Химия тілі химияны оқытудың таным құралы



бет4/6
Дата29.09.2022
өлшемі41,33 Kb.
#151201
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Химиялық тіл
Адам анатомиясы тәжіриб.сабақ, 679, 11 лекц, 43 билет
Терминология

Терминология – атаулар жүйесінен тұратын сөз таңбалары
Жалпы ғылымдық және химиялық терминдердің мәні мен мағынасын түсіну Терминдердің химиялық ақиқатпен байланысы Терминдерді этиологиялық және мағыналы талдау.

1.Терминдерді айта, жаза білу
2.Терминдердің химиялық мазмұнын түсіну
3.Терминдер мен символдардың өзара ауысуын іске асыру
4. Химиялық ақпарат пен терминдерді байланыстыру
5.Терминологиялық сөздіктермен жұмыс істей білуге үйрену.

Номенклатура

Номенклатура–заттарды атаудың белгілі негізіне сүйенетін арнайы жүйесі Химияны таңдаудағы атаулар рөлі Номенклатуралық жүйелердің түрлері Ойлардың өзара қатынасы

1. Айту, жазу, түсіндіру, жазу
2. Атауларды химиялық сипаттау
3. Аттарын дұрыс атау
4.Заттың атын оның формуласы бойынша білу, атына сай формуланы жазу, 5.Орысша, қазақша халықаралық, тривиалды атын құру.



Химия тілі ғылыми және оқу танымының құралы. Химия тілі тек заттардың реакцияға түсуін түсіндірудің құралы ғана болып қоймай, ол оқушының қоршаған дүниені тануына негіз болатын басты құрал. Себебі химия - бүкіл жаратылыстану ілімдерінің арасында зат пен заттың, зат пен құбылыстың арақатынасын ұғындыратын, оларға байланысты заңдылықтар жайында білім беретін бірден-бір пән.
Химиялық тіл заттар әлемі жэне олардың өзгерістерін бейнелеудегі таным құралдарының бірі болғандықтан, оның мазмұны мектептегі химия бағамында аз кѳлемде берілгенімен оларды сапалы игерудің мақсаттары ашық көрсетілген. Оның құрамында химиялық символика, терминология, номенклатура және оларды қолдану іскерлігін дамытатындай білім кѳлемі жинақталған. Оқулықта символиканың мазмұны мына кѳлемді қамтиды:
а) химиялық таңбалар бойынша - химиялық символиканы жасау тарихы; таңбаларды атау және белгілеу; мәні және мағынасы; олардың мазмұнының сапалық және сандық бейнеленуі.
Меңгерілетін іскерліктері: таңбаларды айту, жазу және талдау, таңбадан атауға кѳшуді жүзеге асыру және керісінше;
ә) химиялық формулалар бойынша - химияны танудағы формуланың мәні; химиялық формулалардың түрлері; олардың мәні, сапалық жэне сандық ѳрнектелуі; құрам тұрақтылық заңымен байланысы; формула құрастыру әдістері және олардың ережелері.
Меңгерілетін іскерліктері: формулаларды құру, оқу, талдау және талқылау; формула бойынша валенттілікті, элементтердің тотығу дәрежесін, химиялық байланыстар мен қосылыстардың реакциялық қабілеттілігі; есептеулер жүргізу; сутекті және оттекті қосылыстардың жалпы формулалары; олар туралы білімді қорытындылау жэне жүйелеу үшін заттарды пайдалану;
б) химиялық теңдеулер бойынша - химияны танудағы теңдеулердің мәні; теңдеулердің түрлері; олардың маңызы және зат массасының сақталу заңымен байланысы; оларда реакцияның сапалық жағының және сандық қатынастың бейнеленуі; әр алуан теңдеулер құрастыру тәсілдері және олар бойынша есептеулер.
Меңгерілетін іскерліктері: теңдеулер құрастыру, талдау, талқылау, коэфиценттер мәнін ашу; реакция теңдеуі бойынша есептеулер жүргізу; химиялық реакция туралы білімді қорытындылау үшін қысқа және схемалық теңдеулерді пайдалану; оларды толық жазбалармен айқындау; теңдеудің бір түрінен басқасына кѳшуді жүзеге асыру;
в) терминология бойынша - атаудың жалпы ғылыми мағынасы; олардың ұғымдармен байланысы: терминдерді этимологиялық және мәндік талдау.
Меңгерілетін іскерліктері: терминдерді оқу және жазу; олардың үғымдармен байланысын айқындау; терминдер мазмұнын ұғымдар анықтамасынан шығару; терминдерді мәні мен мағынасы бойынша жақын басқа терминдерге алмастыру; терминдер мен символдар арасындағы өзара алмасулар және оларды талдауды жүзеге асыру; терминологиялық сѳздіктермен жұмыс жасау;
г) химиялық номенклатура бойынша — номенклатура туралы ұғым және оның танымдағы мәні; оқытудағы номенклатуралық жүйе түрлері; химияны танудағы номиналды атаулар рѳлі; номенклатура, терминология және символика арасындағы ѳзара қатынас.
Меңгерілетін іскерліктері: иондар, бейорганикалық зат атауларын оқу, айту, талқылау, класс қосылыстары, заттар туралы, олардың сапалық құрамы жэне сипаты туразы ақпараттарды атауларынан шығару; халықаралық номенклатура ұстанымдарына сәйкес зат атауларын құрастыру; зат атауынан оның формуласына жэне керісінше кѳшуді жүзеге асыру; халықаралық және тривиалды атауларды құрастыру; заттарды түсіндіруде және бейнелеуде номенклатура пайдалану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет