Хирургия және реанимациядағы мейіргер ісі Клиникалық жағдай №1 Оқиға орны: Үйінде Шарты



бет7/12
Дата05.10.2022
өлшемі197,04 Kb.
#151819
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Чек лист мейіргер ісі Хирургия және реанимациядағы мейіргер ісі

Клиникалық жағдай № 19
Орны: Заводтың медбекеті.
Шарты: 35 жастағы ер адам жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесін сақтамағандықтан сол жақ білегін әйнекпен кесіп алған.
Объективті: Жалпы жағдайы қанағатанарлық. Тері жамылғысы бозғылт. PS-90 рет минутына. АҚҚ- 100/60 мм. сынап бағ.
Жергілікті статус: Сол жақ білегінің төменгі ішкі жағында 0,3х4,0 см. шеті тегіс жарақат бар, жарақаттан алқызыл қан шапшып ағуда.
Студентке арналған тапсырма: Диагноз қойыңыз, шұғыл көмекті көрсетіңіз.






Қадамдар

1,0

0,5

0

1

Пациентке өзін таныстырды, пациенттің аты-жөнін сұрады, объективті қарады, қолын антисептикпен өңдеді, резеңкелі қолғап киді.










2

Науқасты шалқасынан кереуетке орналастырды. Іс-әрекетті түсіндіріп, келісімін алды.










3

Ширақтың бірінші айналымын шынтақтан жоғары қаттырақ тартып, келесі айналымдары қасына қатарласып түседі.










4

Ширақтың дұрыс салынғанын тексерді. Қан тоқтады, пульс сезілмейді.










5

Ауырсынуды жойды.










6

Жарақат айналасын антисептикпен өңдеді.










7

Залалсыздандырылған дәке салып, бинтпен орап, бекітті.










8

Ширақтың астына қағаз орналастырды: күнін, ширақтың салған уақытын, минутын көрсетті.










9

Ширақ 2 сағатқа қойылды. 2 сағаттан кейін ширақты босатып, қажет болса қайталайды.










10

Резеңке қолғапты шешіп, қолдануға жарамсыз қалдықтар тобына салды.












Клиникалық жағдай № 20


Орны: Үйінде.
Шарты: 25 жастағы ер адам қарбыз жеп отырып дәніне қақалып калған, содан кейін жөтеліп, қиналып, ентігіп демалатынына шағымдалады.
Объективно: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Ерін-мұрын үшбұрышы көгерген, тыныс алуы ауыр, ысылдап естіледі. ТЖ-28 рет минутына. PS-90 рет. АҚҚ 120/80 мм. рт. ст.
Студентке арналған тапсырма: Диагноз қойыңыз, шұғыл көмекті көрсетіңіз.






Қадамдар

1,0

0,5

0

1

Пациентті тыныштандырды, жүргізілетін манипуляцияны түсіндірді.










2

Пациенттің жалпы жағдайын бағалады. ТЖ-28 рет минутына. PS-90 рет. АҚҚ 120/80 мм. рт. ст.










3

Объективті тексеру барысында жоғарғы тыныс жолдарының бөгде затын анықтады (қарбыз дәні).










4

Қолын антисептикпен өңдеді. Резеңкелі қолғап киді.










5

Ауыз- жұтқыншақ қуысын тексерді. Бөгде зат жоқтығына көзін жеткізді.










6

Геймлих әдісін реттілігімен жүргізді. Науқастың артқы жағына тұрып, екі қолымен қапсырып ұстады. Бір қолының жұдырығын кіндік пен қабырға доғасы ортасына қойды (эпигастрий аймағына).










7

Екінші қолдың алақанын жұдырықтың үстіне қойып, төменнен жоғары қарай жылдам ішіне қарай басты.










8

Тыныс жолдарынан бөгде зат шықпаса Геймлих әдісін бірнеше рет қайталады. Зардап шегушінің арқасынан ұрмау керек - бұл жағдайды қиындатуы мүмкін.










9

Пациенттің тыныс алуын қадағалады. Тыныс жолдары бөгде заттан босатылса науқастың тері жамылғысының түсі қалпына келеді.ТЖ-18










10

Резеңке қолғапты шешіп, қолдануға жарамсыз қалдықтар тобына салды.










Клиникалық жағдай № 21
Орны: Құрылыста
Шарты: 38 жастағы ер адам белінің сол жағы ісіп ауыруына, зәрінің қан аралас шығуына шағымданады. Айтуынша 20 минут бұрын екінші қабаттан құлап, белінің сол жағымен кірпішке соғылған.
Объективті: Жалпы жағдайы ауыр, есі анық, белінің сол жағынан ұстап мәжбүрлі қалыпта тұр. . t- 36,5 º С. PS-96, АҚҚ 90/60 мм. сынап бағ. Несебінде қан араласқан .
Жергілікті статус: Белінің сол жағында көлемі 13,0х9,0 сантиметрдей ісік бар, терісі көгерген. Пальпация және перкуссия кезінде қатты ауырсынады.
Студентке арналған тапсырма: Диагноз қойыңыз, шұғыл көмекті көрсетіңіз.






Қадамдар

1,0

0,5

0

1

Өзін таныстырды, пациенттің аты-жөнін, жасын, мамандығын, жұмыс орнын сұрады. Пациенттің шағымдарын сұрастырды.










2

Науқасты тыныштандырды, жүргізілетін манипуляцияны түсіндірді, келісімін алды.










3

Қолын антисептикпен өңдеді. Резеңкелі қолғап киді. Ауырсынуды жойды.










4

Пациентті жағдайына қарай ыңғайлы етіп жатқызды.










5

Жалпы жағдайын бағалады. T- 36,5 º С. PS-96, АҚҚ 90/60 мм. сынап бағ.










6

Сол жақ мықын аймағына мұзды мұйық қойды.










7

Гемостатиктер- Дицинон-2,0 к/т, 5% АКК-100 мл к/т.енгізді.










8

АҚқ, PS-ті қадағалап отырды.










9

Науқасты урологиялық бөлімшеге тасымалдады.










10

Резеңке қолғапты шешіп, қолдануға жарамсыз қалдықтар тобына салды.












Клиникалық жағдай № 22


Орны: Саяжайда
Шарты: 48 жастағы ер адам оң алақанына ағаш жаңқасы кіріп кеткеніне шағымданады.
Жергілікті статус: Оң алақанындакөлемі 0,4х0,2 см. тері жарақаты бар, пальпацияда жарақат астында бөгде зат сезіледі, айналасындағы тері өзгеріссіз.
Студентке арналған тапсырма: Диагноз қойыңыз, шұғыл көмекті көрсетіңіз.






Қадамдар

1,0

0,5

0

1

Өзін таныстырды, пациенттің аты-жөнін, жасын, мамандығын, жұмыс орнын сұрады. Пациенттің шағымдарын сұрастырды.










2

Науқасты тыныштандырды. Жүргізілетін манипуляцияны түсіндірді.










3

Қолын антисептикпен өңдеді. Резеңкелі қолғап киді. Жарақат түрін анықтады ( ластанған жара және бөгде дене).










4

Дәрігердің нұсқауымен ауырсынуды жойды.










5

Жараны өңдеді: ( антисептик, 3% Н2О2ерітіндісімен)










6

Бөгде денені алды.










7

Асептикалық таңғыш қойып, бинтпен бекітті. Сол қолының қимылсыздығын қамтамасыз етті.










8

Сіреспеге қарсы шараны жүргізді










9

Науқасты травм.бекетке жіберді










10

Резеңке қолғапты шешіп, қолдануға жарамсыз қалдықтар тобына салды.












Клиникалық жағдай № 23


Орны: Ауылдық дәрігерлік емхана.
Шарты: 17 жастағы қыз сол жақ бетінде ортасында сары өзек қөрініп 1,5х1,5 см. көлемді, басқанда ауыратын ісік барына шағымданады. Ауырғанына 3 күн болған, дене қызуы көтеріледі.
Жергілікті статус: Бетінің сол жағында 1,1х1,5 см. көлемді ісік бар, ортасында сары іріңді өзек, басқанда ауырады, флюктуация бар. Айналасындағы тері қызарған, ісінген.
Студентке арналған тапсырма: Диагноз қойыңыз, шұғыл көмекті көрсетіңіз.






Қадамдар

1,0

0,5

0

1

Пациентпен өзін таныстырды, пациенттің аты-жөнін, жасын, мамандығын, жұмыс орнын сұрады. Пациенттің шағымдарын сұрастырды.










2

Науқасты тыныштандырды, жүргізілетін манипуляцияны түсіндірді. Келісімін алды.










3

Қолын антисептикпен өңдеді. Резеңкелі қолғап киді. Ауырсынуды жойды.










4

Объективті қарады, жергілікті: (бетінің сол жағында 1,1 х1,5 см. көлемді ісік бар, ортасындасары іріңді өзек, айналасындағы тері қызарған, ісінген).










5

Пальпацияда –ауырсынуды, флюктуацияны анықтады.










6

Антисептикпен іріңдікті өңдеді, дренаж және Вишневский майымен таңғыш қойды.










7

Ақ, пульс, температурасын өлшеді.










8

Сіреспеге қарсы шараны жүргізуді ұсынды.










9

Науқасты жақ-бет хирургіне жіберді










10

Резеңке қолғапты шешіп, қолдануға жарамсыз қалдықтар тобына салды.












Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет