Химиядан 11-класта дисперсті ж‰йені оќыту барысында оќушы бойында ізденімпаздыќты ќалыптастыру



бет2/21
Дата12.09.2022
өлшемі0,52 Mb.
#149264
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
ДЖ Жүніс Ербол

КІРІСПЕ

ХХІ-ші ғасырдағы алдыңғы қатарлы бәсекеге талас, өркениетті елдер қатарына қосылу мақсатында Қазақстан ғылым мен білімді әлемдік деңгейге, ұлттық ерекшелікке сай үйлесімді дамыту жолдарын қарастыруда. Қазақстанның болашақ дамуына арналған «Қазақстан – 2030» бағдарламасында тәуелсіз мемлекет құруда еліміздің әрбір азаматы өзінің қоғамдағы алатын орнын саналы түсінуі және ел эканомикасының бүгінгі сұранысына жауап бере алатын тәрбие, білім алуы қажеттігіне баса назар аударылған.Қазақстан Республикасы және ғылым минстрлігі дайындаған бағдарламасында “Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005–2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы” бойынша бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыру мұғалімдер алдында тұрған негізгі міндет.«Қазақстан-2030» бағдарламасы ұзақ мерзімді мақсаттарды атап, нақтылы нәтижелерге жету үшін мектеп алдына күрделі міндеттер қойды. Осыған орай мектептердегі білім сапасын және тәрбиені жақсартып, оқушылардың дүниетанымы мен өмірлік көзқарасын барынша шыңдаудың қажеттігі атап көрсетілген. Бұл міндет әрбір сабақтың білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мүмкіндігін жеткілікті ойластырып, жете пайдаланған жағдайда ғана іске асады [1].


Зерттеу жұмысының өзектілігі: Орта мектепте оқу пәндерінің қазіргі өзгерісті кезеңінде жүзеге асыруға тиісті негізгі мәселенің бірі өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру арқылы - оқушылардың дұрыс ойлау дағдыларын,ізденімпаздығын, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру. Оқушылардың дұрыс ойлау дағдылары олардың таным белсенділігімен тығыз ұштасып жатады.
Тез өзгеріп отырған экономикалық жағдайда іргелі пәндік білім жеткілікті деңгейде оқытуды талап етеді. Оқушылардың өзін барынша көрсете білу және қоғам өміріне пайдалы түрде араласу үшін білімді өз бетінше іздену, талдау және тиімді пайдалану дағдысын бойына сіңіру маңыздыда күрделі.
Орта мектептердегі факультативті сабақтар барысында химияны оқытудың дәстүрлі әдістемесі, өзіндік жұмыстары мен сабақтар барысында инновациялық мазмұн мен дәстүрлі емес әдістер формасын жүзеге асыру қажеттілігінің арасындағы қарама-қайшылықтарды шешу химияны оқушылардың білімін жоғарлату әдістемесін ұсынуға мүмкіндік береді.
Өзіндік жұмыстарға баулуға арналған химия курстарына дидактикалық тапсырмалар жүйесін жасап шығару; зерттеу мәселесі бойынша ұсынылып отырылған әдістеменің тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру. Алға қойылған міндеттерді шешу үшін келесі зерттеу тәсілдері қолданылды: философиялық, психологиялық-педагогикалық, дидактикалық және әдістемелік әдебиеттерді және зерттеу мәселесі бойынша нормативті құжаттарды синтездеу және сараптау; теориялық және тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін сараптау; бақылау, салыстыру, жалпылау, педагогикалық тәжірибе, тәжірибенің нәтижелерін статистикалық өңдеу.
4


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет