Хор орындау негіздері, құрамды хор және хор сыныбы


,14,15 – тақырыптар: Шығарманың жанрлық және стильдік ерекшеліктерін ескере отырып, көркемдік жағын ашатын дағдыларды жетілдіру



бет37/40
Дата06.02.2022
өлшемі0,53 Mb.
#79390
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
Хор жүргізу кітабы

13,14,15 – тақырыптар: Шығарманың жанрлық және стильдік ерекшеліктерін ескере отырып, көркемдік жағын ашатын дағдыларды жетілдіру
Жоспар:

  1. Шығарманың жанрлық мазмұнын ашуда ансамбльдің алатын орны.

  2. Стильдік ерекшеліктерді хор дағдыларын меңгере отырып түрлендіру.

  3. Шығарманың көркемдік жағын сазгерлер берген нұсқаға жақындату мақсаты.

Ансамбль құру‑ күрделі үрдіс. Өйткені шығарманың сипатын, нюанстерін, жеке фразалардың айтылу ерекшелігін әркім әрқалайша сезініп түсінеді. Ал ансамбль өзара “үндестікті”, “үйлесімділікті”, “бірлікті” талап етеді. Хор мүшелері өз тарапынан бұны, яғни өзіндік ән айту мәнерін басқа біреудің әндету мәнеріне сәйкестендіруді, әртіс еркіндігін шектеу деп қате ұғынуы мүмкін. Бірақ оқушылар бірте‑бірте осы тұжырымның қате екендігін мойындайды. Шынайы ансамбль басқа біреудің даралық еркіндігін шектеу, қандай да бір қысым көрсетуді мақсат етпейді, керісінше ансамбль мүшелері арасында сыйластық, достық, сенімділік, түсінушілік секілді қасиеттерін талап етеді.
Хор ішінде жеке ансамбль орнату үшін ең алдымен белгілі бір дыбысты жеке бір партияға ғана айтқызу, одан кейін осы дыбысты бір уақытта екі партиямен қатар, одан кейін үшінші партияны қосып орындату қажет. Сөйтіп унисондық дыбысталу өзара теңестіріледі. Нәтижесінде барлық патиялар арасында унисондық үйлесімділік, яғни ансамлдің басты элементі қалыптасады.
Жалпы балалар хорымен жұмыс жасауда “унисондық дыбысталу” маңызды орын алады. Өйткені таза унисон балалар хорына тән интервал және ол көпдауыстылықтың негізін қалайды.
Унисондық дыбысталуды жасау үшін келесі жаттығу түрін қолдану тиімді: “лю” және”ле” буындарын бір дыбыс биіктігінде әндету немесе белгілі бір әуен үзінділерін бір дауыста орындату. Осы аталған жаттығулардың көздейтін басты мақсаты‑ таза унисонды қалыптастыру, дамыту болып табылады.
Сонымен қатар унисондық дыбысталу түрін жетілдіруде барлық дауысты дыбыстар ішінен “у” дауыстысын таңдау маңызды. Бұл “у” дыбысының жасалу жолының ерекшелігіне байланысты. Еске сала кетейік “у” дауысты дыбысы ауыз қуысының кеңдеу ашылып, тілдің артқа тартылуы және еріннің шеңберленуі арқылы жасалады. Сонымен қатар дауысты “у” дыбысы арқылы көмкеріп айту өте ыңғайлы және жеңіл. Осылайша хор мүшелері ән айтудың бірдей мәнеріне дағдыланады.
Унисондық дыбысталумен жұмыс жасау кезінде жабық ауызбен әндету түрін кең қолдану қажет. Өйткені бұл тәсіл оқушылардың есту қабілетін күшейтіп, жоғарғы вокалдық позицияны сезініп, ұғынуға тікелей септігін тигізеді. Бірақ оқушылар үшін “у” дыбысына қатысты құрылған жаттығулар әлі де болса қиындық келтіреді, сондықтан да оны жиі қолдануға болмайды.
Сонымен қатар жеке ансамблмен жұмыс жасау барысында оқушылар техникалық тәсілдерді қолдану жағынан да, түрлі нюанстерді орындауда да бірдей болу қажет.
Ансамблді қалыптастыру үрдісінде әрбір дауыспен жеке жұмыс жасау қажет, яғни берілген шығарманың әрбір партиясын әрқайсыларына басынан аяғына дейін жеке жаттату қажет, сонан соң ғана басқа партияларды қосуға болады. Бұл аса қиындық келтірмейтін үрдіс, өйткені басқа партиялар жекелей жұмыс жасау нәтижесінде өз дауыстарын жетік меңгеріп алған болады. Осылайша жеке партиялармен жұмыс жасау негізінде жүргізілетін хор сабақтары аса нәтижелі және сапалы болады.
Сонымен қатар хор ішінде ансамбльді орнату дирижердың, яғни хор жетекшісінің дарындылығына, шеберлігіне, педагогикалық әдіс‑тәсілдерді, жұмыс жасау формасын дұрыс таңдай алу қабілетіне байланысты. Әсіресе жеке партиялар мен топ арасындағы сан және сапа жағынан тепе‑теңдікті сақтау аса маңызды шарттардың бірі. Егер де белгілі партия немесе топ ішінде дауыс санының жетіспеушілігі туындаса немесе дыбыс сапасы қажетті деңгейде болмаса, ансамбль құру қиындайды. Өйткені хор ұжымында бірдей әншілік мәнерін, бірдей вокалдық тәсілдер мен дағдыларды, бірдей эстетикалық талаптарды қалыптастырмайынша хор мүшелерінің дауыстарын бояу және күш жағынан теңестіру мүмкін емес.
Хор партиялары вокалдық дыбысты қалыптастыру үшін арнайы тәсілдер мен дағдылардың бірдей түрін қолданса ғана жалпы хордың ансамблін жасай алады. Ескерту: мұрынға салып айту немесе вибрациямен орындауға тыйым салынады.
Оқушылар хорына қажетті ансамбль түрі ырғақтық ансамбль. Бұл ансамбль түрінде ең бастысы‑ дұрыс тыныс алу, яғни автордың ойластырған екпініне сәйкес алынуы қажет. Шығарма ішінде екпін ауысқан жағдайда немесе қарама‑қайшы музыкалық қозғалыс түрлерін салыстырғанда, алғашқы екпінді қысқартуға немесе ұзартуға болмайды. Хор жетекшісі бұл жағдайда оқушылырдан музыкалық фразаны “аяғына дейін тыңдап”, “соңына дейін әндетіп” жаңа екпінге көшуді талап етуі қажет. Дұрыс ырғақтан сәл ғана аутқу әдеби мәтінді мәнерлеп айтудан туындайды, бұл жағдайда екі сегіздік ноталар нүктелі сегіздік ұзақтығында айтылуы мүмкін.
Динамикалық ансамбль жасауда музыкалық нюанстерді көрсете білу аса маңызды. Бұл музыканың көркем, мәнерлі, әсерлі болып шығуының басты кепілі. Сондықтан да хор жетекшісі динамикалық ансамбль жасауда нюанстерге көп көңіл бөлуі қажет.
Интонациялық ансамбльдің деңгейі оқушылардың есту қабілетіне, стройды тұрақты ұстап тұру, дұрыс тыныс алу, дыбысты өз нақышына салып, вокалдық позицияда орындау сияқты дағдыларына тікелей байланысты. Интонациялық ансамблді дамытудың алғашқы сатысы‑ унисондық дыбысталудан басталады. Өйткені таза унисон – дұрыс интонациялаудың және көпдауыстылықтың басты көрсеткіші болып табылады.
Ансамбльдің метроритмикалық түрі ырғақты терең сезіне білу, өзара ажырата алу, ырғақ өзгерісіне тез арада икемделе алу, бірдей етіп тыныс алу, мәтін сөздерін бір уақытта бастап­‑аяқтау, шығарманың қатты және әлсіз үлестерін ажырата алу, дыбысты біркелкі атакалау секілді қабілеттер мен дағдыларына негізделеді.
Осындай ансамблге қажетті дағдылар мен қабілеттерді тікелей вокалдық жаттығулар арқылы қалыптастыруға болады.
