Вербалдытілдесуде таңбалық жүйе ретінде сөз (сөйлеу) қабылданған. Мұндай сөйлеу- лексикалық және синтаксистік екі принципті қамтыған дыбысты тіл, яғни фонети калық белгілер жүйесін түсінеміз. Сөйлеу- тілдестік байланыстың ең өнімді әңбебап құралы; себебі мұның жәрдемімен берілген ақпарат мағыналық толықтығын жоғалтпайды. Сөз бен сөйлеу арқылы ақпарта таңбалық бекімін тауып, қажет кезде мағыналық шешімге келеді. Әңгімелесудің ерекше түрі ретінде дталогтық сөйлеуде хабарлаушылар рөлі бір ізді алмасып отырады, осыған орай біз не жөнінде әңгіме болып жатқанын түсінеміз.
Сөйлеу арқылы тек қана ақпарат «жүрісі» орындалып қалмастан, әңгімелесушілер арасындағы бір біріне деген ықпал да жасалады, яғни өзара бағыт бағдар көрсете отырып, олар бір-бірінің іс-әрекет қылықтарын үйлестіруге не өзгертуге тырысады.
Әңгіме мағынасын жеткізу мен қабылдау барысындағы адамдардың сөз саптау сипаты әртүрлі. Хабарлаушы үшін ақпарат мағынасы сөйлеуден бұрын келеді, себебі ол алдымен мақсат қойып, кейін сөзбен баламалайды. Ал тыңдаушы үшін қабылданатын ақпараттың мәні, оны сөзге келтірумен бірге ұғылады (Я.Яноушек).
Хабарлаушының айтқан ой тыңдаушыға түсінікті болғандығы тыңдаушы хабарлаушы роліне еніп,өз сезімен қабылданған ақпараттың түсінікті екендігі жайлы белгі бергенде ғана айқындалады.
Тілдесудің мазмұндылығы, оның барысындағы әңгімелесушілердің бір-біріне ықпал жасауынан көрінеді. Ал бұл өзара ықпал жасау процесін айқын түзіну үшін тілдестік қатынас әрекетінің құрылымына ғана біліп қою жеткіліксіз, бұл орайда әңгімелесуге негіз болған түрткілер, тілдесу мақсаттары мен де талдай тану үлкен маңызға ие. Бұл үшін тілдесу барысында сөз бен сөйлеуден тыс қолданылатын белгілерді ажырата алған жөн. Сөзбаян қаншалықты әмбебап болғанымен, оның толық мәні тілдестік әрекет жүйесінің сөзден тыс ишара белгілерімен толықтырылғанда ғана ашылады. Осыдан вербалды емес (сөзбен тыс) тілдесу проблемасы туындайды.
Вербалды емес тілдесуде ең алдымен көру- қозғалыс жүйесінде байланысты өз ішіне ым, ишара, пантонима т.б. қамтылған белгілер тобы өте маңызды. Әрқилы дене мүшелеоінің (бет, бас, қол ұшы, иық т.б.) жалпы қозғалысқа келуі адамның көңіл-күй көрінісін беріп, тілдестік қатынасқа көркем-көріктік нәр береді. Ал бұл ишара белгілер әртүрлі мәдениет иелерінде, яғни әртүрлі ұлт өкілдерінде бірдей емес.
Вербалды тілдесуге «қосымша» ретінде паралингвистикалық және экстралингвистикалық белгілер жүйесі де, қолданылады. Паралингвистикалық қосымшалар- бұл дауыс ырғағы, әуені, ал экстралингвистикалық дегеніміз сөз барысндағы іркіліс, сонымен бірге жөтелу, жылау, күлу.
Қорыта айтқанда, сөздік емес тілдесудің қай түрі де сөз алысу барысында өте маңызды жәрдемші (кейде дербес) роль атқара отырып, сөз мәнісін күшейту не кемітумен бірге, әңгімелесуге қатысқандардың ниеттерін білдіреді. Сөзбен бірге қолдана отырып, вербалды емсе белгілерде адамдардың өзара байланысты қызымет әрекетін ұйымдастыру үшін қажетті ақпарат алмасуын қамтамасыз етеді.
Ишара, емеурін, қимыл әліппесін білетін адам қарсыластының, әріптестерінің сырын еш қиналмай-ақ ұғып, қандай жағдайда қалай әсер етудің жолдарын пайдаланады, өз мүддесін жүзеге асыру үшін түрлі әрекеттерге барады. Тіпті адамгың бетіне қарағанда, қай нүктенің қалай әсер ететінін, қай тұстан қандай қуат келетінін ішткй түсініп, қалауына орай нәтижеге жетуіне әбден болады. Тек пиғыл, ниет таза болсын.