7. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді тоқтату және тоқтата тұру шарттары
51. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді тоқтату:
1) қызмет алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының, қорғаншының) өтініші;
2) мүгедектік алынған, үшінші топ мүгедектігі белгіленген жағдайда;
3) стационарлық жағдайда немесе үйде арнаулы қызмет көрсетілген кезде;
4) қызмет алушы ішкі тәртіп ережесін бұзған кезде;
5) ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы шартты бұзған жағдайда жүзеге асырылады.
52. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді қалпына келтіру осы стандарттың 3-бөлімінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Арнаулы әлеуметтік қызметті көрсету 51-тармақтың 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша тоқтатылған қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметті көрсетуді қалпына келтіру арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету тоқтатылғаннан кейін бір күнтізбелік жыл асқаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
53. Қызмет алушыда жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болуға медициналық қарсы көрсетілім пайда болған жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметті көрсету тоқтатыла тұрады.
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді қалпына келтіру қызмет алушы жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болуға медициналық қарсы көрсетілім болып табылатын сырқаттың жоқтығын растайтын медициналық құжатты ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.
54. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді тоқтату және тоқтата тұру жартылай стационарлық үлгідегі ұйым басшысының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
55. Бұл ретте міндетті түрде шығару эпикризі, жартылай стационарлық үлгідегі ұйым мамандарының ұсынымдары ресімделеді, ол қызмет алушының не оның заңды өкілінің қолына беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |