Семиотикадахимиялық тілдің таңбаларын үш жағынан қарастырады. Таңба жеке күйінде қолданылмайды, бір-бірімен бірігіп жүйе түзеді. Осы жүйедегі таңбалардың ѳзара қатынасын синтактика саласы зерттейді. Бірінші жағы синтаксистік, яғни символикалық жүйедегі таңбалардың құрылысын және бірігу ережелерін қарастырады. Таңбалардың бір-біріне қатысы символиканың қызметіне байланысты емес. Химиялық тіл синтаксисінің міндеттеріне символиканың алфавитін оқыту, әр алуан химиялық формулалар мен теңдеулерді құру ережелері жүйелік номенклатураның ұстанымдарын анықтау жатады. Екінші жағы - прагматика таңбаның таным барысындағы пайдасын зерттейді. Прагматикалық (практикалық) сала, негізінен оқытуда химиялық символиканы пайдалануға бағытталған. Химия ғылымында жинақталған қоғамдық тәжірибелердің ұрпақтан-ұрпаққа берілуіндегі таңбалар жүйесінің мәнін қарастырады. Оқытуда химиялық символиканың мұндай жағын ашу химия негіздерін меңгеру үшін ѳте тиімді болып, оқушыларға танымдық қабілеттеріне сәйкес символикалық белгілерді түсінуге және қабылдауға қолайлы жағдай туғызады. Үшінші жағы- семантика, яғни таңбаның белгілейтін нәрселері мен құбылыстарға қатынасын зерттейді.
Химия ғылымының тілін химиялық символика деп үшке бөліп қарастырайық. Бұлардың әрқайсысының өзіндік мағынасы, құрастыру тәсілдері және танымдық қызметі бар.
Химия тілін түсінудің семиотикалық негіздері Химия ғылымының тілін химиялық терминология, химиялық номенклатура және химиялық символика деп үшке боліп қарастырыпкелді. Бұлардың әрқайсысының өзіндік мағынасы, құрастырутәсілдері және танымдық қызметі бар. Химиялық символика менноменклатураның ары қарай жіктелуі:
Химиялық тілдің бірінші бѳлігі - терминология, яғни атаулар жүйесінен тұратын сѳз таңбалары. Химиялық ғылыми ұғымдардың аттары белгілі бір атаулар арқылы беріледі. Дегенмен, тарихи даму барысында химиялық терминдердің формасынан гѳрі мәні мен мағынасы үздіксіз ѳзгеріске ұшырайды. Термин арқылы берілетін әр ұғымның анықтамасы бар, осы анықтамаға негіз етіп алынатын белгі- ғылымның теориялық деңгейіне тәуелді.
Химиялық тілдің екінші бѳлігі - химиялық номенклатура, заттарды атаудың белгілі негізге сүйенетін арнайы жүйесі. Ол тривиалды (тұрмыстық) және жүйелік деп екіге бѳлінеді. Жүйелік номенклатура химиялық символикаға негізделеді. Сондықтан химия ғылымында оны формулалар мен зат атауларынан тұрады деп есептейді. Тұрмыстық (тривиалды) номенклатура – заттарды пайдалану кезінде берілген әр түрлі атаулар. Ол атаулар кездейсоқ қалыптасқан, тұрмыста, құрылыста, медицинада, халық шаруашылығының алуан түрлі салаларында кеңінен пайдаланылады. Бұл атаулардың кѳпшілігі қысқа, ұтымды ауызекі сѳйлеуде, мәтінде пайдалануға қолайлы.
Химиялық тілдің үшінші бѳлігі-химиялық символика, ол химиялық таңба, формула және теңдеуден құралады. Химиялық символика - халықаралық шартты тіл, заттар мен құбылыстарды белгілеудің ең қысқа және тиімді құралы. Сондай-ақ, химиялық символика заттың құрамы мен құрылысы жөнінде көптеген мағлұматтар алуға, заттың қасиетін, реакцияласу қабілетін және реакиялардың жүру бағыттарын болжауға мүмкіндік туғызады.
Химиялық формулалардың бірнеше түрі болады: Эмпирикалық формула - заттың тәжірибе жүзінде табылған формуласы. Ол молекула құрамына кіретін атомдар санын кѳрсетеді. Мысалы: Na2О, NaОН және т.б.
Құрылымдық химиялық формула - молекуладағы атомдардың қандай ретпен біріккенін, химиялық қосылыстағы атомдар арасындағы байланыс ретін кѳрсетеді. Ол молекулалық құрылысы жэне ковалентті байланысы бар заттар, кѳпшілігінде органикалық қосылыстар үшін жазылады.
Кеңістіктік химиялық формула - молекуладағы атомдардың кеңістікте орналасуының химиялық құрылысының бейнесі. Мұнда атомдар тік және кѳлбеу сызықтардың бойына ретін сактап орналасады.
Иондық формулалар - бұл жоғарыда айтылғандардан басқа иондарды корсетеді. Мысалы: мыс сульфатының CuSO4 құрамында оң зарядталған .мыс ионы немесе мыс катионы және теріс зарядталған сульфат - ион немесе сульфат - анион бар деген ұғымды білдіреді.
Электрондық химиялық формула - молекуладағы атомдар арасындағы химиялық байланысты көрсетеді. Мысалы, хлор молекуласының электрондық формуласы :
: СІ: С1:
Кесте 1 - Химиялық тілдің құрылымы мен құрамы