I бөлім. «Ұбт-ға дайындық анықтамалығЫ» «Оқудағы қол жеткізген жетістік балаға қиындықтарды жеңуге және оқуға қажетті энергияның бірден-бір сарқылмас көзі»



бет18/18
Дата18.10.2023
өлшемі0,97 Mb.
#186551
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
ТАҚЫРЫПТЫҚтест химия .docx

Өзіндік жұмыс тапсырмалары

1. Көмірсутекті (ауа бойынша тығыздығы - 2) оттегіде жаққан кезде 90 г су түзілді. Көмірсутектің формуласын анықтаңдар.


2. Массасы 7 г этен гомологына 2,24 л (қ.ж.) бромсутек қосылды. Осы гомологтың формуласы қандай?
3. Егер оттегінде жаққан кезде 6,6 г көмірқышқыл газын және 2,16 мл су түзетін көмірсутектің формуласын табыңыздар.
4. Кейбір арендерді оттегіде толық жаққан кезде 7,168 л (қ.ж.) көмірқышқыл газы жинақталды. Осы көмірсутектің формуласын табыңыздар.
5. Егер 27,6 г бір атомды спиртті бромсуымен өзара әрекеттестіргенде (күкірт қышқлының қатысында) 65,4 г бромалкан алынған болса, онда біратомды спирттің формуласын табыңыздар.
6. 1,64 г органикалық қосылысты оттектің артық мөлшерінде жаққан кезде 1,06 г натрий карбонаты, 1,12 л (қ.ж.) көмірқышқыл газы және 1,26 мл су алынды. Осы қосылыстың формуласын табыңыздар.
7. Массасы 9,3 г екі атомды спирт кальциймен өзара әрекеттескенде 3,36 л (қ.ж) газ жинақталды. Осы екіатомды спирттің формуласын табыңыздар.
8. 14 г фенол және 0,05 моль бензол гомологына бром суын қосып, 33,1 г тұнба алынды. Бензол гомологының формуласын табыңыздар.
9. Фенол кластарының қосылыстарының үлгілерін оттекте жаққан кезде 16,8 л (қ.ж.) көмірқышқыл газы және 6,75 мл су түзілді. Осы қосылыстың (ауа бойынша тығыздығы 3,793) формуласын табыңыздар.
10. «Күміс айна» реакциясының нәтижесінде 9,9 г альдегидтің қатысында 48,6 г тұнба түзіледі. Альдегидтің формуласын табыңыздар.
11. 71,15 мл 30 %‑ды бірнегізді карбон қышқылының ерітіндісін натрий гидрокарбонатының артық мөлшерімен (ерітіндінің тығыздығы 1,04 г/мл) өзара әрекеттестіргенде 6,72 л (қ.ж.) газ бөлінді. Осы қышқылдың формуласын табыңыздар.
12. 3,84 г бірнегізді карбон қышқлыны ауада жаққан кезде 2,24 л (қ.ж.) көмірқышқыл газы, 1,8 мл су және 2,12 г натрий карбонаты алынды. Осы тұздың формуласын табыңыздар.
13. Күміс (І) тұзы және бірнегізді карбон қышқылы хлордың артық мөлшерімен өңделді. Нәтижесінде көмірсутектің монохлортуындылары, көмірқышқыл газы және күміс (І) хлоридінің тұнбасы түзілді. Ауа бойынша хлортуындының буының тығыздығы 3,19 ға тең. Бастапқы тұздың формуласын табыңыздар.
14. Бірнегізді карбон қышқылы 3,2 мл метанолмен (тығыздығы 0,8 г/мл) толықтай әрекеттесіп, 8,16 г органикалық өнім алынды. Осы өнімнің формуласы қандай?
15. Егер 14,8 г эфирді күйдіргіш натр көмегімен сабындау жүргізген кезде 9,2 г этанол алынса, бірнегізді карбон қышқылының этил эфирінің формуласын табыңыздар.
16. 13,5 г оттекқұрамды органикалық қосылысты жаққанда 19,8 г көмірқышқыл газы және 8,1 мл су түзілді. Және де осының негізінде 210 кДж жылу бөлінді. Егер реакцияның жылулық эффектісі 2800 кДж болса, қосылыстың формуласын табыңыздар.
17. 22,5 г α‑аминқышқылын оттекте толық жаққан кезде 13,44 л (қ.ж.) көмірқышқыл газы мен 3,36 л азот жиналды. Қышқылдың формуласын табыңыздар.
18. Табиғи моноаминкарбон қышқылының метил эфирін сілтілік гидролизінен кейін спирт пен аминқышқылының натрийлі тұздарының массалық үлестері 3,2 % и 11,1 %-ке тең болатын 20 г ерітінді алынды. Бастапқы эфирдің формуласын табыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет