І- тарау. Әлемдік білім жүйесіндегі технологиялық үрдіс


Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы



бет20/26
Дата20.05.2022
өлшемі445,5 Kb.
#144220
түріДиплом
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26
Байланысты:
Дип.-Жалпы-білім-беретін-мектептер-тәжірибесінде-оқытудың-жаңа-технологияларын-пайдалану-жолдары
Әлі Жансая МФЖІН 5, Дәріс 6.1, 7 сыныр БЖБ, Есіл аудандық сотына, Сабақты зерттеу рефлексивті зерттеу
    Бұл бет үшін навигация:
  • ҚАЗОА
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы


RWCT - Қазақстанда осы жобаның ағылшын тіліндегі қысқартылуы
қолданылады. Reading and Writing for Critical Thinking.
Ол қазақша былай аударылады: “Оқу мен жазу арқылы сыни
тұрғыдан ойлауды дамыту”. Ал Ресейде бұл қысқартылудың
орысша нұсқасы қолданылады РКМЧП.
ҚАЗОА – Қазақстан Оқу Ассоциациясы
СТОСыни тұрғыдан ойлау
ХОА – Халықаралық Оқу Ассоциациясы
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л. Стил, Д.Дьюи Куртис С., Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізде Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.
“Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы – белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастарымен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.
Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау дұрыс емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетуі сөзсіз. Оған осы жобамен жұмыс жасау барысында көз жеткізуге болады.
Мақсаты: шығармашылық сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 жылы қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу әрбір ұстаздың басты міндеті.
Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен (фаза) тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет