жылғы шаруашылық реформалары еңбек және өндірісті ұйымдастыруды жетілдіруге, техникалық сұрақтарды шешуге серпін берді. Қазақстан Одақ бойынша көмір өндіруден, қорғасын қорытудан алға шықты
1965 жылғы шаруашылық реформалары еңбек және өндірісті ұйымдастыруды жетілдіруге, техникалық сұрақтарды шешуге серпін берді. Қазақстан Одақ бойынша көмір өндіруден, қорғасын қорытудан алға шықты.
1965 жылғы шаруашылық реформалары еңбек және өндірісті ұйымдастыруды жетілдіруге, техникалық сұрақтарды шешуге серпін берді. Қазақстан Одақ бойынша көмір өндіруден, қорғасын қорытудан алға шықты. Мұнай өндіру, химия өнеркәсібінің маңызы артты. Бесжылдықтың соңына қарай 445 ірі өнеркәсіп орындары мен цехтар ашылып, зауыттар мен фабрикалар қайта жабдықталды. Соколов-Сарыбай тау-кен комбинатының өнімі Орал металлургия зауытының және т.б. өнеркәсіп орындарының шикізат көзіне айналды. Қарағанды металл зауыты жоғарғы сапалы шойын, мыс өндірді. Республика хром өндіруден бірінші орынға, темір және марганец өнімдерін өндіруден үшінші орынға көтерілді. Республикадағы трактор жасау саласының негізі болған Павлодар трактор зауыты іске қосылды. Қазақстан жеңіл өнеркәсібі 1970 жылы Одақ бойынша өңдірілген барлық өнімнің 16%-ін берді.
60-шы жылдардың екінші жартысындағы экономикалық реформалар сәтсіз аяқталды. Ауыл шаруашылығына, өндіріске қатысты қаулы-қарарлар бұрынғысынша әкімшіл-әміршіл сипатта қала берді.
1970-1985 жылдардағы экономиканы дамытудың экстенсивті жолы.
1970-1985 жылдардағы экономиканы дамытудың экстенсивті жолы. Аталған кезеңдеКСРО-ның шикізат ресурстарын (атап айтқанда, мұнайды) экспорттау көлемі ұлғайтылды. Шикізат экспорты қаржыландыруды қажет ететін көптеген өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік беріп, сонымен бірге Кеңес экономикасының дамуына жақсы мүмкіндік берді. Алайда экстенсивті сипатты сақтаған экономиканың кеңестік моделі негізгі көрсеткіштер бойынша жетекші Батыс елдерінің экономикасынан артта қалды. Экономиканың ресурстық емес секторлары іс жүзінде дамуын тоқтатты, өнім сапасы төмендеді, еңбек өнімділігі төмендеді. Колхоздар мен совхоздардың көпшілігінің тиімсіз болуы себепті ауыл шаруашылығының дамуында дағдарыстар байқалды. Кеңес Одағы шетелден азық-түлік сатып алуға көптеген қаражат жұмсауға мәжбүр болды. Кеңес Одағы тарихындағы бұл кезең (1970-1985) «тоқырау дәуірі» деп аталды. Кейбір ресми көрсеткіштер бойынша 1970-1985 жылдардағы елдің жақсы дамуы жалғасқанымен, бұл көбінесе сандық өзгерістер болды.