Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


– тәжірибе. Крахмалдың йодпен әрекеттесуі



бет393/401
Дата07.02.2022
өлшемі5,02 Mb.
#88596
1   ...   389   390   391   392   393   394   395   396   ...   401
Байланысты:
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ

4 – тәжірибе. Крахмалдың йодпен әрекеттесуі
Жұмыс барысы: Крахмал клейстерінен 2 – 3мл пробиркаға құйып, оның үстіне бірнеше тамшы йод ерітіндісін тамызса, крахмал көгереді. Қоспаны аздап қыздырса көк түс жойылады да, салқындатқанда қайтадан көк түс пайда болады. Оның себебі йод крахмалмен тұрақты қосылыс түзбейді, тек крахмал йодты адсорбциялайды және йодпен тұрақсыз комплексті қосылыс түзеді.
5 – тәжірибе. Крахмалдың қышқыл әсерінен гидролизденуі
Пробиркаға 2мл күкірт қышқылын құйып спирт шамында қыздырады. 4 – 5 минуттан кейін қоспадан 1 – 2мл бөліп алып, суытады да оған йод ерітіндісін тамызады. Бұл әдісті әрбір минут сайын қайталаса, сынауға алынған қоспаның түсі көк түстен күлгін түске дейін біртіндеп өзгереді, ең соңында йод әсері байқалмайды. Йодтың түсінің өзгермейтін себебі, крахмал біртіндеп гидролизденіп, реакция соңында глюкозаға айналады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   389   390   391   392   393   394   395   396   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет