2 – тәжірибе. Фелингсұйықтығымен реакция Фелинг сұйықтығын мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісі мен сегнет тұзының сілтілік ерітіндісін бірдей көлемде әрекеттестіріп алады. Фелинг сұйықтығының түсі қара – көк, келесі реакциялар жүреді:
А) СuSO4 + 2NаOH → Cu(ОН)2 + Nа2SО4 Фелинг сұйықтығы – шарап қышқылының калий-натрий тұзы (сегнет тұзы) мен мыс гидроксидінің қоспасы, ол альдегидпен әрекеттескенде, альдегид карбон қышқылына айналады, ал Cu(ОН)2 мыс(І) оксидіне дейін тотықсызданады.
Жұмыстың барысы: Алынған Фелинг сұйығына 1мл глюкоза ерітіндісін құйып, қоспаны су моншасында қыздырады. Глюкозаның глюкон қышқылына дейін тотығуынан, Фелинг сұйықтығы мыс (І) оксидіне дейін тотықсызданады.
Реакция нәтижесінде қызыл түсті мыс (І) оксидінің тұнбасы түседі. Реакция теңдеуін жазу керек.