Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы


Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету шарттары



бет19/46
Дата12.10.2020
өлшемі0,96 Mb.
#66908
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   46
6. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету шарттары

      35. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда көрсетілетін әлеуметтік-тұрмыстық қызметке мыналар:


      1) денсаулығының жағдайы бойынша өзін өзі күтудің, оның ішінде төсектен тұру, төсекке жату, киіну және шешіну, жуыну, тамақ ішу, сусын ішу, дәретхананы немесе дәрет ыдысын пайдалану, қозғалып жүру, тісін немесе жағын күту, көзәйнекті немесе есту аппаратын қолдану, тырнағын алу, ер кісілерге – сақал-мұртын алу сияқты қарапайым рәсімдерін орындай алмайтын қызмет алушыларға жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызметті көрсету;
      2) жићазбен және (немесе) тұрмысқа бейімдеуді, оңалту, емдеу, білім беру, мәдени іс-шараларын ұйымдастыруға арналған мамандандырылған жабдықтармен жабдықталған орынжай беру;
      3) тамақтану нормаларына сәйкес диеталық тамақтандыруды қоса, тамақ ұсыну;
      4) осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес көзделген кем емес көлемде жұмсақ мүкәммал (төсек-орын жабдықтарын) ұсыну;
      5) қызмет алушыларды үйден жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға дейін және кері бағытта, сондай-ақ емдеуге, оқуға, мәдени іс-шараларға қатысу үшін тасымалдау кезінде көлік қызметін ұсыну;
      6) санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес болу жағдайларын қолдау жөнінде қызметтер көрсету жатады.
      36. Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
      1) берілетін орынжайлар көлемі және басқа да көрсеткіштері (ғимарат пен орынжайдың жағдайы, олардың жайлылығы) бойынша санитарлық гигиеналық нормалар мен талаптарға сәйкес келеді және қызмет алушылардың болуына қолайлылықты қамтамасыз етеді.
      Барлық қызметтік және өндірістік орынжайлар санитарлық нормалар мен ережелерге, қауіпсіздік талаптарына, өртке қарсы талаптарға жауап береді, телефон байланысымен жабдықталады және коммуналдық-тұрмыстық жабдықталудың барлық құралдарымен қамтамасыз етіледі және қызмет алушыларға олардың талабы бойынша беріледі. Орынжайлар персоналдың, қызмет алушылардың денсаулығына және ұсынылатын қызметтердің сапасына кері әсер ететін әртүрлі факторлардың әсерінен (ауаның жоғары температурасынан, ауа ылғалдығынан, шаң-тозаңнан, дірілден және басқа да қолайсыз жағдайлардан) қорғалады.
      Оңалту іс-шараларын, емдеу-еңбек және білім беру қызметтерін, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін ұсынылған орынжайлар көлемі, орналасқан жері және конфигурациясы бойынша қызмет алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, жоғарыда көрсетілген іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз етеді;
      2) ұйым мамандарының кабинеті қажетті жићазбен және мамандандырылған жабдықтармен жабдықталады;
      әрбір мамандандырылған кабинетке ерікті нысанда ресімделген паспорт толтырылады;
      3) қызмет алушылардың пайдалануына берілетін жићаз, жабдық, жұмсақ мүкәммал Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын техникалық реттеу саласындағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес келеді;
      4) қызмет алушыларға берілетін жићаз бен төсек-орын жабдықтары қызмет алушылардың физикалық жай-күйін және жасын ескере отырып таңдалып, қазіргі заманғы дизайн талаптарына жауап береді;
      5) 4 сағаттан асатын режимде жұмыс істейтін жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда сапалы тағамдардан әзірленетін, теңгерімділік пен калориялық талаптарына жауап беретін, санитарлық гигиеналық талаптарға сәйкес келетін, қызмет алушының денсаулық жағдайы ескеріліп ұсынылатын ыстық, оның ішінде диеталық тағамдар беріледі.
      Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы маусымға қарай (көктем-жаз, күз-қыс) ағымдағы апталық мәзірді бекітеді.
      6) денсаулығының жағдайы бойынша өзін өзі күтудің қарапайым рәсімдерін орындай алмайтын қызмет алушыларға жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызметті көрсету, олардың денсаулығына қандай да бір зиян, физикалық немесе моральдық азап және қолайсыздық тудырмай орындауды қамтамасыз етеді (мұндай қызметті көрсету кезінде қызмет көрсетуші персонал қызмет алушыларға ерекше сыпайылылық танытуы қажет);
      7) жеке және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге мүмкіндік  беретін қол шеберлігі және қолынан келетін еңбек дағдыларын қалыптастыру үшін қызмет алушының сырқатының және/немесе мүгедектігінің сипаты, физикалық жай-күйі ескеріліп тиісті жағдай жасалады және тәрбиелеу әрі оқыту процесінде оларға қажетті жайлылықты қамтамасыз етеді;
      8) балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларына, тұрмыстық бағдарлау (ас әзірлеу, дастархан жасау, ыдыс жуу, бөлмені/орынжайды күту және өзге де дағдылар) негіздеріне үйрету үшін қажетті техникамен және жићазбен жабдықталған әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау кабинеттері жасалады;
      9) қызмет алушыларды емдеу, үйрету, мәдени іс-шараларға қатыстыру үшін автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде автокөлік құралдарын пайдалану нормативтері мен ережелері, жол жүру қауіпсіздігінің талаптары сақталады.
      37. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда көрсетілетін әлеуметтік-медициналық қызметке мыналар жатады:
      1) медициналық-әлеуметтік тексеруді ұйымдастыру және жүргізу (қажет кезінде, денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарын тарта отырып);
      2) дәрігерге дейін көмек көрсету;
      3) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесу;
      4) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу;
      5) емдеуші дәрігердің қорытындысы бойынша дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
      6) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторлық курорттық емделумен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуде жәрдемдесу;
      7) қызмет алушыларды техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен пайдалануға үйрету;
      8) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес протездік-ортопедиялық және есту-протездеу көмегін алуға жәрдемдесу;
      9) әлеуметтік-медициналық мәселелер, оның ішінде жасына байланысты бейімделу мәселесі жөнінде консультация беру;
      10) бейінді мамандардың, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарындағы мамандардың медициналық консультация беруіне жәрдемдесу;
      11) денсаулыққа байланысты рәсімдерді (дәрі қабылдау, дәрі тамызу және басқа да рәсімдерді) жүргізу;
      12) емдік-дене жаттығуларын орындауға көмек көрсету;
      13) кезеңдік медициналық-әлеуметтік зерттеп тексеру (қажет кезінде, денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарын тарта отырып), оңалтудың медициналық бөлігінің жеке жоспарын әзірлеу және дәрігердің тағайындауына сәйкес медициналық рәсімдерді жүргізу;
      14) қызмет алушылардың денсаулық жағдайын ескере отырып күтім көрсетуді қамтамасыз ету;
      15) емдеу-сауықтыру іс-шараларын, оның ішінде денсаулық сақтау мекемелерінде ұйымдастыру;
      16) әлеуметтік-медициналық сипаттағы оңалту іс-шараларын, оның ішінде дәрі-дәрмексіз терапия қызметтерін жүргізу;
      17) ТҚА бұзылған балаларға және мүгедектерге дене жаттығуларын орындауда көмек көрсету.
      38. Әлеуметтік-медициналық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
      1) қызмет алушылардың әлеуметтік-медициналық қызмет алуына көмек көрсету олардың ауруының сипатын, медициналық көрсеткіштерін, физикалық және писхикалық жай-күйін ескеріп, қызметтердің уақтылы және қажетті көлемде ұсынылуын қамтамасыз етеді;
      2) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық медициналық рәсімдер мен іс-шаралардың толық, жоғары сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді;
      3) дәрігерге дейін көмек көрсетуді ұйымдастыру уақтылы көрсетіледі және алғашқы диагнозды айқындауға, дәрі-дәрмекті дұрыс таңдауды және алуды, шақыртылған дәрігер келгенше оларды қабылдау тәртібін айқындауды қамтамасыз етеді;
      4) әлеуметтік-медициналық мәселелер жөнінде консультация беру қызмет алушыларға, олардың алдында тұрған нақты әлеуметтік медициналық проблемаларды (тамақтану және тұрғын үй гигиенасы, артық салмақтан, зиянды әдеттерден арылу, әртүрлі аурулардың алдын алу, психосексуалдық консультация беру, жасына байланысты бейімделу, жасына байланысты өзгерістер және басқа да проблемалар) дұрыс түсінуге және шешуге білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
      Қызмет алушылармен зиянды әдеттердің алдын алу және олардан арылу, мүгедектерді отбасы құруға және баланың туылуына дайындау жөніндегі жеке жұмыс зиянды әдеттердің (алкоголь ішу, есірткі пайдалану, темекі шегу және т.б.) қауіптілігін, олар әкеп соғатын кері нәтижелерді түсіндіруге бағытталған және нақты жағдайға байланысты бұл әдеттердің алдын алу немесе олардан құтылу бойынша қажетті ұсынымдар беріледі;
      5) емдеу-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру қамқорлықтағы адамның соматикалық жай-күйін, оның жеке қажеттіліктерін ескере отырып, жүргізіледі;
      6) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесу, «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 750 қаулысымен белгіленген тәртіппен организм функциясының тұрақты бұзылуын тудырған тыныс-тіршілігінің шектелуін бағалау негізінде қызмет алушылардың әлеуметтік қорғау шараларына қажеттіліктерін айқындау мақсатында куәландырудан өту үшін құжаттарды дайындауда көмек көрсету;
      7) оңалту іс-шараларын жүргізу қызмет алушының денсаулық жағдайын ескере отырып жүзеге асырылады, ол үшін оңтайлы әлеуметтік ортаға бағдарлауға және әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеуге бағытталған медициналық іс-шаралар кешенін орындауды қамтамасыз етеді;
      8) емдік-дене жаттығуларын орындауға көмек қызмет алушылардың денсаулығын нығайту үшін жүйелі орындау мақсатында олардың қолжетімді және денсаулыққа қауіпсіз дене жаттығулары кешенін меңгеруін қамтамасыз етеді;
      9) протездік-ортопедиялық көмекті және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды алуға жәрдемдесу қызмет алушының практикалық қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асырылады;
      10) техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен міндетті гигиеналық құралдарды пайдалануды үйрету қызмет алушылардың осы құралдарды өздігінен пайдалана алу практикалық дағдыларын дамытады;
      11) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда қызмет алушының денсаулық жағдайын ескере отырып күтім көрсетуді қамтамасыз ету қызмет алушының денсаулығының жағдайын күн сайын қадағалау (дене қызуын, қан қысымын өлшеу және басқа да рәсімдер), емдеу дәрігерінің тағайындауына сәйкес дәрілер беру, қызмет алушылардың жүріп-тұруына (қажетіне қарай) және басқа да қызметіне көмек көрсету сияқты қызметті қамтиды;
      12) денсаулыққа байланысты рәсімдерді (дәрі қабылдау, дәрі тамызу және басқа да рәсімдерді) жүргізу қызмет алушыларға қандай да бір зиян келтірмей аса ұқыптылықпен және сақтықпен жүзеге асырылуға тиіс;
      13) дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрілік заттармен және  медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу қызмет алушылардағы ауруларды уақытылы алдын алуға және жоюға мүмкіндік туғызады;
      14) бейінді мамандардың, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарындағы мамандардың медициналық консультация беруге жәрдемдесуі қызмет алушыларға алдын ала диагноз қоюды қамтамасыз етуге көмектеседі.
      39. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда көрсетілетін әлеуметтік-психологиялық қызметке мыналар жатады:
      1) психологиялық диагностика және адамды зерттеп тексеру;
      2) әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі байқау);
      3) мүгедектермен және қарттармен психологиялық алдын алу жұмыстарын жүргізу;
      4) психологиялық консультация беру;
      5) шұғыл психологиялық көмек (оның ішінде телефон арқылы);
      6) қызмет алушыларға психологиялық көмек көрсету, оның ішінде әңгімелесу, қарым-қатынас жасау, тыңдау, дем беру, белсенділікке ынталандыру;
      7) психологиялық тренинг;
      8) қызмет алушыларды психологиялық түзеу;
      9) қолайлы психологиялық климатты қамтамасыз ету, келіспеушілік жағдайларының алдын алу және жою үшін отбасы мүшелеріне психологиялық көмек көрсету.
      40. Әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
      1) психологиялық консультация беру жанжалдың алдын алу және жою үшін қызмет алушыға ішкі ресурстарын ашу, тұлғааралық қарым-қатынастарды жақсарту бойынша білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
      Психологиялық консультация беру қызмет алушыдан алынған ақпарат және туындаған әлеуметтік-психологиялық проблемаларды онымен талқылау, негізінде оған ішкі ресурстарды ашуға, жұмылдыруға және осы проблемаларды шешуге көмектеседі;
      2) әңгімелесу, қарым-қатынас жасау, тыңдау, дем беру, белсенділікке ынталандыру, өмірлік тонусын психологиялық қолдау қызмет алушылардың психикалық денсаулығын нығайтуға, олардың стреске төзімділігін арттыруға және психикалық қорғауды қамтамасыз етеді;
      3) қызмет алушының психологиялық диагностикасы жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы бекітетін психодиагностикалық пакет негізінде жүзеге асырылады.
      Психодиагностика қызмет алушының мінез-құлқындағы және айналасындағы адамдармен қарым-қатынаста ауытқушылықтарға әсер ететін оның психикалық жай-күйін және қызмет алушылардың жеке тұлғалық ерекшелігін анықтау мен талдаудың нәтижесі бойынша түзету іс-шараларын жүргізудің болжамын жасау және ұсынымдарды әзірлеу үшін қажетті ақпарат береді;
      4) белсенді психологиялық ықпал ретінде психологиялық түзету қамқорлықтағы адамдардың жүріс-тұрысындағы, эмоционалдық жай-күйіндегі ауытқушылықтарды (жекелеген адамдардың эмоционалдық жауап қайтару және мінез стереотипінің жайсыз формалары, жайсыз қарым-қатынастар және мінез-құлқындағы басқа да ауытқулар) жеңу немесе бәсеңдетуді қамтамасыз етеді, бұл аталған көрсеткіштерді жас нормалары мен әлеуметтік орта талаптарына сәйкес келтіруге мүмкіндік береді;
      5) белсенді психологиялық ықпал ретінде психологиялық тренингтердің психологиялық жара салу жағдайларының, нервтік-психологиялық шиеленістердің салдарын жоюда, тұрмыс-тіршіліктің бейәлеуметтік нысанын жеңуші адамдарға әлеуметтік бағалы нормаларына дағдыландыруда, өзгермелі жағдайларға бейімделу үшін тұлғалық алғышарттарды қалыптастырудағы тиімділігімен бағаланады;
      6) шұғыл психологиялық көмек: қызмет алушыларға дереу психологиялық консультация беруді, дағдарыс жағдайынан шығу үшін олардың физикалық, рухани, тұлғалық, зияткерлік ресурстарын жұмылдыруға, туындаған проблемаларды өздігінен шешу және қиындықтарды жеңу, өзіне деген сенімін нығайту үшін қолдануға болатын құралдардың диапазонын кеңейтуге жәрдемдесуді қамтамасыз етеді;
      7) әлеуметтік-психологиялық патронаж қызмет алушыларды жүйелі байқау негізінде психикалық қолайсыздық жағдайын және тұлғалық (тұлғаішілік) немесе тұлғааралық жанжалды және қызмет алушылардың өмірлік қиын жағдайын ауырлататын басқа да жағдайларды уақытында анықтауды әрі оларға сол кезде қажетті әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
      8) психологиялық алдын алу жұмыстары мүгедектер мен қарттарда психологиялық білімін және оларды өзін түзеу және өзінің проблемаларын шешуде пайдалану ықыласын қалыптастыруға, әрбір жас кезеңінде жеке басын психикалық дамыту үшін жағдайлар жасауға, тұлғалық қалыптасуда және дамуда болатын бұзушылықтарды уақытында алдын алуға мүмкіндік туғызады;
      9) қызмет алушылардың отбасы мүшелеріне психологиялық көмек көрсету отбасында қызмет алушының денсаулығы мен психикасына кері әсер ететін жанжалдардың және стресс жағдайларын алдын алуға бағытталған.
      41. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда балаларға, ТҚА бұзылған балаларға, он сегіз жастан адамдарға көрсетілетін әлеуметтік-педагогикалық қызметке мыналар жатады:
      1) әлеуметтік-педагогикалық консультация беру;
      2) балалардың физиологиялық мүмкіндіктері мен ақыл-ес қабілеттеріне сәйкес арнаулы оқу бағдарламалары бойынша білім алуына жәрдемдесу;
      3) ТҚА бұзылған балалардың жалпы білім беру мектептерінде білім алуына жәрдемдесу;
      4) тұрмыстық бағдарлану негіздеріне және қол еңбегі машығына үйрету;
      5) өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, жеке гигиена, тұрмыстағы және қоғамдық орындарындағы өзін ұстауды, өзін-өзі бақылауды, қарым-қатынас дағдыларын және тыныс-тіршіліктің басқа да нысандарын қалыптастыру жөніндегі қызметтер;
      6) педагогикалық диагностика және тұлғалық, баланың, оның ішінде ТҚА бұзылған баланы және он сегіз жастан асқан адамның даму деңгейіне зерттеу жүргізу;
      7) балаларды, оның ішінде ТҚА бұзылған балаларды педагогикалық түзеу;
      8) балаларды, олардың физиологиялық мүмкіндіктері мен ақыл-ес қабілеттерін ескере отырып, арнаулы оқу бағдарламалары бойынша оқытуды ұйымдастыру;
      9) есту қабілетінің бұзылушылығы бар балалар мен мүгедектерді,  сондай-ақ олардың ата-анасы мен басқа да мүдделі адамдарды ымдау тіліне үйретуді ұйымдастыру;
      10) ымдау тіліне аудару жөніндегі қызметтер.
      42. Әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
      1) әлеуметтік-педагогикалық консультация беру қызмет алушыларға олардың алдында тұрған әлеуметтік-педагогикалық проблемаларды дұрыс түсінуде және шешуде білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
      2) педагогикалық диагностика және тұлғалық зерттеу заманауи аспаптарды, аппаратураларды, тестілерді пайдаланып жүргізеді және балалардың, ТҚА бұзылған балалардың, он сегіз жастан асқан адамдардың жеке басын жан-жақты зерттеу негізінде күйзеліс немесе жанжалдық жағдайға ұшыраған қызмет алушыға белгіленген диагнозға сәйкес тиімді педагогикалық көмек көрсету, балалардың, ТҚА бұзылған балалардың, он сегіз жастан асқан адамдардың зияткерлік дамуын айқындау, олардың бейімділігін зерттеу және т.б. үшін жай-күйінің объективті бағасын береді;
      3) балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды оқытуды ұйымдастыру білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен арнайы оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
      Сондай-ақ, жеке қажеттіктер негізінде әзірленетін авторлық бағдарламалар (үлгілер) бойынша қызмет алушылардың өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена дағдыларын, сенсорлық және когнитивтік дағдыларын қалыптастыру бойынша қызметтер жіберіледі.
      Авторлық бағдарламалар (үлгілер) сол немесе өзге қызмет алушыны  тәрбиелеу дағдыларын немесе оқу материалдарын қабылдау және игеру қабілетін ескере отырып жасалады;
      4) әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру және түзеу-дамыта оқытуды жүргізу үшін балаларды, ТҚА бұзылған балалар мен он сегіз жастан асқан адамдарды, олардың жас ерекшеліктерін (бір жарым жастан бес жасқа дейін, алты жастан сегіз жасқа дейін, тоғыз жастан он үш жасқа дейін, он төрт жастан он сегіз жасқа дейін, он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейін және қажетіне қарай одан жоғары), әлеуметтік дағдыларын, когнитивтік дағдыларын ескеріп, толықтыра отырып топтарға бөлу жүргізіледі:
      өзіне-өзі қызмет көрсету және жеке гигиена дағдылары болмаған жағдайда – алты адамнан асырмай;
      қалыптасқан (ішінара қалыптасқан) өзіне-өзі қызмет көрсету және жеке гигиена дағдылары болған жағдайда – сегіз адамнан асырмай;
      қалыптасқан (ішінара қалыптасқан) тұрмыстық дағдылары болған жағдайда – он адамнан асырмай;
      қалыптасқан қолмен жұмыс істей алу дағдылары болған жағдайда – он екі адамнан асырмай таратып бөлу (еңбек бағдарын беру бағдарламасын іске асыруға арналған топ алты адамнан тұратын кіші топтарға бөлінеді).
      Арнайы оқу бағдарламалары бойынша білім алуға жәрдемдесу балаларды, ТҚА бұзылған балаларды және он сегіз жастан адамдарды оқыту нысанын айқындауды және олардың әлеуметтік-педагогикалық бейімсізденуін, білім деңгейін, физикалық және психикалық жай-күйін ескеріп оқытуды ұйымдастыруға тәжірибелік көмек көрсетуді қамтиды;
      5) тұрмыстық бағдарлану негіздеріне үйрету көрнекі және тиімді болып табылады, оның нәтижелері бойынша қызмет алушылар тамақ пісіру, киім жөндеу, тұрғын жайды күту, аумақты жинау және жабдықтау сияқты тұрмыстық рәсімдерді толық көлемде игереді;
      6) педагогикалық түзеу ата-аналарға жіберген педагогикалық қателерін немесе отбасында балаларды, ТҚА бұзылған балаларды жаралайтын жанжал жағдайын жоюға және түзетуге, сондай-ақ ата-аналардың барабар емес нұсқамаларын және балаларды тәрбиелеу кезіндегі мінез-құлқын түзетуде білікті және тиімді педагогикалық көмек көрсетуді (әңгімелесу, түсіндіру, ұсынымдар және т.б. түрінде) қамтамасыз етеді;
      7) ымдау тілін үйретуге жәрдемдесу және ымдау тіліне аудару қызметтері қызмет алушылардың жартылай стационарлық үлгідегі ұйым мамандарымен өзара байланысын белгілеуге ықпал етеді.
      43. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда он сегіз жастан адамдарға, мүгедектер мен қарттарға көрсетілетін әлеуметтік-еңбек қызметке мыналар жатады:
      1) қызмет алушыларда бар еңбек дағдыларын зерттеу жөніндегі іс-шаралар жүргізу;
      2) емдеу-еңбек қызметін жүргізу;
      3) ТҚА бұзылған балаларды, мүгедектерді кәсіптік бағдарлау;
      4) мүгедектерді кәсіптік оңалту;
      5) бейін бойынша еңбек дағдыларын қалыптастыру;
      6) қарт адамдарда және он сегіз жастан адамдарда жоғалтқан тұрмыстық дағдыларын қайта қалпына келтіру жөніндегі қызметтер;
      7) жеке дене және ақыл-ой қабілеттеріне сәйкес кәсіп алуға жәрдемдесу.
      44. Әлеуметтік-еңбек қызметін көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
      1) еңбек дағдыларын, білім мен шеберлікті қалыптастыру мақсатында он сегіз жастан асқан адамдарға, мүгедектерге және қарттарға жеке қажеттіліктерінің негізінде қызмет алушылардың тұлғалық және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге мүмкіндік туғызатын қол жетімді кәсіптік дағдыларға үйрету іс-шараларына белсене қатысуын қамтамасыз ететін еңбек қызметінің түрлері тағайындалады;
      2) емдеу-еңбек қызметін жүргізу арнайы ұйымдастырылған кабинеттерде (шеберханаларда) жүзеге асырылады және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда қызмет алушылардың денсаулығының жағдайын ескеріп, оларды тіршілік-тынысының түрлі нысандарына қатыстыруға мүмкіндік беретін жағдайларды жасауды қамтамасыз етеді;
      3) мүгедектерді кәсіптік оңалту арнайы ұйымдастырылған кабинеттерде (шеберханаларда) жүзеге асырылады және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда қызмет алушылардың денсаулығының жағдайын ескеріп, оларды тіршілік-тынысының түрлі нысандарына қатыстыруға мүмкіндік беретін жағдайларды жасауды қамтамасыз етеді;
      4) он сегіз жастан асқан адамдарда, мүгедектерде шамасы келетін еңбек дағдыларын қалыптастыру үшін сондай-ақ қарт адамдарда және он сегіз жастан асқан адамдарда жоғалтқан тұрмыстық дағдыларды қайта қалпына келтіру үшін фронтальді және жеке сабақтар ұйымдастырылады;
      5) қолжетімді кәсіптік дағдыларды оқыту, тұлғалық және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру бойынша іс-шаралар арнайы жабдықталған кабинеттерде жүргізіледі;
      6) мүгедектерді кәсіптік оңалту олардың кәсіптік дағдыларын қалпына келтіруге және жаңа кәсіптерді игеруіне барынша мүмкіндік туғызады;
      7) ТҚА бұзылған балаларды, мүгедектерді кәсіптік бағдарлау оларға кәсіп таңдауға көмектесе алатын іс-шаралармен ілеседі;
      8) кәсіп алуға жәрдемдесу кезінде қызмет алушының жеке физикалық және ақыл-ой қабілеттері, оның таңдаған кәсібі бойынша жұмыс істеу ықыласы ескеріледі;
      9) қызмет алушыларда бар еңбек дағдыларын зерттеу жөніндегі іс-шаралар олардың жеке ерекшеліктері, мүмкіндіктерінің шектелу дәрежесі, психикалық және физикалық жай-күйі ескеріліп жүргізіледі.
      45. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда көрсетілетін әлеуметтік-мәдени қызметке мыналар жатады:
      1) мерекелер мен тынығу іс-шараларын ұйымдастыру;
      2) клуб және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру;
      3) қызмет алушыларды тынығу іс-шараларына, мәдени іс-шараларға қатысуға тарту (экскурсияларды ұйымдастыру, театрларға, көрмелерге, концерттерге бару және басқа да іс-шаралар).
      46. Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
      1) мерекелер, мерейтойлар, туған күндер өткізу, экскурсияларға, театрларға, кинотеатрларға, көрмелерге, концерттерге бару және басқа да мәдени, тынығу іс-шаралары жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы бекіткен тоқсандық жоспар бойынша жүзеге асырылады;
      2) көркемөнерпаздар үйірмелерін ұйымдастыру қызмет алушылардың әлеуметтік-мәдени және рухани қажеттілігін қанағаттандыруға, қарым-қатынас аясының кеңеюіне бағытталған;
      3) қызмет алушыларды концерттердің бағдарламалары мен өткізілетін іс-шаралардың сценарийлерін әзірлеуге қатыстыру қызмет алушылардың жалпы және мәдени ой-өрісінің кеңеюіне, шығармашылық белсенділігінің артуына мүмкіндік туғызады;
      4) қызмет алушыларды тынығу іс-шараларына қатыстыру жартылай стационарлық үлгідегі ұйым ұжымының қоғамдық өміріне қатысу арқылы әлеуметтік және коммуникативтік байланыстарды дұрыстауға мүмкіндік туғызады.
      47. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда көрсетілетін әлеуметтік-экономикалық қызметке мыналар жатады:
      1) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы, «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі, «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тиісті жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақыларды, алименттерді және басқа да төлемдерді алуға, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға жәрдемдесу;
      2) қарттар мен мүгедектерге, сондай-ақ балаларды тәрбиелеп отырған және он сегіз жастан адамдарды күтуді жүзеге асыратын отбасыларға өзін-өзі қамтамасыз ету және отбасының материалдық жағдайын жақсарту мәселелері бойынша консультация беру.
      48. Әлеуметтік-экономикалық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
      1) қызмет алушыларға жеңілдіктер, жәрдемақылар, өтемақылар мен басқа да төлемдерді алуға жәрдемдесу қызмет алушылар үшін мүдделі мәселелерді шешуде уақытылы, толық, білікті және тиімді көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
      2) өзін өзі қамтамасыз ету және материалдық жағдайын жақсарту жөнінде консультация беру қызмет алушыларға немесе олардың отбасы мүшелеріне отбасылық кәсіпкерлікті, үй кәсіпшілігін дамытуда олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін түсіндіреді және өзінің материалдық жағдайын және отбасының өмір сүру деңгейін қолдау және жақсарту мәселелерін шешуде білікті көмек көрсетеді.
      49. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық қызметке мыналар:
      1) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласында және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру мен көмек құқықтарымен байланысты мәселелер жөнінде заңгерлік консультация беру;
      2) заңды маңызы бар құжаттарды рәсімдеуге көмектесу;
      3) қызмет алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе шектейтін  мемлекеттік органдар мен ұйымдардың лауазымдық тұлғаларының әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағым дайындауда көмек көрсету;
      4) заңнамада белгіленген жеңілдіктер мен басымдықтарды,   әлеуметтік төлемдерді алуға заңгерлік көмек көрсету және жәрдемдесу;
      5) Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде белгіленген тәртіппен жәрдемақыларды, басқа да әлеуметтік төлемдерді сенімхат бойынша алу;
      6) Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде, «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Заңында белгіленген жағдайларда және тәртіппен адвокаттың тегін көмегін алуға жәрдемдесу жатады.
      50. Әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
      1) қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтер алу және өз мүдделерін қорғау құқығымен байланысты мәселелер жөнінде консультация беру заңнамамен белгіленген құқықтарды және пайда болуы мүмкін бұзушылықтардан қорғау тәсілдерін толық түсіндіру береді;
      2) қызмет алушыларға әлеуметтік-құқықтық мәселелер (азаматтық, тұрғын үй, отбасылық, еңбек, зейнетақы, қылмыстық заңнамалар және басқа мәселелер жөнінде) жөнінде консультация беру олар білгісі келетін заңнама актілері және көтеріліп отырған мәселелердегі құқықтары туралы толық түсінік береді, осы мәселелерді шешу үшін қажетті құжаттарды (өтініштер, арыздар, анықтамалар және басқа да құжаттар) дайындауда және тиісті мекенжайларға жіберуде қажетті көмек көрсетеді;
      3) қызмет алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе шектейтін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың лауазымдық тұлғаларының әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағым дайындауда көмек көрсету оларға шағымдарда шағым жасалған іс-әрекеттің мәнін заңды түрде сауатты жазуға көмектесуге негізделеді;
      4) құжаттарды (жеке басын куәландыру, заңнама бойынша тиісті  жеңілдіктерді алуға, бала асырап алуға және балаларды, ТҚА бұзылған балаларды отбасылық тәрбиелеудің басқа нысандары, мүгедектердің жұмысқа орналасуы үшін және т.б.) рәсімдеуде құқықтық көмек көрсету қызмет алушыларға мақсатына қарай қажетті құжаттардың мазмұнын түсіндіруді, құжат мәтінін баяндауды және жазып беруді (қажетіне қарай) немесе нысанды бланкілерді толтыруды, ілеспе хаттар жазуды қамтамасыз етеді;
      5) құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін адвокаттың тегін көмегін алуға жәрдемдесу қызмет алушыларға заңды құқықтарын заңды түрде қорғауға және оның мәселесі бойынша объективті шешім қабылдау мақсатында заңды көмекке кепілдік береді;
      6) отбасында қызмет алушыға немесе оның отбасы мүшелеріне жасалған физикалық және психикалық зорлық-зомбылыққа кінәлі адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға жәрдемдесу сотқа жүгіну үшін зардап шеккен адамдардың қажетті құжаттарын дайындауға, жәбірленушінің құқын қорғау және кінәлілерді жазалау мақсатында сот процесіне қатысуға негізделеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет