ЖОҒАРҒЫ ЖАҚ СҮЙЕК СЫНЫҚТАРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ
Беттің орталық аймағының сыну механизміне, сүйек кемігінің арқа тәріздес құрылысы және контрфорстардың (сүйектің қатты қабығының қалыңдауы) болуы үлкен әсерін тигізеді. Бүл маңайда 4 контрфорс бар.
1) Мұрын-маңдай контрфорсы альвеолды өсіндінің алдыңғы жағынан басталып жоғары жақ сүйегінің маңдай өсіндісімен көтеріледі.
2) Ұяшық контрфорсы жоғарғы үлкен азу тістерден басталып шықшыт альвеолды жотасы арқылы шықшыт сүйегіне және оның өсінділеріне тарайды.
3) Артқы контрфорс жоғарғы жақ төмпешігін негізгі сүйектің қанатша өсіндісіне қосады.
4) Таңдай контрфорсы мүрын түбіндегі екі астауша тәріздес сай арқылы мүрын-маңдай контрфорсымен жалғасады.
Жоғарғы жақ сүйегі бір-бірімен орталық сызық арқылы байланысып, ауыз, мұрын, көз қуыстарын жасауға қатынасады. Ол сүйектің ішінде гаймор қуысы орналасқан, оның қабырғалары кілегей қабықпен қапталған. Жоғарғы жақ сүйегінде бірнеше осал жерлер бар. Зақымдалған уақытта осы жерлерде сынық пайда болады. Оны зерттеген француз ғалымы Ле Фор (1901 ж.) Со-ндықтан бұл сынықтарды автордың есімімен атайды. Ле-Фор жоғарғы жақ сынығын 4 түрге бөледі.
I. (Ле-Фор I). Сынық бағыты жоғарғы жақ альвеолды өсіндінің негізінен көлбеу жазықтықта, алмұрт тәріздес тесіктің астымен, гаймор қуысының төменгі қабырғасымен, жоғарғы жақ төмпешігімен, негізгі сүйектің қанатша өсіндісі арқылы өтеді. Сынық екіжақты. Мұнда жоғарғы жақтың альвеолды өсіндісі екі жағынан , жоғарғы жақ сүйегінің денесінен ажырайды (32-сурет).
32-сурет. Жоғарғы жақ сүйегінің Ле-Фор I бойынша сынығы.
II. (Ле-Фор II). Сынық маңдай сүйегінің мүрын өсіндісімен мүрын сүйегінің қосылған жерінен (жігінен) басталып көз қуысының ішкі қабырғасы арқылы көзасты астаушысына келеді. Осы жерден алға қарай жоғарғы жақ сүйегімен шықшыт сүйегінің қосындысы және негізгі сүйектің қанатша өсіндісі сынады. Бұл жағдайда жоғарғы жақ, мұрын сүйектерімен қоса шықшыт және бас сүйектерінен ажырайды. Торлы сүйек сынып оның клеткалық өсінділеріне жабысқан ми қабығы жыртылады, яғни бас қаңқасының негізі сынуы мүмкін (33-сурет).
33-сурет. Жоғарғы жақ сүйегінің Ле-Фор II бойынша сынығы.
III. (Ле-Фор III). Сынық жолы маңдай сүйегімен мұрын сүйегінің жігінен бастальш көз қуысының ішкі, төменгі сыртқы қабырғалары арқылы өтіп шықшыт-маңдай сүйектерінің жігімен сынады.
Артқы жағынан негізгі сүйектің қанатша өсінді мен шықшыт сүйектің доғасы арқылы өтеді. Сөйтіп жоғарғы жақ, мұрын, шықшыт сүйектері бас қаңқасынан ажырасуы немесе суббазальды (А. Э. Рауэр) сынық деп атайды (34-сурет).
34-сурет. Жоғарғы жақ сүйегінің Ле-Фор III бойынша сынығы.
Осындай сынықтар кезінде бас қаңқасының негізі сынады.
IV. (Ле-Фор-Герен). Жоғарғы жақтың альвеолды өсіндісінің бір жақты сынығы.
Ескеретін жағдай, жоғарыдағы Ле-Фор сынық схемасы барлық сынық түрлерін қамти алмайды. Мысалы, жоғарғы жақ сынығы біржақты, бір жағында Ле-Фор II, екінші жағы Ле-Фор III т. б. аралас түбірлері кездесуі мүмкін.
ТӨМЕНГІ ЖАҚ СҮЙЕК СЫНЫҚТАРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ
Достарыңызбен бөлісу: |