Химия сабағында зертханалық – практикалық жұмыстардың орындалуының тиімді тәсілдері Химия ғылымы- эксперименттік ғылым


Тақырыбы: 1. Глицериннің қасиеттері



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі32,37 Kb.
#86418
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Глицерин мыс гидроксид

Тақырыбы: 1. Глицериннің қасиеттері
2.Тапсырма :
а)Глицеринді суда еріту
ә) Глицериннің ылғал тартқыштық қасиетін байқау
б) глицеринге тән реакциялар

  1. Жұмыстың барысы:

а) глицериннің суда еруі
Оқушылардың әрқайсысы пробиркаға 5 мл глицерин құйып , оның үстіне сондай мөлшерде су құйып араластырғанда , глицериннің суда жақсы еритіндігі байқалады.
ә) Глицериннің ылғал тартқыштығы
Бір парақ сүзгі қағаздың бетіне 2-3 тамшы глицерин мен одан бөлек жеріне бірнеше тамшы су тамызып бақылағанда , су тез буланып кетеді де , глицерин тиген жері бұрынғыдай ылғал күйінде қала береді.
б) Глицериннің жануы
глицерин түссіз жалынмен жанып C O2,2O түзіледі.
в) Глицериннің натриймен әрекеттесуі .
Пробиркаға 1-2 мл глицерин құйып , оған тазартылған металл натрий түйірін салып , аздап қыздырғанда , қуатты әрекеттесіп , нәтижесінде глицерин мен сутегі түзіледі
CH2OH CH2-ONa
CHOH+2Na CH-ONa+ H2
CH2OH CH2-OH
натрий глицераты.
г) Глицериннің мыс (II) гидроксидімен әрекеттесуі
Пробиркаға мыс (II) гидроксидінің тұнбасынан салып, үстіне глицерин құйып , қоспаны шайқап араластырғанда ,көк түсті мыс глицериатының ерітіндісі түзіледі.
CH2OH HO CH2-O
Cu Cu
CH OH + HO CH-O + 2H2O
CH2OH CH2-OH
Бұл көп атомды спирттерге тән реакция.
Лабораториялық жұмысты жасап болғаннан кейін оқушылардың белсенді қатысуымен логикалық талдау жасалады.

  1. Глицерин суда қалай ериді ?

  2. Глицегин жанғанда қандай заттар түзіледі?

  3. Натрии глицератын қалай алады?

  4. Көп атомды спирттерге тән реакция қандай?

  5. Тәжірибеден қандай қорытынды жасауға болады?

Тәжірибені оқушылар өздері жасаған жасағандықтан қойылған сұрақтарға дұрыс жауап береді.
Енді практикалық жұмыстарға тоқталамыз.
Химияны оқыту барысында оқушыларға кәсіптік білім беруді қамтамасыз ету мақсатында белгілі бір тақырыпты, тарауды өткеннен кейін шәкірттердің химиялық тәжірибелерді өздігінен орындауы үшін арнаулы практикалық жұмыстар жүргізіледі.
Практикалық сабақтардың негізгі мақсаттарының бірі – оқушылардың білімін бекіту, алған теориялық білімін практикада қолдануға үйрету және практикалық іс- дағдыларын дамыту.
Практикалық сабақтарды нәтижелі өткізудің бірнеше жағдайлары бар.

  1. Мұғалім алдын ала практикалық жұмыстардың мақсатын, орындау жолдарын оқып келуді, нені және қалай бақылау керектігімен, бақылауды қорытындылау тәсілдерімен таныстырады.

Оқушылар үйлерінде оқу құралдарын және жетекші нұсқауларды , тәжірибені орындау тәртібін оқып келеді.

  1. Лабораториялық жабдықтар мен реактивтер оқушылардың санына қарай алдын-ала дайындалады.

  2. Практикалық жұмыстар кезінде әрбір оқушының жұмысы қатаң бақылауға алынып, тиісті жәрдем көрсетіп отырады.

  3. Оқушының жазба есептері тексеріліп, баға қойылуы керек.

Практикалық жұмысты есепке алу, бағалау мұғалімнің бақылауы және оқушылардың жазбаша есебі бойынша жүргізіледі.
жұмысты бағалауда 1) тәжірибенің дұрыс орындалуы
2) оқушы түсінігінің қорытындылары және формула, реакция теңдеулерінің сауаттылығы
3) Зертханалық жабдықтар мен реактивтерді орынды қолдана білуі
4) Жұмысты орындау дәлдігі
5) Оқушының жазбаша есебінің сапасы
6) Жұмыс барысындағы ұйымдастырушылық дағдылары есепке алынады.
Оқушының практикалық сабақтардың есебін жазуға арналған дәптерлері болады. Ол дәптерде практикалық жұмыстың орындалған күні тақырыбы , үйде орындауға берілген тапсырмалар , жұмысты орындау барысы , мақсаты ,қажетті құрал- жабдықтар және жұмыс туралы оқушы есебінің үлгісі , жұмыстың қорытындысы немесе есептің жауабы бір үлгіде жазылуы керек. Жұмыс соңынан оқушының шығарған есебін бірден жазуы оны жинақылыққа , тәртіптілікке , оқу материалын терең меңгеруге көмектеседі. Практикалық жұмыстарды есепке алу, бағалау оқушылардың практикалық сабаққа қызығушылығын арттырады .Оқушының практикалық жұмыс дәптеріне қалай ,не жазу қажеттігі туралы мысалдар келтірейін.
11-сынып Практикалық жұмыс №1
Тақырыбы: Органикалық зат құрамындағы көміртекті және сутекті сапалық жолмен анықтау.
Мақсаты: Органикалық заттың көміртегі мен сутегінен тұратынын іс жүзінде анықтау.
Керекті құрал- жабдықтар: Сынауық, ұстағышы бар металл тұрғы, қыздыруға қажетті құрал, газ жүретін түтігі бар тығынмен тығындалған сынауық, қосымша сынауық, парафин (немесе басқа да органикалық зат),мыс (II) оксидінің ұнтағы, кальций гидроксидінің мөлдір ерітіндісі, сусыз мыс (II) сульфаты.
Тапсырма :
Органикалық заттағы көміртекті –көміртек(IV) оксидіне , сутекті –суға айналдырып анықтау.
Жұмыстың орындалуы:
Сынауыққа газ жүретін тығыны бар түтікті кигізіп , оның герметикалығын тексеріңдер.
Құрғақ сынауыққа 0,5-1 г ұнтақ мыс (II) оксидін және оның жартысындай парафин салыңдар. Пробирканы горизанталь бағытқа келтіріп , оған құрғатылған тотияйыннан аздап салу және мыс (II) сульфаты тығынға жақын болатындай етіп пробирканы газ өткізгіш түтікпен бекіту.Газ өткізгіш түтіктің екінші ұшын әкті су құйылған пробиркаға батыру.Спирт шамымен пробиркадағы қоспаны қыздыру.Пробирка қабырғаларында су тамшылары түзілгеніне , пробиркадағы мыс сульфатының түсінің өзгергеніне және қызыл түсті мыстың пайда болғанына назар аудару.Реакция кезінде түзілген газдың әсерінен әкті судың лайлануын , демек көмір қышқыл газы түзілгенін байқау. Тәжірибені тоқтатып, пробирка салқындағаннан кейін мыс (II)сульфатын пробиркадан төгіп , реакция өнімдерін бөлек алу. Органикалық зат тотыққанда мыс (II) оксидінің таза мысқа айналатынын бақылау. Жасалған тәжірибелерге сүйеніп , парафиннің сапалық құрамы жөнінде қорытынды жасау. Тәжірибе соңында әр оқушы жұмыс орнын тазартып ,істеген жұмысы жөнінде есеп жазады.Оқушылардың есебін мен дәптерге мынандай кесте түрінде беремін

Жұмыс барысы

байқалған құбылыс

реакция теңдеуі

қорытынды

Тәжірибенің сапасына сай оқушылар бағаланады.Химия сабағында осындай химиялық эксперименттерді жүргізу оқушылардың творчестволық ізденулерін , ой-өрісін дамытып , сабаққа қызығушылығын арттырады.Шәкірттердің өздігінен жұмыс істеу қабілетін дамытып, білімге құштарлығын оятады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет