Халқымыздың өткен замандардағы тарихын, рухани тыныс-тіршілігін танып-білуде көркем сөз шеберлерінің қалдырған әдеби



бет4/4
Дата05.11.2016
өлшемі0,74 Mb.
#976
1   2   3   4

Қорытынды

Біз ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы әр кезеңдерде жарық көрген зерттеу еңбектермен, ой-пікірлермен таныса келіп Құлыншақ ақынды танып білудің әлі де маңызды жақтарының бар екенін байқадық. Ақын шығармалары кезінде хатқа түспей ауызша тарағандықтан көбісі бізге жетпей қалған деген пікірдеміз. Замандас ақындары сөз жүйрігі, айтулы ақын деп бағалаған ақынның шығармалары бұл қазіргі қолдағы бар мұраларынан әлдеқайда көп болуы әбден мүмкін. Жарық көрген шығармаларын оқып, талдай отырып Құлыншақ ақынның халықтың салт-дәстүрі мен өз заманының шындығын тани біліп, оны шығармаларында бейнелей білген, жырына адамгершілік асыл қасиеттерді арқау еткен көрнекті ақын екендігін көреміз. Ежелден келе жатқан әдеби дәстүрді терең игергендігі оның салт өлеңдері үлгісіндегі шығармаларынан, арнау, толғауларын, сыншыл туындыларынан айқын аңғарылады.

Сөз өнерінің мәні мен мақсатын терең түсіне білген ақын ақындық өнер арқылы тәлім-тәрбие беруді басты мақсат етті. Күнделікті өмірде кездесетін құбылыстарды, адамдар бойындағы әр түрлі мінез-құлық, қасиеттерді өмір шындығымен, халықтың тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланыста бейнелей білді. Қазақ қоғамындағы Қоқан хандығының зорлығымен Ресей патшалық отарлау саясатының елдің тұрмысы мен рухани әлеміне, дініне, әдет-ғұрып, салт-дәстүріне тигізген кері әсері де ақын назарынан тыс қалмады.

Ақын ауызша әдебиеттен ғана нәр алып, сол дәстүрмен әр түрлі жанрларда туындыларды жасап қана қоймай, шығыс әдебиеті дәстүрінің сарындарын да әдебиетімізге біршама енгізгені оның өсиет мәндес өлеңдері мен шығыстық қиссаларды («Шырын - Шекер» дастаны) жыр еткенінен байқалады.

Қазіргі кезге дейін үзілмей келген халқымыздың айтулы өнерінің бірі болып саналатын айтыстың дамуына да өзіндік қосқан үлесі, орны бар екендігі анық.

Халықтың мұңы мен арманын, асыл қасиеттерін жыр ете толғаған ежелден келе жатқан жыраулық дәстүрдің де ақын шығармашылығында біршама көрініс тапқаны оның толғаулары мен термелерінен байқалып отыратынына көз жеткіздік. Сондай-ақ әдебиетіміздегі халықтың рухын көтеріп, жан әлемін сусындатып, сана-сезімін тербетіп отыратын эпостық, батырлық жырларды жатқа айтып отырған үлкен жыршы да болғанына деректер негізінде көзіміз жеткендей болды.



Құлыншақ ақынның шығармаларының көркемдік сипатына келетін болсақ ақынның халықтың дастүрлі ауыз әдебиетін жан-жақты біліп, терең игергеңіне оның дәстүрлі халық әдебиеті үлгісімен көптеген жанрларда туындылар жасағаны да дәлел болады. Ақынның халықтың ауыз әдебиетінен сусындап өскенін оның өлеңдеріндегі сөз қолданыстарынан да байқалады. Мысалы, ақынның шешесін жоқтауындағы:

Тал бесігін таянған шешем,

Түнде тұрып оянған шешем.

Тар құрсағын кеңіткен шешем,

Тас емшегін жібіткен шешем.

Өлеңдетіп әндеткен,

Айналасын сәнді еткен.

Уақыты жетіп демі біткен,

Айналайын ақ шешем,

деген өлең шумақтарының алдыңғы шумағының әр қатарындағы соңғы сөзді қоспай алғанда, әрбір жолдардағы сөз тіркестері халқымыздың тілінде сол күйінде қолданатын сөз тіркестері болып саналады. Халықтың жиі қолданатын бейнелі сөз тіркестері мен сөздерін ауызша көркем әдеби туындылар жасайтын сөз шеберлерінің көркемдік қолданыста пайдалануы олардың барлығына да тән деп айтуымызға болады. Суырып салмалық дәстүрде фольклорлық бейнелеу тәсілдерін қолдану қазақ хандығы тұсындағы ақын-жыраулардың барлығының да шығармаларында кездеседі. Құлыншақ ақынның да шығармашылығында сол фольклорлық дәстүрді жиі қолданып отырғанын көруімізге болады. Жоғарыда келтірілген жыр үлгісіндегі сөз тіркестері мен кейбір өлең жолдары Майлықожа ақынның шығармаларында да сол қалпында қолданылғаны байқалады. Бұл құбылыс сол тұстас ақындардың ақындық өнерінің осалдығынан емес, олардың ауызша әдеби дәстүр аясында шығармалар тудыруынан болған дәстүрліліктің көрінісі деп тануымыз керек.

Құлыншақ ақынның сөз қолданудағы шеберлігі оның образ жасауынан да айқын көрініс тапқан. Ақын айшықты сөздерді молынан қолданады. Мысалы, Қисықты жамандайтын өлеңіндегі "Тәрізді шөлдеу жердің масасындай", "Пішінің диуананың асасындай" деген өлең жолдарындағы теңеулері айқындығымен ерекшеленеді.

Дінін илам деп танып, мұсылмандық жолын берік ұстанған ақынның шығармаларында дінге қатысты сөздердің көрініс тауып отыруы заңды құбылыс деп түсінуге болады. Сондай-ақ, шығыстық әдебиетпен де танысып, шығыстық сюжеттерге құрылған дастандарды жырлауы да шығыс классиктері шығармаларында жиі қолданылатын көркемдеу тәсілдері мен сөз қолданыстарын пайдалануға әсерін тигізген.

Ақын шығармалары негізінде 7-8 буынды жыр және 11-12 буынды қара өлең үлгісінде жасалған. Бұл ақынның барлық шығармаларына тән құбылыс.
Қорыта айтқанда Құлыншақ ақынның шығармалары ақынның өз заманындағы айтулы сөз шеберлерінің бірі болғандығын көрсетумен қатар XIX ғасырдағы әдебиетіміздің даму деңгейінен де мәліметтер беретін құнды рухани мұра болып саналады.

Х.Сүйіншәлиев: «Асылы, Құлыншақ шынында да заманының көрнекті ақыны болған. Сондықтан оның қазақ поэзиясының өсуіне, ақындық өнердің жетілуіне қосқан үлестері басқалардан кем түспейді», -деп қазақ әдебиеті тарихындағы ақынның алатын орнын, қосқан үлесін орынды көрсетеді [30.644.].

Сандаған жылдар бойы халық арасында шығармаларының ауызша сақталып жетуі ақын шығармаларының өміршеңдігіне дәлел болады. Құлыншақ ақынның әдеби мұрасын зерттеуде, ақын өнерін насихаттауда өзіндік орны бар ғалым Р.Бердібаев: «Сөз меруертін қалдырған кемел ақынның мұрасы ұзақ жасай бермек» деген тұжырым жасаған болатын [8.204.].

Иә, «Әдебиет - ардың ісі» деп көрнекті ғалым ағамыз З. Қабдолов айтқандай шығармаларына адамгершілік асыл қасиеттерді, ар-ұят, иманды, өмір, заман шындығын арқау етіп көркем бейнелеп, сөз маржанын өрнектей білген ақынның әдеби мұрасы әдебиетіміздің тарихында өзіндік орнын алып, ұрпақ тәрбиелеудегі өз қызметін атқара береді деген сенімдеміз.



Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Айтыс. 3 томдық, 2-том Алматы: «Жазушы», 1964.

  2. Айтыс. Көптомдық. 2-кітап. Алматы: «Жазушы», 1988.

  3. Ахметов 3. Өлең сөздің теориясы. Алматы: «Мектеп», 1973.

  4. Әбдікәрімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы: 1975.

  5. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құрастырған және бас
    редакторы 3. Ахметов. Алматы: «Ана тілі», 1998.

  6. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы: «Ана тілі», 1991.

  7. Әуезов М. Уақыт және әдебиет. Алматы: 1962.

  8. Бердібай Р. Жұлдыздар жарығы. Алматы: «Білім», 2000.

  9. Бердібаев Р. Гүлістан бұлбұлдары. Алматы: «Жазушы», 1970.

  10. Бес ғасыр жырлайды. екі томдық. Том 2. Алматы: «Жазушы»,
    1989.

11.Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Алматы: «Санат», 1992.

  1. Жолдасбеков М. Жүрегі жүз жыл жырлаған. «Егемен
    Қазақстан», 2006, 28 ақпан.

  2. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. Алматы: «Мектеп», 1960.

  3. Жыр мұра. Астана: «Ел орда», 2001.

  4. Кемелұлы Қ. Өсиетім... Шымкент: 1991.

  5. Қабдолов 3. Сөз өнері. Алматы: «Қазақ универеитеті», 1992.

  6. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Алматы: «Қазақ
    университеті», 2001.




  1. Қазақ совет энциклопедиясы. 7-том. Алматы: 1975.

  2. Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы: «Дәуір», 1994.

  3. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. Алматы: «Ана
    тілі», 1991.

21.Мағауин М. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Алматы: «Анатілі», 1992.

  1. XIX ғасырдағы қазақ ақындары. Алматы: «Ғылым», 1988.

  2. Оспанұлы Ә. Қаратау атырабының ақындары. Алматы: 1983.

  3. Оспанұлы Ә. Қаратау шайырлары. Алматы: «Қазақ
    университеті», 1991.

  4. Оспанұлы Ә. Құлыншақ ақын қазынасы молықты. «Шымкент
    келбеті», 2003, 24 қаңтар.

  5. Өмірәлиев Қ. Қазақ поэзиясының жанры мен стилі. Алматы: «Ғылым», 1983.



  1. Өмірбеков Е. Шежірелі өлке. Алматы: «Ғасыр - Ш», 2003.

  2. Сүйіншәлиев X. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері.
    Алматы: «Қазақстан», 1967.

  3. Сүйіншәлиев X. XIX ғасыр әдебиеті. Алматы: «Ана тілі»,
    1992.

30. Сүйіншәлиев X. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы: «Санат»,

1997. З1.Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Алматы: «Ана

тілі», 1993.



  1. Төреқұлов Н. Алатау асқарынан жыр асырған. Алматы:
    «Ғылым», 1966.

  2. Уақатов Б. Қазақтың халық өлеңдері. Алматы: 1974.






Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет