Химиядан 11-класта дисперсті ж‰йені оќыту барысында оќушы бойында ізденімпаздыќты ќалыптастыру



бет10/21
Дата12.09.2022
өлшемі0,52 Mb.
#149264
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
Байланысты:
ДЖ Жүніс Ербол

4.Оқулықтармен жұмыс
Оқушылардың өз бетімен білім негізін қалауда оқулықпен жұмыс үлкен рөл атқарады.Жаңа технологиялар ғасырында жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп мұғалімдері оқушыларды кітаппен және басқа білім көздерімен белсенді жұмыс жүргізуге үйретіп, жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру қажет. Кітаппен тиімді жұмыс жүргізу үшін оқулықтың мәтініне үлкен мән беріледі, себебі: мәтін – материал мазмұнын айқындайтын құрал, оқу ақпаратының басты көзі болып саналады, ең маңызды түсініктер, заңдар, ілімдер мен анықтамалар туралы білім; ғылым саласында жетекші идея мен болашақ бағыттарды меңгеру; оқушылардың логикалық ойлауы мен шығармашыл қасиеттерінің дамуын қалыптастыру тәсілі болып табылады.
Педагогика саласының кейбір авторларының пікірлері бойынша барлық мәтіндер үш тарауға жіктеледі:

  1. Негізгі – негізгі түсініктер, заңдар, ілімдер, басты идеялар, фактілер туралы ілім.

  2. Қосымша – оқулықтың ғылыми дәлдігі мен эмоциялық жүктемені күшейтеді.

  3. Түсіндіру – анықтама мағлұматтары.
    Осыларға қосымша болып табылатын мәтіннен тыс компоненттер бар:
    1.Меңгеруді ұйымдастыру аппараты – бұған сұрақтар, жаттығулар, есептер, тапсырмалар, олардың жауаптары, қорытынды кестелер, безендіру (иллюстративті) материалдар (сызбанұсқалар, суреттер, диаграмма, сызулар және т.б.) кіреді.

  1. Бағдар беру аппараты – бұл алғы сөздер, тараулар, кәріп көрсетпелері, пәндік және жеке сілтемелері т.б..

  2. Оқушылырдың оқу жұмысын ұйымдастыру аппараты – бұған тәжірибелі сабақтың нұсқаулары, зерханалық жұмыстар, үйде химиялық эксперимент орындау үшін тапсырмалары, ережелері жатады.

  3. Меңгеруді ұйымдастыру аппараты – оқытудың әртүрлі мақсаттарының жан – жақты орындалуына мүмкіндік береді. Оның іске асуы, оқушылардың оқулықтың әдістемелік аппаратпен жұмыс істеуі арқылы қамтамассыз етіледі. Мысалы: бір параграфтың мәтінін түсіну үшін оқулықтың тәжірибе суреттері мен тақтада салынған суреттер немесе тәжірибе үстінде

25

  1. құрастырылған нәрселер салыстырылады. Бұл мәселені талқылауға салу, оқушылардың білімді меңгеруге және ойлау қабілеттерін қалыптастыруға әсер етеді[58-59].

Тапсырмаларды орындау жұмысын жүргізу үшін бағдар беру аппараты қолданылады. Ол жаңа терминдер мен бұрынғы өткен түсініктерді қайталау арқылы пәндік сілтемелер және оқулық мәтіні көмегімен маңыздылығын түсіндіреді. Мұндай жұмыс білікті тұрғыдан кітаппен жұмысты қалыптастырады, еңбек мәдениеттілігіне тәрбиелейді.
Оқушылардың оқу жұмысын ұйымдастыру аппаратын қолдануы (оқулықпен өзіндік жұмыс жүргізу, нұсқаулары, жоспарлар, жаднамалар) оқушылардың өзіндік дамуына жағдай туғызады, оқу жұмысында өзіндік бақылау үйреншіктерді қалыптастырады.
VІІІ – ІХ сыныптарда оқулықпен жұмыс жүргізуді үйретуге көп назар аударылуы тиіс, ал жоғары сыныптарда оқулықпен өзіндік жұмыс жасауға көп мән берілуі қажет.
Оқушылардың оқулықпен жұмыс жүргізгені жақсы нәтиже көрсетуі – мұғалімнің сол жұмысты ұйымдастыра білу қабілетіне байланысты. Қазіргі қолданыстағы химия бағдарламасы әр түрлі әдістерді және оқу үрдісінің ұйымдастыру формалаларын қолдануға мәжбүр етеді, соның ішінде оқулықпен жан – жақты жұмыс жүргізуге жағдай жасайды. Бұл жұмыс үй тапсырмасын орындауға ғана емес (оқулықтан қайталау, параграф соңындағы сұрақтарға жауап беру, нұсқау бойынша химиялық экспериментті орындау), сабақ үстінде мәтінді зерделеуге, жоспарды құрастыруға, конспект жазуға, қорытынды кестелер мен сызбанұсқаларды сызуға, тәжірибелі жұмысқа оқулықтың нұсқаулары арқылы дайындық жұмыс жүргізуге т.с.с. алдын ала болжам жасауға арналған. Сыныпта оқулықпен жұмыс ұйымдастырылған кезде жалпы әдістемелік тәсілді қолданған тиімді. Олар әр түрлі үйретулерге қолданылады: біріншіден, іс - әрекеттердің үлгілерін көрсетіп, содан соң қайталау арқылы оларды оқушылардың миына қондырамызкелесі сабақтарда оқушылардың аналогия әрекеттерінің орындалуын талап етуіңіз керек; ең соңында, үйренген нәрселерді өздері қолдану үшін оларға тапсырмаларды ұсынамыз. Оқушылардың өндірістік сипаттағы іс - әрекетінен аналогиялық іс-әрекетке, содан соң өзіндік іс - әрекетке көшу біліктілігінің дамуы, соның ішінде оқулықпен жұмыс істеу біліктілігін қамтамассыз етеді. Біліктіліктің дамуы, тапсырманың күрделенуіне байланысты:
1.параграф мазмұнын қайталап айту;
2.оқулық мәтінінде жауаптары бар параграфтың немесе тақырыптың соңында берілген тапсырмаларды орындау;
3.сабақ үстінде ережелерді, түсініктерді, заңдарды оқып үйрену;
4.тәжірибе жұмысының суреттерін, сызбанұсқаларын, кестелер мен бейнелерін қайталау. Барлық жағдайда оқушылырға жетекшілік ету керек, мұғалім жағынан көмек берілуі тиіс және жұмыс пен нәтижелерге бақылау қажет.
26
5.Аналогиялық әдіспен тапсырманы орындайтын сәтте мұғалімнің көмегі болуы керек. Көбінесе тапсырмалар өздігінен нұсқаулар, жаднамалар, үлгілер арқылы орындалуы тиіс.
Оқулықпен өздік жұмыс арқылы өнімдік сипаттағы оқушылардың орындайтын тапсырмаларын мысал ретінде қарастырып көрейік:
1.Оқулықтың бір немесе бірнеше параграф мәтінін жоспар немесе конспектіге жазып алу.
2.Мәтінді иллюстрация, жаңа мысалдар, суреттер, түсініктемелер арқылы анықтап алу.
3.Қорытынды сызбанұсқаларды, кестелерді құрастыру.
4.Оқулықпен жұмыс істеу біліктілігі қосымша «көшіру», яғни мәтіндерді, иллюстрацияларды, пәндік сілтемелерді сабақ немесе сабақтан тыс іс – шараларға дайындық ретінде қолдану.
5.Оқулық арқылы бақылау жұмысын, тәжірибелік сабаққа, семинар – сабаққа дайындалу.
Химия пәні бойынша VІІІ сыныптың алғашқы сабағында оқушыларды жаңа оқулықпен және оның мазмұнымен таныстыру қажет. Біріншіден титул (бірінші парақ) парағына назар аударамыз. Ол парақта оқулық авторларының аты – жөні, жылы, шыққан баспасының атауы жазылған. Осы мәлімет арқылы оқулықты кез келген кітапханадан тауып алуға болады. Содан соң оқушылармен бірге кітаптың тарауларын көріп шығып, болашақта өтетін курстың негізгі мазмұны мен тақырыптарына назар аударуымыз қажет. Оқулықты ұқыпты ұстауға, ластамауға, парақтарын жыртпауды оқушыларға міндетті түрде ескертеміз. Оқулықтың әр тақырыптағы мәтіні әр түрлі кәріппен (шрифт) жазылғанын көрсетіп, түсіндіреміз. Параграф соңында маңызды мәселе болып табылатын тапсырмалар мен шартты белгілерге назар аударамыз. Химия оқулығының мәтіні басқа пәндерден өзгеше, себебі ол ғылыми тұрғыда жазылған. Мәтін төменде көрсетілген ережелермен сипатталады:
а) айрықша жаңа кәсіптік терминологиямен (химиялық тіл). Бұған химиялық түсініктер, заңдар, ілімдер, химия белгілерінің атауы; заттардың халықаралық номенклатура бойынша атауы; химия формулалары мен реакция теңдеулерін жазу және оқу, түйінді мәселелерді түсіндіру, химиялық реакциялардың жүру ағымы мен жағдай белгілерін анықтаулары жатады;
ә) химиялық заңдары мен олардың өту белгілері зертхана немесе техникада іске асуы және қолданылуы дәлелденеді;
б) зертханалық техникада арнайы химиялық тәжірибелерді және олардың шартты белгілерін суреттеу.
в) өте маңызды химия өнімдерін шығаруға арналған технологиялық ұстанымдарын, аппарат құрылғыларын суреттеу.
Оқулықтың бірінші тақырыбын оқушылармен белгілеп, сыныпта зерделеу тиімді. Әр тақырыптың атауы, соның ішіндегі мәтін сұрақ бойынша айқындалады. Соған оқушылардың назарын аудыртамыз. Жаңа тақырыпты жақсылап түсінуі үшін тақырыпты бөлімдері бойынша оқуымыз қажет. Мәтінді құрастырылған жоспар немесе сызбанұсқа бойынша қайталап айту, 27
оқушының есте сақтау, баяндау логикасын түсіну түсініктер арасында байланыс орнату және оны сипаттауға көмектеседі. Бастауыш сыныптарда оқушыларды мәтінді ойланып оқуға, оқыған нәрсеге қарапайым жоспар құруға, сол мәтінді өз сөзімен қайталап айтуға үйретеді. Кейін бұл біліктілік тарих, қазақ тілі, әдебиет және т.б. сабақтарда тереңдетіліп қалыптасады. Оқушылар VІІІ сыныпқа келген кезде мына талаптарға сай болуы қажет: мәтінді тез әрі қатесіз оқу; параграфтың басты мәселесін анықтау, оқып болған мәтіннен қарапайым және күрделі жоспарды құрастыру; мұғалімнің әңгімесінен немесе өз жауабынан жоспар құру; оқығанын біртіндеп қайталап айту; параграф соңында берілген сұрақтарға айқын жауап беру, жеңілдеу қорытындыларды құрастыру және оларға негіздеу үшін мысалдыр келтіру және тағы басқа талаптарды орындаулары қажет. етеді[52-54].
Химия оқулығының әдістемелік аппаратын қолдану кезінде сабақ үстінде оқушылармен мәтін арқылы әр түрлі жұмыстар орындауға болады: мәтінді оқу (арнайы алынған, дауыстап, ішінде); сөздікпен жұмыс жасау, яғни химиялық белгілермен, формулалармен, реакция теңдеулерімен (формулалар мен реакция теңдеулерін дұрыс құрастыру, оларды оқу және дауыстап сөйлеу, мағынасын анықтау және түйінін түсіну) және тағы басқа жұмыстар өткізуге болады. Химиялық терминологияның бір бөлігі, мысалы, кейбір заттардың атауы (су, оттек, көмірқышқыл газы, азот, сутек, күкірт және т.б.) оқушыларға өмірлік тәжірибеден, күнделікті бақылаудан, табиғаттану, биология пәндерінен бұрыннан мәлім. Соған қарамастан химия пәнінің терминологиясын оқушылар химияның жүйелі курсын оқыған кезде толық меңгереді. Осыған қосымша оқып болған мәтінді талдау сәтінде мына сұрақтарды қамтамассыз етуге болады: параграф, тақырып, тараулардың соңында сұрақтарға жауап беру; ұсынған параграф мәтінінде басты ойды көрсету; қарапайым және күрделі жоспарды құрастыру; мәтінді қайталап айту (мәтінге жақын, ашық түрде, қысқаша); конспект, тезистерді құрастыру, мәтінді рефераттау. Оқулық мәтінімен жүргізілетін өзіндік жұмыстың ішінен маңыздысы – жоспар құру, себебі, ол оқушылардың пән бойынша жүйелі түрде білім алуына мүмкіндік береді. Бұл қорытынды біліктілік бірнеше жеке біліктілерге бөлінеді: параграф мәтінінде басты ойларды көрсету; мәтінді ой бөлшектерге бөлу және оларды атау; заттардың тиімді және тиімсіз қасиеттерін, химия құбылысының басымдылығы немесе екінші кезектігін анықтау, қорытынды жасау. Оқулық мәтінімен жүйелі түрде жұмыс жүргізген кезде оқулық арқылы басты ойды көрсету, жоспарды құру, жоспар бойынша баяндау мәселелері кешенді түрде қалыптасады, себебі олар бір – бірімен байланысты. Осы жалпы оқулық біліктілігін меңгеру аясында оқушылар терең, сапалы әрі жүйелі білімді алады, өткен материалды еске сақтауға жағдай тұғызады. Мәтінмен тиімді жұмыс жүргізу үшін жаднамалар қолданады. Мысал ретінде нұсқау – жаднамалар құрастыру үлгісін ұсынамыз

28




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет