І бөлім. Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту әдістемесі


Мектеп жасына дейінгі бала  тілін дамыту әдістемесінің даму тарихы



бет4/41
Дата08.10.2023
өлшемі313,7 Kb.
#184103
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
І бөлім. Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту әдістемесі-emirsaba.org
2.УМКД Иннов. басқару іскерлік коммуникация
1.2. Мектеп жасына дейінгі бала  тілін дамыту әдістемесінің даму тарихы.
Мақсаты: Студенттерді тіл дамыту әдістемесінің даму тарихымен таныстыру. Тіл дамыту әдістемесінің негізін қалаған ғалымдар мен көрнекті педагогтардың ой-пікірлеріне теориялық тұрғыдан өздігінен талдау жасау және оны тәжірибеде қолдана білуге дағдыландыру. Өздігінен ізденіп, шығармашылықпен еңбек етуге бағыттау.
Жоспар
  1. Қазақстандағы тіл дамыту әдістемесінің дамуы.


  2. Б.Баймұратованың тіл дамыту әдістемесіне қосқан үлесі.




Мазмұны. 1. Шолу дәріс. 1950-60 жылдарда мектепке дейінгі мекемелердің жұмысына арналған ғылыми зерттеулер одан әрі жалғасты. Осы кезеңде тіл дамыту сабақтарындағы балалардың сөздің грамматикалық құрылысын жақсы меңгерулері үшін қандай әдіс-тәсілдерді пайдалану керектігі сөз болды. Мектепке дейінгі тәрбие мәселесінің қалыптасуының жаңа кезеңі 1959ж. 21 майдағы орталық комитеттің “Мектепке дейінгі тәрбие мекемедегі оқыту мен тәрбиелеуді жақсарту шаралары туралы” қаулыға байланысты. Ұлы Октябрь революциясынан кейін біздің республикамызда да мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінің жұмысы жедел дамыды. 1917 жылы 1 майда Верный қаласында тұңғыш балабақша ашылды. Бұл бақшаға әртүрлі ұлттан тұратын 100-ге жуық бала қабылданды. 1922ж. Бастап республикада балабақшаға арнап қызметкерлер даярлайтын әйелдер курстары ашылды. Сөйтіп 2 жылда 80 тәрбиеші даярланды. 1926-29 жылдары республикамыздың алыс аудандарына мектепке дейінгі киіз үй, көшпелі киіз үй, қызыл отау секілді мектепке дейінгі мекемелердің жаңа түрлері ашылып, олар алыс комиссариатының шешімі бойыша мектепке дейінгі тәрбие туралы конференция ұйымдастырды. Бұл конференцияда тәрбие әдістері, сауат ашу, мектеп пен балабақшаның байланысы деген мәселелерге көңіл бөлінді.
1938ж. 1 майда Алматы қаласында мектепке дейінгі тәрбие жөніндегі Республикалық методикалық кабинет ашылды. Осы кабинеттің негізінде тәрбиешілер даярлайтын 3, 6, 9 айлық курстар жұмыс істей бастады және бұл курстарда сабақ қазақ тілінде жүргізілді. Курсты бітірушілер алыстағы аудандарға жұмысқа жіберілді. Осы кабинеттің ашылуымен байланысты балабақша жұмыстары жандандырылып балабақшаға арналған программалар, методикалық еңбектер шығарыла бастады. Алғашқыда бақшаға арналған программа орыс тіліндегі программаның негізінде аударылып жасалды. Соңғы шыққан программа сауат ашу бөлімі қазақ алфавитіне негізделіп, ал көркем әдебиет бөлімі қазақ балалар әдебиетінің туындыларынан алынып жасалды. 1964 ж. Шыққан программа балалардың жас ерекшеліктеріне сай шығармалар таңдау мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. 1960-70 жж. арасында республикадағы мектепке дейінгі мекемелердің саны 5,2 есе, ал оңдағы тәрбиеленетін балалардың саны 5,6 есеге дейін өсті. 1981-82 оқу жылына арнай шығарылған программа, мектепке даярлық топтарына арналған оқу тәрбие жұмысына көңіл бөлінді.
Қазақ балабақшаларына арнап еңбектер жазған, ғылыми зерттеулер жүргізген ғалымдардың бірі педагогика ғылымдарының кандидаты Б.Баймұратова. Оның “Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту”, “Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы”, “Балаларды мектепке даярлау”, “Біздің кітап” т.б. еңбектерін атап өтуге болады. “Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту” деген еңбегінде бақшаға арнаған бағдарлама бойынша тіл дамыту сабақтарын жоспарлау және мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу ерекшеліктерімен дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамытудың тәсілдерімен әдістеріне тоқталады және осы еңбектің соңында жоғары топтарда өтілетін кейбір сабақтардың жоспарын берген. Байланыстырып сөйлеуге үйретудің негізгі әдістері мен тәсілдеріне:
Сөздік жұмысын жүргізу,
Дидактикалық ойындар ойнату,
Түрлі заттардың атын айтқызып салыстыру.
Жұмбақ шешкізу, сурет арқылы әңгіме құрастыру, серуенге, топсаяхатқа шығару жұмыстарының ерекшеліктерін нақты мысалдармен дәлелдеп көрсеткен. Ал “Балалар тілін дамыту методикасы” деген еңбегінде балабақшадағы әр топтағы балалардың сөздік қорының қандай дәрежеде болатындығын төмендегі цифрлар арқылы дәлелдейді. Мысалы: 2 жастағы балалардың сөздік қоры – 500 сөзден астам;
3 жасар баланың сөздік қоры – 1200;
4 жастағы балалардың сөздік қоры – 1900, ал даярлық тобындағы балалардың сөздік қоры – 2500-3500 сөзге дейін. Ал өзінің жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде мектеп жасына дейінгі балалардың сөзді меңгеруі жанұядағы, бақшадағы жүргізілетін тәрбие жұмыстарына байланысты деген қорытынды жасайды. Бақшадағы әр топтағы балалардың сөйлеу деңгейлерінің бағдарламалық талапқа сай болуы сабақтарда қолданылатын әдіс-тәсілдерге де байланысты екендігін көрсетеді. Бұл соңғы еңбегінде Б.Баймұратов төмендегідей 9 жұмыстың түрін атап көрсеткен:
  1. Оқылған шығарма бойынша сұрақ қойып жауап алу.


  2. Балаларға антоним, синоним, омоним сөздерді меңгертіп, сол сөздердің ерекшеліктерін ажырата алатындай дәрежеге жеткізу.


  3. Түбір сөздерді әр түрлі формада қолдана білуге үйрету. Мысалы: бас, басшы, бастық, бастама т.б.


  4. Берілген сөздерге теңеу табу. Мысалы. қызыл алма, тәтті алма, алтын күз, суық күз.


  5. Белгілі бір тақырып бойынша балалардың өздеріне әңгіме құрастыру. /жыл мезгілі, отбасы, достары туралы т.б/


  6. Суреттермен жұмыс./жеке адам,еңбегі,өмірі,табиғатқа байланысты/


  7. Топсаяхатқа шығару


  8. Дидактикалық ойындар арқылы балалар тілін дамыту.


  9. Өздерінің көрген білгендері бойынша әңгімелесу.


Сонымен қатар автор бұл еңбегінде әр топтағы өткізілетін тіл дамыту сабақтарының үлгі жоспарларын бере отырып, тіл дамытуды басқа пәндермен қалай байланыстыру керектігіне тоқталады. Мысалы, тіл дамыту сабағымен көркем әдебиеттің байланысын жеке, нақты мысалдар арқылы бала тілін дамытуға қандай әсері болатындығын дәлелдеген. Еңбектің соңында тіл дамытудан пайдаланатын дидактикалық ойынның мазмұны берілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет