Химия сабағында жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты арттыруға негізделген тапсырманы жоспарлау М. Н. Кыдырова* 1



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата22.09.2023
өлшемі435,88 Kb.
#182033
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
document 2, 2953097420, Документ Microsoft Office Word, Әртүрлі тамақ өнімдеріндегі көмірсулардың биологиялық құндылығы
Кілтті сөздер:
функционалды сауаттылық, оқу әдістері, ақпараттық технология, 
жаңа технология, математикалық сауаттылық, креативті ойлау, жаратылыстану–
ғылыми сауаттылық.
Кіріспе
Қазіргі, тез өзгеретін әлемде функцио-
налдық сауаттылық адамдардың әлеу-
меттік, мәдени, саяси және экономи-
калық қызметке, сондай-ақ өмір бойы 
оқуға белсенді қатысуына ықпал ететін 
негізгі факторлардың бірі болып табыла-
ды [1]. Функционалды сауаттылықты арт-
тыруға химия пәнінің мұғалімі ретінде 
бірден – бір қосар үлесіміз жаратылыс-
тану-ғылыми 
сауаттылығын 
арттыру. 
Жаратылыстану ғылымдары ішіндегі хи-
мия ғылымының қыр-сырын зерттеуге 
оқушылардың қызығушылығын артты-
руға, алған білімдерінің өмірде, тұрмыс-
та қажет екенін ұғындыру мақсатында 
қысқа мерзімді сабақ жоспарында функ-
ционалды сауаттылыққа бағытталған 
тапсырмаларды жоспарлап отырамыз. 
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық – 
қоршаған әлемді және адам әрекетінің 


83
БІЛІМ • ОБРАЗОВАНИЕ • EDUCATION, ISSN 1607-2790 
UBA.EDU.KZ 
№1 (104) 2023
2. METHODOLOGY OF TEACHING DISCIPLINES
нәтижесінде оған енгізілген өзгерістерді 
түсіну және шешім қабылдау үшін ғылы-
ми білімді пайдалану, дәлелдерге негіз-
делген сұрақтар мен қорытындыларды 
тұжырымдау қабілеті. 
Заманауи білім беру бағыттарының бірі 
оқыту нысандарын, әдістері мен техно-
логияларын жаңарту болып табылады. 
Мектептерде білім беру нәтижелеріне 
табысты қол жеткізуді, алған білімдерін 
оқу және практикалық қызметте қолда-
на білуді қамтамасыз ететін логикалық
сыни және креативті ойлау негіздерін қа-
лыптастыру үшін оқытудың тиімді нысан-
дары мен әдістері енгізілуде. Бұл біздің 
оқушылардың XXI ғасыр дағдыларын 
игеруіне яғни, оқу сауаттылығын, мате-
матикалық сауаттылығын, жаратылыста-
ну-ғылыми сауаттылығын және фунда-
менталды білімінің қалыптасуына, алған 
білімдерін өмірде қолдануына, құзырет-
тілігінің артуына мүмкіндік береді [2]. 
Қысқа мерзімді сабақ жоспарында функ-
циональды сауаттылыққа негізделген 
тапсырма оқушылардың бақылау, іздену 
қабілеттерін дамытады, білімді өз бетін-
ше алуға, оны жетілдіруге, алған білім-
дерін тұрмыста қолдана білуге үйретеді. 
Білім беру үдерісіне құзыреттілік тәсілді 
енгізу болашақ мамандарды даярлау са-
пасын арттырудағы алатын орны ерекше.
Бұл пікірді көптеген әдіскер ғалымдар 
айтады. Е.Т. Денисовтың айтуы бойынша 
«қазіргі кезде маман даярлау сапасын 
арттыруға деген ұмтылыс білім беруде 
құзыреттілік тәсілді кеңінен қолдануды 
алдын ала анықтады».
Құзыреттілік – адамның белгілі бір өмір-
лік жағдайда тиімді қызметке білім, білік 
және сыртқы ресурстарды жұмылдыруға 
дайындығы. Құзыреттілік тәсіл бірінші 
орынға оқушының хабардарлығын емес, 
танымда, адамдардың қарым–қатынасын-
да, кәсіби өмірде, жеке өзін-өзі анықтау-
да туындайтын мәселелерді шеше білуді 
ұсынады [3]. Бұл процестің өзегі функцио-
налды сауаттылық болып табылады, өй-
ткені ол «адамның қолданбалы білім 
негізінде өмір мен қызметтің әртүрлі са-
лаларында стандартты өмірлік міндет-
терді шешу қабілеті» деп түсіндіріледі. 
Құзыреттілікке 
негізделген 
тәсілдің 
маңызды ерекшелігі – оқушының бола-
шақта өздігінен білім алу мүмкіндігі, ал 
бұл терең білімсіз мүмкін емес және бұл 
жағдайда білімнің рөлі өзгереді [4].
Оқушылардың жаратылыстану–ғылыми 
функционалдық сауаттылықты дамыту-
дағы біліктері мен дағдыларының үлгілік 
тізбесі [5]: 
• өмірлік жағдайларда жаратылыстану 
білімдерін пайдалану; 
• қорытынды жасау;
• ғылыми 
құбылыстарды 
сипаттай, 
түсіндіре және болжай білу;
• зерттеу әдістерін түсіну; 
• құбылыстарды, фактілерді, оқиғалар-
ды тізімдеу;
нысандарды, оқиғаларды, фактілерді 
салыстыру; 
• оқиғаларды, құбылыстарды және т. б. 
мәселелердің мәнін көру; 
• рефераттар, жоспарлар және т. б. құру.
Функционалдық сауаттылықты диагнос-
тикасы келесі аспектілерді қамтиды: 
• сауаттылықты игеру процесі химиялық 
тілді және символдық жүйелерді 
игеру, онсыз химиялық ақпарат алу 
және өмір мен қызметтің белгілі бір 
саласында білімді пайдалану мүмкін 
емес; 
• оқу процесі пән және оқу пәндері 
бойынша 
білімді, 
іскерлікті, 
дағдыларды игеру;
• дайындық процесі. Практикалық, 
зертханалық жұмыстарды орындау 
үшін қолда бар және алынған білімді, 
дағдыларды 
бейімдеу, 
есептерді 
шешуде немесе белгілі бір әлеуметтік 
жағдайды 
шешуде 
алгоритмді 
қолдану. 
Жұмыстың мақсаты: химия пәнін оқыту-
да функционалдық сауаттылық пен креа-


84
БІЛІМ • ОБРАЗОВАНИЕ • EDUCATION, ISSN 1607-2790 
UBA.EDU.KZ 
№1 (104) 2023
2. ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
тивті ойлауды қалыптастыру, оқушылар-
дың шығармашыл қабілеттерін дамыту, 
ынтымақтастыққа тәрбиелеу, өзін-өзі 
басқаруға, бақылауға, жасампаздыққа 
жетелеу, еңбек етуге баулу, алған білім-
дерін өмірде қолдануға мүмкіндік беру 
болып табылады.
Жұмыстың міндеттері: химияны оқыту-
да оқушылардың функциональды са-
уаттылығын дамыту арқылы сабақты 
жоспарлау. Бейорганикалық химияда 
оқушылардың функциональды сауат-
тылығы мен креативті ойлауын дамы-
ту тиімділігін анықтайтын сабақ үлгісін 
құрас тыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет