Хх ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қарама-қайшылықтары мен салдарлары. Қазақстандағы «қайта құру» саясаты



бет2/17
Дата22.11.2023
өлшемі1,81 Mb.
#192873
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Дәріс №12

1937-1938 жылдардағы репрессия

  • Соғыс жылдарында КСРО басшылығы репрессия шараларын жүргізе алмағанымен сғыстан кейінгі жылдары бұрынғы әміршіл-әкімшіл жүйеге қайта оралып, 1937-1938 жылдардағы репрессиялар ізіне түсе бастады. Осының әсерінен қазақстандық көптеген белгілі ғалымдар қуғынға ұшырады;
  • Сондай-ақ космополитизм үшін айыпталған республиканың жоғары оқу орындарының ғылыми мекемелерінде жұмыс жасайтын бірқатар биологтар, дәрігерлер мен геологтар қызметтен шеттетілді. Соғыстан кейінгі жылдарда қоғамда пісіп-жетілген өзгерістердің қажеттілігін түсінуді әкімшілік жүйе бірқатар идеологиялық және репрессиялық шаралардың көмегімен тұншықтыра алды. Бірақ 40-жылдардың ортасы – 50-жылдардың басындағы рухани ахуалды біржолата күйрету мүмкін емес болатын.
  • Сталин қайтыс болғаннан кейінгі алғашқы кезеңде (1953 ж. наурыз) болуы мүмкін өзгерістер туралы екі көзқарас қалыптасты. 1953-1954 жж. социалистік қоғамдағы қарама-қайшылықтардың сипаты, тарихтағы жеке адам мен бұқараның рөлі, теория мен тәжірибенің байланысы, басшылықтың ұжымдасуы туралы пікірталастар өршіді.
  • Қоғамдық өмірді демократияландыру жолындағы маңызды қадам Л.П.Берияның қылмыстық іс-әрекеттерін тоқтату болатын. И.В.Сталиннің өлімі мен Л.П.Берияны биліктен аластату арқылы КСРО-дағы қатыгез режимнің күңгірт парақтарының бірі жабылды. Н.С.Хрущев мемлекет және қоғам қайраткерлерін саяси ақтауды қолға алғанымен, ол одақтағы саяси билік жүйесін сақтап қалуды басты мақсат ретінде ұстанғандықтан жартылай сипатта қалып қойды.
  • 1954 жылы Қазақстан Компартиясы ОК басшылығына Қазақстанда танылмаған П.К.Пономаренко келді. Оған дейін Қазақстанды басқарған Ж.Шаяхметовті тың игеруге қарсы болғандығы үшін орнынан алып тастады.
  • 1954 жылы дәнді дақылдарды Қазақстанның солтүстігі, Сібір, Орал, Солтүстік Кавказ егені егу есебінен көбейту мақсатындағы «Астық өндіруді одан әрі көбейту үшін тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы шықты. Ол бойынша 1954-1955 жылдары жаңа жерлерді игеру арқылы 13 млн га жерді жырту және 1955 жылы 1100-1200 млн пұт астық алу көзделді.
  • 1954ж. тамыздың басында КСРО-ның тың игеруге қойған міндеті орындалып, 13,4 млн га жер жыртылып, жоспар 103,2 %-ға орындалды. 1954 жылдың тамызында жаңадан шыққан «Астық өндіруді ұлғайту үшін тың иегруді одан әрі туралы» қаулы бойынша 1956 жылы жыртылатын жерлерді 28-30 млн гектарға жеткізу міндеті қойылды. Ғалымдардың жаңа жерлерді бұлай игерудің өз-өзін ақтамайтындығы туралы айтқандарына ешкім құлақ аспады. 1955 жылы Республикада жоспарланған 7,5 млн га-дың орнына 9,4 млн га жер жыртылды. Осылайша екі жылдың жоспары 1 жылдан шамалы ғана көптеу мерзімде орындалды.
  • Республикада жолдар салынып, жаңа поселкалар пайдалануға берілді.
  • 1953-1958 жылдары ауыл шаруашылығына барлығы 266,6 мың механизатор мамандар келді. Тың игеруге К.Дөнентаева, А.Жангузаков, Н.Геллерт, Л.Картаузовтар көп еңбек сіңірді.
  • Кеңестік кезеңдегі көптеген еңбектерде тың игеру жылдарындағы асыра сілтеушіліктер айтылады. Дайындықсыз басталған жалпыхалықтық науқанға тың игеру тек мамандарды ғана емес, үлкен ақша үшін кездейсоқ адамдар да тартылды. Мысалы, алғашқы екі жылда Солтүстік Қазақстанға келген 650 мың адамның тың игеруге тек 130000-ы ғана қажет болды.
  • Топырақтың құнарлы бөлігінің желмен ұшып кетуі, жердің эрозияға ұшырауы салдарынан экологиялық тепе-теңдік бұзылды. Егістікке пайдалануға көп жердің алынуы мал шаруашылығына үлкен соққы болып тиді және республикада ет-сүт өнімдері азайып кетті.
  • Тың игеру науқаны басқа республикалардан халықтың көптеп келуіне, қазақ халқының ұлттық әдет-ғұрыптарының төмендеуіне, қазақ тіліндегі ұлттық әдебиет пен мерзімді басылымдардың азаюына әкелді. Солтүстік облыстарда тілдік және демографиялық мәселелер шиеленісті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет