2. Уақытша болу ұйымының міндеттері мен функциялары
9. Уақытша болу ұйымының негізгі міндеттері:
1) қызмет алушыларға жедел әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету;
2) уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді осы стандартта белгіленген көлемге сәйкес көрсету;
3) қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму, әлеуметтік-еңбек бейімделу деңгейін арттыруға бағытталған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету;
4) көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру болып табылады.
10. Уақытша болу ұйымының негізгі функциялары:
1) қызмет алушыларды қабылдау және орналастыру, оларды әлеуметтік бейімдеу бойынша іс-шаралар жүргізу;
2) койка орын беру, төсек-орын жабдықтарымен, жеке гигиена заттарымен, іш киіммен қамтамасыз ету;
3) қызмет алушылардың жеке басының қол сұғылмаушылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
4) уақытша болу ұйымында қолайлы моральдық-психологиялық жағдай жасау;
5) осы стандартқа сәйкес жоғалтылған әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы қызмет алушыларға жан-жақты көмек көрсету, қызмет алушыларды қалыпты өмірге қайта алып келетін өзге де іс-шараларды жүргізу;
6) қызмет алушыларды арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемі мен түрлері, уақытша болу ұйымдарындағы ішкі тәртіп ережесі туралы хабардар ету;
7) еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру және персоналдың біліктілігін арттыру;
8) уақытша болу ұйымының қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру;
9) арнаулы әлеуметтік қызметке мұқтаж белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды анықтау және оларды уақытша болу ұйымына жеткізуді ұтқыр әлеуметтік патруль қызметі жүзеге асырады;
10) уақытша болу ұйымының құрылтай құжаттарына сәйкес өзге де функциялар болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |