Мектеп деңгейінде Stem тәсілін жүзеге асыру
Жарылқап Жанерке
МЕП 21-12нк
Жаратылыстану пәндеріне қатысты STEM технологиясын келесі бағыттарда қолданған тиімді болып саналады: Макроәлемде өтіп жатқан табиғи құбылыстарды зерттеуге: мұнда реалды өмірдегі әртүрлі нысандардың, құрылыстардың, құралдар мен жабдықтардың (әуе, су кемелері ,зауыттар мен фабрикалар үлгілері, кез-келген өндірістің инженерлік технологиясы, химиялық, биологиялық құбылыстар)прототиптерін жасап шығару. Оларға STEM технологияның құрылымдау (конструирование), технологиялық модельдеу сынды түрлері жатады.
Нақты әлемдегі үдерістерді компьютерлік, ақпараттық бағдарламалық тұрғыдан жасақталған, STEM технологияларының озық түрлерінің ( математикалық модельдеу, инженерлік графика, дизайн жасау,сандық зертхана-лар) көмегімен бақылап, зерттеп, қандай-да бір өнімдер жасауға болады.
Биология сабақтарындағы STEM-оқытуды енгізудің жолдарын «Бактериялар» тақырыбында қарастыратын болсақ Қазіргі жаратылыстану білім беру саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдану оқу экпериментінің жаңа түрін – виртуальды эксперименттің пайда болуына әкелді. Қазіргі жаратылыстану білім беру саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдану оқу экпериментінің жаңа түрін – виртуальды эксперименттің пайда болуына әкелді.
Виртуальды зертханалар әртүрлі үдерістердің жүру шарттары мен белгілерін сапалы деңгейде үлгілеуге мүмкіндік береді. Мысалы, химия пәнінен виртуальды зертханалардың анимациялау бағдарламасы ретінде : ChemLab ты атауға болады.
STEM зертханаларының мақсаты — теориялық материал бойынша алынған білімді тереңдету, әртүрлі шамаларды өлшеудің әдістемелерімен танысу, әртүрлі құралдардың жұмыстарын зерттеу, тәжірибелік мәліметтерді жинау және өңдеу технологияларын үйрену, инженерлік графика және дизайн жасау дағдыларын дамыту
Химия сабағында «Оттегі» тақырыбын оқытуды да STEM-тәсіліне негіздеп жүргізу тиімді болып табылады. Микроәлемде жүріп жатқан үдерістерді зерттеу Ол үшін Интернет жүйесіндегі MEL Science қосымшасын пайдалану қажет, ол жаратылыстану ғылымдарын виртуальды өмірде шынайы түрде көрсетіп оқытады. Мысалы, химия пәнінде кез-келген элемент атомын өз қолымен құрып, жасақтауға болады. Бұл қосымша MEL Chemistry VR app деп аталады, ол Google Daydream платформасын қолданушыларға қолжетімді. STEM-білім беру информатика пәнін оқытуда STEM-білім беруде робот техникасының үлесі зор екенін көруге болады. Мектепте информатика пәнін оқытуда робот техникасының кейбір элементтерін қолдануға болады. Мысалы, бағдарламалау тіліндегі «цикл» тақырыбын қарастырарда, Lego модуліндегі циклды пайдалануға болады. Нәтижесінде оқушылар Lego конструкторының кез келген қозғалыс әрекетін цикл бойынша орындағанын бақылап, бағалай алады. Бұл оқушының «цикл» ұғымы туралы өнімді түсінік қалыптастыруға көмектеседі. Мектептегі робот техникасы негіздері элективті курсында математика пәні бойынша «арифметикалық амалдар» мен информатика пәніндегі «цикл» терминін қолданып, Lego машинасының жүру жылдамдығын, жүрген қашықтығын есептеуге болады. Бұл процесс оқушыға жалпы автокөліктердің жылдамдығы, жүру қашықтығының есептеу принципін меңгертеді. Осылайша, STEM-білім беру оқушыларды алған білімдерін қоршаған орта процестерімен байланыстыруға және жобалық ойлауына мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы Қасымжомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында цифрландыру барлық реформаның басты элементі екеніне маңыз берді. Бұл – сәнге айналған үрдіске ілесу емес, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі құралы, табысты болудың басты кілті. Соның ішінде білім беру, экономика, халыққа қызмет көрсету салаларын цифрландыруға қарқын беру түбегейлі өзгерістерге серпін бермек. Мемлекет басшысы Қасымжомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында цифрландыру барлық реформаның басты элементі екеніне маңыз берді. Бұл – сәнге айналған үрдіске ілесу емес, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі құралы, табысты болудың басты кілті. Соның ішінде білім беру, экономика, халыққа қызмет көрсету салаларын цифрландыруға қарқын беру түбегейлі өзгерістерге серпін бермек. Назарларыңызға рахмет
Достарыңызбен бөлісу: |