Альдегидтерге күкіртті фуксин қышқылымен сапалық реакция. Мақсаты: альдегидтерді күкіртті фуксин қышқылы ерітіндісімен анықтай алуға үйрену.
Жадықтар: күкіртті фуксин қышқылы, формалин, пробирка.
Жұмыс барысы: Пробиркаға 5 тамшы күкіртті фуксин қышқылының ерітіндісін құйып, оған формалин қос . Біраз уақыт бақылау, көкшіл-қызыл түс пайда болады.
Альдегидтерді күкіртті фуксин қышқылы ерітіндісі көмегімен қалай анықтауға болатындығы жөнінде қорытынды жаса.
Тәжірибе № 4. Ацетоннан йодоформ алу ( ацетонға сапалық реакция). Мақсаты: Ацетонды сапалық реакция көмегімен йодаформның түзілуі арқылы ашуға үйрену.
Жабдықтар: ацетонның өте сұйытылған судағы 0,5 %ерітіндісі, люголь ерітіндісі (йодтың калий йодтағы ерітіндісі). 2 н. ерітіндісі, пробирка.
Жұмыс барысы: Пробиркаға ацетон, люголь, натрий гидроксиді ерітінділерінен құю, абайлап қыздыру. Өзгерістерді бақылап, реакция теңдеулерімен өрнектеп, қорытынды жаса.