a- және ß - адреноблокаторлар – карведилол , лабеталол , - селективті емес B1 және 32 - адреноблокаторлар - пропранолол ( анаприлин ) , селективті В1 - адреноблокаторлар - бисопролол , метопролол , атенолол .
II . Перифериялық вазодилататорлар ( қантамырларын кеңейтушілер ) : 1.венозды вазодилататорлар : нитроглицерин , молсидомин
2. артериалды вазодилататорлар : диазоксид , миноксидил , гидралазин (апрессин)
3. аралас әсері бар : натрий нитропруссиді
4. баяу кальций каналдардарын тежейтін заттар ( қальций антагонистері ) : миокардқа әсер етушілер : фенилалкиламин туындылары - верапамил ( изоптин ) , бензотиазепин туындылары - дилтиазем , тамырларға әсер етушілер : дигидропиридин туындылары - нифедипин , амлодипин , лерканидипин , III . Миотропты спазмолитиктер - магний сульфаты , папаверин , дротаверин ( но - шпа ) .
IV . Ренин - ангиотензин жүйесінің белсенділігін төмендететін заттар : каптоприл
1 ) ангиотензинге айналдырушы ферментінің ингибиторлары ( ААФ ) ( капотен ) , эналаприл ( энам , энап ) , фозиноприл ( фозикард ) , лизиноприл ( диротон ) , периндоприл ( престариум ) , моэксиприл ( моэкс )
2 ) ангиотензин рецепторларының блокаторлары - лозартан ( лозап , лориста ) , валсартан ( диован ) , эпрозартан , ирбесартан .
V. Су - тұз алмасуына әсер ететін препараттар , ( диуретиктер ) - индапамид ( арифон ) , дихлотиазид , фуросемид ( лазикс ) , спиронолактон ( верошпирон).
Кальций каналдарының блокаторлары гипертониямен ауыратын науқастардың аймақтық гемодинамикасы бұзылғанда, стенокардияның вазоспазмдық формасында (антиангиналық дәрі ретінде), тахиаритмиямен ауырғанда қолданылады.
Кальций антагонистерінің жіктелуі
1) Бірінші буын: верапамил, нифедипин, дилтиазем
2) Екінші буын:
Верапамил тобы: галопамил, анипамил, фалипамил
Нифедипин тобы: исрадипин, амлодипин
Дилтиазем тобы: клентиазем
3) Үшінші буын: нафтопидил, эмопамил
Верапамил (изоптин) тропонинмен байланысатындықтан жүрекке көп әсер етеді, ЖЖЖ азайтады, антиаритмик болып табылады. Перифериялық тамырларды кеңейтіп, ЖПТҚ-ны төмендететіндіктен – препаратты гипотензиялық дәрі ретінде колдануға болады.
Жанама әсерлері: іш қату, жүрек айну, брадикардия, АВ блокада, жүрек функциясы жеткіліксіздігінің ағымы нашарлайды.
Нифедипин (фенигидин, коринфар, кордипин, адалат) тамырлардың кальмодулинімен байланысатындықтан гипотензиялық дәрі ретінде кеңінен қолданады, кальций иондарының тамырдың тегіс салалы бұлшықетті жасушаларына түсуін төмендетеді, тамырлардың жиырылуын алдын алады немесе тежейді. Бұдан басқа бүйректегі қанағым, натрий иондарының және судың сыртқа шығуы артады.
Жанама әсерлері: тахикардия, ысу, бет және иықтың жоғары бөлігінің гиперемиясы, гипотония, атеросклерозбен ауырғанда байқалатын «тонау феномені»
Дилтиазем (алтиазем, кардил). Химиялық құрылымы мен науқастың организміне әсер етуіне байланысты нифедипин верапамилден ерекшеленеді.
Екінші буын препараттарының бірінші буын препараттарынан басты ерекшелігі: әсер ету ұзақтығы көп, тіндік телімділігі жоғары, жанама әсерлері аз.
Үшінші буын - бұл қосымша ерекше қасиеттері бар жаңа препараттар
Достарыңызбен бөлісу: |