Орта буын хорына жаттығу таңдау кезінде микстовті және кеуде регистрлерін қамту қажеттілігін ескеру қажет. Кеуде регистрлеріне арналған жаттығулар төменгі дыбыстардан басталып, әуен жиілісі жоғары қарай өрбиді.
Көп жағдайда, дауысты жаттықтыру үшін белгілі бір әуен үзіндісін немесе келешекте орындалатын репертуардың кейбір бөлімдерін қолдану аса тиімді. Бұл жағдайда жаттығу қандайда бір буынға немесе жабық ауызбен әндетіледі. Кез келген буынды таңдау кезінде дауысты дыбыстардың ерекшелігін ескеру қажет. Мысалы, “е”, “ю”, “я” секілді дауыстылар бас регистріне арналады, ал “и” дауысты дыбысы өте ашық дыбысталады. Ауыз қуысын еркін ашып жаттықтыру үшін “бай” және “дай” буындарын айтқызу тиімді. Артикуляциялық аппараттың артқы бөлімдерін жетілдіру мақсатында “о” және “у” дауысты дыбыстарын айтқызу қажет, ал жұмсақ таңдайды дамыту үшін жабық ауызбен біртіндеп “ма”, “на” буындарына көшу қажет. Бұндай көпдауысты жаттығулар орташа екпінде, белсенді тыныс алу арқылы легатоға орындалуы шарт.
Ансамбль бұл‑ интонациялық, үн құрылымдық, тембрлік, динамикалық, метроритмикалық, агогикалық, дикция‑орфоэпиялық, тесситуралық, фактуралық деп ажыратылатын жеке ансамбль түрлерінің жиынтығынан құралады. Осы тұжырымды ескере отырып, зерттеу іс тәжірибесінде төмендегі нәтижелерге қол жеткіздік:
‑ хордағы әрбір әншіні басқаларымен дыбыс күші мен тембр жағынан үйлестіру үшін “жеке ансамбль” түрін қолдандық.
‑ әрбір партия өз ішінде теңесіп, бір күйге түсіп, үйлескеннен соң, хордың толық дыбысталу тепе‑теңдігін қалыптастыру мақсатында “жалпы ансамбль” түрін қолдандық.
­­‑ хордағы әрбір әнші партия ішінде ансамбль құруда дыбыс биіктігі жағынан таза унисонды құрай алуы қажет. Сондықтан да бұл дағдыны “жеке стройдың” әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы қалыптастыруды көздедік .
‑ жеке және жалпы ансамбль түрлерін өзара құрай алған, интонациялау жағынан үндескен әрбір партия өзге де партияларға құлақ салу арқылы бір‑бірімен үйлесуі үшін хор ішінде “жалпы стройды” қалыптастырдық.
Қорытындылай келе, хорда ансамблді құру кезінде тембр, динамика, ырғақ, дикция, артикуляция, агогика, интонацияға байланысты ансамбль түрлерінің әрқайсысына көп көңіл бөлу қажет, өйткені хордың үйлесімді, көркем болып шығуы ансамбль түрлерінің сабақтастығынан туындайды.
Сұрақтары:

  1. Жанрлық жағын ашуда ансамбльдің алатын орны.

  2. Шығарманың стильдік құрылымы немен анықталады?

  3. Көркем бейнесімен жұмыс барысында сазгер көрсеткен ескертулерді жіктеу әдісін түсіндір?

Қолданылған әдебиеттер:



  1. Ермаш Г.Л. Искусство как творчество. М., Искусство, 1972.

  2. Живов В.Исполнительский анализ хорового произведения. М., 19867

  3. Живов В.Л. Хоровое исполнительство: Теория (методика). М.: Гуманит. изд. Центр ВЛАДОС, 2003.

  4. Жирмунский В.М. Введение в метрику. Л., 1925.

  5. Зимняя И.А. Педагогикалық психология: Жоғары оқу орындарына арналған оқулық. Екінші рет толықт., түзет. және қайта өңд. бас./орыс тілінен аударған Құсаинова М.А. М.: Логос, Алматы: ТSТ‑company, 2005.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет