Химиядан 11-класта дисперсті ж‰йені оќыту барысында оќушы бойында ізденімпаздыќты ќалыптастыру


Өзіндік жұмыстардың міндеттері мен мақсаттары



бет7/21
Дата12.09.2022
өлшемі0,52 Mb.
#149264
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Байланысты:
ДЖ Жүніс Ербол
шешім 12.04.-19.04, Басқару стилінің қызметкерлердің қызмет жағдайларымен қанағаттануына әсері, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, тірек конспект мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізу , Ағылшын тілі (2), нау3 лек, 8-наурыз Құттықтау, 9 дарис Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар (1), 9 дарис Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар, Документ Microsoft Word (6), ЕРИТИНДИЛЕР ТЕОРИЯСЫ-УМКД (1), 6В05101 биохим 2021, кәсіби
1.3 Өзіндік жұмыстардың міндеттері мен мақсаттары

Оқушылар шығармашылығын дамытуда өзіндік жұмыстар үлкен рөл атқарады. Ол үшін өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың ең тиімді деген түрлері мен әдістерін іріктеп ала білудің маңызы зор.


Өзіндік жүргізілетін жұмыстар химия пәнінің негіздерін оқушыларға үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар болашақ жастарды өмірге әзірлеп, мамандықты еркін таңдай білулеріне көп септігін тигізеді. Мұның өзі жеке мемлекет болып, білім берудің жүйесіне жаппай бетбұрыс жасалып жатқан қазіргі шақта жаңа мазмұнға ие болып отыр.
Химия пәні бойынша өзіндік жүргізілетін жұмыстар көп уақыттан бері қолға алынып, зерттеліп келеді. Бұл жөнінде әдістемелік мақалалар мен кітапшалар да басылып шықты [24-28].
Дегенмен, бұл салада әлі де зерттеліп, жетілдіріле түсетін түйінді
10
мәселелер баршылық. Орта мектеп түлектерінің бірсыпырасы оқу бағдарламасына сәйкес алған білімін іс жүзінде пайдалануда шорқақтық танытса, енді бірқатары химиялық тәжірибелерді институт қабырғасының өзінде де жете меңгеріп кете алмай жүр. Мұның мектепте химияны оқытудың сапасына да байланысты екені белгілі. Орта мектептерде химиядан сабақ беретін кейбір мұғалімдер оқушыларды өз беттерінше шығармашылықпен жұмыс істеуге әлі де жете үйрете алмай келеді. Жас мұғалімдер тек сабақ беруді ғана біліп, сыныптан тыс білім беру мәселесіне аз көңіл бөледі. Бірқатар мектептер сыныптан тыс жұмыстарды оқушылардың көпшілігі қатысатын, атап айтқанда, химиялық кештер, «ойлан-тап» ойындарын өткізумен ғана шектеледі. Оның өзінде оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеуіне, жеке белсенділіктері мен шығармашылығын дамытып отыруына жете көңіл бөлінбейді.
Соңғы кездерде оқушылар шығармашылығын дамыту, қызығушылығын арттыру үшін, химия апталығы, танымдық сөзжұмбақтар, химиялық ойындар, жарыс кештері, т.б. көптеген білім беретін материалдар кең түрде қолданыла бастағанына қарамастан, оларды қызықты етіп ұйымдастыру жағы жетіспейді. Бұл салада да оқушылар шығармашылығы аз пайдаланылады. Әсіресе оқушыларды жаппай қатыстыратын элективті курстар: мептепішілік химиялық олимпиядалар, өндірістік мәні бар танымжорықтар, оқушылар білімін тексеруге арналған алғырлар, тапқыштар жарыс кештері сирек өткізіледі.
Оқушыларға жеке пәннен тек білім беріп қана қою жеткіліксіз, оларды сабақ үстінде де, элективті курстарда да, өзіндік жұмыстарда да сол ғылымды сүйе білуге тәрбиелеп, өз беттерінше білім ала білуге үйрету керек. Ұстаздар тәжірибесі өзіндік жұмыстардың сабақтан басталатынын көрсетеді. Сондықтан да сабақты қызықты етіп өткізу арқылы оқушылардың білімді өз беттерімен тереңдете алатын болуына негіз қалау қажет.
Өзіндік жұмыстар белгілі бір мақсатқа сай жүйелі де нәтижелі болуы керек. Оқу-тәрбие барысында сабақ пен сыныптан тыс жұмыстардың өзара байланыстылығын жетілдіру, мұнымен бірге оқушылардың білімге, жеке пәнге деген құштарлығын дамыту, сондай-ақ оларды қоғамдық пайдалы еңбекке неғұрлым белсенді қатыстырып, белгілі бір кәсіптік мамандықты игеруге әзірлеу – мұғалімдердің негізгі міндеті. Сондай-ақ мұғалімнің оқу материалын түсінікті етіп, әсерлі баяндауы, тәжірибелерді шеберлікпен көрнекі көрсетіп, сабаққа танымдық ойын қисындарын енгізіп отыруы оқушылардың пәнге деген қызығуын арттырады, қиялын қозғауға әсер етеді. Мұғалім сыныптан тыс жұмыстарды жеке оқушыға ғана әсер ететіндей емес, көпшілік оқушыларды қызықтыратындай етіп ұйымдастырылуы тиіс [29-31].
Оқушылардың пәнге деген ықыласы артып, қызыға бастаса, онда пәнді меңгеруге деген құштарлық тереңдей түседі. Қазіргі кезеңде сабақтың мазмұны мен оны түсіндірудің негізгі әдістері оқушылардың өз беттерінше танымдық іс-әрекеттерін дамытатындай, әрбір нақты материалды жүйелі меңгертетіндей етіліп құрылғаны жөн. Осы мәселелердің бәрі оқушылардың жасы мен жеке басының ерекшеліктерін білуді қажет етеді.
11
Өзіндік жұмыстар оқушылардың химиялық білімін дамытып қана қоймайды, оларды жан-жақты тәрбиелеудің де міндеттерін шешеді. Әрбір оқушы өзінің еріктілігімен қатар, өз бетінше жеке дара жұмыс істейтінін де, ұжым алдындағы жауапкершілігін де жақсы сезінуі керек. Өзіндік жұмыстардың жоспарын жасаған кезде мақсаттары мен міндеттері де көрсетіледі. Ұжымдық жұмыстардың нәтижесі сан алуан түрде тұжырымдалады. Оқушылар факультативтік сабақтарда бастаған жеке тапсырманы ұжымдық тапсырмаға ұластырып, қоғамдық пайдалы жұмыстарды атқаратын болады. Ондай тапсырмаларға қарапайым құралдарды құрастырудан бастап химия кабинетін толық жабдықтауға дейінгі жұмыстар жатады. Осыдан қоғамдық пайдалы жұмыстардың сарамандық сипаты мен қажеттігі айқын көрініп тұрады.
Оқушылардың сабақтан бос уақытын пайдалы істерге жұмсауда балалар қайткенде бір нәрсемен шұғылданса болды деген негізде құруға болмайды. Бұл істе кездейсоқтыққа, жоспарсыздыққа, немқұрайлылыққа жол бермеген жөн. Бос уақыт ұғымы – күрделі санат. Бұл уақыт (оқушылар үшін шынында бос болғанымен) - әрқашан мектептің, мектептен тыс мекемелердің бақылауындағы уақыт [31-33].
Оқушылардың пәнге қызығуын оқу бағдарламасы шеңберінде қанағаттандыру мүмкін емес, сондықтан да әр түрлі өзіндік жұмыстар жүргізіледі. Мұндай жұмыстар білім сапасын арттыруға септігін тигізіп, кәсіптік бағдар беріп, мамандықты еркін таңдауға көмектеседі.
Бұдан шығатын қорытынды, яғни өзіндік жүргізілетін пәндік жұмыстардың негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық және шығармашылық белсенділігін көтермелеу. Оқушы өз күші жететін іспен айналысса ғана оның үйірмедегі не бірлестіктегі ісі жемісті болады. Өзіндік жұмысты ұйымдастырушылар түрлі үйірмелердің, клубтардың жұмысына факультативтік сабақтарға оқушылардың жаппай қатысуына көңіл бөлгендері абзал. Химиядан жүргізілетін өзіндік жұмыстар оқушылардың ықыласы мен қабілетін арттырып қана қоймай, мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жоғары деңгейге көтеруге көмектесуі тиіс. Ең бастысы – оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарға, пәнге деген қызығушылығы мен жауапкершілігі артып, алған білімдерін біріне-бірі үйрететін дәрежеде болуы.Оқушылардың қалауы бойынша ұйымдастырылатын оқу-тәрбие жұмысын өзіндік жұмыстар деп атайды. Дегенмен, оқушылардың бос уақыттарында білімін дамытуға байланысты жұмыстары әр түрлі мағынадағы терминдермен аталып жүр. Біз баспасөзден «сабақтан тыс», «мектептен тыс», «сыныптан тыс» деген термин сөздерді жиі естиміз. Бұл терминдердің кейбір ұқсастық жақтарымен қатар, бірінен-бірінің елеулі айырмашыдықтары да бар. Сабаққа байланысты мұғалімнің тапсырмасы бойынша бүкіл бір сыныптың оқушылары орындайтын өзіндік жұмыстар бар. Бұлар күнделікті
сабақпен, зертханалық және сарамандық жұмыстармен байланысып жатады. Осы жұмыстарды орындағаны үшін оқушыларға сынып журналына баға қойылады. Өзіндік жұмыстарға сарамандық сипаттағы үйге берілген есептерді шешіп, жаттығуларды орындауы да жатады. Мектептен тыс
12
жұмыстар сабақтан бос уақытта оқушылар сарайында, жас натуралистер стансиясында, институт зертханаларында, аудандық, қалалық мектептен тыс мекемелерде, зауыт, фабрикаларда агрохимилық зертханаларда өткізіледі. Бұған да мектеп мұғалімі басшылық жасайды, оның арнаулы бағдарламасы болады. Өзіндік жұмыстар мектепте, оқушылардың сабақтан бос уақыттарында, өз еріктері бойынша түрлі факультативтік сабақтар, үйірмелер арқылы жүргізіледі. Бұл оқу бағдарламасынан өзгеше танымдық, іскерлік пен дағдылар қалыптастыруы оқушылардың өз беттерінше қоғамдық пайдалы жұмысты атқаруын көздейді. Оған қатысатын оқушылардың білім дәрежесі, сыныптағы жас ерекшелігі бірдей болмауы мүмкін, осыған орай орындайтын жұмыстары да әр түрлі болады[34-37].
Сабақ мақсат қоюдан басталады.
Сабаққа қойылатын талаптардын мақсаттар туындайды. Алға қойылған мақсаттарға сәйкес сабақта оқу үрдісінің белгілі бір буындары іске асырылады. Олар:
1.Оқушыларды жаңа білімді қабылдауға даярлау.
2.Жаңа білім қабылдау.
3.Жаңа материалдарды жалпыға қорытындылау.
4.Білімді жетілдіріп, жаттығулар орындау.
5.Білім мен біліктерді қолдау.
6.Білім мен біліктерді меңгеру нәтижесін тексеріп, оқушылардың жетістіктерін талдау.
Негізгі бағытына сәйкес әрбір сабақты химия сабақтарының негізгі үш типінің біріне жатқызуға болады. Олар:
1.Жаңа материалды оқып - үйрену.
2.Білім мен біліктерді жетілдіру.
3.Білім мен біліктерді тексеру және есепке алу сабақтары.
Оқу материалының мазмұны көбінесе сабақ әдістемесін белгілейтіні мәлім. Алайда сабақ пен оның жекеше кездерінің алдына оқу тәрбиелік мақсаттарды іске асыруға оқыту әдістері мен оқушылардың қызметін ұйымдастырудың формаларын таңдап алудың әсері мол.
Бір тақырыптың өзін бірнеше түрлі мақсат қойып, түрліше өткізуге болады. 1.Тапсырмалар бойынша оқушыларға өздігінен жұмыс орындату. 2. Материалды мұғалімнің өзінің баяндауы. 3. Материалды әңгімелеп түсіндіру.
Бұл әдістердің әрқайсысымен белгілі бір педагогикалық әдістемелік дидактикалық мақсат іске асады.
Мұғалім оқушыға өздігінен жұмыс істеу арқылы оқушылардың дербестігін өз бетінше ойлау жүйесін, жүйелі білім алу тәртібін қалыптастырады.
13
Кесте 1. Өздік жұмыстардың түрлері



№№

Өздік жұмысты жіктеу

Өздік жұмыстар

11

Дидактикалық мақсаты

Негізгі ұғымдарды қайталау, жаңа материалды қабылдау. Жаңа материалды ұғындыру. Білімдерін жүйелеу. Жаттығу арқылы білімін бекіту. Жаңа ұғымдарды қолдану біліктіліктерін қалыптастыру. Тексеру, бақылау.

12

Оқушылардың танымдық белсен-ділігінің сипаты

Берген үлгілер бойынша көшіру. Жартылай іздену сипатында. Зерттеу.

33

Оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыру формалары

Фронтальды. Топпен. Жеке – саралап.

44

Білімнің қайнар көзі

Оқулық және анықтамалар мен жұмыс істеу. Оқыған тақырып бойынша жоспар жасау, баяндама жазу. Үлестірмелі материалмен жұмыс істеу. Химиялық тәжірибелер жасау. Химиялық диктант жазу. Ауызша, жазбаша сандық және сапалық есептер шығару. Графиктік жұмыс.

Оқушылардың сабақ үстінде өздігінен жұмыс жасай білу дағдыларының қалыптасуы – олардың білімінің тиянақты болуының басты шарты. Өздігінен орындайтын жұмыстардың ішінде оқулықпен жұмыстың орны ерекше. Олардың маңызы кейінгі еңбек жолында өздігінен білімін толықтыру кезінде оқушыға оңай икемделеді, өз бойындағы дағдыларға сүйенеді. Сонымен қатар оқу, жазба мәдениетін, ауызша сөз мәдениетін, ойлау элективті курстарды элективті курстарды Өзіндік жұмыстардың маңызы, міндеттері мен мақсаттары Оқушылар шығармашылығын дамытуда өзіндік жұмыстар үлкен рөл атқарады. Ол үшін өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың ең тиімді деген түрлері мен әдістерін іріктеп ала білудің маңызы зор. Өзіндік жүргізілетін жұмыстар химия пәнінің негіздерін оқушыларға үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар болашақ жастарды өмірге әзірлеп, мамандықты еркін таңдай білулеріне көп септігін тигізеді. Мұның өзі жеке мемлекет болып, білім берудің жүйесіне жаппай батбұрыс жасалып жатқан қазіргі шақта жаңа мазмұнға ие болып отыр. Химия пәні бойынша өзіндік жүргізілетін жұмыстар көп уақыттан бері қолға алынып, зерттеліп келеді. Бұл жөнінде әдістемелік мақалалар мен кітапшалар да басылып шықты.


Дегенмен, бұл салада әлі де зерттеліп, жетілдіріле түсетін түйінді мәселелер баршылық. Орта мектеп түлектерінің бірсыпырасы оқу бағдарламасына сәйкес алған білімін іс жүзінде пайдалануда шорқақтық танытса, енді бірақтары химиялық тәжірибелерді институт қабырғасының
14

өзінде де жете меңгеріп кете алмай жүр. Мұның мектепте химияны оқытудың сапасына да байланысты екені белгілі. Орта мектептерде химиядан сабақ беретін кейбір мұғалімдер оқушыларды өз беттерінше шығармашылықпен жұмыс істеуге әлі де жете үйрете алмай келеді. Жас мұғалімдер тек сабақ беруді ғана біліп, сыныптан тыс білім беру мәселесіне аз көңіл бөледі. Бірқатар мектептер сыныптан тыс жұмыстарды оқушылардың көпшілігі қатысатын, атап айтқанда, химиялық кештер, «ойлан-тап» ойындарын өткізумен ғана шектеледі. Оның өзінде оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеуіне, жеке белсенділіктері мен шығармашылығын дамытып отыруына жете көңіл бөлінбейді. Соңғы кездерде оқушылар шығармашылығын дамыту, қызығуын арттыру үшін, химия апталығы, танымдық сөзжұмбақтар, химиялық ойындар, жарыс кештері, т.б. көптеген білім беретін материалдар кең түрде қолданыла бастағанына қарамастан, оларды қызықты етіп ұйымдастыру жағы жетіспейді [38-41].


Бұл салада да оқушылар шығармашылығы аз пайдаланылады. Әсіресе оқушыларды жаппай қатыстыратын элективті курстар,: мектепішілік химиялық олимпиадалар, өндірістік мәні бар танымжорықтар, оқушылар білімін тексеруге арналған алғырлар, тапқыштар жарыс кештері сирек өткізіледі. Кейбір ұстаздар осы саладағы өздері өткізген үлгілі жұмыстарының нәтижесін басқаларға ұсынуға мән бермейді. Оқушыларға жеке пәннен тек білім беріп қана қою жеткіліксіз, оларды сабақ үстінде де, элективті курстарда да, өзіндік жұмыстарда да сол ғылымды сүйе білуге тәрбиелеп, өз беттерінше білім ала білуге үйрету керек. Ұстаздар тәжірибесі өзіндік жұмыстардың сабақтан басталатынын көрсетеді. Сондықтан да сабақты қызықты етіп өткізу арқылы оқушылардың білімді өз беттерімен тереңдете алатын болуына негіз қалау қажет.
Өзіндік жұмыстар белгілі бір мақсатқа сай жүйелі де нәтижелі болуы керек. Оқу-тәрбие барысында сабақ пен сыныптан тыс жұмыстардың өзара байланыстылығын жетілдіру; мұнымен бірге оқушылардың білімге, жеке пәнге деген құштарлығын дамыту, сондай-ақ оларды қоғамдық пайдалы еңбекке неғұрлым белсенді қатыстырып, белгілі бір кәсіптік мамандықты игеруге әзірлеу – мұғалімдердің негізгі міндеті. Сондай-ақ мұғамнің оқу материалын түсінікті етіп, әсерлі баяндауы, тәжірибелерді шеберлікпен көрнекі көрсетіп, сабаққа танымдық ойын қисындарын енгізіп отыруы оқушылардың пәнге деген қызығуын арттырып, қиялын қозғауға әсер етеді. Мұғалім сыныптан тыс жұмыстарды жеке оқушыға ғана әсер ететіндей емес, көпшілік оқушыларды қызықтыратындай етіп ұйымдастыруы тиіс.
Оқушылардың пәнге деген ықыласы артып, қызыға бастаса, онда пәнді меңгеруге деген құштарлық тереңдей түседі. Қазіргі кезенде сабақтың мазмұны мен оны түсіндірудің негізгі әдістері оқушылардың өз беттерінше танымдық іс-әрекеттерін дамытатындай, әрбір нақты материалдыжүйелімеңгертетіндей етіліп құрылғаны жөн. Осы мәселелердің
бәрі оқушылардың жасы мен жеке басының ерекшеліктерін білуді қажет етеді. Өзіндік жұмыстар оқушылардың химиялық білімін дамытып қана
15
қоймайды, оларды жан-жақты тәрбиелеудің де міндеттерін шешеді. Әрбір оқушы өзінің еріктілігімен қатар, өз бетінше жеке дара жұмыс істейтінін де, ұжым алдындағы жауапкершілігін де жақсы сезінуі керек. Өзіндік жұмыстардың жоспарын жасаған кезде мақсаттары мен міндеттері де көрсетіледі. Ұжымдық жұмыстардың нәтижесі сан алуан түрде тұжырымдалады. Оқушылар фвкультативтік сабақтарда бастаған жеке тапсырманы ұжымдық тапсырмаға ұластырып, қоғамдық пайдалы жұмыстарды атқаратын болады. Ондай тапсырмаларға қарапайым құралдарды құрастырудан бастап химия кабинетін толық жабдықтауға дейінгі жұмыстар жатады. Осыдан қоғамдық пайдалы жұмыстардың сарамандық сипаты мен қажеттігі айқын көрініп тұрады. Оқушылардың сабақтан бос уақытын пайдалы істерге жұмсауда балалар қайткенде бір нәрсемен шұғылданса болды деген негізде құруға болмайды. Бұл істе кездейсоқтыққа, жоспарсыздыққа, немқұрайлылыққа жол бермеген жөн. Бос уақыт ұғымы – күрделі санат. Бұл уақыт (оқушылар үшін шынында бос болғанымен) - әрқашан мектептің, мектептен тыс екемелердің бақылауындағы уақыт.
Балалардың бос уақытын қалай ұйымдастыру керек? Оларды қайткенде пәнге қызықтырып, бос уақыттарын пайдалы іспен үйлестіруге болады. Бұл мәселе бүгінде педагогтерді көп толғантып жүр. Оқушылардың пәнге қызығуын оқу бағдарламасы шеңберінде қанағаттандыру мүмкін емес, сондықтан да әр түрлі өзіндік жұмыстар жүргізіледі. Мұндай жұмыстар білім сапасын арттыруға септігін тигізіп, кәсіптік бағдар беріп, мамандықты еркін таңдауға көмектеседі.
Бұдан шығатын қорытынды, яғни өзіндік жүргізілетін пәндік жұмыстардың негізгі мақсаты - оқушылардың қоғамдық және шығармашылық белсенділігін көтермелеу. Оқушы өз күші жететін іспен айналысса ғана оның үйірмедегі не бірлестіктегі ісі жемісті болады. Өзіндік жұмысты ұйымдастырушылар түрлі үйірмелердің, клубтардың жұмысына факультативтік сабақтарға оқушылардың жаппай қатысуына көңіл бөлгендері абзал. Химиядан жүргізілетін өзіндік жұмыстар оқушылардың ықыласы мен қабілетін арттырып қана қоймай, мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жоғары деңгейге көтеруге көмектесуі тиіс. Ең бастысы – оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарға, пәнге деген қызығушылығы мен жауапкершілігі артып, алған білімдерін біріне-бірі үйрететін дәрежеде болуы[42-48].
Жастарды қоғамның жан-жақты жетілген белсенді азаматы етіп тәрбиелеу үшін химия пәні бойынша сыныпта өтілетін бағдарлама материалдарын қазіргі өмір талабына сай оқытумен қатар, оқытудың білім беру, тәрбиелік және одан әрі дамыту міндеттерін жүзеге асыруды өзіндік жұмыстардың сапасын жақсартып, рөлін арттыра түсу көзделеді.
Оқушылардың қалауы бойынша ұйымдастырылатын оқу-тәрбие жұмысын өзіндік жұмыстар депатайды. Дегенмен,оқушылардың бос
уақыттарында білімін дамытуға байланысты жұмыстары әр түрлі мағынадағы терминдермен аталып жүр. Біз баспасөзден «сабақтан тыс»,
16
«мектептен тыс», «сыныптан тыс» деген термин сөздерді жиі естиміз. Бұл терминдердің кейбір ұқсастық жақтарымен қатар, бірінен-бірінің елеулі айырмашылықтары да бар. Сабаққа байланысты мұғалімнің тапсырмасы бойынша бүкіл бір сыныптың оқушылары орындайтын өзіндік жұмыстар бар. Бұлар күнделікті сабақпен, зертханалық және сарамандық жұмыстармен байланысып жатады. Осы жұмыстарды орындағаны үшін оқушыларға сынып журналына баға қойылады. Өзіндік жұмыстарға сарамандық сипаттағы үйге берілген есептерді шешіп, жаттығуларды орындауы да жатады, т.б.
Мектептен тыс жұмыстар сабақтан бос уақытта оқушылар сарайында, жас натуралистер стансасында, институт зертханаларында, аудандық, қалалық мектептен тыс мекемелерде, зауыт, фабрикаларда, агрохимиялық зертханаларда өткізіледі. Бұған да мектеп мұғалімі басшылық жасайды, оның арнаулы бағдарламасы болады. Өзіндік жұмыстар мектепте, оқушылардың сабақтан бос уақыттарында, өз еріктері бойынша түрлі факультатив сабақтар, үйірмелер арқылы жүргізіледі. Бұл оқу бағдарламасынан өзгеше танымдық, іскерлік пен дағдылар қалыптастыруы оқушылардың өз беттерінше қоғамдық пайдалы жұмысты атқаруын көздейді. Оған қатысатын оқушылардың білім дәрежесі, сыныптағы жас ерекшелігі бірдей болмауы мүмкін, осыған орай орындайтын жұмыстары да әр түрлі болады.
Факультативтік сабақтар мынадай түрлерге бөлінеді: оқушылармен жүргізілетін жеке-дара, топтық, көпшілік сабақтар.
Бұл жұмыстардың түрлері мен бағыттары оларға қатысатын оқушылар санымен, мазмұнымен, әдістерімен де бір-бірінен ерекшеленеді. Топтық жұмыстардың негізгі түрі – факультативтік сабақтар. Факультативтік сабақтар оқушылардың өз еріктері бойынша арнаулы бағдарламаға сәйкес құрылады.
Өз бетімен жұмыс жасау үшін берілетін тапсырмалар.
Оқыту мен тәрбиелеудің ен маңызды элементтершщ бірі сабақтан тыс уакытта берілетін өздік жұмыс тапсырмалары
Оның максаты:
1.сабакта алынган білімді тереңдету жэне бекіту; әдебиеттермен жұмыс жасауды үйрету;
2.кесте, сызба, графикалык мэліметтерді тани және оқи білу, талдай алу;
іріктеу жэне салыстыру, ой корыту, тужырым жасау сиякты танымдың кабілеттерін дамыту болып табылады.
3.Өздік жұмыс окушыларды тәртіпке, ұкыптылыкка, тиянактыққа тәрбиелейді. Өздік жумысты орындау окушыдан жеке жумыс жасап, оған көп көңіл аударуды, уакыт жумсауды талап етеді. Ол тапсырманың мазмұнын ұғынады, оның сапасына койылатын талапка сай орындайды, белгілі бір әдебиеттерді актарады. Үлгерімі орта ша окушылар өз деңгейлеріне сәйкес жеңіл тапсырмалар алады, ал улгерімі жоғары окушылар киындығы жоғары тапсырмалар алады. Өздік жұмысын жиі өткізу окушылардың білімін бекіте түседі.
Өздік жұмысының мазмұны төмендегідей:
1.бағдарламалык материалдар окулык жэне косымша (анытамалық,
17
техникалык, көркем) әдебиеттерге сүйеніп жасалынады;
2.окушылардың алатын білімін кеңейтеді, тереңдетеді;
3.өткен материалды кайталауга арналады;
4.күнделікті өмірден және практикадан мысалдар алынады;
5.турлі графикалы жұмыстар (кесте, сызба, диаграмма, сызба сызу және тузу) орындалады;
6.шығармалар, баяндамалар мен рефераттар жазылады;
7.жалпы корытынды мен тұжырым шығару үшін деректер мен мысалдар жинакталады;
8.практикалык жумыстар жургізіледі;
9.жаңа материалды өз бетінше игеру журеді
Өздік жумыстардың мына турлеріне токталып өтелік:
1.Мәтінмен жумыс жасау. Мәтінмен жумыс мұгалімің дайын дап берген
4-5 сұрағына жазбаша жауап беру кезінде жасалады. Бұл сұрактар сарамандық жумысқа көбірек бағытталады [49-51].
2.Тапсырмалар мен жаттығуларды орындау. Бұл ар теориялың материалдар мен сарамандық жумыстарды байланыстырады.
3.Шамалар мен құбылыстардың арасындагы өзара байланысты ашады. Кейбір техникалық пәндер үшін кажетті сызба сызу, өлшемдерін өлшеу жэне сол бойынша есептеулер жүргізіледі.Мысалы, техникалық пәндер қозғалғыштардыц (двигательдердің) қуатын анықтау, оған кететін жанар майды, ауа мөлшерін, белгілі уакытта жұмсалатын энергия, жылу мөлшерін есептеу, т.с.с. тапсыр­малар орындалады. Өздік жұмыстарына жеке дәптер арналып, ондағы тапсырмалар тексеріліп тұрады.
4.Сызбамен, сұлбалармен жұмыс.
Оның максаты—окушыларды өздігінен графиктер түзүге және оқулыктағы сызбаның көшірмесін салуға үйрету. Оку материалын игерудің дәрежесіне карай бұл жумыстардың деңгейі окушыларга сарапталып беріледі.
5.Кестелермен жұмыс. Окулықтан не косымша әдебиеттерден қажетті мәліметтерді таба білу, оны жинактау жэне кестеге тусіру керек. Мысалы, түрлі материалдардың касиеттері бойынша олардың тығыздықтары туралы кесте жасау кажет. Сол тығыздығы аркылы оның ұзару шектерін, беріктігін, т.б. табуға болады. Кейбір жағадайда жеке тақырыптар мен бөлімдер талкыға салынады. Ол үшін оқушыларга әдебиеттер тізімі мен әдістемелік нұскаулар беріледі. Бұндай баян­дамалар кыска уақ ытка беріледі, оның ұзақтыгы 10-12 мин болады. Баяндамашы өзі кестелер, сызбалар, ауызша түсіндірме, кыскаша мәліметтер жасайды. Соңында талкыланып, корытындысы жасала­ды. Өздік жумыстарының бәріне мұғалім бакылау жасап, үнемі тексеріп отырады. Бұл өз кезегінде окушылардың білімін көбеюте тусуге көмектеседі. Элективті курстар жұмысын ұйымдастыру міндеттерінің бірі – оқушыларға еріктілік беріп, олардың ынтасын көтермелеп отыру, жоспар құруда олардың талаптілектерін ескеру. элективті курстар уақыт жағынан да, бағдарлама жасау жағынан да елеулі айырмашылығы бар. Ол оқушылардың жеке тілектерін қанааттандырып, қоғамдық пайдалы жұмыстарға кеңірек тарту
18
мақсатын көздейді.
60-70 жылдары факультативті курстардың пайда болуы білім саласын жаңарту қажеттілігінен туындады, мектептердің біркелекілік сипаттылығы мен тұрақты бағдарламалар жағдайында білім саласына өзгертулер енгізуден өзге жол болмады. Факультатив термині француздық facultative сөзі мен латындық facultatis сөздерінен пайда болып, мүмкін, міндетті емес, қосымша таңдауға берілетін деп аударылады. Осыған орай, факультативті сабақтар оқушылардың ерікті таңдауы арқылы міндетті пәндермен қатар өткізіледі.
Элективті курстар арқылы мектеп келесі төмендегі міндеттерді шешеді: оқушылардың белгілі бір пәнді неғұрлым тереңдете оқуға деген сұранысын қанағаттандыру; оқу-танымдық мүдделерді дамыту; оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту; элективті курстардың негізгі педагогикалық мәні осы болып табылады. Элективті курстарға сонымен қатар белгілі бір талаптар қойылады. Мұндай сабақтарда теория мен практика бір-бірімен тығыз байланыста болады. Элективті курстардың дәрежесі мен мәнісі әдеттегі сабақтардан жоғары, себебі, ол оқушылардың еңбекке деген қабілеттігін арттырады, олардың тәжірибе мен алға қойылған міндеттерді шешу барысында тәжірибелік іскерлікпен қамтамасыз етеді.
Орта мектепте элективті курстар химияны оқытудағы сабақтың негізгі түрі болып қала береді. Дұрыс ұйымдастырылған элективті курстар мектептің алдына қойған көптеген мақсаттары мен міндеттерін ойдағыдай шешуіне көмектеседі. Ашып айтқанда, элективті курстар оқушыларды ғылымды сүюге, білімін дамытып, пәнге қызығушылығын арттыруға, өз беттерінше жұмыс істей білуге, орындалатын жұмысқа жауапкершілікпен қарауға, ұжымдылыққа, т.б. көптеген адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейді. Көптеген мектептерде элективті курстар жұмысын оқушылар мен мұғалімдер өз талғамдарынша жүргізіп келеді, бұл салада сыннан өткен көмекші оқу құралдары өте аз [52-53].
Факультативтік сабақтар жұмысы жөніндегі әдістемелік әдебиеттерді талдап, санап қарасақ, әсіресе ана тіліміздегілері жоқтың қасы деуге болады. Қазіргі кезенде оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыратын, кәсіптік бағдар беретін пайдалы жұмыстарға баулу мәселесіне баса назар аударылуда. Мақсатқа сәйкес политехникалық білім негіздерін беретін, сарамандық іскерліктер мен дағдылар қалыптастыратын элективті курстардың әрбір мектепте болғаны жөн. Ауылдық жердегі элективті курстар ауыл шаруашылығын химияландыруға байланысты жұмыстарды үйымдастырады. Факультативтік сабақтар азотты, фосфорлы, калийлі, т.б. тыңайтқыштарды егіске шашудың әдістері мен мөлшерін есептей білуі тиіс.
Химиялық элективті курстар жұмысының мазмұны мен мақсаттарына қарай әр түрлі бағыттары бар, қызықты химиялық тәжірибелерді таныстыратын және оны көпшілік алдында жасай білуге оқушыларды дағдыландыратын факультативтік сабақтардың болашағы бар
Элективті курстар мүшелері өздері тандап алған химия сыныптан тыс өздік сабақтарының мазмұнына сәйкес, теориялық, тәжірибелік, өндірістік мәселелерді шешіп, химиялық өндіріс орындарынан, өздері жасаған
19
танымжорықтан алған әсерлері жайында элективті курстар отырыстарында
және істеген жұмыстарының мазмұны мен оқыған кітаптары туралы химия кештерінде баяндап отырады. Факультативтік сабақтардың бағдарламасы қазіргі оқу бағдарламасының негізінде, бірақ оны қайталамайтындай бағытта құрылуы тиіс.Химия элективті курстардың мүшелері өздері орындаған жұмыстарының мазмұны туралы тұжырымын, жазбаша есебінің нәтижесін арнаулы журналдарға немесе күнделіктеріне жазады. Жұмысты жеке дара орындаудан топтасып, бірлесіп орындау кейде нәтижелі шығады. Факультативтік сабақтар мүшелерінің жұмыстары нәтижелі шығуы үшін оны өздері таңдайды, ең негізгісі, ол жұмысты орындауға оқушылардың шамасы келетіндей болуы керек.Шығармашылықпен жұмыс істейтн көптеген мектептердің мұғалімдері сыныптан тыс жұмыстарға оқушыларды көбірек қамту мақсатында элективті курстардың санын көбейтіп, химия қоғамына біріктіріп жүр. элективті курстардың өзі бірнеше бірлестіктен тұрады. Оларға мұғалім басшылық жасайды[54-55].
Элективті курстың жетекшілері оқушылардың орындайтын жұмыстарының мазмұнын түсініп, орындау әдістерін айтады, қажетті әдебиеттерді пайдалана білуге бағыт сілтейді. Оқушыларға жоспар құруға жәрдемеседі. Онда мынадай мәселелер ескерілуі керек: оқушы қандай теориялық білімге назар аударғаны жөн, қандай тәжірибелік жұмысты орындайды, ондағы басты мәселе не, т.б.? Әрбір элективті курстардың өзіндік ерекшеліктері бар, мақсаттары да бірдей емес, бірақ соған қарамастан әр түрлі химиялық элективті курстарға ортақ кейбір ерекшеліктер ескеріліп отырады. Химия сабақтары барысында бағдарламадан тыс ауқымды алатын оқушылардың қызғушылықтарын қанағаттандыру мүмкіндігі жоқ. Сонымен қатар, сабақтар барысында химияның өмірмен тығыз байланыстылығын толық түрде қарасытыру мүмкін емес, ал бұл пәнді оқу барысында бірден-бір қажет нәрсе болып табылады. элективті курстар оқушылардың білімін тереңдетеді, қабілеттерін аша түседі, олардың шығармашылық қабілеттерін айқындап кітаппен жұмыс істеуге және тәжірибе алуға үйретеді. Оқушылардың жеке оқу пәндеріне деген қызығушылықтары олардың оқу материалын толық белсенді түрде игеріп және қызығушылықтар мен қабілеттердің тығыз байланысы негізінде пайда болады. Сол үшін, оқу процесіне элективті курстарды енгізу керек.
Дәл осы элективті курстардың көмегімен химияға аса қызығушылық танытатын топты анықтап, олардың арнайы білімдерін одан әрі кеңейтуге, оларды химияның жеке әдіс-тәсілдерімен таныстыруға, химик кәсібін игеруде ерікті тағдауға ие болуларына көмектеседі.
Элективті курстар бағдарламаларының вариативтілігіне ерекше назар аударып өту қажет.

20



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет