Хх ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қарама-қайшылықтары мен салдарлары. Қазақстандағы «қайта құру» саясаты



бет9/17
Дата22.11.2023
өлшемі1,81 Mb.
#192873
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
Дәріс №12

Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаев (1912-1993 жж.) Қазақ КСР Компартиясы ОК бірінші хатшысы (1960-1962, 1964-1986 жж.), Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы (1955-1960, 1962-1964 жж.) қызметтерін атқарды. Ол Қазақстанның өз ішінен шыққан Қазақстан коммунистік партиясын басқарған санаулы ғана басшылардың бірі болды

  • 1979 жылы 16 маусымда таңертең Целиноград (Астана қ - авт.) қаласында қазақ студенттері мен оқушы жастарының өкілдері Кремльдің шешіміне қызу наразылық білдіріп, орталық алаңдағы митингке жиналды. 19 маусымда осы мәселе бойынша тағы бір митинг өтіп, оған куәгерлердің айтуы бойынша оған 2 мыңнан 4 мыңға дейін адам қатысты. Осындай митингілер мен демонстрациялар Атбасар, Ерейментау, Көкшетау және т.б. қалаларда да өтті. Митингілерге қатысушыларға қарсы ауқымды қуғын–сүргін болмады және бұл оқиғалар туралы ақпарат таратылмағанымен, кейіннен Қазақстан аумағында Неміс автономиясын құру туралы шешім жойылды.
  • Тоқырау кезеңінде республика өмірінде үлкен рөл атқарған Д. А. Қонаевтың жеке тұлғасы мен қайраткерлігі туралы студенттерге кеңінен таныстыру қажет.

Д. А. Қонаевтың тұсында республика айтарлықтай экономикалық өрлеуге қол жеткізе алды.

  • Республиканың өнеркәсіптік әлеуеті (негізінен тау-кен өндіру, шикізат салалары және оларға қызмет көрсететін мұнай-газ және қуат өндіру саласы есебінен), ауыл шаруашылығы өсті. Қазақстандық астықтың жыл сайынғы әйгілі «миллиард пұт» өнімді өндіруі бірнеше рет қайталанды. Замандастарының естеліктерінде Д. Қонаев қарапайым адам ретінде қалды. Ол Кеңес Төрағасы бола отырып, шамамен 340 рубльді құрайтын академик атағы үшін төлемнен бас тартқаны халықтың арасында аталған тұлғаның елінің шынайы патриот екендігін көрсеті. Д.А.Қонаев аталған қаржыны балалар мен жас ғалымдарға көмектесу үшін пайдалануға берді. Бұл қарапайымдылық туа біткен қасиет ретінде барлығына белгілі болды және оған деген халық сенімділігін нығайтты.

Д. А. Қонаев Л.И. Брежнев бастаған КОКП Орталық Комитетінің саясатын жүзеге асырды.

  • Алайда Д. А. Қонаевтың қызметі, сондай-ақ оның басқарушы партиялық және мемлекеттік қызметі кезінде үлкен оң және теріс сипаттарға да ие болды. Бірінші хатшы ретінде Д. А. Қонаев Л.И. Брежнев бастаған КОКП Орталық Комитетінің саясатын жүзеге асырды. Республикада экологиялық дағдарыс пайда болып, ел өнеркәсіптік дамуда өзінің шикізаттық бағытында қала берді. Д. А. Қонаевтың тұсында орыстандыру үрдісі әсіресе, білім беру саласында одан әрі белсенді жүргізілді (мысалы, облыс орталықтарында ауыл балаларына арналған 1 қазақ интернаты ғана қалды). Тәуелсіздік пен принциптілік танытқан кейбір дарынды басшылар (Ж. Тәшенев, М.Бейсебаев, М. Сужиков, Е. Бөкетов және т. б.) қуғындалып, қысымға түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет