3. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға қабылдау шарттары
10. Қызмет алушыларды оларға бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға жіберуді облыстық, Астана және Алматы қалаларының халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органдары (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері арқылы жүзеге асырады.
11. Мемлекеттік емес меншік нысанындағы жартылай стационарлық үлгідегі ұйым қызмет алушыларды қабылдауды шарт негізінде жүзеге асырады.
12. Бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға қызмет алушыларды қабылдау уәкілетті орган жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға ұсынатын мынадай құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:
1) қызмет алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және іс-әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының, қорғаншының) өтініші (осы стандартқа 1-қосымша);
2) жергілікті атқарушы органның арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету туралы шешімі;
3) уәкілетті органның жолдамасы;
4) баланың туу туралы куәлігінің немесе жеке куәлігінің көшірмесі;
5) мүгедектігі туралы анықтамадан үзінді көшірме (қарттар үшін – талап етілмейді);
6) медициналық карта (осы стандартқа 2-қосымша);
7) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме (қарттар үшін – талап етілмейді);
8) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – зейнетақы куәлігінің көшірмесі;
9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін – Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі.
13. Құжаттардың көшірмелері түпнұсқасымен бірге ұсынылады, салыстырып тексергеннен кейін түпнұсқа өтініш берушіге қайтарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |