айтып тастау керек еді ғой деп,
Айтқанда не болады дейсің? Біз айтқанда не болады дейсің?
Өткен заманнан қалған жаңағы әлгі Қылышбай сияқты әңгімелер болса да, сондай есіңізге түсіп жатса дегенім ғой
Жас кезімізде оқымадық, мен қазақша бес ақ класты бітірдім, қырық бірінші жылы. Оқу оқуға жағдай болмады. Сонымен қалды ғой, әскерде болдым әйтеуір. Әскерде полков школды бітірдім. Ол қайта старшина болып келдім, звание старшина
Ооо... Жақсы служит еткенсіз
Үш жарым жыл приморский крайда служит етіп келдім.
Қандай войскада служит еттіңіз.
Катюшада.
Катюшаға оған білімді адамдарды айтады ғой.
Кәдімгі легендарный катюша барма соған. Мен әскерге кештеу бардым. Жиырма жасымда почти. Көкшетау облысынан сегіз бала бардық. Сол Приморский край, Хасанский район, как раз южный Корея мен северный Кореяның соғысып жатқанда, границадан тоғыз шақырым жерде, біздің часть тұр екен, Гвардейский часть. Сонда полковник ... сол сержант кылып, бізді асығыс шығарғаны, соғыс уағында қырық бес қырық алтыншы жылдары барған сержант ол уақытта служит етті. Алты жеті ай, жеті жыл. Соларды жіберу керек болды да, солардың орнына, младший сержант қылып. Соның үш жыл жеті ай әскерде, Приморский край, Асанский район.
Служба жақсы өтті деп ойласыз ба?
Жақсы өтті, жақсы өткені енді ол уақытта, отпускіге жібере қоймайды, отпускіге келіп қайттым, сол үш жарым жылдың ішінде. (Басқа ұлт өкілдері болды ма?) Біз енді ... бардық сегіз қазақ, қалғаны орыс. Қазақ деген шамалы болды. Бізде полколға апарып түсіріп, майор Итембаев деген компонент болды (қазақ екен ғой). ...қазақ білесіз ба деді.
Қазақша өтпеді ма?
Как раз елу екінші жылы он жетінші күні осы жерден кетіп, соның как раз тоғызыншы майға мейрамға қарсы. Бірақ Бейсенбаев түрі қазақ, бәрі қазақ, фамилиясы қазақ, бірақ қазақша сөйлеспейді, званиесі майор. Как раз тұрды да подхозяйствасы бар, біреуін сойып, соны Серіктің баласы тамақ ішпей отырған, ...
Бейсенбай өтеді ма?
Ол бізбен бірге тамақ ішпейді ғой, жейді ғой, жемегенде қайтеді. Сосын әлгі енді дежурный командирға да платить етеді. Содан кейін қазақ еліне мал беретін, жариттеп, соны обед берді. Сосын Бейсенбай шақырып алып, сегіз баланы,... сосын қазақшаға судай мақалдап мәтелдеп. Қырқалап шыққан соң. Анау мынау енді ол әшу керек жеу керек, сосын мен тұрып айттым, жарайды дедім, сіздің бір қазақша бір ауыз сөзіңізді есту еді біздікі, рахмет енді қазақша сөйлестіңіз бізбен. Тап шеніңізді шегелеп тастайтын емес еді ғой. Біз енді қазақ баласы болған соң, сізге үміт артып, бірдеңе айтады ғой деп едік, айтпадыңыз, сондықтан біз ішпегеніміз рас. Енді ішеміз бұдан кейін қайда барамыз. Іштік сосын. Сосын Бейсенбай анда-санда қазаққа ұқсамайтын болды.
Қай жердің балалары еді сонда қазақ балалары?
Осы Көкшетау облысының балалары. Тек Көкшетаудан қырық сегіз бала бардық.
Көкшетаудың балалары орысшаға жетік қой.
Жетік бәрі, соның ішінде, сегізі ғана қазақ баласымыз. Қалғанының бәрі орыс.
Мынауыңыз бір қызық нәрсе болған екен. Доңыздың етін жемей қойғаныңыз
Енді жемейік деп жемедік, ол бір қазанда сол малдың еті деп, доңыздың еті деп істейді, қайда барасың сосын, жедік содан. Әуелі дегенді етін жемей сорпасын іштік.
Ал енді осы шақта мына қазір, қабан шошқа көп қой (иә). Тоқсаныншы жылдары жоқшылық ет болмай, кішкене қысқанда қазақтар жеді ма қабан шошқаларды
Жоқ жеген жоқ. Жастары мүмкін жеген шығар. Жемей мүмкін...
Енді қабан шошқа көп қой. Ағаштың ішінде лесник болып жүрген уақытта, әкелді. Бурабайдан әкеліп жіберді осында.
Өсіп кетті, олар көп өсті дейді ғой
Қазірде бар ағаштың ішінде жүреді сол.
Күшікті олар бір неткенде күшігін он шақты табады
Солай дейді
Сөйтеді, өсімтал болады.
Жақсы енді, жақсы әңгіме айттыңыз
Әңгіме қылатын уақытта біз жұмыспен кеттік. Мен он бес жасымда колхозда хатшы болдым. Бес класс білімменен. Қырық төртінші жылы колхоздың хатшысы жиырма алтыншы жылғы жігіт еді. ...алып кетті. Алыстату еді. Жүсіпқали деген басқарды, хат таныды, қол қоюды біледі әйтеуір. Сол бір жылы колхозшы болдым. Он бес жасымда. Соны жазды Қарсақта. Балалар көшеде доп ойнап жүр екен. Доп ойнап жүр едім. Прокурор болды. Ноғай еді. Руы сондай. Сол келеді басқарманы сұрайды ғой, кантор неге ашық жатыр. Қазір шақырайын хатшыны. Тоғайда жүрген шығар дейді. Тоғайда жүретін неғылған хатшы. Соны мені шақырды, мен келдім. Сол бетіме қарап тұрып, еее өзі де тоғайлайтын бала екен ғой, он бес жастағы баламын, сонан әскерден ... келді. ...
Ол кезде былай көп көрінді ғой жақсы
Енді
Әйтеуір қарапайымдылық жақсы
Енді қолы ұзындау болады ғой, басқармаға келгесін жегісі келеді. Басқарма хатшы жей алмайды. Хатшыға да бірдеңе тиеді. Қырық төрт қырық бесінші жылдары
Мына қарауылдың ішінде, ноғай қарауыл неге солай аталған?
Біздің атамыздың аты ғой ол.
Ноғай ма? Бірақ өзі қазақ иә?
Қазақ. Кешегі Ақтабан шұбырындыға ішке кіріп кеткен ғой ата-бабаларымыз. Содан енді бұл жақ кішкене қазақтар қайта көшіп келе жатқан уақытта, ноғайдың қазанының маңайында келіп қонады ғой. Сол кезде атамыз дүниеге келеді. Сол Ноғай деп ат қояды. Ноғай Қарауыл атанып кеткені сол. Сосын бізде Қылды Қарауыл деген бар,
Оны білеміз
Қылдың қалай атанғанын білесіз бе?
Білеміз
Ноғайдан алты ау туады. Аман, Амангелді, Сайыс, Ысты, Есенгелді, Жиенбет. Амангелді енді Қарсақ болып кеткен. Қарсақ болып жүрміз.
Жарайды онда ата.
Сұхбат жүргізгендер: А.У. Тоқтабай, З.Б. Байжұманова
Компьютерде терген: З.Б. Байжұманова
Достарыңызбен бөлісу: |