Химиядан 11-класта дисперсті ж‰йені оќыту барысында оќушы бойында ізденімпаздыќты ќалыптастыру



бет15/21
Дата12.09.2022
өлшемі0,52 Mb.
#149264
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Байланысты:
ДЖ Жүніс Ербол
шешім 12.04.-19.04, Басқару стилінің қызметкерлердің қызмет жағдайларымен қанағаттануына әсері, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, тірек конспект мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізу , Ағылшын тілі (2), нау3 лек, 8-наурыз Құттықтау, 9 дарис Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар (1), 9 дарис Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар, Документ Microsoft Word (6), ЕРИТИНДИЛЕР ТЕОРИЯСЫ-УМКД (1), 6В05101 биохим 2021, кәсіби
Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушылардың сабаққа ынтасы мен бейімділіктерін жүйелі түрде дамытып, олардың білімді, іскерлікті және дағдыны пайдалануына жағдай туғызу, әр оқушылардың олардың әрқайсысының өзіндік психологиялық ерекшеліктеріне сай жұмыс жүргізу, жалпы қабілеттілікті де, арнайы қабілеттілікті де жоғары деңгейде дамыту. Пәннің мазмұны мен оны оқытуды жолға қою саласында факультатив сабақтардың елеулі үлесін қосу.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың жалпы білім деңгейін көтеру, политехникалық ой-өрісін кеңейту және олардың химия саласындағы еңбекке деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу, оқу үрдісінде теорияны, өмір мен ғылымды еңбекпен тығыз байланыстыру. Химияға деген қабілеттіліктерді дамыту үшін мүмкіндігінше оқушылардың өзіне көбірек ерік беріп, оларға химиялық ұғымдардың ролін, проблемаларды шығармашылықпен шешу тәсілдерін біртіндеп түсіндіру.
Элективтік курс сабақтарының жоспары

Тақырып, 8-сынып

Элективтік курстарда қарастырылатын мәселелер

1.Жай және күрделі заттар

1.Биосфера туралы түсінік. Табиғатты ластаушы заттар.
2.Химиялық элементтердің табиғатта таралуы және айналымы.
3.Адам ағзасында химиялық элементтердің мөлшері, атқаратын қызметі.

Оттегі, күкірт

1.Қышқыл жауыннын пайда болуы
2 Оттегінің тірі организмдер үшін маңыздылығы

Азот,фосфор топшасы

1. Аммиактың тірі организмге тигізер әсері.
2. Фотохимиялық тұман. Қышқыл жаңбыр.
3. Құрамында азот оксиді бар түтіндерді химиялық жолмен тазарту.

Көміртегі топшасы

1.Атмосфера көміртегі оксидтерімен (CO2, CO) ластануы, олардың тірі организмге тигізер әсері.
2. Тұмшалау эффектінің пайда болуы, одан келер зиян.

Сабақ барысы:
Элективтік курстар әдетте күндізгі сабақтардың соңында немесе кешкі уақытта өткізіледі. Элективтік курстардың мазмұны алуан түрлі, оқыту материалдары да сан алуан; дәріс, рефераттарды талқылау, сарамандық жұмыс, кинофильмдер көру, таным-жорыққа бару қарастырады.
Элективтік курстар жалпы оқушылардың білімін көтеру мақсатын көздеумен бірге, әрбір оқушының ерекшелігін, өзінің талғамына, бейім
қабілетіне қарай белгілі пән курсын таңдап алуына шек қоймайды. Факультатив сабақтар оқушылардың ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыруға көп септігін тигізеді. Бұл сабақтардың үлкен тәрбиелік мәні осында.
Қазіргі ғылыми-техниканың алға басып, даму қарқынын еске алсақ, элективтік курстарды өмір талабына сай жоспарлы өткізудің маңызы одан сайын арта түспек. Элективтік курстар 3 топқа бөлінеді;
Кесте 4 Жоғары деңгейдегі элективті курстар негізгі және міндетті курстардың мазмұнын тереңдету бағытында жүргізіледі.
1.Қолданбалы элективтік курстар (Химия ауыл шаруашылығында , Химия өндірісте, Химиялық талдау негіздері)
2.Арнаулы курстар факультативі. Ол химия ғылымының негіздеріне сәйкес кейбір бағыттарды (бөлімдерді) тереңдетіп қарастыру мақсатын көздейді.
3.“Биогенді элементтер” деп аталатын элективтік курсының сабақтары дәріс, рефераттарды талқылау, өз бетінше химиялық оқулықтармен жұмыс жасау түрінде жүргізіледі.
1-ші биосфера және онда биогенді элементтердің таралуы мен ролі туралы түсінік беріліп, табиғи таңдау нәтижесінде тірі жүйелер негізін тек мына элементтер: көміртек, сутек, оттек, азот, фосфор, күкірт құрайтындықтан жоспарланған тақырыптар бойынша оқушылардың деңгейіне қарай өздігінен материалдар жинап, топтарға бөлініп дайындаған рефераттары талқыланды. Периодтық жүйедегі IV-VI топтардың негізгі топшаларындағы элементтерді қарастырғанда көміртегі, азот және күкірт оксидтердің қышқылды жаңбырдың ең негізгі құрам бөліктері екенін, олардың табиғи жолмен, антропогендік әсермен жерге, атмосфераға таралатыны түсіндіріледі. Антропогендік әсермен күкірттің 59-69% атмосфераға тарайтынын айтқанда әр түрлі отын түрлерін (тас және көмір, шымтезек, мұнай және мұнай өнімдері, ағаш) өңдегенде түзілетін күкірт (IV) оксиді химиялық өзгерістерден кейін қышқылға айналатыны көрсетіледі.
Күкірт (IV) оксиді фотохимиялық тотығу үрдісінен кейін (күкірт ангдриді) SO3 айналады: SO2 + О2 = 2 SO3
Ол атмосферадағы су буымен әрекеттесіп, күкірт қышқылының буын түзеді: SO3 + H2O = H2SO4
Күкірт (IV) оксидінің негізгі бөлігі қышқылды полигидрат SO2 ·n H2O, яғни күкіртті қышқыл H2SO3 түзеді: SO2 + H2O = H2SO3
Күкіртті қышқыл дымқыл ауада біртіндеп күкірт қышқылына айналады:
2H2SO3 + О2 = 2H2SO4
45

Күкіртті газ
SO2

Күкіртті қышқыл
H2SO3


Су буы


Фотохимиялық Су буының құрамындағы тотығу оттегімен


тотығу О2+hν

Күкірт ангидриді


SO3

Күкірт қышқылы
H2SO4

Көмір, мазут құрамындағы күкірт қосылыстарының жануы




Көмірдің құрамында болатын Mg, Fe және тағы басқа металдардың жануы
Дымқыл ауа


Металл Дымқыл
сульфаттары ауа

Қышқылды Қышқылды Қышқылды
шық тұман жаңбыр

Сурет 2. Қышқылды жаңбырдың түзілу механизмі


Күкірт және күкіртті қышқылдың атмосферадағы үлесі 2/3, ал қалған бөлігін азот және азотты қышқылдар құрайды, олар азот (IV) оксидінің су буымен әсетінен түзіледі: 2NO2 + H2O = HNO3 + HNO2


Басқа қышқылдардың түрі атмосфералық мониторинг бойынша анықталмай отыр. Қышқылды жаңбырдың әсетінен өзен-көлдердің қышқылдығы артып, онда тіршілік ететін тірі ағзалар дүниесі азаяды, егер рН>11 жетсе, мүлдем тірі организмдер тіршілік ете алмайды. Атмосферадағы қышқылдар канцерогенді болғандықтан адамдарға зиянды, әсіресе жүрегі, өкпесі ауыратын қартайған адамдарға әр түрлі аурулар туғызуы мүмкін. Ауада SO2 – 0,5 мг/м3 болса, 6% адамға, ал 6,8 мг/м3 болса, әрбір адамға қауіп төнеді екен.
Көміртегі көмірқышқыл газын (көміртегі (VI) оксидін) қарастырғанда көміртегі (VI) оксидінің қыщқылдық сипатын, көміртегінің биогеохимиялық зат айналымындағы ерекшелігі көрсетіледі [47-52].

46



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет