Химия сабағында жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты арттыруға негізделген тапсырманы жоспарлау М. Н. Кыдырова* 1



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата22.09.2023
өлшемі435,88 Kb.
#182033
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Нәтижелер
Жаратылыстану-ғылымдарын тану және 
сұрақтар қою, жаңа білімді меңгеру, жа-
ратылыстану құбылыстарын түсіну және 
ғылыми мәселелерге қатысты ғылыми 
дәлелдемелерге негізделген қорытын-
дыларды тұжырымдау арқылы білімді 
меңгеріп, пайдалану қабілеті артады. 
Білім алушының функционалдық са-
уаттылықтың әлемдегі рөлін түсінуге не-
гізделген пайымдаулар жасауға және 
сындарлы, белсенді және рефлексивті 
азаматтар қабылдау керек шешімдер қа-
былдауға көмектеседі, инновациялық 
және тиімді шешімдерге қол жеткізеді [9]. 
Өз тәжірибемде білім алушыларға функ-
ционалдық сауаттылықты арттыру мақса-
тында қолданылған тапсырмалар оң нәти-
же берді. 2021–2022 оқу жылында білім 
алушылардың 
жаратылыстану-ғылыми 
бағытта функционалды сауаттылыққа 
арналған тапсырмаларды орындай білуі 
45%–62% дейін артты. Бұл бойынша жұ-
мыс апта сайын тақырыпқа лайықталып 
жасалынып отырды. Әсіресе жоғарғы 
сынып оқушылары функционалды сауат-
тылыққа арналған тапсырмаларды орын-
дай отырып, оқу, математикалық, жара-
тылыстану-ғылыми 
сауаттылықтарын 
көтерді. Өз нәтижелері Ұлттық біріңғай 
тестілеу кезінде көрініс тапты. Себебі 
контекстік тапсырма орындау барысында 
функционалды сауаттылық маңызды рөл 
атқарады.
Талқылау
Біздің мемлекетіміздің оқу стандарт-
тарында химиялық сауаттылық ұғымы 
енгізілуде, бұл дегеніміз оқушылардың 
ерітіндідегі заттың массалық үлесін неме-
се заттың мөлшерін анықтау, заттардың 
массасын табу міндеттерін шешу және 
есептеу жүргізудің дәстүрлі дағдыларын 
меңгеруі ғана емес, сонымен қатар тео-
риялық білім алу, химиялық тілдің негіз-
дерін меңгеру, логикалық ойлау элемент-
терін меңгеру. Контекстік оқыту мазмұны 
– тұлғаның интеллектуалды, рухани, әлеу-
меттік және пәндік білімнен хабардар 
болу дәрежесін анықтайды [10]. 
Сондықтан, сабақта оқушылардың жара-
тылыстану-ғылыми сауаттылығын қалып-
тастыру қажеттілігі туындады, яғни оларды 
алған білімдерін практикалық жағдайда 
тиімді қолдануға және әлеуметтік бей-
імделу процесінде сәтті қолдануға үйре-
ту. Себебі, мектептен тыс өмірде әртүрлі 


87
БІЛІМ • ОБРАЗОВАНИЕ • EDUCATION, ISSN 1607-2790 
UBA.EDU.KZ 
№1 (104) 2023
2. METHODOLOGY OF TEACHING DISCIPLINES
химиялық заттарды, кір жуғыш ұнтақтар-
ды, күнделікті өмірде тазалағыш заттар-
ды қолдану, консервілеу, тұздау және т.б. 
ерітінділерді дайындау, дәрі-дәрмектерді 
қолдану жөніндегі нұсқаулықтарды оқып 
білу қажеттілігі бар. Сондықтанда химия 
сабағындағы оқу үрдісін өмірмен байла-
ныстырып өтеміз, бұл бізге оң нәтижелер 
береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет