85
БІЛІМ • ОБРАЗОВАНИЕ •
EDUCATION, ISSN 1607-2790
UBA.EDU.KZ
№1 (104) 2023
2. METHODOLOGY OF TEACHING DISCIPLINES
оқушыға ақпаратпен жұмыс жасау бары-
сында зияткерлік операцияларды дәйек-
ті түрде игеруге мүмкіндік беретін мін-
деттер: танысу – түсіну – қолдану – талдау
–синтез – бағалау.
Ситуациялық мәселенің ерекшелігі – ол
практикаға бағытталған, бірақ оны шешу
үшін нақты пәндік білім қажеттілігі. Көбі-
несе бірнеше оқу пәндерін білу қажет.
Сонымен қатар, мұндай тапсырмада
дәстүрлі ситуация емес, қызықты атауы
бар қызығушылықты оятатын проблема-
лық сұрақ. Оқушы мұндай сұраққа жа-
уап тапқысы келетіндей етіп тұжырымдау
керек. Әдістерді қолдана отырып сабақ
барысында тақырыпқа, оқу мақсатына
сай тапсырмалар қолдандым.
Бұл орай-
да оқушыларда функционалдық сауат-
тылығының дамуымен қатар тақырыпты
толықтай меңгеруіне мүмкіндік туындай-
ды.
1-ші сабақтың тақырыбы: Майлар. Май-
лардың құрылысы мен қасиеттері. Оқу
мақсаты: 1.4.2.11 Майлардың құрамы мен
құрылысын білу.
1-тапсырма. Сары май – сиыр, ешкі, қой
сүтінен қаймақ, қаймақты былғау неме-
се күбіде пісу арқылы алынатын майлы,
құнарлы тағам. Сары майдың тағам өнімі
ретінде қаншалықты жоғары бағаланаты-
нын жақсы білесіздер.
Сары май – бұл кілегейді былғау арқылы
алынған, сүт майының концентраты.
Сары майдың майлылығы 82,5%–дан кем
емес. Сары майды дайындау үшін кіле-
гей, қаймақ немесе ашыған сүтті қол-
данған. Сары майды таңдау барысында
оның сыртқы орамасына көңіл аудару қа-
жет. Жұқалтыр ға (фольгаға) оралған май
өзінің құрамындағы А дәруменін жақсы
сақтап қалады. Сары майды мұздатқышта
сақтаған жөн. Егер май бөлме температу-
расында сақталатын болса, онда оған күн
сәулелерінің түспеуі тиіс. Күн сәулелері
түсуі нәтижесінде сары май өзінің құнды
қасиеттерін жояды. Сары майды үстел-
ге арнайы май салатын ыдыста қойған
дұрыс.
1. Сары
майдың құрамына қандай зат-
тар кіреді?
а) Түрлі органикалық қышқылдардың
күрделі эфирлері.
в) Сүт майы.
с) Бос май қышқылдарының органика-
лық қышқылдары.
д) Сары майдың құрамына А, Д, В вита-
миндері және ақуыздар, т.б. органи-
калық заттар.
2. Сары май – тез бұзылатын азық. Оны
сақтау жолдары туралы не білесіздер?
Өз ойларыңызды тұжырымдаңыздар.
2-ші сабақтың тақырыбы: Гесс заңы және
оның салдары. Есеп шығару «Гесс заңы
және оның салдарын қолдану». Оқу
бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:
10.3.1.4 Гесс заңының физикалық мәнін
түсіндіру және оны химиялық реакция-
ның энтальпия өзгерісін есептеу үшін
қолдана алу; Бағалау критерийі: Гесс заңы
салдарының тұжырымдамасын көрсетеді;
үзілген, пайда болған байланыстар санын
айқындайды; реакция энтальпиясының
өзгерісін есептейді;
Жаратылыстану-ғылыми
сауаттылықты
дамытуға арналған тапсырма сипатта-
масы. Бағалаудың құзыреттілік саласы:
ғылыми білім негізінде жаратылыстану
құбылыстарын түсіндіру немесе сипат-
тау, сондай–ақ өзгерістерді болжау. Мән
мәтін: қоршаған орта. Жауап форматы:
Жауапты таңдау тапсырмасы, толық жауа-
бы бар тапсырма.
«Найзағай-әсері» Найзағай – бұл атмосфе-
радағы бұлттардың әртүрлі зарядталған
немесе бұлтпен жердің арасындағы
электр разряды.
Найзағайды разрядқа
бөлу үдерісі мен бұлттағы электрлік раз-
рядтың жиналуы, сулы булардың қарқын-
ды конденсациясы мен сулы булардың
бүркілуімен, олардағы кіруі күшті ауалық
ағындардың пайда болуымен байланыс-
ты, бүрку кішкентай сулы шаңның теріс
зарядталып бүркілуі кезінде, ал ауыр
тамшылар оң зарядталып бүркілуі кезінде
түзіледі. Разрядтың әсері екі түрлі болуы
мүмкін. Найзағай разрядтың әсері – ол өз
86
БІЛІМ • ОБРАЗОВАНИЕ • EDUCATION, ISSN 1607-2790
UBA.EDU.KZ
№1 (104) 2023
2. ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
кезінде өрт пен жарылыс туғызуы мүм-
кін, ұшқынның пайда болу себебі болады
және табиғатта химиялық реакцияның
жүруіне себепкер болады. Сәулелердің
жоғары температурасы бұл реакцияның
қалыпты жағдайда жүруіне жол бермей-
тін энергия кедергісін бұзады. N2 моле-
куласын құрайтын N
≡
N үштік
байланы-
сымен түзілген атмосферадан инертті газ.
Найзағай салдарынан газ молекулалар
арасындағы байланыстар үзіліп жаңа зат-
тардың түзілуі жүзеге асады. Атмосфера-
лық бекіту – найзағай болғанда көбінесе
азот оксиді: N2—NO түзіледі. Азот оксид-
тері дегеніміз – көлік құралын басқарудан
немесе темекі шегуден бастап, ластаушы
қалдықтар сияқты өндірістік процестер-
ге дейінгі адамдардың көптеген әрекет-
тері нәтижесінде пайда болатын газдар.
Алайда, табиғи түрде NO электрлік да-
уыл кезіндегі ферментативті реакциялар
мен найзағай әсерінен пайда болады:
N2(г)+O2(г)=>2NO(г). Ол кейін тотығып,
сумен әрекеттескен кезде топыраққа тү-
зетін азот қышқылын HNO3, кейіндеу ни-
траттар түзеді.
1 – тапсырма. Найзағай кезінде атмос-
ферадағы азоттан түзілетін алғашқы зат:
а) HNO3, в) N2O, с) HNO2, д) NO2, е) NO.
2 – тапсырма. Азот (IV) оксиді түзілуінің
энтальпия циклін жасаңыз.
3 – тапсырма. Реакция энтальпиясының
өзгерісін есептеңіз.
Дескриптор:
• найзағай кезінде түзілетін затты
анықтайды.
• энтальпия циклін көрсетеді.
• реакцияның энтальпиясын есептейді.
Достарыңызбен бөлісу: