Хііі дәріс. Коммуникативті үрдіс, дағдылары туралы түсінік. Мейірбикенің кәсіби жұмысындағы коммуникативтік дағдылардың маңызы



бет14/64
Дата11.05.2022
өлшемі121,62 Kb.
#142442
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   64
Байланысты:
УМК коммуникация

Тіл қатынасы жөніндеңгі түсінік
Адамның қоғамдық болмысы жан-жақты әрі көп деңгейлі аралық қатынастардан құралатынын жоғарада әңгіме еткенбіз.Ал осы қатынастар арасында өзінің ерекше мәні мен құрылымы жағынан танылатын құбылыс-бұл тілдестік қатынастар.Тілдесу барысында адамдар өзара әрекеттік байланысқа келіп, тұрмыс- еңбек тәсілдері мен нәтижелерін, әрекетке орай туындаған болжамдар мен идияларын,ниеттерін,қызығулары мен сезімдерін және т.б өзара бөліседі, алмасады. Тілдестік қатынас біршама дербес құбылыс ретінде қабылдануымен, субъекті белсенділігінің ерекше бір формасы ретінде көрінеді.Тілдесу қызыметінің нәтижесі-өзгертілген,болмаса қайта жасалған дүниелік не идеалдық онын емес, ол адам мен адамның, адам мен қауым арасында орныққан байланыс қатынасы.Бұл ретте әңгіме тек бірдің екіншіге бағытталған жай әрекеті, не оның ықпалы жөнінде емес, ао өзара, бір-біріне болған әсері туралы. Тілдесу үшін тек міндетті түрде әрқайысысы өз алдына субъектік мағынаға ие ең кемінде екі адам болуы керек.
Қазіргі кезде жалпы психология мәселерінің көптеген шешімі осы тілдестік қатынастарды зерттеуге байланысты болып отыр. Себебі психологиялық бейненің бір формадан екіншісіне өтуі (мыс.: түйсіктің сезімге, сезімнің ойға,ойдың сөзге т.с.с). адам психикасындағы ашық сана аймағы мен бейсана байланысы, адам көңіл шарпуларының ерекшеліктері, жеке адам заңдылықтары т.б осы тілдестік қатынастың негізінде жасалынады.
Тілдесу деген не?Тілдесу-біркелкі іс-әрекет қажеттілігінен туындаған адамдар арасындағы байланыстардың даму көзі. Тіл қатынасы негізінен әңгімелесушілердің өзара ақпарат алмасуынан қалыптасады. Бұл ақпарат алмасу тіл қатынасының коммуникативтік сипатын құрайды. Тілдесудің екінші тарапы- сөйлесушілердің өзара ықпалы, яғни сөйлеу барысындағы сөз алмасу ғана емес, сонымен қатар бір бірінің әрекетін, қылығын танып, оны өзгеріске келтіруі, жауап беруі. Үшінші, ақырғы, тарапы тіл қатынасы сөйлесу арқылы адамдардың бірін бірі қабылдап, өздерінің психологиялық бейнесін түсуі.
Сонымен біртұтас тілдесу процесінде үш бағытты байқаймыз: коммуникативті(ақпарат алмасу), интрактивті(өзара ықпалды әрекетке келу) және перцептивті(адамның бірін бірі қабылдап, түсінуі). Осы үш, бір-біріне байланысты тілдесудің қырлары бірлікті қызмет орындауымен сол қызыметке араласқан адамдардың өзара қатынасын ұйымастырудың әдістерін құрайды.
Тілдесу мен іс-әрекет өзара тығыз байланысты екені сөзсіз. Бірақ, әңгімеге арқау болып отырған тілдесу қызметі іс-әрекетінің бір бөлігі ме, не бұл екеуі сөз алдында дербестігі бар, теңдей құбылыс па? – деген сұрақ туындайды. Бірлікті іс-әрекет барысында адам қажетсінуден міндетті түрде басқа адаммен қауым түзеді, сөйлеседі, пікір алысады, яғни байланысқа келіп, өзара түсінісумен ақпарат алысып, біліседі. Бұл жағадайда тілдесу қызыметі іс-әрекеттің бір бөлігі сипатында қарастырылады, бірақ адам мұнымен шектеліп қалмайды. Тілдесе отырып адам басқаларға өзінің ерекшеліктерің, даралық қасиеттерің танытады (қазақтын «аузын ашша,көмекейі көрінеді»деген сөзі осыдан). Өңдірілген зат (құрылған үй, отырызылған ағаш, жазылған кітап, орындалған ән) бұл, бір жағынан, іс- әрекет нысаны, ал екінші жағынан- адамның өзін-өзі қоғамдық тұлға ретінде көрсетуінің қажетті құралы, себебі өнім басқалардың мүддесіне бағытталған. Осы зат арқылы адамдар арасындағы қатынас тік емес,жанама сипат алады да, өндіруші мен пайдаланушыға тең ортақ тіл байланысын туындатады.
Сонымен, іс-әрекет- тілдік қатынастың бір бөлігі, ал сезіміс-әрекеттің құрам бөлігі,ал екеуі қосылып барша жағдайларға тұтас бірлікті құрайды.
Тілдесу әрекетінің сипаты, аймағы мен әдістері оған қатынамқан адамдардың әлеуметтік қызыметтерімен, әлеуметтік қатынаста тұтқан орнымен, қандай да қауымға мүшелігімен анықталады да өндіріс, өнім алмасу және оны пайдалануға байланысты жағдайларға, сондай-ақ қоғамда орнвққан заңдар, ережелер, талаптарға сай әлеуметтік мекемелер тарапынан реттеліп барады.
Шынында да, қай тарапынан болмасын тілдесу процесінде қатыспайтын адамға тән психологиялық құбылыстарды атау өте қиын. Іс-әрекетпен бір тұтас байланысқан осы тілдесу арқылы адам бүкіл қоғам жаратқан тәжірибені игереді. Жеке адам даму тұрғысынан тілдесу барысында біріне-бірі қайшы екі диалектикалық бағыт өзара байланысқа келеді: бір жағынан, жеке адам қоғам өміріне араласады, адамзат топтаған тәжірибені игереді, ал екінші жағынан- адамның даралығы айқындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет