Химиядан 11-класта дисперсті ж‰йені оќыту барысында оќушы бойында ізденімпаздыќты ќалыптастыру



бет3/21
Дата12.09.2022
өлшемі0,52 Mb.
#149264
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
ДЖ Жүніс Ербол

Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы химияны оқытуға арналған факультативті сабақтардың мүмкіндіктерін қолданудың теориялық және әдістемелік тұрғыдан дәлелденген әдіс-тәсілдерінің жасап шығарылуы болып табылады.
Жұмыстың маңыздылығы: дәстүрлі және ұйымдастырушы инновациялық формалар мен тәсілдерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін химияны оқытудың теориялық моделін ойлап шығару диплом жұмысының теориялық мәні болып табылады.
Химияны оқыту процесі барысында факультативті сабақтарды жүргізудің әдістемесін ұсыну, факультативті сабақтарды ұйымдастыру мен жүргізуге бағытталған және жалпы орта білім беруші, кәсіптік мектептердің мұғалімдері мен болашақ химия пәнінің оқытушылары – студенттерге арналып бағытталған химия пәнін оқытудың моделін ұсыну жұмыстың тәжірибелік мәні болып табылады.
Алдыға қойылған проблеманың басты мақсаты- оқушылардың таным белсенділігін, біліктілігін, ойлау қабілетін сабақ үстінде және сабақтан тыс уақыттарда арттыру, өз бетінше еңбектене білуге дағдыландыру.
Зерттеудің мақсаты –«Химияны оқытудағы өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру» тақырыбын факультативті сабақта тапсырма беру арқылы оқыту барысында 8-ші сынып оқушыларының өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру арқылы химия пәніне деген қызығушылығын және ынтасы мен бейімділіктерін, білімін арттыру.
Зерттеудің нысаны -орта мектептердегі 8-сыныпта химияны оқытуда факультативті сабақтарда өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру барысында оқытушы мен оқушылардың іс-әрекеті.
Зерттеудің пәні - химия пәні 8-сыныпта өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі мен мазмұны.
Зерттеу пәні өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық ізденімпаздығын, есте сақтау, ойлау қабілетін арттырып, білімі мен білігін бір жүйеге келтіруге мүмкіндік береді.
Зерттеу орыны – №102 жалпы орта мектебі, зерттеу нысаны 8в сынып.
Зерттеу жұмысының құрылымы: бітіру жұмысы 63беттен; мазмұны, кіріспе, әдебиеттік шолу, негізгі бөлім, эксперименттік бөлім, қорытынды, 59 әдебиеттер тізімінен тұрады.

5



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет