Бұл әдістің үш түрі бар: 1.Бір түрі — мәнді және қызық деп тапқан психологиялық фактілерді анда-санда баяндап отыру. Әдістің мұндай жолын кездейсоқ байқау деп атайды.
2.Екінші түрі – нысанаға алынған объектінің қимыл-қозғалыстарын жүйелі түрде үздіксіз байқау. Бұл — ұдайы байқау әдісі.
3.Үшінші түрі байқауға алынған объектіге белгілі бір мерзімде назар аударып отыру. Әдістің бұл түрін таңдамалы байқау деп атайды. Осы аталған байқаулардың қандай түріне болса да қойылатын талап — байқаушы бақылаған фактілерді баяндап қоюмен қанағат етпей, сол құбылыстардың сырт көрінісіне сүйене отырып, ішкі сыры мен психологиялық мазмұнын ашуға міндеттілігі[56].
Байқау кезінде — байқауға алынған объектінің байқау бағдарламасын, жоспарын жасап алу қажет. Әйтпесе байқаушының зейіні зерттеліп отырылған объектінің екінші бір кездейсоқ силаттарына ауып кетуі мүмкін, ал мұндай фактілердің жиынтығы арқылы жасалған психологиялық байқау жалған болып шығуы ғажап емес. Психикалық үрдістерді зерттеудегі өзін-өзі байқау (интроспекция) әдісінің бүгінде маңызды орны бар, сондықтан оны объективтік байқау әдісіне жәрдемші әдіс ретінде пайдалану дұрыс. Байқау әдісімен психикалық құбылыстарды көлденең әсерлермен өзгертпестен, объектіні өзінің үйреншікті ортасыңда байқауға болады, сонымен қатар байқау әдісі арнайы лабораторияларды, қымбат құралдарды керек етпейді. Байқау әдісі кейбір кемшіліктері де бар. Біріншіден, зерттеуші мұнда өзіне керек құбылыстарды әп-сәтте зерттей алмайды да, көп уақытын жіберіп алады, екіншіден, байқауды әр уақытта тыңғылықты, ойлағандай ұйымдастыруға жағдай болмай да қалады. Бұл әр түрлі кездейсоқ объективтік (байқауға алынған оқушының сабаққа келмей қалуы), субъективтік (бақылаудың қиынға соғуы, зерттеушіде бақылағыштық қасиеттің жоқтығы т.б.) себептердің кездесетіндігіне байланысты. Байқау — өмірдегі әр түрлі жағдайлардағы адам іс-әрекеті мен қылықтарының фактілерін жинауға көмектесетін әдіс
2.Оқу эксперименттері Химия пәні бойынша оқу тәрбие процесінде оқушыларда терең сапалы білім қалыптасуы үшін эксперимент пен теория тығыз байланыста болу керек . Химия ғылымында және оны білім ретінде оқыту процесінде химиялық эксперименттің бірнеше түрі бар:
1.демонстрациялық эксперимент (демонстрациялық столда мұғалім өзі жасап көрсетеді); 2.оқушылар жасайтын эксперименттер (практикалық жұмыстар, зертханалық тәжірибелер және эксперименттік есептер).
Эксперименттің түрлерін оқушылар өздерінің жұмыс орындарында мұғалімнің және лаборанттың бақылауымен жасайды, кейде өз беттерімен жасайды. Мұғалім үшін химиялық эксперимент бір жағынан , оқушыларды түсіну мен танып білу, олардың өзіндік ерекшеліктерін бағалауға, екінші жағынан, өзіндік құндылық, жұмысқа деген шығармашылық ізденіс және жеке ойларын жүзеге асырудағы негізгі мүмкіндік болып табылады.
22
Мұғалімнің іс – әрекеті оқушыларды өзіне тартады, оқушылар бақылаған экспериментті мұғалім көрсеткендей етіп жасауға тырысады. Мұғалім көрсеткен эксперименттерді байқай отырып, оқушылар құбылыстың мәнін түсінумен қатар, құралдың құрылысы, оның бөлщектерінің орналасуы, жеке жұмыстарды орындау реті, жұмысты дұрыс істеу мен құрал – жабдықтарды дұрыс қолдана білу жөнінде түсінік алады. Оқушы үшін химиялық эксперимент – өзіндік шығармашылық қабілеті мен жекелік сапасын дамытуға мүмкіндік береді, нәтижесінде оқушылар өздері жеке реактивтер мен жұмыстарды таңдап, эксперименттің орындалу жоспарын құрады және құрал – жабдықтарды жинайды, содан кейін экспериментті жүргізеді
3.Химиялық есептер шығару оқытудың жалпы жүйесінде сарамандық әдістердің тобына жатады. Есеп - шығару оқушылардың теориялық білім мен тәрбие арасындағы байланысты жүзеге асырады. Оқушылар есеп барысында химиялық ұғымдарды, теорияларды қалыптастыруға, олардың химиялық тілмен сөйлеу мәдениетін байытуға, іскерлікке, ізденгіштікке тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Химиялық есептер: жаңа сарамадық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру химиялық ұғымдар мағлұматтарды үйрету; білімнің тереңдігі мен баяндылығын тексеру; проблема қою және проблемалық ахуал туғызу; материалды пысықтау, жалпылау және қайталау; оқушылардың әртүрлі деңгейдегі шығармашылық қабілетін тәрбиелеу мақсатында беріледі. Химия есептері сан және сапа есептері болып екіге жіктеледі. Сапа есептері эксперимент есептері деп те атайды, өйткені оларда сандық мәліметтер болмайды, химиялық тәжірибелер жасау арқылы шығарылады. Химиядан білім мен білік қалыптастыруда, оқушылардың алған білімін бақылап, бағалауда маңызы зор. Эксперимент есептерін шығару арқылы оқушылар теориялық білімін баянды етеді, іс жүзінде қолдана білуге үйренеді. Олар химиялық құрал – жабдықтармен және реактивтермен жұмыс істеу дағдыларын нығайтып, жетілдіре түседі. Эксперимент есептерін үзбей шешіп, машықтанғанда оқушылар өздігінен жұмыс істей білуге, ұқыптылыққа, өз ісіне сын көзімен қарауға үйренеді. Оқушылардың химиядан білім сапасы мен сарамандық әзірлігі эксперимент есептерін шығару үстінде айқын білінеді. Сондықтан химиядан мектеп бітіру емтиханы билеттерінің бір сұрағы эксперимент есебі түрінде беріледі [57].
Эксперименттік есептерді орындаудың мақсаты – теориялық білімді практика жүзінде өз бетінше қолдана білуге үйрету, әрбір зерттеу жұмыстарын жүргізіп үйрену үшін эксперименттік білік пен дағдыны қалыптастыру.
Практикалық сабақтар мен зертханалық тәжірибелерден эксперименттік есептердің айырмашылығы материалды меңгеру, қорытындылау, бекіту кезінде оқушының білімін тексеру және үй жұмысын тексеру үшін жүргізуге болады. Эксперименттік есептерді жеке – жеке топпен немесе бір мезгілде бүкіл сынып болып орындауға болады. Оқушылар эксперименттік есептерді орындай отырып, бұрынғы қалыптасқан білік пен дағдыларын жетілдіріп қана қоймай алған білімдерін қолдана білуге үйренеді. Бұл алға қойған
23
міндеттердің теориялық шешімін өз бетінше табуға және алынған нәтиженің дұрыстығын тәжірибелік жолмен тексеруге мүмкіндік береді [58]. Эксперименттік есептерге арнайы нұсқаулар жоқ. Сондықтан оны орындау оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуді көбірек талап етеді. Танымдық жағынан сандық есептерге қарағанда эксперименттік есептерді орындау оқушыларға тиімді. Себебі, эксперименттік есептерді шешу үшін оны теориялық негіздеу қажет, сәйкес тәжірибе жүргізу қажет және тәжірибе нәтижелерін теориямен салыстырып түсіндіру қажет.
Эксперименттік есептерді орындау мұғалімдер оқушылардың материалды қаншалықты меңгергендігін және алған білімдерін практика жүзінде қалай қолдана алатындығын қысқа уақыттың ішінде тексеруге және бағалауға мүмкіндік береді. Есеп нәтижелерін талдау оны шешудегі қателіктерді табуға, себептерін анықтауға және оларды түзете білуге мүмкінді береді. Сонымен қатар, кейбір оқушыларға жеке көмек бере отырып, эксперименттік білік пен дағдыны қалыптастыруына жол көрсетеді [50].
Химиялық эксперимент есептерін шығарту жолдарының негізгі кезеңдері. 1-кезеңде берілген есеп теория жүзінде талқыланады. Мұғалім әңгімелесе отырып жоспар құрады, қажетті тәжірибелерді анықтайды да бір оқушы немесе мұғалімнің өзі көрнекі көрсетеді.
2 -кезеңде есепті шығару жоспары көпшілік оқушылармен бірлесіп талқылау арқылы жүзеге асырылады да, тәжірибелер демонстрация түрінде көрсетіледі.
3- кезеңде арнайы практикалық сабақтарда оқушылар эксперименттік есептерін өздігінен орындайды [48].
Эксперименттік есептер оқушылардың танымдық іс – әрекетінің сипатына қарай бірнеше типтерге бөлінеді. Солардың іс жүзінде жиі қолданылатындары:
1.заттарды бір – бірінен ажырату;
2.химиялық құбылысты бақылау және түсіндіру;
3.заттарды алу;
4.заттардың сапалық құрамын анықтау;
5.қоспаның құрамын анықтау және бөлу;
6.берілген заттарға тән реакциялар жасау;
7.әртүрлі концентрациялы ерітінділерді даярлау;
8.химиялық сапасын құрастыру және оны қолдану.
Эксперимент есептерінің аталып өткен типтерін шешу жолдары:
сынау және қателесу тәсілі;
есте қалғаны бойынша шығару;
анализ және синтез;
гипотеза жасау;
алгоритм тәсілі.
Экспериментті есептердің типтері
химиялық формулалар мен заттың молекулалық массасын қатынасын есептеу.
24
реагенттер мен өнімнің белгілі бір санымен химиялық теңдестіруді пайдаланып массасын есептеу.
реагенттер мен өнімдердің белгілі бір санымен газ көлемін анықтау.
ерітіндідегі заттың массалық бөлігі мен заттың массасын есептеу.
Химия пәнін оқу барысында оқығанда маңызды орынды экспериментті есептер алады. Эксперименттік есептер шарты мен талабы бойынша екіге бөлінеді. Экспериментті есептерді шыгару оқушылардан терең білімді, теорияны, химия заңдары мен түсініктерді, нақты материалды (құрамы жөнінде қасиеті, алынуы) игеруді және химия ғылымдарының әдістерін білуді талап етеді