Өнеркәсіп пен құрылысты басқару реформасы КОКП Орталық Комитетінің ақпан (1957 ж.) Пленумында бекітілді.
Олардың міндеттері халық шаруашылығы кеңестері (совнархоздар) арасында бөлінді. Өнеркәсіп пен құрылысты басқару реформасы КОКП Орталық Комитетінің ақпан (1957 ж.) Пленумында бекітілді. Осыдан кейін 1957 жылы мамырда КСРО Жоғарғы Кеңесі «Өнеркәсіп пен құрылысты басқаруды ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру туралы» Заң қабылдады. Аталған заң арқылы 10 жалпыодақтық және 15 одақтық-республикалық министрліктер таратылды. Ел 105 экономикалық-әкімшілік ауданға бөлінді. Қазақстанда Республикалық Халық шаруашылық Кеңесі мен сегіз аймақтық кеңес құрылды. 2. 1964 жылы қазанда демалыста болған Н. С. Хрущевті КОКП ОК Пленумы биліктен босатты. КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы (1966 жылдан бастап – Бас хатшы) Л. И.Брежнев, Кеңес үкіметінің басшысы (КСРО Министрлер Кеңесі төрағасы) болып А. Н. Косыгин тағайындалды. Елдің жаңа басшылығы дағдарыс жағдайынан шығу жолдарын іздеу ретінде ел экономикасын реформалады.
1965 жылғы бұл реформа көптеген басылымдарда «Косыгин реформасы» деп аталды.
1965 жылғы бұл реформа көптеген басылымдарда «Косыгин реформасы» деп аталды. Экономикалық аудандарды басқару жүйесі халық шаруашылықтары (аумақтық қағидат бойынша басқару) арқылы жойылып, өнеркәсіп салалары бойынша министрліктер (салалық басқару) қайта құрылды. Барлығы 29 жалпы одақтық және одақтық республикалық министрліктер құрылды.
Енді кәсіпорындардың өз еркімен дамуына, шаруашылық есепті дамытуға, экономиканың дамыту үшін материалдық жағынан ынталандыруға көңіл бөліну қажеттігі қолға алына бастайды. Бұның барлығы 8-ші бесжылдық (1966-1970жж) кезінде халық шаруашылық кешеніне жоспарлы экономиканы енгізгеннен бергі кезеңде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге алып келген еді. Бұл бесжылдық тіпті кейіннен «алтын бесжылдық» деген атқа ие болды. Бұл жылдары пайда, баға, сыйақы, несие секілді экономикалық тұтқалар пайдаланылды және шаруашылықтардың дербестіктері арттырылды.