Хііі дәріс. Коммуникативті үрдіс, дағдылары туралы түсінік. Мейірбикенің кәсіби жұмысындағы коммуникативтік дағдылардың маңызы



бет15/64
Дата11.05.2022
өлшемі121,62 Kb.
#142442
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   64
Байланысты:
УМК коммуникация

Сөйлеу түрлері
Сонымен, сөйлеу- тл көмегімен түзелген адам аралық қатынас құралы. Сөйлеудің келесі түрлері болажды: сыртқы және ішкі сөйлеу. Сыртқы сөйлеу өз кезегінде ауызша, жазбаша болып, ал ауызша- монологтық және диологтық болып бөлінеді.
Сөйлеудің барша түрлері өзара қатынас ықпалды қатынас түзейді. Сөйлеу түрлерінің бәріне бірдей сипат- олардың сөздің дыбысталуында. Бірақ олардың әрбірінің өзіндік ерекшеліктері бар. Тіл қатысынсыз және заттасқан тілдік процесс болмай, ешқандай ой, ойлау болуы мүмкін емес. Ауызша да, әсіресе жазба сөздің дайындығы сөйлеудің іштей, адамның өзінен-өзі, күбірлеп айтып шығуынан басталады, мұны ғылымда ішкі сойлеу деп аталады.
Жоғарыда атағанымыздай, сыртқы сөйлеу ауызша және жазбаша болады. Жазбаша сөйлеуде тілдік қатынас мәтін жанама болады. Жазба сөйлеудің, ауызшаға қарағанда, жинақты жазылады. Сөйлеудің жазба түрі жазба белгілер негізінде орындалады. Қазіргі кездегі көп тілдердің дыбыстары әріптерімен өрнектеледі. Жазба сөйлеу- естумен қабылданатын дыбыстардың, көрумен танылатын әріптер мен адамның тілдік әрекеттерінің күрделі байланысынанқұралатын процесс. Осыдан, жазба сөйлеудің ауызша сөйлеуден кейін пайда болып, әрі соның негізінде қалыптасатынын түсінеміз.
Біреудің дыбыстауынан құлағымызға жеткен сөз ауызша сөйлеу деп аталады. Ауызша сөйлеуде кеңістік және уақытқа байланысты біраз шектеулер болады. Әдетте, әңгімелесушілер бірін бірі көріп тұрады немесе дауыс жететіндей алшақтықта болуы мүмкін. Осы жағдайларға орай сөйлеудің сипаты өзгеріске түседі. Мысалы, телефонмен сөйлескенде сөз қысқа, жедел сұрақ-жауап кейпінде байқалады. Тыңдаушы сұрақ қойып, оған жауап алуы мүмкін емес телерадиодағы сөйлеу тіпті басқаша.
Ауызша сөйлеу- диалогтық және монологтық түрде болады. Диалогтық сөйлеу әңгімелесушілердің өзара қысқа сөз алысуы, түзілетін сөйлемнің құрылымы толық болмауымен ерекшеленеді. Өзара түсіністік мұндайда бұрынғы әңгіме желісінен, тақырып барысынан және іс-әрекет мазмұнына орай жетіледі. Ауызша сөз, әдетте, әңгімелесуге қосылған адамның ниет ықыласында, болмаса қоршаған орта ықпалдарына орай жасалған жауап ретінде жүзеге асады.
Монологтық сөйлеу ұзаққа созылады, ортаға қыстырма сөздер қосылмайды, алдын ала көп дайындықты талап етеді. Әдетте бұл кең көлемді, күні бұрын ой желісіне салынып, қорытылған баян (мысалы, баяндама, шығып сөйлеулер, дәрісбаяндар т.б.). Дайындық барысында мұндай баяндардың кей жерлері бірнеше рет ңштен қайталанады, жоспары қайта түзіліске түзіледі, орынды сөздер, сөз тіркестері мен сөйлемдер іріктеліп, таңдалады, көп жағдайда ауызша сөйлеудің жоспары жазбаша түзіледі. Монологтық сөз құрылымы жағынан күрделі болып, ой толықтығымен көрінеді, баяндалуы бір ізді, қатаң логикалық талаптарға бағынады. Монологтық сөйлеу диалогтыққа қарағанда қиындау, сондықтан оның толық формасы адамзат тарихында кейінірек қалыптасқан. Ал мұндай сөйлеу түрін оқушыларда қалыптастыру үшін мұғалімдер арнайы міндеттерді жүзеге келдіре отырып, еркін әрі мәнді сөйлеу тәрбиесін бүкіл оқу процесінде үзбестен жіргізіп барады.
Бұрын атағанымыздай, қалаған ақпаратты екінші адамға жеткізу үшін таңбалар, не таңбалар жүйесін қолданамыз. Осыған орай тілдестік қатынас процесінде вербалды (таңба ретінде- сөз, баян) және вербалды емес (таңба ретінде-сөзден тыс белгі, ишаралар) байланыстар қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет