«Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» кеақ


–Дәріс. Философияда дүниені танудың мәні мен маңызы



бет9/44
Дата18.10.2022
өлшемі1,73 Mb.
#153560
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44
Байланысты:
УМКД 2023 философия 2023

2 –Дәріс.
Философияда дүниені танудың мәні мен маңызы

Дәріс жоспары:


1.Философиялық мәселелердің тұлғалық сипаты
2.Философия және дүниетаным.
3.Дүниенің ғылыми, философиялық, діни бейнелері
4.Мифология, дін және философия
5.Қоғам дамуындағы мифтің ролі

1Ғылымда бұрыңғы заманнан берi келе жатқан жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының биологиялық және әлеуметтiк факторларының ара қатынасы туралы пiкiрталас бiтер емес. Осы бiр көпғасырлық айтыс нәтижесiнде әртүрлi көзқарастар пайда болды. Осы көзқарастардың бiрiн жақтаушылар адамның дамуын, негiзiнен, табиғи ерекшелiктер анықтайды деп санайды. Ал тәрбиенiң маңызы аз деп есептелiнедi. Жеке тұлғаның дамуын түсiндiретiн осындай (биологизаторлық) бағыт ерте заманнан бастау алады. Сонау Платон (427-347 ж.ж. б.з.б.) мен Аристотель (384-322 ж.ж. б.з.б.) өз кездерiнде-ақ адамдардың қоғамдық мiндеттерiн олардың табиғаты анықтайды деп санаған. Аристотельдiң пiкiрiнше, туылған сәтiнен бастап-ақ кейбiр адамдар бағыну үшiн, ал кейбiреулерi билiк ету үшiн жаралған.


XVI ғасырда пайда болған преформизм (латынша – қайта құру, өзгерту) деген философиялық ағым төмендегiдей ойды ұстанған: адамның ұрығында болашақ жеке тұлғаның барлық қасиеттерi бар, ал даму олардың тек сандық жағынан артуын ғана бiлдiредi. Бұл орайда әлеуметтiк факторлар мен тәрбиенiң маңызы жоққа шығарылған.
Бихевиоризм бағыты да жеке тұлғаның дамуының биологиялық бастауларын жақтайды. Осы бағыттың негiзiн салушы американдық психолог және педагог Э. Торндайктiң (1874-1949 ж.ж.) пiкiрiнше, жеке тұлғаның барлық қасиеттерiн (соның iшiнде сана-сезiмiн, қабiлеттiлiгiн) тек тектiлiк, тұқым қуалаушылық қана анықтайды. Оның ойынша, ақыл-ой қабiлетi балаға “көздерi, тiстерi және саусақтары” сияқты дүниеге келгенiнен-ақ берiледi. Ол адамды ұрпақтан ұрпаққа сол қалпында берiлетiн және жеке тұлғаның барлық қасиеттерi мен келешегiн толығымен анықтайтын “гендердiң жинағы немесе батареясы” ғана деп санаған. Жеке тұлғаның дамуын биологизаторлық жағынан түсiндiру прагматизм бағытына да тән. Прагматизм грекше – прагма дегенiмiз – iс-әрекет, тәжiрибе. Бұл бағыттың негiзiн салушы – Джон Дьюи (1859-1952 ж.ж.).
Ендiгi бiр көзқарастың негiзiн классикалық түрде ағылшын философы Джон Локк (1632-1704 ж.ж.) салып, француз материалистерi оны ары қарай дамытқан. Бұл бағыт бойынша адам өмiрiнiң жағдайлары мен тәрбие жеке тұлғаның қалыптасуының шешуші факторы деп есептелген. Д. Локктiң белгiлi бiр пайымдауы бойынша баланың жаны дүниеге келген сәтiнде таза тақтаға ұқсас (tabula rasa) болып келедi және тек оның өмiр жағдайлары мен тәрбие ғана жеке тұлғаның белгiлi бiр


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет