Хііі-хү ғғ. мемлекеттердің геосаяси белсенділігі және олардың Еуразиядағы тарихи үдерістерге әсері


Жошы ұлысы еуразиялық держава ретінде



бет3/4
Дата03.12.2022
өлшемі15,91 Kb.
#160986
1   2   3   4
Байланысты:
Дәріс 20 Кеменгер

Жошы ұлысы еуразиялық держава ретінде. Моңғол басқыншылығы мен Жошы ұлысы (Алтын Орда) сияқты ірі Еуразия мемлекетінің пайда болуы Батыс пен Шығысты жақындастырды. Алтын Орданың гүлденуі Батыс Еуропадағы дағдарыспен, сол жердегі инквизицияның орнығуымен тұспа-тұс келді. Алтын Орда дінге аса еркіндік беруімен ерекшеленді. Хандар орыс православиелік шіркеуін қолдады (ол салықтан босатылды; барлық орыс шіркеуінің жартысы моңғолдар дәуірінде пайда болды). Мұсылман мәдениеті, араб-парсы кітаптары кең таралды. Жошы ұлысының ислам позициялары күшті болған облыстары (Хорезм, Еділ бұлғарлары) мұсылман мәдениетінің орталықтарына айналды. Алтын Орда халықаралық сауданың, оның ішінде Ұлы Жібек жолының дамуында маңызды рөл атқарды.
Жошы ұлысының дағдарысы. ХІҮ ғ. екінші жартысында Алтын Орданың шегараларды ұстап тұратын күші болмады және шеткі ұлыстарын жоғалта бастады. Мамай бір мезгілде Тоқтамысқа, орыс князьдеріне және Қырымдағы венециялықтарға қарсы тұрды. Ұлысқа билігін сақтау үшін Мамай Генуя мен Ұлы Литва князьдігін өзіне тартуға тырысты. Алайда 1380 жылы Мамайдың негізгі күшін орыстар Куликово даласында талқандады, ал оның әскері Тоқтамысты заңды хан деп таныды. Мамайдың өзі қаза тапты. Тоқтамыс өзінің Темірден қатынасын шиеленістіре отырып, Әзірбайжан мен Хорезмге жорықтар жасады. Ол Русь және Литвамен қатынастарын ретке келтірді. Темірге қарсы Мысыр сұлтаны мен Моғолстан ханы қосылған халықаралық одақ құруға әрекеттенді. Тоқтамыстың 1395 жылғы жеңілісі Алтын Орданың ыдырауын тездеткен оқиға болды.
Жошы ұлысының Еуразиялық держава ретінде дамуы төрт фактордың әсерінен тоқтады. Олар: Алтын Ордадағы биліктің ішкі дағдарысы; Юань әулетінің жойылуына байланысты Ұлы Жібек жолындағы сауданың бәсеңдеуі; ХІҮ ғ. соңғы ширегінде Даладағы экономикалық дағдарыс (малдың жаппай қырылуы мен аштық); Тоқтамыстың Темірден жеңілуі және алтынордалық қалалардың қиратылуы.
Қорытынды. Моңғолдардың жаулап алуы Шығыс пен Батысты жақындастырды және моңғол хандарын еуразиялық геосаяси үдеріске қатыстырды. Бірқатар еуропалық мемлекеттермен дипломатиялық қатынастар орнатқан Жошы ұлысы (Алтын Орда) ерекше жағдайда болды. Бағындырылған орыс жерлерін вассалдық тәуелділікте ұстап тұру қажеттігі ордалық хандардан күштеу әдістерін ғана емес, сондай-ақ дипломатиялық күш-жігері, икемді діни саясатты талап етті. Бұл ақыр соңында Еуразиядағы интеграциялық үдерістерге (Ресейдің еуразиялық держава ретінде дамуына) әкелді.

Үй тапсырмасы:


№1 тапсырма. Зерттеу сұрағы: Жошы ұлысы неліктен «Алтын Орда» деп аталды?


1. Моңғолия тарихы Алтын деген атау төрт шартараптың түсінен келген деген жорамал бар: солтүстіктің түсі — қара, шығыстың түсі — көк, оңтүстіктің түсі — қызыл, батыстың түсі — ақ, ал сары (немесе алтын) түс — орталықтың түсі.


Басқа бір болжам бойынша, Алтын Орда атауы орыс тіліндегі «Золотая Орда», яғни Бату ханның Еділ өзенінің жағасында өзінің болашақ астанасының орнын белгілеу үшін алтын түсті үйлерден тіккізген салтанатты қаласының атынан шыққан, Моңғол тілінде «Алтын Орда» деген сөз тіркесі Алтын түсті орданы, немесе патша сарайын білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет