Хх ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қарама-қайшылықтары мен салдарлары. Қазақстандағы «қайта құру» саясаты



бет8/17
Дата22.11.2023
өлшемі1,81 Mb.
#192873
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
Дәріс №12

Биліктің партиялық-мемлекеттік номенклатураның қолына шоғырлануы кеңестік саяси жүйенің тоталитарлық сипатын күшейтті. 1971 жылдың басында Қазақстан компартиясы өз қатарында 575 439 коммунист пен КОКП мүшелігіне кандидаттарды мүшелікке алды. Республиканың әрбір 13 ересек тұрғыны коммунист болды.

  • Партияға мүшелік болашақ мансаптық өсуге мүмкіндік берді. Мемлекеттік мекемелердегі, өнеркәсіптік кәсіпорындардағы және т.б. бірінші басшылар кеңестік кадр саясаты талаптарына сай коммунистер қатарынан тағайындалды.
  • КСРО республикаларының ұлттық саясатында айқындаушы болған "интернационализм" саясаты ұлттық мәдениетті және (оның ішінде) тілді біртіндеп ығыстыру арқылы орыс емес халықты орыстандыруға бағытталды. Қазақ тілі өзінің толыққанды өмір сүруі үшін қажетті 50 әлеуметтік міндеттің 10-н ғана ғана орындады. Ол іс қағаздарын жүргізуде, мемлекеттік, дипломатиялық, армия өмірінде, жоғары мектепке қызмет көрсетпей, тек қана тұрмыстық саламен шектелді.

Осы кезеңде кітаптардың 95% - ы, телешоулардың 70%-ы орыс тілінде жарық көріп, эфирлерге шықты. Тұрмыстық салада қазақ тілі біртіндеп ығыстырылды, қазақтар жастары (негізінен қалалық) ұлттық мәдениет пен тілден алшақтап кетті.

  • КСРО-дағы ұлттық саясатты ұлттық мүдделерді ескермей, ұлтаралық қатынастарды насихаттаумен арқылы жүргізу республиканың қоғамдық-саяси өміріндегі наразылық қозғалыстарына әкелді. 1960 жылдары ғылыми, шығармашылық зиялы қауым, студенттік орта республикада егеменді құқықтардың жоқтығына, қазақ мәдениеті мен тілінің жай-күйіне байланысты наразылықтарын байқата бастайды. 1960 жылдары студенттік жастар құрған «Жас тұлпар» (Мәскеу қ.,), «Жас қазақ» (Қарағанды қ.), «Тайшұбар» (Семей қ.)бейресми ұйымдары қуғын-сүргінге ұшырады.
  • Ұлттық қатынастардағы шиеленістердің көрінісі 1979 жылдың жазындағы Целиноград (қазіргі Ақмола облысы-Астана қ.-авт) қаласындағы оқиғадан көрінді. 1979 жылдың көктемінде КОКП Орталық Комитетінің Саяси бюросында КСРО КГБ төрағасы Ю. В. Андроповтың бастамасымен Қазақстан аумағында Неміс автономиялық облысын құру туралы шешім қабылданды (республикада депортацияланған немістердің саны 1 млн. адамға жетті). Бұл шешім Үкіметпен, Жоғарғы Кеңеспен, ҚазКСР жұртшылығымен келісілген жоқ. Қазақстан аумағында Неміс автономиясын құру жөніндегі Комитет құрылып, оның басшлығына ҚазКСР КП ОК II хатшысы А. Коркин тағайындалды. Автономия құрамына Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Көкшетау облыстарының бірнеше аудандарын қосу ұсынылды, Болашақ автономия орталығы болып Ерейментау қаласы (Ақмола облысы) сайланды. Одақтық орталықтың республикамен келісімінсіз осындай шешім қабылдауы жергілікті халықтың наразылығын тудырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет